Issn 2518-198х индексі 74623 Индекс 74623 Қ ар ағ анд ы уни вер си тетiнiң ÕÀÁÀÐØÛÑÛ


Тұрсын Жұртбайдың «Талқы» еңбегіндегі тағдыр жəне тарих талқысы



Pdf көрінісі
бет35/46
Дата12.10.2022
өлшемі5,53 Mb.
#42591
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   46
Тұрсын Жұртбайдың «Талқы» еңбегіндегі тағдыр жəне тарих талқысы 
Мақала Тұрсын Жұртбаевтың «Талқы» ғылыми-зерттеу еңбегін негізге ала отырып жазылған. 
Авторлар Мұхтар Əуезовтің шеберлігін əр қырынан көрсетіп, оның еңбектері арқылы ғылыми 
дəлелдеулерге көз жеткізді. Бес өзекті мəселені көтеріп, оны ғылыми тұрғыда дəлелдеп шығарды. Осы 
арқылы Қазақстанда болған кеңестік отарлауға көзқарасын, ұстанымын анықтап, ғасыр басындағы 
Мұхтар Əуезовтің азаттыққа ұмтылысын, ел тəуелсіздігі жолындағы жанкешті еңбегін, өлкедегі 
қоғамдық-саяси ойларын жаңа қырынан қарастырды. ХХ ғасырдың 20–30 жылдарына қатысты 
деректерді талдау барысында кеңестік əкімшіл-əміршіл жүйенің қазақ қоғамының дамуына кері əсерін 
анықтап, Алаш Орда қозғалысы, қайраткерлік, ұлтшылдық туралы шынайы дəйектер, тың 
тұжырымдар беріліп, автор шығармашылығы негізінде түйінделді. 
Кілт сөздер: Мұхтар Əуезов, талқы, заман, ел, тарих, жер, талант, ұлт, Алаш, халық, қазақ, тəуелсіз 
ел, əлемдік мəдениет. 
Тұрсын Жұртбай өзінің «Талқы» атты еңбегінде қазақ ұлтының тағдыр тəлкегі, қазақ тілінің 
құлдырауы мен дамуын, қазақ зиялыларының сынға түсіп, ондағы олардың баз кешкен өмірін тағдыр 
мен тарих талқысына салып талқылайды. Бұл еңбек бес бөлімнен құралған. Олар: 1. Тарих талқысы. 
2. Ел талқысы. 3. Жер талқысы. 4. Талант талқысы. 5. Заман талқысы. Негізінен, бұл еңбекте Мұхтар 
Əуезовтің шығармашылық зертханасы кеңінен ашылған. Тұрсын Жұртбай бұл еңбекте əр тарау 
тоқталып, өзінше ерекше талқыға салу арқылы, Мұхтар Əуезовтің бейнесін, ғұмырын адамзатқа тың 
жақтан көрсетеді. 
Қазақ халқының тарихына көз жіберсек, сонау Күлтегін, Білгеқаған, Тоныкөктен бастап жерін, 
елін, тілін, ділін қорғаудағы өшпес ерліктерге толы. Бесік жырынан басталатын ерлікке баулу 
дəстүрлері түркі халқына тəн негізгі ырымдар. Халқымыздың бойындағы отансүйгіштік 
құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысынан да қарауға болады. Бұған 
дəлел көне түркі заманынан бастау алған патриоттық құндылық Күлтегін жазбаларында былай деп 
суреттеледі: «Елтеріс қағанның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана 
сүтімен сіңді», – деген көне жазу қазақ халқының бойындағы ұлттық патриотизм сезімдері бүгін ғана 
пайда болған жоқ, ол ежелден-ақ туындап, дамып келе жатқан қасиет деуге болатындығын көрсетеді.
«Əркімді заман сүйремек, заманға жаман күйлемек, замана оны илемек», — деп Абай атамыз 
айтқандай, əрбір ұлттан шыққан тұлғалар бар. Олар — ұлты, тілі, жері үшін жандарын қиюға əзір 
жандар. Қазақ халқы əрдайым өзінін ақындарын, жазушыларын, ел ардақтыларын көзден таса 
қылмай, оларды тарих сахнасынан түсірмеген. Себебі халқымыз отар елдің қатарында болып, 
тəуелсіз ел болмағанымен, ешқашан рухани тəуелсіздікті жоғалтпаған, азат болуды мұрат еткен 
қайсар қайтпас халықпыз. Сол заманда «Алаш Орда» үкіметін құрған Əлихан, Ахмет, Міржақып, 
Мұхамеджан, Халел, Жаһанша сияқты тұлғалардың арқасында қазақ халқы тəуелсіз елдің 
дəрежесінде екі жылдай өмір сүрді. Қазақ елінің рухын тəуелсіз ұлт жеткізу жолына бүкіл арман-
мұратын, қайратын, талантын тағдыр жолына салған бұл тұлғалар сол кездегі бастарынан кешіп 
жатқан қиыншылыққа қарамастан, сол заманның бостандық бейнелеріне айналған. Кешегі ешкімге 
бағынбай, елді хан билеп, көсем би билеген заман — киіз туырлықты қазақтың тарихында əркімге 
белгілі бір дəуір. Ол заман өтті. Одан бергі біздің хал бұлқынбай жатқа бағынудың жолында болды. 
Кең қазақ даласын əлденеше указ шайқалтып шықты. Көп өзгеріс, жаңалықтар болды. Əуелгі 
қазақтың халықтық қалпы неше толып, неше кішірейіп шым-шытырық түрлерге түсті. Əр түрлі 
указдардан шыққан өзгеріс халық бақытын мысқалдап, жылжытып, құлдық құшағына тастағалы 
əкелді. Неше рет қазақ халқы зынданның ернеуіне келіп қайтты. Бұл уақытта заман ол тұманды 
сейілтті. Енді қандай өзгерістер болса да, халық жоғалмайды, бақыт қайта оралып күліп қарайды, 
деген үміт Алаш жүрегін қуантып тұр. Бір жұрттың басынан кешкен əр түрлі дəуір, сол халықтың 
қалпына əр түрлі із қалдырып отыратыны тарих жүзінен белгілі. Бастан кешкен шабыншылық, 
бұзақы тентектік, батырлар, хандар заманы қазаққа өзге бір мінез беріп, халықтық қалпын басқа бір 
түрге түсірген. Заман талқысы: шабыншылық, бассыздық еріксіз сондай қылып отырса, кешегі өткен 


К.А. Төлеубаева, Д.Б. Мусиева 
50 
Вестник Карагандинского университета 
ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін əділетшіл билердің заманы, жұрт мінезінде о да өзінше бір із 
қалдырды. Одан бергі, арты бүгінге дейін сейілмей отырған, ел қамқоры басшыдан, берекеден, 
тəртіптен, намыс-қайраттан айырылып, құлдық пен зорлық арқанында матаулы болған заман, тағы да 
басқа түрлі із тастап, келешектегі жұртшылыққа өзгеше бір рухты бұл да беріп кетіп отыр. Сол 
кезеннің ұлттық азаттық аңсап жүрген, азулы да арқалы, оқығандардың ішіндегі «үмітісінің бірі» 
жиырма бір жастағы Мұхтардың мынадай сөздері бар: «Əр адамның туып өскен елі, жасынан жаттап 
өскен ғадеті, анымы, тұрмыс қалпы – сол адамның, ақыл, мінезіне із қалдырмай тұрмайды. Бұл 
қалдырған із – көңілге кіріп, ерікті билеп, əр адамға өзінің елін сүйгізіп, елдігін іздетеді. Елдікке 
келген қауіпке — оқыған, оқымаған бірде күйініп, қарасысына бірдей шығады. Елдігі аман қалуы 
үшін екінің бірі бейнетке, өлімге, иə, басқа түрлі жазаға шыдап кететінін тарих жүзінен көріп 
отырмыз. Ерте заманнан бері болып келе жатқан бес-он, жиырма-отыз жылдық соғыстардың бəрінде 
болатын екі-ақ түрлі мақсат бар. Бір мақсат — бір жұртты жем қылу; екіншісі – елдіктен айырылмау, 
өзгеге жем болмау... Жеңіп алған жұртына жеңген ел не істейді?... Алдымен, торыған елдің дінін 
қақпайға алады, бұдан соң ғұрып-əдетін араластырады, артынан аламыштап жүріп тілін жоғалтып, 
елдің белгісін күңгірттендіріп, ақырында, бір ұлтты жұтып кете барады. Əрине, бұл айтылғандай 
болып жұтылып кететін қандай ел: мəдениеті төмен болған ғана ел. Бұлай болғанда мəдениет жүзінде 
төмен болған елдің дүние жүзінен жоғалатын зор себебінің бірі – осы. Бұдан басқа, жолына жалпақ 
ел болып жанды қиып отырған сонша қымбатты елдіктің жоғалуына тағы бір үлкен қауіп бар. Ол – 
елдің өсімі азайып, өлімі көбейіп, ақырында өліп таусылуы... Міне, осы аянышты халдың барлық 
белгісі қазіргі уақытта қазақ ішінде де білініп келеді» [1; 77]. 
