Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



Pdf көрінісі
бет3/15
Дата15.02.2017
өлшемі2,06 Mb.
#4157
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

2014 №3 (24)

Пушкинді, Лермонтовты,  Крыловты қазақша

сөйлетеді,  күпілі  қазақты  Пушкинше,

Лермонтовша сөйлетеді. Абайдың арқасында

ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде қазақ аулындағы

қызойнаққа Онегин мен Татьяна «қатысады».

Абайдың  арқасында  ХІХ  ғасырда  қазақтың

әдебиеті өзінің атам заманғы «азалы ақ көрпесін

сілке  тастап»,  Европаның  классикалық

әдебиетінің қалыбына түседі, сүйте тұра қазақ

әдебиеті болушылығын да бұзбайды.

Бұлайша ескіні жаңаға ұштастырып, жан

бітіру  үлкен  шеберлікпен  ғана  болатын  іс.

Абайдан біз осы ірі шеберлікті көреміз. Абай –

ақын  болғанының  үстіне  ескі  мәдениет

мұрасын дұрыс пайдалана білген ақын. Абай

ескі күншығыстың экзотикалық өнерінің бірі –

шағатай әдебиетімен де жақсы таныс болып,

онан  жанына  азық  таба  алмай,  ілгері  басқан

Европа  үлгісін  таңдап  ұстағанының  үстіне,

қазақтың  халық  әдебиет  мұрасын  да  жете

тексерген, оны барынша бағалаған, онан бар

керегін  ала  білген  адам.  Абайдың  баласы

Тұрағұлдың 

естелігінде: 

«Қазақтың

ертегілерінде естіген ертегісі кем шығар. Сонда,

қазақтың ескі ертегісінен: бұрын қай жерлерде

жүргені, көршілес күндес елдері қай жұрттар

екені, елдің ескі салты, арманы, кәсіп-қарекеті

не екені көрінеді деуші еді», – дейді. Міне, бұл

халық  әдебиетін  (ертегіні)  осы  ғылым

айтуындағыдай бағалай алғандығы. Қазақтың

мақалдарына қарап отырып, қазақтың тарихын

қарастыруы  да,  өз  сөзіндегі  қазақтың

шаруашылық  қалпын,  дүниеге  көзқарасын

білуге мақалдарды кілт қылғысы келгендері де

–  бәрі  де  халық  әдебиеті  мұрасын  қалай

пайдалану жолын түсінгенін көрсетеді.

Сонымен  бірге,  Абай  ескі  мұраны

талғамай  ала  беретін  адам  емес.  Ол  ескіден

қалған мұраға да, өз заманының жайына да сын

көзімен қарап, өзінің ақыл елегінен өткізіп алған.

Қашаннан  келе  жатқан  «мәңгі  шындық»

саналатын  мақалдарды,  әдет  заңын  Абайдай

қирата сынға алған қазақта ол кезде болмаған.

«Ата-анадан  мал тәтті»,  «Атың шықпаса  жер

өрте», «Жарлы болсаң, арлы болма», «Көппен

көрген ұлы той» т.б. неше мақалдардың сырын

ашып сынаған адам – Абай.

1905  жылдың  төңкерісі  халық  санасын

басқан қара тұманды бірқатар серпілтіп, онан

соңғы реакция дәуірі бүркеулі сырдың көбін

ашып,  колония  саясаты  азуын  күннен-күнге

батырып,  қазақ  арасында  ұлттық  сана  өрлей

бастаған, ұлы көтеріліс ұшқындап келе жатқан

кезде  1916  жылда,  орта  білімі  бар,

төңкерілісшілдікке  бейім  азамат  қылып

көрсетілген  учитель  Әбіш  –  Бейімбеттің

«Шұғасының»  геройы  –  ауылдағы  екі  рудың

балуаны  күрескенде  қызынып,  бір  жағын

басқарып жүреді; өз жігіті жыққанда көтеріліп

қалады.  «Шұға»  пьесасынан    40  жыл  бұрын

Абай осындай күрес, бәйгеге ру болып қызыну,

арлану  әдетін  сөге  сынайды.  Халық

мәдениетінің мұндай жақтарын ашып тануға

келгенде  Абай  сөйтіп,  өзінен  20  жыл  соң

Әбіштер  қараған  көзқарастан  асып  түседі.

Осының  бәрі  Абайдың  ескі  мұраны  сынай

білудегі күшін көрсете алса керек.

Жоғарыда  айтылып  өткендегідей,

Абайдың  халық  әдебиеті  үлгісіндегі  өлең

қалыбын  өзгертіп,  өзінше  құруы  да  әдебиет

мұрасын  қалай  пайдалануды,  қалай  сынауды

жетік білгендігінен келген. Өлеңнің өлшеуі мен

ұйқасымына кіргізген сыртқы өзгерісінің - өзі

тек бола салған іс емес, Абайдың барды сынай

отырып, соныға тартқанынан туған жеміс.

Абайдың музыкаға енгізген жаңалығы –

жаңа түрлі әндері де – осы өлең құрылысын

қайта  құрумен  байланысты.  Жаңа,  жат

өлшеулерді  жұрт  құлағына  сіңдіріп,  көп

ұғымына жуықтату үшін оларға ән де шығарып

берген. Абайдың жаңа түрлі өлең өлшеулерін

шағатай үлгісінен шығарушылар сол әндердің

құрылысына  сынатып  қарау  керек.  Ән  –

«ғұшшақ»,  «науа»  тәрізді  дәруіш  мақамына

бейімделген бе екен, жоқ өзі білген дәрежесінше,

Батыс  үлгісіне  тарату  бар  ма  екен?  Біздің

байқауымызша, Абай әндерінде Орта Азияның

ескі  мақамына  тартқан  жер  жоқ.  Абайдың

композиторлық  тәжірибесі,  бәлкім,  бізді

қанағаттандырарлық емес шығар, сонда да сол

кезде қазақ әнінің құрылысына Батыс әсерін

ендіріп өзгерту талабының өзі – біздің мәдениет

тарихымыз  елеп  өткендей  іс.  Бұл  да  –  қазақ

көркемөнерінің қолда барын қанағат қылмай,

ескіні  ескі  деп  біліп,  жаңаша  таратудың  бір

ұшқыны.


15

АБАЙТАНУ

2014 №3 (24)

Сонымен Абайдың көркемөнер жөніндегі

айтқан сөзі емес, істеген ісінде ұлы сыншылық,

барды  қайта  құрушылық  барына  таласпай

көнуге болатын болды.

1.

Абай  шағатай  әдебиетімен  жақсы



таныс болып, оны баурап алып, соның үлгісімен

өлең  жазып  та  көрген.  Бірақ  оны  қанағат

қылмай, оның ішінде қалмай, сыртына шығып

соныдан жол іздеген.

2.

Абай  қазақтың  халық  әдебиетін



жақсы біле тұра, оның айдын жолымен жүріп

кетуге шамасы келе тұра, оны да өзіне баянды

жол деп есептемеген, онан да шетке шыққан.

3.

Абай  жер  жүзінің  классик



әдебиетінің үлгісін таңдап ұстап, қазақ әдебиетін

Байрон,  Шиллер,  Гете,  Пушкин,  Лермонтов,

Толстой ізімен Батысқа жетелеген.

4.

Әдебиет  арнасын  басқа  жаққа



бұрумен байланысты өлеңнің мазмұндылығы,

көркемдігі, бояуы – бәрі де өзгеруі керек деп

табады. Бұл жөнінде:

а)  Ауыз  әдебиетінің  өзгешелігі  болып

сақталып  келген  өлеңдегі  басы  артық  бос

сөздерді  шығарып,  өлең  сөзінің  мәнділігін

арттырады;

ғ)  Бұрын  жай  қосақталып,  негізгі

тақырыппен жарыса жүріп, оны солғындатуға

себеп болатын көлденең суреттерді шағындап,

қиындап,  олардан  жаңа  бейне  құрастырады.

Бұрынғы  мақал,  мәтел,  халық  сенімі

секілділердің қатып, құрысын қалған суреттерін

жанды жүрек кейіпке айналдырады;

б)  Қазақ  өлеңін  түр  жағынан  байытып,

жаңа  өлшеулер,  жаңа  ұйқасымдар,  жаңа

ритмдер туғызады;

в) Әдебиет тіліндегі халық үлгісінің басы

артық  қосарларын  жоюмен  қабат,  шығыс

үлгісінен келіп жүрген араб-парсы сөздерін де

қуып, әдебиет тілін тазартып, қазақ тілінің бар

байлығын іске асыруға жол ашып, жазба әдеби

тіліміздің іргесін қалайды:

г) Көркем шығармаларды өзі де шығарып,

ірі  ақындардан да аударып, әдеби аударманың,

жаңа  заман  әдебиетіндегі  бірқатар  белгілі

жанрлардың үлгісін іспен береді.

5. Халық әдебиетінің кері тарауларының

бірі болған мақалдардың жарамсызы көп екенін

ашып көрсетіп, өзі де бірнеше мақал шығарады.

6. Әдебиет жұмысында өзгеріс жасаумен

қатар,  әлінше  қазақ  музыкасында  жаңалық

ендірудің талабын істейді.

Міне,  осының  бәрі  де  құрғақ  сөз  емес,

Абайдың істеген істері. Адамды істеген ісіне қарай

сынайтын болсақ, бұл істерді, бұларды істеген

адамдарды қалай бағалауымыз керек?

Абайды қолда барға қанағаттандырмайтын,

үздіксіз  сынға,  таусылмас  назарлыққа  қуып

салатын,  атам  заманнан,  ата-бабадан  қалған,

замандас,  бастастары  түскен  даңғыл  жолға

сыйдырмайтын не?

Неге  ол  даяр  әдебиет  үлгісін,  дайын

мәдениет дағдысын сынай береді? Неге бұлар

оның сынына толмайды?

Абайдың әдебиет «бар мәзіріне», мәдениет

сатысына бұл сыншыл көзқарасы бөлек жатқан

нәрсе емес, соның бір бөлшегі, өткенді, төңірегін

тегіс сынауынан, тегіс ұнатпауынан, бұл әдеби

формада бой көрсеткен бір түрі. Әйтпесе, өткенді

көксеп, төңіректегі барға риза болған адам сол

өткеннің, төңіректің идеологиялық жемісіне –

әдебиетіне ол әдебиеттің дәрежесіне, түріне де

риза болған, қанағаттанған болар еді.

Ойдағы  сыншылдық,  жалпы  бағыттағы

жаңашылдықты істе көрсете алу – онда да әдеби

формада  –  ырғақ  пен  ұйқасымда,  бейне  мен

сөздікте көрсете алу – бұл ол шыншылдықтың

тамыры  терең  бойлап  кеткенінен  келеді.

Абайдың  тұла  бойын  түгел  алып  кеткен,

осындай сөз ортасына наразылық бар. Абай сол

заманда, сол ортаны соя сынаған адам. Абайдың

әдебиеттегі  сыншылдығының  түп  тамыры

осында  жатыр.  Сондықтан  Абайдың  заманы

деген не еді? Абай оны несіне сынайды? – соны

қарайық...



(Мақала аяқталмай қалған - ред.)

16

Работа Кудайбергена  Жубанова «Абай –  классик казахской  литературы» представляет

собой комплексный сравнительно-исторический анализ наследия Абая - феноменального явления

казахской литературы.

Kudaibergen  Zhubanov’s  work  “Abai  is  the  former  of  Kazakh  literature”  represents  complex

comparatively – historical analysis of Abai’s heritage as phenomenon of Kazakh literature.

Резюме

Resume

АБАЙТАНУ

2014  №3  (24)

17

М.БАЗАРБАЕВ,  қоғам  және  мемлекет  қайраткері,  филология

ғылымдарының докторы, профессор

ШӘКЕРІМ АҚЫН

ШӘКӘРІМТАНУ

Автор мақаласында Шәкәрім Құдайбердіұлының қазақ әдебиетінің поэзия саласына қосқан

елеулі еңбегін жан-жақты талдап көрсетеді. Әлем әдебиетінен көп хабардар болған ақынның

поэзиядағы философиялық ой толғаныстарына айырықша мән береді.

Тірек сөздер: қазақ поэзиясы, Шәкәрім, поэзия, поэма, ақын мұрасы.

Қазақ  поэзиясының  қалдырған  дәстүрін

ілгері  созып,  көп  жаңалықтармен  байытқан

Шәкерім  Құдайбердіұлының  көркем  мұрасы

туған әдебиетіміздің Ұлы Октябрь қарсаңындағы

елеулі белесінен саналмақ.

Шәкерімнің  өз  басы  да,  қазақ  әдебиеті

тарихындағы терең, жіті зерттеуді керек ететін

көрініс.  Ақын  өзінің  өлеңдеріне  ойланып,

толғануы көп, уайым, қайғы басқан, жалғыздық

жапасын  мол  тартқан  жан  ретінде  көрінеді.

Лирикалық  өлеңдерінен  ол,  әсіресе,  айқын

сезіледі.

XX ғасырдың бас кезіндегі шым-шытырық

әлеуметтік оқиғалар Шәкерімді көп толғантқан,

негізінде ақын дүниені рационалистік жолмен

тануға  ұмтылған,  әлемдік  мәдениеттен  көп

хабардар болған. 1917 жылғы революцияларды

жылы қарсы алып, бостандық туралы өлеңдер

жазған,  бірақ  кейін  ол  тақырыпқа  терең

бармайды.  Бірді-екілі  өлеңін  «алашқа»,  оның

«көсемдеріне»  арнайды,  олар  жөнінде  жылы

сөздер айтады: кей уақыттарда Шәкерім қазақ

халқының  болашағы  ұлттың  мемлекет  болуы

соларға  байланысты  дегендей  ойға  да

тоқырайды.

Мұның 

бәрі, 


сөз 

жоқ, 


заман

қайшылығының белгісі. Ағартушылықты, оқу,

білімді, өнерді насихаттай отырып, байларды,

атқамінерлерді батыл сынап, еңбекші халықтың

ақысын  жемеуге,  оларды  демеуге  шақыра

отырып,  революция  мен  азамат  соғысы

жылдарына жан тебірентер оқиғаларға белсене

араласа алмауы да сонан. 1916 жылғы қозғалыс,

1917 жылғы революция, азамат соғысы, қазақ

ауылын  советтендіру  сияқты  жер  жүзін

сілкінткен  ұлы  өзгерістер  дүбірі  Шәкерім

творчествосында  солғын  естіледі.  Рас,

ақынның бұл кезде қартайып, алдындағы сан

алуан  күрес,  уайым,  жапа,  жалғыздық

жылдарынан  титықтап  қалған  шағы  еді.

Алпыстан  асар  шағындағы  өлеңдерінде  ол

көбіне өлім, өмір туралы, жастық кетіп, кәрілік

басқаны жайында жазады.

Ақынның тау арасында жеке, аскеттік өмір

құруы  да  оның  дүние  дүбірлерінен  аулақ

болайын  дегенін  аңғартады.  Сөйтсе  де,  көп

әңгіме, сөзге бұл да  себеп болады. Ақынның

елмен,  қауыммен  арасы  суи  береді.  Өмір,

тіршілікпен, халық тұрмысынан қолын үзеді.

Сауытына тығылған ұлудай тас бүркеніп, тек

өзінің  жүрек  дүрсіліне  алас  ұрып,  толас

таппаған  ойына  құлағын  түреді.  Осы  кезеңі

туралы ақын өзі:

Кейбіреу безді дейді елден мені,

Есалаң айтады екен сезіп нені,

Хақихатты танитын баста ми жоқ,

Ондайлардың сау емес анық  дені.

Мен жалғыз сендер елде қойдың қалып,

Ешкімнің кеткенім жоқ малын алып.

ӘОЖ 821.512.122

2014  №3  (24)


18

ШӘКӘРІМТАНУ

2014  №3  (24)

Елу бес жыл жинаған қазынамды,

Оңашада қорытам ойға салып, – дейді.

Бұған қарағанда ақын шынында да өмір

алаңына бой алдырмай өзінің философиялық,

ақындық  ой-армандарын  қорытқысы  келген.

Ағайын  араздығы  таласы,  ауыл  ішіндегі

партиягершілік сияқты жайлар да оның аулақ

кетуіне себеп болған, өзі де солай дейді. Ақын,

қат-қабат  ой  билеп,  өмірдегі  өзгерістерді

бағдарлап байқау үшін, және өзінің ынтық ісі –

өлеңі үшін тыныштық іздеген жалғыздық күйде

өзімен өзі кеңескісі келгендей.

Абайды көп толғантқан өсу, өнім ағарту ісі,

алға,  болашаққа  қарау  Шәкерім  поэзиясында

түгелдей  дерлік  өріс  табады.  Адамның  жеке

басының  жетілуі  ақыл мен  парасатқа  ұмтылу,

адал болу, кісі ақысын жемеу халық қамын ойлау

–  ақынның  жатпай-тұрмай  тебірене  ойлаған

тақырыптары. Көпшілігі насихат, ғибрат түрінде

болып  келсе  де,  Абай  салған  шыншылдық,

сыншылдық  сарын  анық  көрініп,  дамып

отырады.  Өрнек,  сурет,  бейнелері  анық

реалистік әдебиеттің қалпын байқатады. Өлең

өлшемдері де сан алуан өзгеріп, құбыла, құлпыра

түседі.


«Арың-сатпа, терің сат, адалды ізде, егін

сал, не сауда қыл, малыңды бақ» деген жолдарды

ақын  өлеңдерінен  көп  ұшыратамыз.  Еңбекке,

оқу,  білімге,  өнерге  шақырады,  жалқаулықты,

бойкүйездікті, надандықты сынайды, талапты

бол  дейді.  Адамның  қоғамдағы  орнын  ақын

жоғары бағалайды, оған көп жүк артады, міндет

қояды.  Рас,  дидактика,  уағыз  басым,  бірақ,

адрессіз,  атсыз  емес,  нақты  ортаны,  нақты

адамдарды мегзеп айтқан. Мұндай ғибрат, уағыз

сөздер Абайда да бар екенін білеміз. Бұл тектес

өлеңдер, негізінде, жалаң насихат емес, ақынның

қоғам,  адам  жайындағы  жинақталған  ойын

білдіретін  ақыл  сөздер,  философиялық  түйін

толғаулар.

Шәкерімнің өлеңдеріне «халқым қазағым,

туған ел жұртым» деген ұғым жиі ұшырайды.

Және  оны  ақын  алуан  түрлі  тақырыптарды

қозғай отырып, өлеңнің негізгі кілті, мазмұны

есебінде ұсынады. Қай шығармасын алсақ та,

шаруасы  жағынан  артта  қалған,  оқу,  өнерден,

озат мәдениеттен тыс қалған халықтың ахуалын

тағдырын көреміз. Ақын көбіне налып айтады,

кейіп те айтады. Тек мағынасы жағынан ғана

емес, сөз түзілісі, формасы жағынан да мұндай

жолдарында Абайға өте ұқсас. «Қазақ», «Тағы

сорлы  қазақ»  деген  өлеңдеріне  Абайдың

«Қалың  елім,  қазағым,  қайран  жұртым»  деп

келетін өлеңдеріндегі ой, идея дамытылады.

Ойда жоқ өнер, білім, жол табайын,

Жалмауға жалықпайды өз маңайын.

Мұның түбі не болар деген жан жоқ,

Ұрлық, ұрыс, араздық күнде дайын.

Қайран елім, қазағым, қалың жұртым

Көп айтып, а дариға не қылайын...

Көретін көзі жоқ,

Ұғатын сөзі жоқ,

Қазақтың бұл күнде,

Аты бар, өзі жоқ.

Қазақ халқының феодалдық дәуірде, үстем

таптың  ру  араздығын  қоздырып,  айла-

сұмдығын жүргізіп тұрған дәуірде береке, бірлік

болмақ  емес,  ел  ішін  бұзатын  байлар,  қулар

жойылмай,  өсу,  өрлеу  болмайды  деген

қорытындыға келеді ақын.

Бір ұрты май, бір ұрты қандар да бар,

Қой терісін жамылған жандар да бар.

Жазасызды жазалап атақ алып,

Ақ жүрексіп жүретін паңдар да бар.

Абайдың белгілі өлеңімен салыстырсақ,

Шәкерімнің  одан  көп  мазмұн,  идеялық  үлгі

алғанын көреміз.

Сонымен бірге, елін, халқын қаншалықты

сүйетінін,  оның  жаман  жақтарына  күйіне

келешегін  ойлап,  жақсы  жақтарын  ойлап

сүйсінетінін ашық білдіреді. Кемшіліктерін қатты

сынаса, ел ішіндегі залалды қылықтарды батыл

айтса,  жұрт  сонан  безінсін,  бойын  аулақ

ұстасын деп істейтінін ақын тебірене айтады.

Мен қайғы жедім ғой,

Қапы өттім дедім ғой,

Қазағым қам ойлан,

Сен де адам едің ғой!

Тағыда талай сөз жаздым,

Елім тәлім алсын деп.


19

ШӘКӘРІМТАНУ

2014  №3  (24)

Қазақтың мінін көп қаздым,

Адам емес, аңсың деп.

Бұл  сөздерден  ақынның  халқына

тәубасындай  сенетіні,  жаны  қинала  тілек

тілейтіні  көрініп  тұр.  Абай  бастаған  сыншыл

реализм сарыны Шәкәрімде онан әрі өріс алған.

Сыншыл реализм әдебиетінде халық тағдыры –

аса елжірей, жүрек ауыра жырланған тақырып,

әсіресе,  орыс  әдебиетінде,  Н.А.Некрасов

поззиясында  бұл  тақырыптың  қаншалықты

терең  жырланғаны  мәлім.  Қазақ  әдебиетінде

халық, жұрт, ел тақырыбын көлемді, аумақты

етіп арманы мен тілегіне ден қойып, жай-күйіне

жіті көңіл бөліп, жүрегі қарыс айрыла жазған –

Абай. Кейінгі дәуірде бұқарашыл ақындардың

бұған  тоқталмағаны  кемде-кем.  Шәкерім

творчествосынан  да  халық  мұңының  едәуір

көтерілгенін көреміз.

Жолдастыққа,  достыққа  берік  болу,

қайырымды  болу,  бір  сөзде  тұру  сияқты,

адамгершілікке  байланысты  мәселелерді

Шәкерім тек ақыл айту, белгілі шындықтарды

тізу жолымен емес, оның өмірдегі алуан түрлі

көріністерін  алып  сынау,  мінеу  әдісімен

көрсетеді.  Адамның  қоғамдағы  бір-біріне

қатынасын, мінез-құлқын ашып, оның ұнамсыз

жақтарын  әшкерелеуде  Шәкерім  тереңдікті,

көргіштікті байқатады. Абай көбіне налып, бұл

бір жағынан ренішін білдіріп, екінші жағынан

келемеж, күлкі ете айтады.

«Адамнан артық жанды жаралмаған» деп

басталатын  өлеңінде  ақын  табандылыққа,

айнымастыққа  келгенде  кейбіреулерден  ит

артық, онан алар тәлім көп деген пікірді білдіреді.

«Әйтпесе өзге адамнан ит ілгері, достықты ит

ұмытпайды артық жері» дейді де, ақын адамның

ұнамсыз қылығын «жүз жылдық дос бір күнде

жау болады, көңіліне бір қылығың симаса да»

деп дәл басып көрсетеді.

Әрі қарай:

Қарызы бар еді деп мойын бұрмас,

Сол   күні-ақ  дұшпаныңмен болар сырлас.

Бұрынғы жақсылықтың бәрін ұмытып,

Не қылса бір зияны тимей қоймас...

Ит иесін қаппайды құтырса да,

Адамның шын  досы жоқ иттен  басқа, –

деп қорытындылайды.

Екі жүзді адамның қалпы тапқырлықпен

суреттелгені айқын көрініп тұр. Әсіресе, айни

салып,  дұшпаныңа  қарай  жүгіреді  деуі  нағыз

жеріне жеткізе,  тауып айтылған  сөз. Сонымен

қатар,  ақынның  тым  өсіре,  асыра  айтып

отырғанын да ұғуымыз керек. Ол әдейі істелген.

Түбегейлей келгенде, әрине, адамнан ит артық

бола алмайды, бірақ әдейі «иттен басқа дос жоқ»

деген қорытындыны ұсынады. Мұның бәрін тіке

мағынасында  емес,  ауыспалы  мағынасында

ұғыну қажет.

Сол тіркестеріне, шеберлігіне келсек, ақын

халық  аузында  айтылып  жүрген  ұғым,

түсініктерге жүгінген («Ит иесін қаппайды») және

Абайдың «күшік асырап ит еттім, ол балтырымды

қанатты» дегеніне қарамастан, итті бірден-бір дос

етіп көрсеткен. Онысында бірақ қайшылық жоқ.

Абай  әдейі  болмайтын  нәрсенің  болғанын

айтады.  Күшіктей  асыраған  ит  әдетте  иесін

қаппайды. Бірақ ол жайды Абай адам қылығына

көшіріп, тұспалдаған. Абайдың екі жолы түгелдей

метафора, күрделі метафора. Өйткені күшік деп

отырғаны  ит  емес,  адам,  өзі  тәрбиелеген,  өзі

өсірген жан. Бірақ ол өзіне қарсы шыққан. Абай

өлеңінде осы жайды айтқан. Шәкерім негізінде,

дос,  дұшпан  жайындағы  ойын  Абайдың  ой

байламдарына  сәйкес  өрбітеді.  Мәселен,

Абайдың:


Дос алады: бермесең бұлт берем деп,

Жауыңа қосылуға серт берем деп,

–  деген  екі  жолын  Шәкерімнің  «Сол  күні-ақ

дұшпаныңмен  болар  сырлас»  деген  жолымен

салыстырсақ, мағына жағынан өте ұқсас екенін

байқаймыз.  Тек  Шәкерім  тіке,  кесіп  айтады.

Абайға философиялық мінездеу, жинақтай айту

тән де, Шәкерімде нақты сурет, бейнелеу басым.

Досты мықты қылмақсың,

Дұшпаныңды қырмақсың,

Аяғында сен де бір

Кішірек құдай болмақсың.

«Абай  марқұм»  дейтін  осы  өлеңінде

Шәкерім ұлы ақын арман еткен көп жайларды

еске алып, үлкен толғанысқа енеді. Лирикалық


20

ШӘКӘРІМТАНУ

2014  №3  (24)

героймен сөйлескен, ақылдасқан болып, өзін

қинайтын  біраз  мәселелерді  ортаға  салады.

Жоғарыдағы  үзінді  сол  лирикалық  геройға

арналған. Ақын негізінде дұрыс қылықты алады

да,  оны  өзі  теріске  шығарады.  Себебі  сынап

отырған адамның түпкі ойы – «арам ой», досты

көбейтіп,  дұшпаннан  арылу  ғана  емес  (ол

түбінде  жаман  нәрсе  емес  қой),  соның

арқасында  өзі  мықты  болғысы  келеді.  Ақын

сондықтан да «кішірек құдай болмақсың» деп

кекетеді, мазақ етеді.

Көңіл  күйі  жөнінде,  ақыл,  ой,  жүрек

толқуы,  сезімі  жөнінде,  дүние  өмір  туралы

жазған  өлеңдерінде  Шәкерім  нағыз  жазба

әдебиет дәстүріндегі ақын ретінде танылады.

Өйткені батыс, шығыс әдебиетінен көп оқыған

да,  онан  айта  қаларлықтай  үлгі,  өнеге  алған.

Қозғаған тақырыптары мен оны шешу, түбіне

терең бойлау жағына келгенде жақсы дәстүрлер

мен  қатар  біраз  жаңашылдық  қалыпты  да

білдіреді. Адам көңілі, табиғат жайы, сұлулық,

көркемдік  махаббат  жайлы  лирикаларында

Шәкерім  қазақ  поэзиясын  тың  образ

бейнелермен, соны сөз, теңеулермен байытқан.

«Қабағынан  қар  жауған  қараңғы  бұлт

жоғалды»  дегенде  Абай  дәстүрін  табиғатқа

жылдың мезгілдеріне адамша жан бітіріп ілгері

дамытқан,  өз  тарапынан  жаңалық  қосқан

«Түнерген  бұлт»,  «Қара  бұлт»  деген  халық

аузында бұрыннан бар. Ал «қараңғы бұлт» деп

айтпайды.  Шәкерім  қараңғы  бұлтты

«қабағынан  қар  жауған»  деп  адам  образына

жақындатады,  адамға  тән  мінез  сипаттама

жасайды. Осы «өлген көңіл – ындынсыз өмір»

деген өлеңінен:

Жаралы жүрек жыбырлап,

Өліп қалған сұм жүрек

Оятсам да тұрмас-ты,

Қайғылы көңіл тырп етіп,

Қабағын ашпас сылбырап;

Қайғылы біздің көңілден

Қайғырған сайын қан шықты.

Жаздың күні болғанда

Жаңбыр жауар күркіреп,

Жаралы біздің көңілге

Бір тамбайды сіркіреп,

– деген жолдарды оқимыз. Келесі «Бақшадағы

гүлдер» деген өлеңінде:

Көңілі ояу, көзі ашық елде кім бар?

Өлі жүрек, өзімшіл, күншіл мұндар!

– деген жолдар бар.

Қарап отырсақ, Шәкерім бұл тақырыпта

да  соны  ізденістерге  барған,  өзіндік  өрнек,

бейнелер жасаған. Көңілдің қабағы салбырауы,

сұм жүректің оянбауы, күншілдерді «өлі жүрек»

деп метафорамен атауы – бәрі де тек жоғары

парасатты  жазба  поэзия  дәстүрінде  болуға

лайық. Көңіл күйін, жүрек соғысын бейне бір

адам мінезіне, адам ісіне ұқсату арқылы ақын

үлкен образдық сурет жасаған. Сонымен бірге,

айтылмақ  ой,  идея,  әрине,  тереңдей  түскен,

мазмұны байыған. Жаңбыр жауу табиғаттың

аса бір қасиетті құбылысы; жан біткеннің бәріне

нәр  беретін,  жібітетін  жауын,  осы  ұғымнан

шыға  отырып:  «Жаралы  біздің  көңілге,  бір

тамбады  сіркіреп»  дегенде,  мүлде  тың,

жарасымды  сурет  табады.  Бұрынғы  поэзия

үлгілеріне қарасақ, бұл мүлде жаңаша. Өйткені

еңбеккер  қазақтың ұғымына  ежелден  жауын

табиғаттың  қасиетті  құбылысы  болып

есептеледі. Оған себеп: ен дала жауынсыз шөл

далаға айналып кетеді. Онда шөп те жоқ, мал

да  жоқ.  Сол  түсінік  бойынша  ақын  әбден

торыққан,  жылылық  көре  алмай  қамыққан

жүректі  жаңбыр  тимеген  қураған  далаға

теңейді. Ол семген, ылғалсыз кепкен. Жүрекке

шипа боларлық ештеңе жоқ. Сондықтан да ол

өледі,  тастай  болып  қатады.  Саналы  жанға

мұнан  артық  трагедия  бола  ма!  Ақын

лирикалық  қаһарман  басындағы  осы  халді

білдіреді. Сонымен бірге қиянатшыл жандарды

да мейірімсіз деген мағынада осылай айтады.

«Тас бауыр», «тас жүрек» деудің орнына «өлі

жүрек»  деуі  (өзімшіл  мұңдарды)  поэзияда

ауыспалы  мағынасында  бұрын  болмаған

жаңалық (өлген адам, немесе, сезімсіз суынған

жүрек жайында талай айтылуы мүмкін, яғни

өзінің тіке мағынасында бірақ адам бейнесін

беру үшін айтылған түрін кездестірген емеспіз).

Сонылық  түрін  мына  жолдардан  да

байқайсыз:



21

ШӘКӘРІМТАНУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет