Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



Pdf көрінісі
бет12/15
Дата06.03.2017
өлшемі2,32 Mb.
#8300
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

2015  №4  (29)

АБАЙ МҰРАЖАЙЫНА 75 ЖЫЛ

С.МҰҚАТАЕВА

Абайдың  «Жидебай-Бөрілі»  мемлекеттік  тарихи-мәдени  және  әдеби-

мемориалдық қорық-мұражайының ғылыми хатшысы

АБАЙ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙІ

Мақалада  Абай  қорық-мұражайының  халықаралық  деңгейдегі  әріптестік  байланыстар

орнатуда ғылыми-зерттеу институттарымен, мәдени мекемелермен, сонымен қатар ұлттық

мәдени  орталықтармен  мәдениет  саласын  кемелдендіру  мәселелері  бойынша  серіктестік

қатынастары баяндалады.

Тірек сөздер: мәдениет, мұражай, халықаралық қатынас, қор, экспозиция.

Бүгінгі күні Тәуелсіз Қазақстан шектес және

алыс  шетелдердің  халықаралық  байланыстар

аясында  қызығушылық  тудырып,  әлем

сахнасында  мойындалуына  бағытталған

жұмыстардың маңызы артып отыр. Оның негізі

– кәсіби білім жүйесі, Білім берудің Халықаралық

біліктілік стандартына сай мамандар дайындау

және Мәдениет саласын дамыту.

Әлемдік  біртұтас  мәдени  және  ғылыми

кеңістікке  ену  музейлердің  дамуы  үшін  жаңа

мүмкіндіктерге жол ашты.

Ұлт  мәдениетін,  сөз  өнерін  әлемдік

деңгейге көтерген Абай, оның Шәкәрім бастаған

дарынды шәкірттері, ұлылықтың ізін жалғаған

Мұхтар Әуезовтің өлмес мұрасын, туыстық-өнер

айналасын  75  жыл  кеңінен  насихаттап  келе

жатқан  Абайдың  мемлекеттік  тарихи-мәдени

және  әдеби-мемориалдық  қорық-мұражайы

еліміздің  рухани  орталығына  айналып,  қазақ

мәдениетінің өркендеуіне зор үлесін қосуда.

1940  жылы  М.О.Әуезовтің  ұсынысымен

ұлы  Абайға  арналып  ашылған  Қазақстан

тарихындағы  тұңғыш  әдеби  мұражай  бүгінде

бірнеше  бөлімдерді  біріктірген  еліміздің  іргелі

мәдени  кешеніне  айналып,  үлкен  мәнді

халықаралық байланыстарға ие.

Мұражайға  елі  мен  жерін  аңсаған

қандастарымыз, алыстан ат терлетіп, жақыннан

жан  ұшыра  жеткен  қонақтардың  да  саны

жылдан-жылға  көбеюде.  Осынау  қалың

жұртшылықтың  ұлттық  құндылыққа  деген

қызығушылығы, рухани қазынасын молайтуға

деген ұмтылысы көңілге қуаныш ұялатары сөзсіз.

Абай  сөзі  мен  хакім  құдіретін,  рухани

құндылықтарымыз бен ұлттық болмысымызды

республика жұртшылығына емес, әлем елдеріне

таныту – қара шаңырақтың абыройлы міндеті.

Бұл игі мақсатты жүзеге асырудың бір бағыты -

шетелдің ғылыми және мәдени мекемелерімен

байланыстарды жандандыру.

Бұл арнадағы жұмыстар шығармашылық

байланыс,  архивтерде  зерттеу  жұмыстарын

жүргізу, біліктілікті көтеру, тәжірибе алмасу сияқты

бағыттарда өрбиді.

Халықаралық  деңгейдегі  әріптестік

байланыстар  орнатуда  ғылыми-зерттеу

институттарымен,  мәдени  мекемелермен,

сонымен қатар ұлттық мәдени орталықтармен

мәдениет  саласын  кемелдендіру  мәселелері

бойынша серіктестік  қатынастарын нығайтуда

Абай  қорық-мұражайы  барынша  еңбек  етіп

келеді.

Атап айтатын болсақ: 2014-2015 жылдары



Ресейдің  Мәскеу  қаласындағы  Л.Толстойдың

мемлекеттік музейі, А.С.Пушкиннің мемлекеттік

музейі, Тула облысындағы Л.Толстойдың Ясная

ӘОЖ 069.01 (574.42-2С)



75

АБАЙ МҰРАЖАЙЫНА 75 ЖЫЛ

2015  №4  (29)

По лянадағы 

қорық-мұражайы, 

Омбы


қаласындағы  «Мөлдір»  қазақ  мәдениет

орталығы, Орынбор облыстық бейнелеу өнері

мұражайымен 

өзара 


шығармашылық

ынтымақтастық  мақсатында  екі  жақты

меморандумдар жасалып, қол қойылды.

Негізгі  мақсаттары  -  ынтымақтастық

келісім,  ғылыми  қатынасты  дамыту,  тәжірибе

алмасу, бірлескен түрлі іс-шаралар ұйымдастыру,

халықаралық  бағдарламаларға  қатысу  болып

табылады.

Абай  мұражайы  мәдени  байланыстарды

ескере  отырып,  тарихи-мәдени,  ғылыми  және

гуманитарлық  даму  үдерісіндегі  жалпы

ұстанымдарды басшылыққа алады.

Құрылған  уақыттан  бері  мұражайда

насихат  жұмыстарымен  қоса,  қорды  молайту,

құнды деректер жинақтау жұмыстары да қатар

жүргізілуде. Ұлы ақын өмір сүрген дәуір, оның

қоғамдық  қызметі,  туыстық  айналасы,  Абай

әлеміне  қатысты  тың  деректерді  іздестіру

жұмыстары басталып, Қазақстан, сонымен бірге

Омбы, Мәскеу, Ленинград, Тобыл, Түмен, Қазан,

Ташкент  қалаларындағы  мұрағаттар  мен

ғылыми  кітапханалармен  тығыз  байланыс

орнатылды. Мұрағаттардан табылған Өскенбай,

Құнанбай,  Абай,  Халиолла,  Әбдірахман,

Майбасар,  Тінібай,  Шыңғыс  және  т.б.  тарихи

адамдарға қатысты архив деректері мұражайдың

негізгі қорын толықтыра түсті.

1990  жылдардың  аумалы-төкпелі  кезеңі

зерттеу жұмысының бұл бағытына кері әсерін

тигізіп,  мұражайдың  ТМД  елдерінің  ғылыми-

мәдени  мекемелерімен  байланысы  оншақты

жылға тоқтап қалған еді.

Егемендік алған жиырма төрт жылға жуық

уақыт  ішінде  қазақ  елінің  мәдени-рухани

құндылықтары 

биік 


белестерді

бағындырғанының куәсі болып отырмыз.

Еліміздің  егемендігі  -  мұражайдың  шет

елдермен байланысын жандандыруға жол ашты.

Мәскеу,  Санкт-Петербург  қалаларындағы

Ф.До сто евский, 

Л.Толсто йдың 

әдеби


мұражайлары  жұмысымен  танысып  қана

қоймай, музейтану салалары бойынша өткізілген

семинарларда  білімдерін  көтеріп,  арнайы

сертификаттармен оралды.

Абай  мұражайының  қызметкерлері

жоспарлы  түрде  үнемі  ғылыми  іссапарларға,

оның  ішінде  шетелдік  ғылыми  іссапарларға

барып тұрады.

2013-2014  жылдары  Ресейдің  Мәскеу,

Омбы  қалалары,  Түркия  елінің  архивтері  мен

кітапханаларында іссапарлар нәтижесінде Абай

мұражайының  директоры  Ж.Әубәкір  мен

мұражай  ғылыми  қызметкерлері  Стамбул

қаласындағы  Түркия  университетінің  Катанов

кітапханасында, 

Мәскеу 


қаласындағы

Л.Н.Толстойдың  музейінің,  Омбы,  Казань

мұрағаттары  мен  кітапханаларында  ғылыми-

зерттеу жұмыстарын жасап, нәтижесінде Абай

және  о ның  туыстық  айналасы,  Алаш

қайраткерлерінің  өмірі  мен  шығармашылығы,

Семей  өңірінің  тарихына  қатысты  құнды

деректер  табылып,  о лардың  көшірмелері

әкелініп, мұражай қоры жаңа, тың деректермен

толықты. Семей өңірі бойынша бүгінгі күні Абай

мұражайы  қызметкерлері  ғана  осындай  озық

тәжірибелі музейлерде тәжірибе алмасуы біздер

үшін үлкен мәртебе.

Музей  басшылығы  қызметкерлердің

біліктілігін  арттыруға  баса  назар  аударады.

Ғылыми  қызметкерлер,  қор  құндылықтарын

қалпына  келтірушілер,  қор  қызметкерлері,

суретші-безендірушілер шет елдердің мынадай

бірқатар ғылыми ұйымдары мен музейлерінде

біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

2007  жылы  жетекші  ғылыми  қызметкер

М.Мұхамедова  Ресей  Федерациясы  Санкт-

Петербург қаласында, 2009 жылы мұражайдың

аға ғылыми қызметкері М.Қайрамбаева Санкт-

Петербург  қаласында,  2009  жылы  суретші-

безендіруші  А.Баркенов,  жетекші  ғылыми

қызметкер  М.Мұхамедова  Мәскеу  қаласында,

2013  жылы  жетекші  ғылыми  қызметкер

Н.Умирбекова  Мәскеу  қаласында,  2015  жылы

суретші-безендіруші  А.Баркенов  Санкт-

Петербург  қаласында  біліктілігін  арттыру  оқу

курсына  барып,  тәжірибе  алмасып,  арнайы

сертификаттармен марапатталды.

2013  жылдың  21  мамырында  Мұражай

директоры  Ж.М.Әубәкір  және  ғылыми  хатшы

С.А.Мұқатаева Алматы қаласындағы Орталық

мемлекеттік музейінде «Орталық Азия музейлері:

дәстүр  мен  жаңашылдық»  атты  халықаралық

семинар-практикумына,  2014  жылдың  26-31


76

шілде аралығында Ресей Федерациясы Иркутск

қаласында  ИКОМ-ЮНЕСКО  Халықаралық

Музейлер  Одағының  әдеби  және  музыка

музейлері  комитетінің  (ICLM)  кезекті

конференциясы директордың ғылыми жұмыстар

жөніндегі  орынбасары  М.С.Қайрамбаева

қатысып сертификатпен марапатталды.

Мұражай  қызметкерлерінің  білімі  мен

тәжірибесін  арттырудағы  зо р  істің  бірі  -

халықаралық  деңгейде  өткізілетін  шараларға

қатысу болып табылады.

Мәдениет  министрлігінің  тапсырмасы

бойынша  Абай  мұражайының  директоры

Ж.Әубәкір бастаған қызметкерлер Тула облысына

қарасты  Ясная  Полянадағы  Л.Толстой,  Псков

облысына 

қарасты 


А.Пушкиннің

«Михайловское» қорық-музейіне, Тарханыдағы

Лермонтов  қорық-музейіне,  Л.Н.Толстойдың

мемлекеттік  музейіне  және  Санкт-Петербург

мұражайларына  арнайы  ғылыми  іссапармен

барып,  олардың  жұмыс  ерекшеліктерімен

танысып  қайтқан  еді.  Осы  музейлердің

ұжымымен кездесу барысында Кеңестер одағы

тарағаннан  кейін  арнайы  келген  бірден-бір

мұражай  –  Абай  мұражайы  екендігін

қызметкерлері айтқан еді.

2011 


жылы 

Мәскеу 


қаласында

«Интермузей  -  2011»  халықаралық  музейлер

фестивалі аясында «Музей қауіпсіздігі және 1970

жылғы  ЮНЕСКО  конвенциясын  іске  асыру

әдістері»  атты  ІІ-ші  халықаралық  семинар

өткізілді.  Әлемдік  деңгейде  өткізілген  бұл

ауқымды  шараға  Мәдениет  министрлігінің

тікелей 


тапсырмасымен 

Қазақстан

Республикасы атынан жалғыз өкіл болып Абай

қорық-мұражайының  директоры  Ж.Әубәкір

қатысты. Ол өз баяндамасында еліміздегі қорық-

мұражайлар қызметінің негізгі  бағыттары мен

өзекті мәселелерін ортаға салды.

2011  жылы  мұражайдың  директоры

Ж.Әубәкір және жас мамандары Ж.Ахметханов,

С.Мұқатаева, А.Орынбекова «Таңбалы» музей-

қорығында  өткізілген  ТМД  елдерінің  тарихи-

мәдени  мұралары  бойынша  халықаралық

семинар-тренингіне  қатысқан  еді.  Олар

«Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайы тарихи-

мәдени  мұраларының  сақталу  жайы»

тақырыбында өз пікірлері, ұсыныстарын бөлісті.

Бұл сапар Ресей, Қырғызстан, Украина, Грузия,

Белорусияның жетекші музейлері жұмысымен

танысып, тарихи-мәдени мұра, жартас өнерінің

білікті зерттеушілерімен  пікірлесуге мүмкіндік

берді.

Мұражай  директоры  Ж.Әубәкір  2012



жылы  Алматы  қаласындағы  Орталық

мемлекеттік музейінде «Орталық Азия музейлері:

дәстүр  мен  жаңашылдық»  атты  халықаралық

семинар-практикумында «Абай мұражайы және

ұлт  руханияты»,  2012  жылдың  қазан  айында

Тәжікстан  астанасы  Душанбеде  ЕурАзЭҚ

Интегралдық  комитеті  маңындағы  Мәдениет

жөніндегі  кеңестің  аясында  өткен  «Тарихи-

мәдени  мұра  обьектілерін  қорғау,  пайдалану,

жаңғырту және консервациялау мәселелері және

мемлекеттік  қорықтардың  мәселелері»  атты

халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияға

Қазақстан Республикасы атынан қатысып, «Абай

қорық-мұражайы  және  қайта  жаңарту

жұмыстары»  атты  баяндама,  ал  2013  жылдың

қазан айының 11 күні Ресей Федерациясының

Санкт-Петербург қаласында өткен халықаралық

ғылыми-практикалық 

конференцияға

«Перспективы  развития  туристическо го

кластера  в  Казахстане  и  роль  заповедников-

музеев  Республики»  баяндамасын  жасап,

еліміздегі қорық-мұражай мәселелерін көтерді.

Осы  жылы  25-28  тамыз  аралығында  Өскемен

қаласындағы  «Алтай  –  түркі  әлемінің  алтын

бесігі»  атты  ІІ  Халықаралық  форумына  және

С.Аманжолов  атындағы  Шығыс  Қазақстан

мемлекеттік  университетінде  атаулы  форум

аясында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік

ко нференцияда 

«Ұлылық 

тағылымы»

тақырыбын көтерді.

Директо р  Ж.Әубәкір  3-11  маусым

аралығында  Ресей  Федерациясы  Москва

қаласында 

өткен 

«Интермузей-2014».



Ақпараттық  кеңістіктегі  музейлер»  атты

фестиваліне  қатысып,  озық  тәжірибелермен

алмасты.

2014  жылдың  22-24  шілде  аралығында

Астана  қаласында  ЮНЕСКО  істері  жөніндегі

Ұлттық комиссияларының Бірінші өңіраралық

кеңесі  өтті.  Іс-шараға  Абай  мұражайы

қызметкерлері ЮНЕСКО істері жөніндегі Африка

Ұлттық  комиссиясының  Ефиопия,  Еритрея,

2015  №4  (29)

АБАЙ МҰРАЖАЙЫНА 75 ЖЫЛ


77

Замбия,  Гамбия,  Габон,  Гана,  Зимбабве

елдерінің  мүшелеріне  Кеңестен  тыс  уақытта

жауапты  болды.  Осы  уақытта  мұражайдың

тыныс-тіршілігімен  таныстырып,  баспа

өнімдерін насихаттады.

Музей қызметкерлері халықаралық ғылыми

конференцияларда баяндамалар жасай отырып,

еліміздің  ғылыми  беделін  қалыптастыруға

белсенді  атсалысады.  Халықаралық  форумдар

мен  конференциялар,  семинарларға  қатысу,

жинақтарда  мақалалар  жариялау,  біріншіден,

музей қызметкерінің ғылыми деңгейін көтеруге

көмектеседі, екіншіден, музейлер мен ғылыми

және мәдени-білім беру мекемелері арасындағы

ғылым,  мәдениет  салаларының  ықпалдастық

аясын кеңейте түседі.

Мұражайда  абайтану,  шәкәрімтану,

әуезовтану, алаштану, музейтану салаларының

өзекті  мәселелеріне  арналған  іс-шаралар

өткізілуде. Тек соңғы жылдары ғана «Абайтану

мәселелері: бүгіні мен болашағы», «Адамзаттың

Абайы: әдеби мұрасы және абайтану мәселелері»

атты  тақырыптарда  ұйымдастырылған

халықаралық 

ғылыми-тәжірибелік

конференциялар соның бір айғағы болмақ. 2015

жылдың 6 тамыз күні Абай Құнанбаевтың 170

жыл  толуына  арналған  «Абай  және  әлемдік

өркениет»  халықаралық  ғылыми-тәжірибелік

конференцияға Ж.Әубәкір қатысып, «Абайтану

және ақын мұражайы» атты баяндама жасады.

Тәуелсіздігіміздің  тұғырын  нықтап,  іргесін

бекіткеніне 24 жыл ғана болса да, егеменді қазақ

елінің  мәдени  -  рухани  құндылықтарының

мазмұны  мен  мәнінің  артқандығының,  биік

белестерді  бағындырғандығының  куәсі  болып

отырмыз.


Еліміздің  рухани  орталығына  айналған

Семей  қаласындағы  75  жылдық  тарихы  бар

Абайдың қорық-мұражайы қазақ мәдениетінің

өркендеуіне барынша үлес қосуда.

Абай 

мұражайы 



сонымен 

қат ар


халықаралық көрмелер, бірлескен зерттеулер мен

мәдени-білім  жобаларын  ұйымдастыру  және

өткізу  жөніндегі  музей  ісі  саласында

шығармашылық  халықаралық  байланыстарды

жүзеге  асыру  жұмысын  ұдайы  жалғастырып

келеді.


Қордағы жәдігерлерді ғылыми айналымға

түсіруді  ең  тиімді  жолы  –  көрмелер.  Абай

заманын,  қазақ  халқының  мәдениетін,

тұрмысын, әдет-салтын, қолөнерін бейнелейтін

жәдігерлерді  жинақт ап  жүйелеу,  оларды

болашаққа сақтап жеткізу, өзге жұртқа насихаттау

мақсатында республика көлемімен шектелмей,

Париж,  Новосибирск,  Таулы  Алтай  өлкесінде

Абай,  Шәкәрім  әлемін  танытатын  көшпелі

көрмелер  ұйымдастырылып,  келушілердің

алғысына бөленгені жұртқа белгілі.

Мұражай  қорынан  тұңғыш  рет  Париж

қаласында  Шәкәрім  Құдайбердіұлының  150

жылдығына  арналып  ұйымдастырылған

«Шәкәрім әлемі» көрмесі Қазақстан мен Франция

елдері,  Абай  мұражайы  мен  Париж  қаласы

арасындағы мәдени  ынтымақтастың одан  ары

өрістей түсуіне айтарлықтай үлес қосқанын айту

абзал.

Биыл  тұңғыш рет  еліміздегі  мұражайлар



мен  мәдени  орталықтарымен  байланысты

дамыту  мақсатында  Абай  мұражайының  бас

ғимаратында  ұйымдастырылған  Германияның

«Ағайында  Гриммдер»  музейінің  «Ертегілер

әлемі»  атты  халықаралық  көрмесі  Семей

қаласының  тұрғындары  мен  қонақтарының

қызығушылығын арттырды.

Мұражай  -  жәдігерлерді  жинақтап,

сақтайтын  мекеме  ғана  емес,  оны  халыққа

насихаттайтын,  зерттейтін  іргелі  орталыққа

айналды. 

Ж.Әубәкір 

ғылыми-зерттеу

жұмыстарын, әсіресе баспа жұмыстарына баса

назар аударды. Үш тілде «Абайдың мемлекеттік

қорық-мұражайы» буклеттері жарыққа шығып

көпшілікке  ұсынылды.  Мұражайдың  жасап

жатқан  өзге  де  ірілі-ұсақты  жұмыстары

халықтың көз алдында.

2013  жылдың  қорытындысы  бойынша

Абайдың  мемлекеттік  тарихи-мәдени  және

әдеби-мемо риалдық 

қорық-мұражайы

Қазақстан,  Рес ей,  Украина,  Беларусь

мемлекеттер одағының Ұлттық бизнес-рейтинг

бағдарламасымен  «Сала  көшбасшысы  -  2013»

атанып,  арнайы  медаль  және  ұлттық

сертификатпен марапатталды.

Бұл бағдарламаның еңбек марапаттары әр

сала  кәсіпорындары  мен  мекемелерінің

қызметіндегі  жо ғары  көрсеткіштері  мен

мемлекеттің дамуына қосқан үлесі үшін беріледі.



АБАЙ МҰРАЖАЙЫНА 75 ЖЫЛ

2015  №4  (29)

78

Бағалау  –  барлығы  50-ден  астам  түрлі

көрсеткіштер бойынша қорытындыланды.

Ұлттық  бизнес-рейтингтің  нәтижесі

«Кеден Одағының хабаршысы» журналы және

Қазақстандағы  кәсіпорындар-рейтингтеу

көшбасшылары  туралы  өзекті  ақпарат  беретін

«Қазақстанның сауда-өнеркәсіптік халықаралық

каталогы»  ресми  федералдық  басылымында

жарияланды.

«Сала  көшбасшысы-2013»  ұлттық

сертификаты  -  Абайдың  мемлекеттік  қорық-

мұражайы  ұжымының  атқарған  еңбегіне

берілген жоғары баға деп білеміз.

2014 жылы «ICOM» халықаралық музейлер

қауымдастығының  Қазақстандағы  бөлімшесі

ашылуы 

арқылы 


мұражайымыз 

о сы


қауымдастыққа мүше болды. 2014 жылы «ИКОМ

Қазақстанның  үздігі»  номинациясы  бойынша

мұражай ісінің дамуына қосқан зор еңбегі, 2015

жылдың қазан айында музей саласын дамытуға

қосқан үлесі үшін Абайдың Мемлекеттік қорық-

мұражайының директоры Жандос Мағазбекұлы

ИКОМ Қазақстан Ұлттық Комитетінің «ИКОМ»

төсбелгісімен марапатталды.

2015  жылы  Абай  мұражайы  «ICOM»

халықаралық  музейлер  Одағының  «Жыл

мұражайы» 

номинациясы 

бойынша

марапатталды.



Сонымен түйіндеп айтқанда, Абай қорық-

мұражайы шетелдік серіктестері аясын кеңейте

отырып,  халықаралық  ғылыми  және  мәдени

байланыстарды табысты дамытып, мұрағаттар,

музейлермен  ынтымақтастықты  нығайтып

келеді.


Ғылыми-білім  және  көрме  жобаларын

жүзеге асыру мәдениеттер диалогын дамытуға,

ғылым-білімді  дамытуға  және  ұлттық

құндылықтарымыз бен қатар, өзге халықтардың

тарихын,  мәдениетін  түсінуге  мүмкіндік

тудырады.

Бүгінде ұлтының мақтанышына айналған

Абай, Шәкәрім, М.Әуезовке деген тағзым мен

оны дәріптеуге бағытталған мұндай іс-шаралар,

алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

«Абай  сөзі  –  қазақтың  бойтұмары.  Абай

мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы. ...Абай

өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды,

ғасырлар бойы қазақ елін, қазағын жаңа биіктерге,

асқар  асуларға  шақыра  береді...»,  -  деген

Президентіміздің  қанатты  сөзі  санасы  бар

ұрпаққа ғасырларға жететін азық.

Әлемді  мойындатқан  ұлы  тұлғаларды

көпшілікке танытуда Абайдың қорық-мұражайы

халыққа қалтқысыз қызмет ете берері сөзсіз.



2015  №4  (29)

АБАЙ МҰРАЖАЙЫНА 75 ЖЫЛ

Резюме

Resume

В  данной  статье  говорится  о  международной  сотрудничестве  музея  с  научно-

исследовательскими,  национальными и культурными центрами.

This article refers to the international museum cooperation with scientific research, national and

cultural centers.

79

Р.ЕЛЕКЕНОВА, ғылыми қызметкер

Абайдың  «Жидебай-Бөрілі»  мемлекеттік  тарихи-мәдени  және  әдеби-

мемориалдық қорық-мұражайы

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ МУЗЕЙ

Мақала Абай музейінің тарихы мен құрылуына негіз болған жағдайлар мен себепкер болған

адамдардың еңбектері туралы мағлұмат береді.

Тірек сөздер: мұражай, қор, тарих, Абай, Шәкәрім, экспозиция.

Ұлттық  мәдениетіміз  бен  әдебиетімізді,

өнерімізді ұлықтайтын орта - музей екенін жақсы

білеміз.  Қазақ  әдебиетінде  өзіндік  орындарын

алған  ұлы  Абай,  оның  шәкірті  Шәкәрім,

заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтің

өмірі мен шығармашылығын жинақтап зерттеу

орталығына айналған қара шаңырақ – Абайдың

мемлекеттік  тарихи-мәдени  және  әдеби-

мемориалдық мұражайы.

Сан ғасырлық тарихы болмаса да, жетпіс

бес жылдық тарихы бар мұражай – Абай мұрасы

мен  ақын  шәкірттері  туралы  деректерді  жан-

жақты зерттеп, жинақтап отырған қара шаңырақ.

Жетпіс бес жыл деген аз уақыт емес, осы кезеңде

мұражай  тарихында  талай  ел  мақтанышына

айналған ғалымдарымыз ерен еңбек етіп, Абай

шығармашылығына  байланысты  мақалалар

жазылып,  диссертациялар  қорғалып,  кітаптар

шығарылды, ел-елге насихатталды және бүгінгі

таңда жалғасын табуда. Мұның барлығы өткен

тарих  және  бүгінгі  күнде  де  қызметкерлердің

атқарып жүрген істері.

Қазақстандағы  алғашқы  әдеби  музейдің

Семей  топырағында  ашылуына  кімдер  себеп

болды деген сұрақ әркімді мазалары хақ. Музей

тарихына  үңіле  қарасақ,  1939  жылы  19

желтоқсанда «Қазақ халқының ұлы ақыны Абай

Құнанбаевтың  туғанына  -  95  жыл  то лу

мерейтойын өткізу жөніндегі» Семей қаласында

комиссия отырысынан бастау алады. Жиналыс

А.Ақшаловтың  төрағалығымен,  комиссия

мүшелері:  Ә.Жиреншин,  Н.Баймұрато в,

Ә.Ысқақұлы, Ұйымдастыру комитетінің жауапты

хатшысы П. Миронов қатысуымен өтеді. Жиын

барысында  Ә.Жиреншин  әзірлеген  «Семей

қаласындағы  Абай  үйін  ұстау  және  Ұлы  ақын

Абай  Құнанбаевтың  95-жылдық  мерейтойын

өткізу  шығындары  туралы  сметаға  түсіндірме

хатын»  ұсынады.  Түсіндірме  хатта  және

жоспарда  Абай музей-үйін  қажетті  жабдықтар

мен  әдебиеттер,  экспонаттар  және  архивтік-

фотосуреттік  материалдармен  қамтамасыз  ету

жайы айтылады. Комиссия мүшелері Абайдың

үйі ұлы жазушының әдеби мұраларын жинақтау

және сақтау орталығы болуы қажет деп есептеп,

музейді жабдықтауға кететін қаржы есебі, яғни

Абайға тиесілі заттарды алуға, Абай оқыған орыс

және  әлемдік  классиктер  мен  ғалымдарының

кітаптарын  алуға  жұмсалатын  қаражат

қарастырылған.  Музей  ашылған  кезде

жұмысшылар, 

ғылыми-педагогикалық

қызметкерлерге, колхозшыларға, жазушылар мен

қала қонақтарына үнемі кеңес беріп отыратын

штат мәселелері қарастыруды жөн деп санайды.

Сонымен қатар 95-жылдық мерейтойды өткізу

жоспарында Шыңғыстау ауданында (қазіргі Абай

ауданы) Абайдың зиратын жөндеп мемориалдық

тақта  орнату,  Абайдың  өмірі  мен  шәкірттері:

Мағауия, Ақылбай, Әубәкір, Көкбайға және тағы

басқа  да    материалдарды  ғылыми  тұрғыда




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет