Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



Pdf көрінісі
бет2/17
Дата28.12.2016
өлшемі2,75 Mb.
#665
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

2016  №1  (30)
АБАЙ АРМАНЫ

8
диссертациясының салмақты бөлігі Шәкәрімге
арналғандығын  көпшілік  білуге  тиіс.
Материалдар  жинақтала  келе  кесек  дүниеге
сұранып тұрғандығы анықталды. 1959 жылдың
9 қаңтарында «Қазақ әдебиеті» газетінде арнайы
бет берілгеннен кейін көңілі қуанышқа толды.
Қырағы қанды көздер құрқұдықта көмусіз қалған
Шәкәрім тіріліп келердей қатты сескенді. Тиісті
орындарға  арыз-шағымды  қардай  боратып,
Шәкәрім есімінің қағаз бетіне түспеуін талап етті.
Қуанышымыз ұзаққа созылмады.
Қайтпас,  қайсар  азамат-ғалым  ауырдың
үстімен,  жеңілдің  астымен  жүріп  жеңіл  атақ-
дәрежеге  жетуді  ар  көрді.  Докторлық
диссертациясына  тақырып  етіп  Шәкәрім
шығармашылығын таңдады. Ауыр жол, азапты
сапардан  сескенбеді.  Алматыдағы  шенді-
шекпенділермен  шектелмей,  қайта-қайта
Мәскеуге  хат  жолдаудан  танбады.  Әділдік
жолынан таймайтын, ұстанымы берік шынайы
ғалым Шәкәрімнің ақталуын тағатсыз күтті.
Әділеттің ақ құсы қанат қаққанда дегбірі
қалмай  шұғыл  түрде  қолына  қаламын  алды.
«Қазақ әдебиеті» газетінің (1988, 15 сәуір) төрт
бетін тұтас алған көлемді мақала дүниеге келді.
Шаһкәрімнің  өмірі  мен  асыл  мұраларын  кең
көлемде оқырманға танытқан салмақты зерттеу
қалың көпті елең еткізді. Ұқыпты жан тәптіштеп
жинақтаған  архивтік  баға  жетпес  деректер
оқырман  игілігіне  ұсынылды.  Шәкәрім
шежіресінің,  «Еңлік-Кебектің»,  «Қалқаман-
Мамырдың», «Дубровский әңгімесінің» мәтіндері
кезек-кезегімен  республикалық  баспасөзден
орын  алды.  Біртіндеп  аталған  шығармаларды
талдауы  мен  ғылыми  комментарийлері
жұртшылық игілігіне айналды.
Бұлармен  шектелмей  Шәкәрім  мәтінінде
орын алған кемшіліктер хақында «Біздің міндет»
(«Қазақ  әдебиеті»,  1988,  24  сәуір),  «Ақынға
арналған ескерткіштер жайында» («Семей таңы»
1988, 13 мамыр), «Даналы сөздің дарасы» («Қазақ
әдебиеті», 1990, 25 мамыр) «Ақ жол» («Парасат»,
1992,  №7,  6-7  б.)  мақалаларын  жариялап
ғалымдар көзауласынан тыс қалған мәселелерге
назар  аударды.  Айтулы  еңбек  тындырды.
Жетпістің жуан ортасына келген қарт қаламгер
докторлық  диссертациясын  тәмәмдай  алмады
демесеңіз, ұланғайыр еңбек жасап Шаһкәрімнің
рухына таңдаулы еңбектерін бағыштап үлгерді.
Шәкәрімтану ғылымының негізін салуға қомақты
үлес қосты.
Қайым  Мұхамедханұлының  бөліп
көрсетуді  тілейтін  ерекшелігі  –  әдебиет
тарихының асқан білгірі болғандығы. Және де
нақтылай түссек оның тек қана тарихи құжаттар
мен  мұрағат  деректеріне  сүйенетіндігі.  Пәлен
айтқан,  түген  жазған  делінетін  көбік  сөздерді
елемейтіндігі.  Дүниеге  келген  монографиялар
мен  мақалаларды  сүзіп  өтіп,  шындықтан
алшақтап кететін тұстарына қатты қынжылатын.
Нағыз білгірдің қаламынан туған «Бұхар жырау»,
«Дулат жырау», «Шернияз ақын», «Шөже ақын»,
«Иманбазар 
Қазанғапұлы», 
«Ыдырыс
Мұстамбаев»,  «Ақылбек  Сабал»,  сондай-ақ
Естай,  Майра,  Әміре,  Жаяу  Мұса  жөніндегі
мақалалары  әдебиет  тарихының  көкжиегін
кеңейткен,  танымдық  сипаты  биік  зерттеулер
қатарында. Асырып  айтты демеңіздер,  «Бұқар
жырау»  көлемді  еңбегін  тек  қана  мақала
деңгейінде  қарастыру  ақиқатқа  қиянат,  ол
ғылыми  дереккөздерге  сүйенген  аяқталған
монография,  бас-аяғы  тап-тұйнақтай  үздік
туынды.  Энциклопедист-ғалым,  академик
Әлкей  Марғұланның  қолына  қалам  ұстауы
тегіннен тегін емес.
Ардақты Қайым!
Көп сәлем.
Бір  балаң  қайтыс  болғанын  естідім.
Топырағы  торқа  болсын,  өздеріңе  қуанышты
өмір берсін.
Бұхар  жырау  мен  Мұхтар  туралы
жазғандарың  зор  ақылға  келеді,  ғылым
жолымен  жақсы  жазылған  екені  байқалады.
Бірақ  Бұхар  жыраудың  қай  жылы  өлгені  әлі
ашық  емес.  Оны  жақсы  білетін  Қаныштың
әкесі  Имантай  еді.  Ол  кісінің  айтуынша
Абылайдан екі жыл кейін өлді деп отыратын.
Ол  1783  жыл.  Бұхардың  94-ке  келген  жылы
болу  керек.  Осы  туралы  Мәшһүр  Жүсіптің
қолжазбаларын  қайыра  оқып,  ашық  айтқан
жері бар ма екен, білу керек.
Мен үш том етіп жазған қазақ халқының
өнері  әлі  шыққан  жоқ.  Басқа  бір  елдің
типографиясына  істеу  үшін  кешігіп  жатыр.
2016  №1  (30)
АБАЙ АРМАНЫ

9
Сал  мен  серілер  туралы  бір  кішкене  кітап
жаздым, о да шықпақшы, кейін аларсың. Оларға
да көз саларсың.
Әлкей Марғұлан.
Ps. Хат 1982 ж. 31 октябрьде келді. Жауап
хат 9.ХІ.82. жазылды. –
деген Қайымның ескертуі бар.
Қайым ағаның тағы бір айрықша қасиеті –
өлке  тарихын  жетік  білетіндігі,  әрі  туған
топырақтың шежіресін кейінгі ғасырларға мұра
етіп қалдырудағы қайталанбас қызметі.
Абай  музейінің  тарихына  арналған
мақалалар,  өзі  оқыған  Семей  мемлекеттік
педагогикалық  институтының  өткен  жолын
баяндайтын  «Ұшқан  ұямыз»,  «Семей  таңы»
газетінің шежіресін қамтитын «Қалам ұстатып,
қанат бітірді», «Семей театрының тарихынан»,
«Байырғы  театр»,  «Қазақ  театрының  жаңа
ойыны»,  қаладағы  өлкетану  музейі  мен  Абай
атындағы  кітапхананың  мерейтойына  орай
жазылған  «Республикадағы  ең  қарт  мәдениет
орындары»,  Қазақстандағы  мұғалімдер
даярлайтын ең тұңғыш оқу орындарының бірі –
Семей  педтехникумының  алғашқы  қадамы
туралы  «Тамаша  тарихы  бар  техникум»
мақалалары аймақ тарихын саралап берген асыл
қазыналарымыз.
Мақалалар  баспа  бетін  көрісімен  жан-
жақтан ағылған хаттар нөпірі бай мағлұматтарды
бойына жинақтағандығына куә. Бір ғана мысал.
Семипалатинск,
Ул.Карла Маркса, 155,кв.13
Каюму  Мухамедханову
Москва, Д-22.,
Малая Грузинская, 31, кв.39
С.Н.Марков
22 января 1968 г.
Москва.
Уважаемый Каюм Мухамедханович!
В  юбилейный  год  Семипалатинска
особенно  полезно  бы  вспомнить  о  людях,
оставивших след в истории исследования края
и  ближних  к  нему  стран.  Вот  я  и  предлагаю
несколько  вопросов.  Нельзя  ли  в  архивах
выяснить 
судьбу 
корреспондента
А.Гумбольдт а, 
семипалатинского
полицеймейстера  Антония  Клостермана,
составителя  знаменитых  маршрутов  (1829)
путешествий  из  Семипалатинска  в  страны
Центральной Азии? Нельзя ли установить – где
находил ся 
Казаков 
сад, 
устроенный
комендантом  Кемпеном.  В саду  этом,  как  Вы
знаете,  жили  Достоевский  и  Врангель.  Сад
коротко описан Абрамовым. Следы сада надо
искать на правом берегу Иртыша. В Казаковом
саду  разводили  для  продажи  ахтырский
(виргинский) табак.
Теперь, что Вы знаете на сегодняший день
о Букаше? Я установил, что Букаша в 1864 году
видел (в Семипалатинские и на Аркате) генерал
И.Ф.Бабков. Мусабай в 1865 году здравствовал
и  принимал  у  себя  К.И.Гутковского.
Достоевский  в  Семипалатинске  был  знаком  с
поручиком  Снесаревым,  а  этот  именно
Снесарев,  повидимому,  ездил  в  Кульжу  в  1851
году, хорошо знал Е.Ковалевского. Нельзя ли о
Снесареве  узнать  еще  что-то?  За  последнее
время  я  обработал  много  материалов  о
Восточном  Туркестане,  Семипалатинске,
Копале,  Верном  и  т.д.  множество  новых
фактов, имен и.т.д. Поражаюсь роли, которую
играл Семипалатинск во всех этих делах. Буду
очень Вам признателен за подробные ответы
на  мои  вопросы.  Еще  хочется  знать  –  какой
исторический материал появляется в местной
печати в связи с 250-летием города.
Жму руку Сергей Марков.
С.Н.Марковтың  сұрақтарына  Қайым
ағаның жауап қайтарғандығы күдік туғызбайды.
Шоқан мен Достоевскийге арнаған «Өнегелі өмір
өшпес мұра», «Белгілі суреттің белгісіз тарихы»,
«Семейде өткен жылдары», «Шоқан Қашқарда
қай  жылы  болған?»  зерттеулерінің  әр  жерінен
ұшырасатын  деректерден  сауалдарға  берілген
жауаптарды кездестіреміз.
Боқаш  әуелде  Арқатта  (Абай  ауданы)
тұрған адам. Ол жөнінде Г.Н.Потанин: «Шоқан
Уәлихановтың 
өмірбаяны 
туралы
мағлұматтар»  деп  аталатын  үлкен
2016  №1  (30)
АБАЙ АРМАНЫ

10
мақаласында:
«...Құлжа қаласымен үздіксіз сауда жасап
тұратын  семейлік,  тегі  Түркістан  жақтан
келген Боқаш деген адам болды», - дей келіп, ол
туралы қосымша түсіндірмесінде: «Боқаштың
қай Түркістаннан екенін білмеймін, әуелде оның
қазақ  даласында,  Арқат  тауында,  Семейдің
оңтүстік жағында қорасы болған, ал кейін ол
Семейге көшіп келген», - дейді.
Мен 1962 жылы Абай ауданында болған
кезімде Арқаттың ежелгі тұрғыны Бекмырза
Әділбаев деген қартпен 5 сентябрь күні кездесіп,
Боқаш туралы сұрағанымда, Бекмырза ақсақал:
«Ерте  кезде  Арқатта  Боқаш  дейтін  ірі  бай
сарт  тұрыпты.  Ол  түйені  көп  ұстапты,
жүздеген  түйе  сиятын  қорасы  болған.
Қорасының орны әлі де бар. Боқаштың Тәшеке
деген бір баласы болған екен»,- деді.
Әрхам  Ысқақов:  «Боқаш  Құнанбайдың
достас  адамы  болған  және  Семейге  келгенде
жатып жүретін үйлерінің бірі – Боқаштың үйі
болыпты», - деуші еді. [Мұхамедханов Қ. Көп
томдық шығармалар жинағы. – Алматы, 2007.
5-том, 52-б.]
Семейдің  өткені  –  тұнып  тұрған  тарих.
Қазақстанның  «Санкт-Петербургі»  тіркесін
әншейін  даңғазалықпен  айтатындар  көбейіп
барады.  Сол  тарихи  белгілерден  не  қалды?
Ойланып, толғанып жатқандар шамалы. Бірінші
көпшілік кітапхананың, бірінші баспахананың,
алғашқы оқытушылар семинариясының, Орыс
географиялық  қоғамы  Семей  бөлімшесінің,
өлкетану  музейінің, статистикалық  комитеттің
құрылып,  бастау  алған  жері  өзге  жұрттың
қызығушылығын  да,  қызғанушылығын  да
туғызбағы сөзсіз. Амал не өткеннің мұрасынан
кеңестік  дәуірде  «асығыс  құтылып»  үлгердік.
Тарихи  ғимараттар,  ұлы  адамдарға  уақытша
мекенжай  болған  үйлердің  он  пайызының  да
сақталмауы орны толмайтын өкініш.
Қала  тарихын  бес  саусағындай  білген
Какең ескілікті әңгімелерді ұлы ұстазы Мұхтар
Омарханұлының аузымен баяндайтыны бар.
Мынау бұрынғы  әйелдер гимназиясының
үйі  (қазіргі  зооветинститут  үйі)  деп,  онда
оқыған  қыздардың  аттарын  атайды.
Мұхтардың  еш  нәрсені  есінен  шығармай
сақтайтын ерекше қасиетіне қайран қаласың.
Өзінің  1919-1921,  1924-1925  жылдар  қызмет
істеген мекемелерінің үйлерін айнытпай танып,
тағы қызық әңгімеге кетеді. Сол жолы Мұхаң
Семейді аралауы үлкен бір саяхат сапарындай
болды.  Зираттарды  бір  күн  бойы  аралап
шықты.  Онда  жатқандардың  көбін  біледі,
кейбіреуінің басында бөгеліп тұрып қалады да,
тірі кезінде оның кім болғанын сайратып айта
жөнеледі.
Мынау жатқан, сен білуің керек, Шынжы
Керейбаев екен ғой. Оқыған жігіт еді. Бір кезде
қызметтес  те  болып  едік.  Осы  аралға  бір
демалыс күні сайранға шыққанымызда Ертіске
түсем деп суға кетіп өлді. Сүйегін үш күн іздеп,
әрең дегенде тауып алып, осы араға қойып едік.
Жатыр екен ғой марқұм... Айтпақшы, Сәбит
Дөнентаевпен  құрбы  болатын.  Екеуі
қалжыңдаса  беруші  еді.  Сәбиттің  оған
қалжыңдап  шығарған  өлеңі  де  бар
[Мұхамедханов  Қ.  Көп  томдық  шығармалар
жинағы. 5-том, 177-178-б.]
Әр  үйдің  қасына  барып,  біраз  қарап,
ойланып тұрады да сөйлеп жөнеледі.
«Мынау киізші Бейсекенің үйі» деп алып,
ұзақ  әңгіме  айтады.  («Абай  жолы»
романындағы  Сейсеке).  Ол  үйде  де  Мұхтар
талай  болыпты.  Оның  баласы  Абдолламен
түскен  Мұхаңның  суреті  менде  сақтаулы.
«Мынау – Белгібайдың үйі» дейді. Ол сол үйге
байланысты  тарихи  болған  бір  оқиғаны
айтады. Оның гимназия бітірген Қажен дейтін
баласымен  жолдас  болғанын,  оның  мықты
палуан, сері жігіт екенін, өшіккен адамдардың
Қаженді қалай өлтіріп кеткеніне дейін әңгіме
ететін.  Сол  Қаженмен  түскен  Мұхтардың
суреті  де  сақтаулы  [Мұхамедханов  Қ.  Көп
томдық шығармалар жинағы. 5-том, 178-179-
б.]
Қаланы аралап жүргенімізде екі қабатты
бір  үлкен  үйдің  қасына  келді  де  біраз  қарап
тұрып, қорасына кірді, ол үйде бірнеше семья
адамдар  тұрады  екен,  аса  бір  сыпайлықпен
рұқсат  сұрап,  үйдің  астыңғы,  үстіңгі
бөлмелеріне түгел кіріп шықты. Астағы, бірінші
2016  №1  (30)
АБАЙ АРМАНЫ

11
қабаттағы бір бөлмеге кіргенде біраз бөгеліп
жан-жағына қарап, сәл ойланғандай болды да:
- Дәл осы бөлмеде ертеректе мен де біраз
уақыт тұрып едім, - деді де, үстіңгі қабаттағы
бір бөлмеге келгенімізде:
- Осы бөлмеде ол кезде өзі әнші, әдемі бір
әйел  тұратын  еді.  Артистка  болатын.
Камская дейтін еді – деді. Мен: «Мұха, Камская
дегеніміз орыс әйелі ме?» - деп едім:
-  Жоқ  татар  қызы.  Өз  аты  –  Мариям
болатын. Ол кезде театр сахнасына шығып, ән
салатын,  артистка  болып  ойнайтын  өнерге
бейімі  бар  татар  қыздары  өздерінің  әке-
аталарының  аттарын  атамай,  афишаларда,
ойын,  концерт  программаларында:  Камская,
Волжская деген сияқты атпен атайтын әдет
болатын... деп сол сөздердің тарихын ақтарып
айтып берді [сонда, 179-б].
Қандай  ғажайып  деректер?!  Бүгінгі  жер
сипап  қалған  күйіміз  мұрагерлігімізді
танытпайды.
Біз 
бір 
лекция 
аясында
Қ.Мұхамедханұлының  барлық  қырын  аштық
деген  ойдан  аулақпыз.  Өлеңдері,  драмалық
шығармалары, аудармалары жөнінде ой өрбітуге
уақыт-патша  мұрсат  бермеді.  Әлі  де  талай
әңгімеге өзек болары айдан анық. Уақыт өткен
сайын 
қаламгер 
мұрасын 
зерттеудің
көкейкестілігі бедерлене түсері сөзсіз. Қайым-
ұстаздың өмірі мен шығармашылығы ғалымдар
көзауласынан  тысқары  қалды  деу  асығыс
тұжырым. Ордалы ойлар, қордаланған пікірлер
оқырманына  жол  табуда.  Төкен  Ибрагимов
жетекшілігімен жарық дүниеге келген «Тарта көр
Семейімнің  топырағы»  (2010)  өлеңдер  мен
поэмалар  жинағының  салмағы  ерек.  Жас
қайымтанушы  Ақмарал  Смағұлованың
кандидаттық диссертациясы негізінде ұсынған
«Ғалым мұраты» (2007) монографиясы мәселені
бір түйіндеп тастаған қажет еңбек санатында.
Бүгін Какеңнің он томдық шығармалар жинағы
қолымызда,  игілігімізге  жаратылуда.  Бұл  –
айтарға  ғана  жеңіл.  Қаншама  қажыр-қайрат
жұмсалды, 
аяусыз 
тер 
төгілді.
Ауыртпашылықтың  баршасын  мойнына  алып
інілік,  рухани  туыстық  парызын  алғаусыз
атқарған жазушы, абайтанушы, мұхтартанушы,
шәкәрімтанушы 
ғалым, 
филоло гия
ғылымдарының докторы, профессор, «Отырар
кітапханасы» ғылыми орталығының директоры
Тұрсын Жұртбайдың жанкештілік еңбегін бөліп
көрсету  әділет.  Министрліктің  табалдырығын
тоздырып,  қисынын  тауып  баспа  жоспарына
енгізіп,  көптомдықты  жариялауға  шәкірттерін
жұмылдырып табандылық танытуын Қайымға
ғана емес, Тұрсынның ұлтқа сіңірген парасатты
үлесі.
Әке  мұрасын  кәдеге  асыру  жолында  ұл-
қыздары да қалыс қалған жоқ. Заңды да. 2008
жылы  Алматыда  құрылған  Дина  Мұхамедхан
басқаратын  «Қайым  Мұхамедханов  атындағы
білім және мәдениет орталығы» Қоғамдық қоры
үлкен  шаруалар  тындырды.  Бәрін  тізіп  жату
мүмкін емес. Бастыларын санамаласақ: «Қайым
туралы  сөз»  (2006),  «Тағдыр  және    Карлаг»
(2008),  «Шәкәрім  мен  Қайым»  (2009),  «Абай
кітабын  алғаш  шығарған  Ілияс  Бораганский»
(2009),  «Абайдың  шығармаларына  ғылыми
түсініктер» (2009), «Человек – легенда» (авторы
А.Белякина,  Д.Мухамедхан,  2009),  «Хаттар
сөйлейді»  (2016).  Көрсетілген  тізім  жалғасын
табарына сеніміміз кәміл.
Туғанына 100 жыл толып отырған Қайым
Мұхамедханұлының  есімі  мен  мұрасы
ғасырларға тиесілі.
2016  №1  (30)
Резюме
АБАЙ АРМАНЫ
Автор статьи приводит новые данные из жизни Каюма Мухамедханова, проводит анализ
исследований ученого, останавливается на ценных воспоминания Каюма о краеведении.
Resume
The author brings new data on life Kayum's Mukhamedkhanov's, analyzes research scientist stops
at Kayum's valuable memories of local lore.

12
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫ - 100 ЖАС
2016  №1  (30)
ӘОЖ 821.512.122
Т.ЖҰРТБАЙ,  филология  ғылымдарының  докторы,  профессор
Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университеті  жанындағы
«Отырар  кітапханасы»  ғылыми  орталығының  директоры
Астана қаласы
БОЛАТӨЗЕК
(Қайым  Мұхамедханов)
Автор мақалада Қайым Мұхамедхановтың ғалымдық, ақындық, драматургтік қасиеттері
жөнінде кеңінен талдау жасап, Абай өлеңдерін жинаушы, Абай мұрасының жазылуы, басылуы
тарихын зерттеген историограф, үш-төрт басылымына түсініктеме жазған библиограф, Абай
шығармаларының  дұрыс  жазылуын  жүйелеген  текстолог, Абай  және  оның  ақындық  дәстүрі
хақында монографиялық еңбек бітірген теоретик, сол замандағы қоғамдық қарым-қатынастарды
зерттеген тарихшы, сол дәуірдегі әдеби нұсқаларды, ел аузындағы жыр-өлеңді, әңгіме-аңызды
қағазға түсірген фольклорист сынды қырларын ашып көрсеткен.
Тірек сөздер: Қ.Мұхамедханов, ғалым, текстология, әдебиет, мұра, фольклор, Абай мұрасы.
І.
Адамның бойындағы қасиеттерге берілген
ғұламалардың анықтамалары көп. Соның ішінде
“талант дегеніміз – мінез” деген қисын ғұлама
ғалым Қайым Мұхамедхановтың жеке басына
да,  оның  өмірлік  жо лына  да,  ғылыми
шығармашылық  еңбектеріне  де  қаратыла
айтылған  сияқты.  Шындығында  да,  мінезсіз
талант – қанатсыз қыран, жер бауырлап көтеріле
алмайды. Ал шабытты қолдан жасай алмайсың.
Бұл  реттен  алғанда  азамат  Қайымның,
оқымысты Қайымның тұтастық табатын тұсы
– шындық. Осы шындық үшін басын бәйгеге де
тікті. Түрменің торлы терезесі де, ыстық-суық
карцердің  қинап-қыстаулары  да,  достардың
сатқындығы  да,  жабылған  жалған  жала  да,
көрген бейнет пен зейнет те оның бойындағы
бұл қасиетті қайсарлыққа сызат түсірген жоқ. Ол
Абай  айтқандай  әуелі  “өзіне  сенді”,  өйткені
қандай тауқыметтен де “еңбегі мен қайратының
екі жақтап” демеп шығатынын білді.
Бұл мінезі қиын-қыстау күндерде жанына
медет  беріп,  сатпайтын,  сатылмайтын  азамат
деген  атын  шығарса  да,  кәдімгі  етек  басты
тіршілікте өзіне көп кедергісін келтіріп, кесірін
тигізді. Сәл ғана езу тартып, қас-қабағын дұрыс
керіп, басын бір изей салса бітіп-ақ кететін іске
келгенде  тасырқап  қалатынына  кейде  іштей
налып та қалған кезіміз болды. Бұл фәниден сол
бір  өзегі  болат,  қайраты  қатқан  емендей
қасарысқан күйінен танбай кетті.
Алған  бетінен  қайтпайтын,  жақынының
өзін  жалғандығы  үшін  жек  көретін,  ұнаса  –
қырындысыз  құлай  ұнататын  осынау  адамға
тура отыз жыл таң қалумен келіппін. Қаншама
жылы қабақ танытып, бауырына тартып, кейде
еркелеткенімен де, өз басым Қайым ғұламаның
алдында үнемі сескеніп тұратынмын. Ол сырты
жуасыған, іші ашуға толы, атылуға кез-келген
сәтте  дайын  тұрған  арыстан  сияқты  еді.  Қай
жерден қапы  жіберіп аламын  деп қылпылдап-
ақ  тұрғаның.  Өзінен  басқа  кез-келген  адамды
мақтай бер – үндемейді, сынай бер – үндемейді,
өзін қоса сынап, өмірге бейімсіздігін айт – күліп
қойып отыра береді. Ал енді Абай мен Әуезов
туралы сөз қозғап, сәл ғана жалған сөйлеші, онда
шаруаңның  біткені!  Онда  –  Қайым  арыстан!

13
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫ - 100 ЖАС
2016  №1  (30)
Арыстан  бо лғанда  да  майысқақ  Қаратай
айтқандай, “неғылайын жоқ” арыстан. Өйткені,
өмір сүру мен ғылыми пікір тұжырымдауды тек
сол  екеуінің  ілімі  мен  тәлімінен  үйренген.
Олардан  басқа  ешкімді  тағы  мойындамады,
мойындата да алмайтынсың.
Шындықты бетіне тура айту үшін Қайым
Мұхамедханов кісі таңдамады. Үлкен бе, кіші ме,
шәкірті ме, тіпті дана Мұхтар Әуезов пе, Қайым
сескенбеді.  Үндемей,  қабағын  түйіп  отырып
қалады,  не  шығып  кететін  мінезі  жетпіс  бес
жастан  кейін  ғана  қылаң  берді.  Сол  шыншыл
мінезді  Қайым  түрмеден  шығып  келген  бетте
Мұхаңа  да  көрсетіпті.  Абақтыдан  Алматыға
тартқан шәкірт бірден Мұхаңның үйіне тартады.
Онда да вокзалдан күтеді. Бұл үш жылдың ішінде
Әуезов  Мәскеуге  баспаналап  жүріп,  бұрынғы
пікірлерінің кейбіріне баспасөз бетіне басқаша
баға беріп:
“…Осыған  байланысты  1953  жылы
январьдың 30 күні “Правда” газетінде М.Әуезов
пен  С.Мұқанов  туралы  жарияланған  “Сынау
орнына  мадақтағандық”  атты  П.Кузнецовтың
мақаласын айтып отыр – (Т.Ж.) Абай мектебі деп
аталып жүрген қателіктердің түп тамыры туралы
да айта кетуді қажет деп санаймын. Бұл мәселе
баяғыда  1933 жылы  абайтану жөніндегі  менің
қате, бір жақты пікірімнен басталды. Істің жайы
былай:  Абайдың  бұрынғы  жарияланбаған
өлеңдері  мен  өмірбаяндық  деректерін  кешігіп
барып  жинақтағандықтан  да  (түрмеде
отырғандықтан да – Т.Ж.) ауыз екі тілде айтқан
куәлік  сөздері  мен  естеліктерді  сын  көзбен
қарамай,  олардың  мәліметтеріне  қалтықсыз
сеніммен қарадым. Мен олардың маған жеткізген
деректеріне  дер  кезінде  қатал  сыншылдықпен
қарамадым. Көкбайдың және Абайдың өзге де
замандастарының  мұрасын  халық  мүддесіне
қарсы және бізге жат екендігін анықтай алмадым.
Көкбай  сияқты  адамдарды  бағалаудағы  теріс
бағыттарым  1939  жылы  өзім  жариялаған
Абайдың өмірбаянына енгізілді. 1953 жылы 30
январьдағы  “Правда”  газетінде  жарияланған
мақалада дұрыс көрсетілгендей, Абайдың жалған
шәкірттері туралы пікірлерім Абайдың орысша
шыққан  шығармалар  жинағында  да  жағымды
пікір айтуға итермеледі. Сол сияқты бұл тақырып
туралы менің соңғы жазған рецензияларым да
теріс  пікір  білдіруге  ықпал  жасады”  –  деуге
мәжбүр болды. Осыған қитығы ұстаған Қайым
Мұқаңа:
–  Сіз  де  сенімсіз  екенсіз  ғой,  –  дегендей
ауыр сөз айтыпты. Сонда:
– Әй, Қайым-ай, сен нені түсінесің? Түрме
саған ештеңе үйретпеді ме? Олардың аңдығаны
– сендер емес, менмін ғой. Мен өзім үшін емес,
сендер үшін осындай әрекетке бардым. Сендерді
сөйтіп  қорғадым.  Егер  мен  қасарыса  берсем,
сендерді қысады. Мен жұмсарсам – сендерге де
жұмсарады. Мұны тактика дейді, – деп әуелде
қату, соңынан тату сөзін айтыпты.
Шындығында да, Мұхтар Әуезовтің бүкіл
саналы  өмірі  түрменің  тактикасы  мен
стратегиясын зерттеуден тұрады. Әйтпесе, аман
қалуы мүмкін емес еді.
Қайымды 
“халық 
жауы” 
етіп
көрсеткендердің бірі бар, бірі жоқ, ғалым оларға
өкпе де артпайды. Бірақ та, сол кезде Абай мен
Әуезовке жала  жапқандарды кешпейді.  Өзінің
жеке басына қиянат жасағандарға түсіністікпен
қарап:  “Оларда  не  жазық  бар.  Қысымға
шыдамады. Бала-шағасы бар, тіршілікті қимады.
Алатын  атағы  бар…  және  Қайымды  кім  біліп
жатыр.  Ал,  Әуезовті  аранға  жығу  деген  сөз  –
қазақ ұлтын арандату деген сөз. Менің өз басым,
әйтеуір Әуезов еркіндікте аман-есен жүрсе, түбі
бәріміздің бостандыққа шығатынымызға кәміл
сендім.  Сондықтан,  екіжүзділерді  жек  көрдім.
Әуелі Мұхаңды мұқатамын дегендердің өзі ұшып
кетті  ғой.  Адалдығың,  арыңның  тазалығы  –
адамдығыңның белгісі. Қазір соларды көрсем –
мен күліп қараймын, ал олар қибыжықтап, бет-
аузы  тыржиып  қашқақтай  береді.  Түн  ішінде
көрпесін басына жамылып алса да, әруақтар көз
алдына  елестеп,  тыныштық  бермейтін  болу
керек. Менің ұйқым тыныш, ойым орнында”, –
дейтін оқымысты ұстаз.
(Сөйткен Қайымның да ұйқысы бұзылды.
Қайымды  жомарт  атандырған  да,  сері
атандырған 
да, 
тіршіліктің 
күйбеңін
ойлаттырмаған да Фархинур анамыз еді. Аяулы
ана көз жұмған соң, өзегі өртенбейді дейтін қара
алдаспанның  өзегі  өртенді,  қара  нардың  белі
қайысты. Қайымның сағы сынды. Оны көзіміз
көрді. Ол анамыздың жоқтығы бізге де білінді.
Қайым  таңдап  қонаққа  баратын  болды,  ақыр

14
соңында  таңдап  баратын  қонақтың  тізімінен
Қайым  да  сызылды.  Аялаған  он  баланың
алақаны  ...тумысынан  қажылық  пен  имамдық
үзілмеген  Фархинурдың  орынын  толтыра
алмады).
Міне,  мұны  Қайымның  творчестволық
мінезі деп те қарауға болады.
Реті  келгенде  үлкен  ойлы,  бала  мінезді
Қайым ағаның жұмбақ бір сырын оқырманға аша
кеткім келеді. Бірде Семейдің көшесіндегі ұзақ
әңгіме  үзілмей,  Кәкеңнің  үйіне  ілесе  келдім.
“Жаңағы  материал  мынау”  –  деп  сол  жақтағы
бөлмеге  кіріп,  қазақы  сандықтың  үстіне
жиналған көрпенің ішінен бір кітапты суырып
алды.  Мен  де  ол  бөлмеге  сұғынып  қалып  ем,
балаша қысылып “жүр, жүр леп” үлкен бөлмеге
жетеледі. Қонақ төрде отыруға тиіс десем керек,
ұзын  столдың  басындағы  орындыққа  отырып
едім, түсі суып: “Тұр. Бұл – Мұхтардың орыны.
Одан басқа ешкім отырмайды” – дегені. Қарама-
қарсы  орындыққа  жайғастым.  Бой  жылынған
соң:  “Тұр.  Отыр  мұнда.  Осы  үйге  келгендегі
ендігі  сенің  орының  осы”  –  деді  Мұқаңның
орынын  нұсқап.  Көзімнен  жас  ыршып  кетті.
Әрине, сүйініштен. Достыққа, інілікке, дәстүрге
деген  махаббатына,  адалдығына,  жан
тазалығына, құрметіне. Жанарына шық тұнып:
“Қара  шалды  сағындым”  –  деп  ақырын  ғана
сыбырлады.  Осы  бір  ауыз  сөзбен  көп  сырды
аңғартты.
Қайым  ағаның  сол  адалдығына  оның
ғылымдағы  жолында  да,  творчествосында  да
жусанның қышқылтым  исіндей аңқып тұрушы
еді.
ІІ
Дүниедегі  бар-жоқты  білу  бар  да,  соны
халық кәдесіне ерте де, кеш те емес, дәл сәтіне
асыру бар. Ол үшін – ой парасаты, сана сабыры,
пендешілік төзім керек. Бұл ғалымның білгенінен
де  бағалы,  жоғары  қасиет.  Егерде  Қайым
Мұхамедхановтың әдебиетші – ғалым ретіндегі
ерекше қасиетін айтатын болсақ – ол – азаматтық
көзқарасының тереңдігінде, адалдықпен астасып
жатқан  парасатында  және  болаттан  да  төзімді
қайсарлығында. Қайым Мұхамедханов қашан да
ғылымның мұратын өз мүддесімен араластырып
көрген жоқ. Сонау жастық дәуренінде, ғалымның
балаң  шағында  қағаз  бетіне  түскен  алғашқы
әріптен  бастап,  көзі  жұмылғанға  дейін  екпіні
үдей  түскен  зерделі  зерттеулерінен  тек  қана
әділдікті, дәйекті және тура шындықты сезінесің.
Турашыл да кішіпейіл, сырлы да сырбаз Қайым
өзінің  ғылыми  пікірлерін  айтуға,  дәлелдеуге,
жариялауға, қорғауға келгенде қатал-ақ еді. Ондай
сәттерде ол өзін де аямады, өзгені де өбексітпеді.
Иә,  Платон,  жоқ  Абай,  оның  досы  еді,  бірақ
шындық оған одан да қымбат болатын.
Нағыз  ғалымның  болмысына  тән
қасиеттерді  сіңіргені,  оған  жұрттың  күмәнсіз
қарайтыны сондай, Қайымның баспасөз бетінде
білдірген пікіріне ырықсыз сенді. Себебі: ол бүкіл
бір  мақаланың  ішіндегі  бір  сөзден  күдік  алса,
соның бес-алты үлгісін салыстырып, көзі жетпей
көпшілікке ұсынбады. Ал сол бір сөздің түбірін
анықтауға кейде он жыл кетуі мүмкін еді. Шын
ғылыми ой ешқашан ескірмейді. Өйткені, өзге-
өзге,  ал  Қайым  Мұхамедханов  іспетті  өмір
тәжірибесінің  ащы-тұщысын  татқан  адамға
асығыстықтың  бағасы  белгілі.  Ғылымға  ала
өкпелік жараспайды деп есептейтін.
Сексен  сегіз  жыл  жасаған  ғұмырының
ішінде жалпы өмірдің пендешілікпен көмкерілген
кейбір сәттеріне өкініш-өкпесі бар-ау дегенмен
де,  ғалым  Қайым  Мұхамедханов  өзінің    ой-
санасын екшеген ғылыми ортаға, оған мүмкіндік
жасаған тағдырына разы шығар. Бүгіндері аты
аңызға айналған талай марқасқалардың дидарын
көріп, әңгімесін тыңдады. Кейбірінің ортасында
өсіп,  тәрбиесін  көрді.  Зерделі  әкенің  өнерлі
ананың  ықпалы  аңғарылғанымен,  оны  дұрыс
қабылдап, дамыту үшін де “жүрек ояулығы” керек
емес  пе.  Ұлы  Абайдың  ошақ  оты  суымаған
сәтінде оның үй-іші, ет бауыр туысқандарымен
араласты.  Әлмағанбеттің  әнін  тыңдады.
Көкбайдың қолына су құйды. Әміре, Исалардың
кенже інісін дей еркелеп өсті. Қаныш, Мұхтар,
Әлкей іспетті даналардың ең сенімді серігі, сүйікті
інісі, ғылымдағы шәкірті болды. Қысқасы асыл
ойдың уызын қанып ішті, пікірі құнарлы ортада
өсті.  Бұл  оның  бақыты  еді,  әдебиетіміздің,
өнеріміздің әр саласына тереңдеп барып жүруінің
де  сыры  осында еді. Осынау достық көңілді жеке
өзінің  ғана  емес,  халықтың  да  мүддесіне
ұштастыра білді. Жақсы мен жанасу арқылы жан
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫ - 100 ЖАС

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет