ISSN 2307-1079 Dulaty University Хабаршысы Вестник Dulaty University Bulletin of the Dulaty University 2021, №1 86
сабақ та сәйкесінше ойын түрінде өтілуі керек. Эмоционалды интеллектті
ойын түрінде жеңіл, қызықты әрі маңыз бере отырып өту. Оқушы оның
маңызды екенін білмеуі де мүмкін, ол жай әртүрлі ойын, берілген
жағдаяттарға мысал – қойылым қойып жүр деп ойлауы керек. Бірақ мұғалім,
ұстаз - оқушылардың екінші анасы, бұл сабақтың, ойынның оқушының
болашығына деген іргетасы екенін естен шығармаса, ол бір оқушы емес,
мектеп түлегін емес, «Әлем азаматын» тәрбиелеп, білім беріп жатырмын десе
жұмыстың
берекесі
артып, нәтижесі
жақсы
болары
сөзсіз.
Шет
мемлекеттеріне қарасақ олар адамдарға 20-30 жылға зерттеу жұмыстарын
жүргізеді және зерттеу нәтижесінің қорытындысын ескере отырып керекті
шараларды қолданады. Біз әрине дамушы мемлекет болғандықтан ондай ұзақ
психологиялық зерттеулеріміз аз, тіпті болмауы да мүмкін. Бірақ
жаңашылдықтан қорықпау керек. Бұны да бір ойға алып, іске асырып көру
қажет.
Қорытынды. Эмоционалды интеллект дамуының алғышарттары
биологиялық және әлеуметтік факторлар. Эмоционалды интеллектісі жоғары
адамдар өздерінің эмоцияларын және басқа адамдардың эмоцияларын түсіну
қабілеттеріне ие, олар өздерінің эмоционалдық сферасын басқара алады және
бұл олардың қарым-қатынастағы жоғары бейімделгіштігі мен тиімділігіне
әкеледі, олар өз мақсаттарына басқалармен өзара әрекеттесуде оңай жетеді
.
Эмоционалды интеллект мәселесімен айналысатын барлық психологтар
эмоцияны басқару - бұл дамитын дағды, ал балалық шақтағы отбасылық
тәрбие негізгі факторлардың бірі деп санайды. Ата-аналардың эмоционалды
мәселелерді талқылауға бейімділігі баланың өзінің эмоциясын жақсы
түсінуіне және өзін-өзі зерттеу қабілетін дамытуға ықпал етеді.Ең бастысы,
«
эмоционалды жетілу», «эмоционалды шығармашылық», «эмоционалды
құзыреттілік», «эмоционалды ойлау» және «эмоционалды мәдениет» сынды
ұғымдарэмоционалды интеллектпен жиі анықталады, алайда, бұл құбылыстар
одан өзгеше.Эмоционалды шығармашылық эмоционалды синдромдардың
жаңа, тиімді және шынайы дамуы ретінде анықталады. Бұл көп эмоционалды
интеллектке қарағанда кең ұғым, өйткені соңғысынан айырмашылығы, ол
эмоционалды реакцияның жаңалығын болжайды. Айырмашылық тәсілге де
қатыстыэмоционалды ақпаратты өңдеу. Егер эмоционалды интеллект
болсакерісінше,
конвергентті
интеллектке
қатысты,
эмоционалды
шығармашылық дивергентті интеллектке негізделген [8].
Эмоционалды интеллект - бұл психологтың кәсіби маңызды
қасиеті.Зерттеу жұмысының мақсаты эмоционалды интеллектің маңызын
түсіндіру және біздің қоғамымыздағы деңгейін көтеру, оқу процесіне қосуға
ұсыныс білдіру, қажеттілігін дәлелдеу, нақтықадамдар жасау. Біздің
болашағымыз – жасөпірім балалар. Қазіргі технология дамыған заманда,
адамдар вербальді, яғни, көзбен көру қасиеті жоғары, бұл өз кезегінде
әлеуметтік желілердің көптігін көрсетеді, тұрақты эмоция көрсете алатын
және оны басқара алатын ұрпақ тәрбиелеу. Бүгінгі бала – ертеңгі көсбасшы,
ел тұтқасы, көшбасшының эмоциясы жалпы ортаға, бүтін бір қоғамғаықпал
етеді. Егер ол ынта-жігер мен энергияны таратса, онда мемлекет өркендейді,
егер дисгармония мен бұзылу болса, ол жойылады. Осылайша, эмоционалды
көшбасшыларда тек қырағылық және кәсіпқойлық қана емес, сонымен бірге
адамдармен байланыс орната білу қабілеті маңызды.
Адамның жүрегі қаншалықты үлкен болса, оның жүрегіне басқалардың
эмоциясы соншалықты сыяды және ол осы эмоция арқылы оларды басқара
алады. Көшбасшы - бұл адамдармен қарым-қатынас жасайтын басты тұлға,