Ұлт мəртебесін дүние жүзіне танытқан тұлғаның бұл сөзі ішкі дүние тербелісінен шыққанын 
жəне елінің тағдыры үшін алаңдаулы екенін байқауға болады. Бірақ халық арасынан Мұхтар Əуезов 
сияқты тұлғаларға қарсы шығып айып таққандар да бар, себебі халықта Сталиннің жеке басына 
табынушылық жəне оқыған азаматтарды жау санады. Оларды мазақ қылып, дəрежесін түсірумен
болды. Өкiнiшке орай, ұлтының мүддесiнен, жеке басының намысынан, ұрпақ алдындағы парызынан 
лауазым мен марапатты жоғары қойған можантопай, қолтоқпақ, исалмастардың желiктiруiнiң 
кесiрiнен «қуажақтың» жағы сембедi, керiсiнше, тiсiн-тiсiне басып, үш жылдың iшiнде қазақ 
ұлтының мəйегiн iрiтiп тынды. Шын мағынасындағы ұлт көсемдерi — «Алашорда» қайраткерлерiнiң 
бiрi қалмай қамауға алынды. Қазақтың көшпелi экономикалық қарым-қатынасы бұзылып, 
шаруашылығының шаңырағы ортасына түстi. Халық қамын ойлайтын қайраткерлер қудаланды. 
ұлттық мəдениеттiң тамырына балта шабылды. Ұлттық демейiн, кəдiмгi мемлекеттiк мүдденiң өзi аяқ 
астына тапталып, халықтың ортақ қазынасы «жалаң айғайдың» құрбандығына шалынып, талан-
таражға түстi. Ақырында қазақ елiн орыны толмас қасiретке душар еттi [1; 84]. 
Ұлтты iшiнен аздыру, олардың халыққа беделi бар тұлғаларын бiр-бiрiне өшiктiру, бiрiне-бiрiн 
аңдытып, бiрiн-бiрiне жазалату, сол арқылы ұлттың бiрлiгiн ыдырату-əлмисақтан келе жатқан 
жаhангерлiк саясаттың сынақтан өткен ең «жемiстi» əрi қауiптi тəсiлi. Қазақтың қара жеріне кіндік 
қандары тамған қас батырларымыз Б.Момышұлы: «Ұлттық рух пен ұлттық патриотизм — бұл 
ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті» — деп Отанға деген сүйіспеншілік оның 
əрбір азаматының жүрегінен туындауы керек деп жеткізсе, Ұлы Отан соғысының шегіне жете беріп, 
қаһармандықпен қаза тапқан Б.Бұлқышев: «Адал адам Отанын сүйеді. Адал, ақ жүрекке Отан 
анасындай. Отанның дегенін істеу — қуаныш, мақтаныш. Отанға деген махабатты бізде өлшеуге 
болмайды», — деп жүректің пəктілігі ғана Отанды анасындай қастерлеуге тəрбиелейтінін айтады. 
Отанға деген сүйіспеншілігін сөзбен емес, іспен дəлелдей білген «өз заманының батырлары» да 
арамызда жүр.
Ең қасиетті де киелі күрес – рухани бостандық пен рухани тəуелсіздік жолындағы жан қасымы, 
ең жауыз жəне ең қастаншықпағыр саясат – бір ұлтты екінші ұлттың рухани тəуелді етуіне 
бағытталған саясат. Саяси, экономикалық, шекаралық тəуелділікке ұшыраған ұлт – құрып кетудің 
қауіпі төнген ұлт. Ал, осыған қоса рухани тəуелділікке ұшыраған ұлт – құрып кетуге бет алған ұлт. 
Саяси, экономикалық, шекаралық тəуелсіздігі бар, бірақ та рухани тəуелді ұлт – құрыған ұлт. Өйткені 
оның санасы тəуелсіз ұлттың санасы емеc, Абай айтқан, түйсігінен ұйыған «көп айтса көндіге» 
көндіккен «баспақтың» көндімі. Туған халқын көксеген азаттығына жеткізген ұлы күрескерлер де 
басыбайлылық пен бостандықтың психологиясынан құтыла алмаған. Бұған Мұхтар Əуезовтің Дж. 
Нерудің «Индияны тану» атты кітабындағы: «Индияның бүкіл болмысы менің қанымда қайнап тұр, 
оның бойындағы құбылыстардың барлығы менің жан дүниемді қатты тебірентеді. Сонда да мен өз 
еліме, оның бүгініне, өзім байқаған өткеннің сарқыншақтарына жаттың көзімен жəне сондай 


Тұрсын Жұртбайдың «Талқы»… 
Серия «Филология». № 2(86)/2017 
51 
жеккөрінішпен қарадым. Мен өз елімді батыстың көзқарасы арқылы таныдым жəне кəдімгі достық 
пейілдегі еуропалық оған қалай қараса – мен де солай қарадым… Өйткені менің елімнің тарихы 
ағылшындардың көзқарасымен жасалған тарих еді», — деген тұсына көк бояулы қарындашпен: 
«Менің халқымның да тарихы солай жазылды», — деп белгі қойғаны дəлел [1; 5]. 
Ұлттың ұлт болып қалыптасып дамуы үшін ұлттық құндылығымыздың маңызы ерекше. Ұлттық 
құндылыққа ұлтымыздың мəдениеті, əдебиеті, өнері, музыкасы, спорты, салт-дəстүрі жатады десек, 
қазақта «ата қоныс» деген ұғым бар. Яғни, «ата қоныс» қазақ үшін киелі жер болып саналады жəне 
осы көшіп-қонып жүрген жерлерінің тауы мен даласы, өзен мен көлдері, орманы мен құмы қазақ 
халқының аңыз-əңгімелеріне, өлең-жырларына, шығармашылығына арқау болған. Соның негізінде 
қазақ халқы өз алдына тəуелсіз мемлекет болып өмір сүргенде оның тілі, мəдениетімен қатар əдебиеті 
де қалыптасып дамыған. Біздің ұлттық мұрамызда халықтың ғасырлар бойы басынан өткерген тарихи 
тағдыры, арман-мұраты, мұң-мүддесі жатыр. Ұлт пен тіл ешуақытта ажырамайтын, бірімен-бірі 
кірігіп, бөліп алуға болмайтын нəрсе. Ұлттың ең негізгі қасиеті – қабілетінде, ал қабілет ойлаумен 
байланысты, өз кезегінде ойлау деген нəрсені құрайтын – тіл. Осыдан тиісті қорытындылар жасауға 
болады. Ұлттың рухы тілдің мазмұнын рухтандырып тұрады. Рухсыз тіл тіл емес. Мысалы, дүние 
жүзінде жасанды тілдер бар. М. Əуезов «Отан — анам. Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іскер 
күшім жоқ», — дейді. Ал, В.А.Сухомлинский: «Отан — өз бесігің, өз үйің, өз бесігіңді ұмытпа», — 
дейді. К.Г.Паустовский: «Адам жүрексіз өмір сүре алмайтын болса, Отансыз да өмір сүре алмайды», 
— дейді. И.С.Тургенев: «Отансыз бақыт жоқ, кім-кімнің де тамыр жаяр топырағы — туған жер», — 
дейді. Ал, Ж.Ж.Руссо: «Ең зор ізгі ерліктерді Отанға деген сүйіспеншілік туғызған», — дейді. 
Ф.М.Достоевский: «Өз Отаныңның мүддесін қорғап, өміріңді құрбан етуден асқан асыл мұрат жоқ», 
— дейді. Л.Н. Толстой: «Отан халықтың өткені мен бүгіні жəне келешегі», — дейді. Осындай небір 
ұлағатты, қасиетті сөздер көзі ашық, көкірегі ояу азаматқа рух берері сөзсіз. Ұлттық рухтың ең бір 
абыройлы қызметі — тілді рухтандырады. Тілдің рухты бойына сіңіріп алып, ұлттық 
дүниетанымдық, психологиялық, басқа да толып жатқан ұрпақтан ұрпаққа беріліп жататын қажетті 
қасиеттерін бойына жинаушы, кезең-кезеңімен кейінгі ұрпаққа жеткізуші құралға айналатын себебі 
де сондықтан. Ұлт пен тілді ажырату мүмкін емес. Осы пікірмен сабақтас классик-жазушы Мұхтар 
Əуезов: «Бұл дəуірде өз тілін, əдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мəнді интеллигент емес 
деуге де болады, себебі ол қандайлық мамандық білімі болса, рухани ой-тəрбиесінде сыңаржақ 
азамат болады. Тегінде, қай мамандық саласында жүрген адам болса да, шын интеллигент дəрежесіне 
жету үш əдебиетті білу жалпылығы ортақ шарт. Ана тілінен бірнеше жағдайлар себеп болып 
ажыраған ел «азған» ел атанып, кейіннен аты өшіп, ұрпақтары бұршақша бытырап, қардай еріп, 
құмға сіңген судай дерексіз жоғалып кеткенін тарихтан кездестіруге болады. Ондай сормаңдай ел 
бұрынғы кезде аз болмағандығына тарихта дəлелдер аз емес», – дейді. 
Азаматтың, ұлттың, тұлғаның, таланттың, əр пенденiң рухынан қасиеттi жəне мəңгiлiк күш жоқ. 
Дүниенiң тұтқасы да сол рух. Рух өлген тұстан, рухани тəуекелдiкке телiнген сəттен бастап адамзат – 
ақыл-парасаттың дербес шешiмiнен, ұлт – тəуелсiздiгiнен, тұлға – дара ойлау жүйесiнен, талант – 
танымнан, адам – ар-ождан бостандығынан айырылады. Алланың қолындағы аманатқа берген 
жаныңнаң өзi кеудеңе қонақ таппайды, күштiнiң шеңгелiне iлiнедi. Ал рух еркiндiгiнiң көрiнiсi – 
рухани мəдениет, өнер, əдебиет болатын. Əдебиетті адамдар ұмыта бастады. Ұлт зиялыларының 
кітаптарын ашық алаңда өртей бастады. «Дүние астан-кестен болды». Өмiр де, өнер де тығырыққа 
тiрелдi. Не iстеу керек? Ұлттың рухын өлтiрмей, жанын қалай таза ұстау керек? Бұл қатты ойлантты.
Соның нəтижесiнде «Алқа» атты əдеби үйiрме құрудың қажеттiгi туралы. Сондықтан да ұлт 
ақыны Жүсіпектің айтқаны осы еді: «Қазақ əдебиетi тоғыз жолдың торабында тұрды. Артында бiр 
жол, алдында мың жол. Мың жолдың iшiнде өзен өрлегенi де, шөлiркегенi де, барса – келерi де, барса 
— келмесi де бар. Қазақ əдебиетiн мынау мың жолдың тарауына алып келiп, аңыртып тұрған тұрмыс. 
Аңырып тұрған тұрмыс қазақ тұрмысы орыс тұрмысымен, орыс тұрмысы арқылы еуропа 
тұрмысымен соқтығуы; қазақ əдебиетiнiң орыс əдебиетiнiң екпiнiне, орыс əдебиетi арқылы еуропа 
əдебиетiнiң екпiнiне кез келуi «тас пен жапалақтың» кез келуi. Жапалақ өлмек. Əрине, қазақ тұрмысы 
қирамақ, əрине, қазақ əдебиетi өртелмек. Бiрақ бiзге молда болатын Еуропа əдебиетiнiң өзi де бiр 
молда емес, мың молда. Алыстағы анау Еуропаны қоялық, көршiмiз орыс əдебиетiн алалық. Оның да 
өткен дəуiрлерiн бүркеп, осы күнгi дəуiрiн алалық. Осы күнде пролетариат төңкерiсi дəуiрiнде кеңес 
өкiметiнiң өзiнде орыс əдебиетiнiң мың бағыты бар. Бəрiнiң жалауы – қызыл, ұраны – төңкерiс, алды 
– ортақшылдық сықылды... Алайда искусство, əн – оның бiр саласы. Əдебиет туралы түрлi бағыттың 
(өзiнше. — Т.Ж.) бiр ұғымы бар. Искусство бар, əн болмақ деген бағыттан бастап, искусство жоқ, əн 


К.А. Төлеубаева, Д.Б. Мусиева 
52 
Вестник Карагандинского университета 
болмақ емес, бұрын болса да бұдан былай болмақ емес, болуға тиiстi емес деген бағытқа шейiн бар. 
Оның iшiнде бiз дүние астан-кестен болған заманның адамымыз. Жұмыр жердiң бетiндегi шiрiк 
қауды өртеп, өрттен шығару үшiн қылыш, найзаны қолдан түсiрмей, майданда жүрген əскердеймiз. 
Əйелiмiз де, ерiмiз де саясатшылмыз, шаруашылмыз, əдебиетшiлмiз, тегiс əскермiз. Əскер болуға 
мiндеттiмiз. Төңкерiс iсi осыны тiлейдi. Тұрмысы да осыны тiлейдi....» [1; 229, 230]. 
Олардың мансап жолында тағдырдың тəлкегiне ұшыраған жазықсыз жандардың көз жасы мен 
қасiрет уайымы, аштан қырылғандардың қураған сүйегi, атылып-асылған, қудаланған ұлт 
қайраткерлерiнiң өзектi арманы мен өкiнiшi өксiп жатты. Мансұр Ғатауллиннiң: «Мен халықтың 
жауының жауымын!» — дегендегi емеуiрiн танытқан пенделерi солар едi. Алаштың азаматтары елi 
мен жерiнiң мүддесi үшiн түрмеге түсiп, азап тартып, қалайда халқына төнiп келе жатқан апаттан 
құтқару үшiн жанталасып жатқанда олар: «Жасасындатып!» жатты. Бұл ұлтты, ұлттық тұлғаны 
жаныштау майданының басы ғана болатын. Ол майданда олардың өздерi де тағдырдың диiрменiне 
түсiп, «ұлы құрбандыққа» шалынды. Сол үшiн бұларды аяудың да, қорғаудың да қажетi жоқ. Себебi 
ұлты үшiн басын өлiмге тiккен Əлиханнан, Ахметтен, Мiржақыптан, Мұхамеджаннан, Халел 
Досмұхамедовтен, Халел Ғаббасовтан, Телжаннан, Мағжаннан, Жүсiпбектен, Жаhаншадан, лауазымы 
мен жасы өздерiмен қатарлас Смағұлдан, Əлiмханнан, Елдестен, Ыдырыстан, Даниалдан, Кəрiмнен, 
Жалаудан, Сұлтанбектен, Тұрардан, Мансұрдан, Ғабиттен ешқандай артып тұрған қасиетi мен қадiрi 
жоқ едi. Қарғауға болмайтыны – олар өз заманының жалдамалы құлы болды. Саясатқа азаматтық 
көзқарасын қорғау үшiн араласқан жоқ, тек қана керек кезiнде ұрымтал тұстан табылып, жазалау 
машинасының дөңгелегiне iлiнiп кеткен қатардағы пенделер ғана. Биiк ақыл-парасат, үлкен мiнез, iрi 
қимылдың адамдары емес, жай ғана реттеушiлер болатын. Тек басты назарда ұстайтын мəселе – 
олардың iс-əрекетiн ашық та батыл талдап, тарихи сабақ ретiнде ұрпақтың назарына ұсыну парыз. 
Тарих өткелi — қатерлi өткел. Ал ұлттың басын қатерге тiгiп, қайта-қайта тағдырдың 
талқысынан өткiзуге ешкiмнiң де қақысы жоқ. Қазақ ұлты өзiнiң қадым заманнан бергi тарихы 
арқылы тəуелсiз ұлт ретiнде өмiр сүруге толық қабiлеттi ел екендiгiн дəлелдедi. Өзегiн өртеген 
рухани басыбайлылыққа да басын имедi. Отарлаушы патшалық жəне коммунистiк жаhангерлер 
ұлттың жүрек отын өшiруге өршелене тырысса да, рухани бостандығын сақтап қалды. 
Əр ұлт, мейлі, ол үлкен болсын, кіші болсын, мəңгілі болуды қалайды. Жəне бұл – оның табиғи 
құқығы. Ал, бұл үшін сол халықтың тілі өз топырағында тамыр бойлап, өмір сүруге тиіс, ол оның 
қасында өзге тілдер де онымен қатар көркейіп гүлдене беруі керек. Тіл болмаса, халық өзінің ойын, 
сезімінің бүкіл дүниеге деген көзқарасын жеткізуге дəрменсіз. Тіліміздің мемлекеттік дəреже алуына 
байланысты қазіргі кезде практикалық жағынан да, теориялық жағынан да көптеген нəтижелерге 
жетіп жатырмыз. Тіл халықпен бірге өмір сүріп, дамып келеді. Себебі əр ұлттың тілі – оның бақыты, 
тірегі. Кез келген ұлтты қалыптастыратын орта – оның ұлттық мектебі. Сондықтан қазақ мектебінің 
тағдыры – ел тағдыры. Ұлтымыздың болашағын ойлаған Алаштың ардықтылары мұны əрқашан 
ескертіп отырған. Қазақ халқының ұлы перзенті Мұстафа Шоқай: «Ұлттық мəдениеттен жұрдай рух 
пен тəрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жақтайтын пайдалы азамат 
шықпайды», — деп, ұлт болашағын ұлттық мектепке, ұлттық рухта тəрбиелеу керектігін көрсеткен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет