Халел Досмұхамедов ғылыми мұрасы



Дата26.04.2023
өлшемі15,99 Kb.
#87069
Байланысты:
Документ


Халел Досмұхамедов ғылыми мұрасы
ХХ ғасыр қазақ халқы үшін нәубеті мол замандардың бірі болғандығы алтын шынжырлы тарихымыздың үзік-үзік қатпарларынан белгілі. Иә, осы заманда жүрегі қазақ деп соққан талай ақындар, жазушылар, ұлт көсемдері мен ел бастаушы тұлғаларымыз азаттық жолында күресіп, қазақ халқының бір тудың астында бірігіп, көкірек көздерін білім мен ғылымға айқара ашып, сол жолда еңбек етуге шақырған болатын. Сондай халықты өрге сүйрей білген ұлы тұлғалардың қатарында Халел Досмұхамедов та бар еді. Атын естіген жан бір ғана “ сегіз қырлы, бір сырлы” деген сөзбен ғана сипаттайтын қажырлы қоғам қайраткері Халел Досмұхамедовтың бойында шынында бір емес бірнеше өнер ұштасқан болатын. Саяси қайраткер әрі ғалым, киелі өнер иесі және елінің қайғысын өз қайғысынан артық көрмесе кем көрмеген нағыз жалынды патриот- бүгінгі жас ұрпаққа өнеге. 
Халел Досмұхамедовтың сан түрлі қырының бірі қажырлы ғалым ретінде қызмет атқаруы болып табылады. Табиғи дарынның өзінің мол мүмкіншіліктерін көрсете білген тұсы- кеңестік кезеңде болды. Сол кезеңдерде тағылымы мол еңбектері жарық көріп, оқу-ағартушылық және педагогикалық, ұйымдастырушылық пен ұстаздық қызметті қатар алып жүрді. Халелді қолдап, оның ғылыми мұраларын таратуда өзінің ғылыми ортасына айнала білген сол замандағы алаш зиялылыарының қосқан үлесі өте зор. Мысалы, бұл қатарда қазақтың алғашқы романының авторы-Жүсіпбек Аймауытов, ұлт көсемі- Ахмет Байтұрсынұлы, Санжар Асфендияров, Темірбек Жүргенов, Нәзір Төрекқұлов секілді қазақ халқының шын жанашырлары болды. Осы тұста оныңы ғылыми мұрасының ең жемісті кезеңіне айнала білген 1920жылдар мен 1930 жылдар аралығын қамтитын Ташкенттік кезеңді айтуға болады. 1920 жылдары Халел Досмұхамедұлы “Алаш” партиясының құрамында болғандықтан сол жылдары қудалауға ұшырап, артынша кешірім берілді. Дегенмен, оның Ташкентте жүрген кезеңдерінде ғылыми және шығармашылық жұмыстармен айналысты. Алаш зиялыларымен бірігіп оқу құралдарын жазды. Ал, ХХ ғасырдаң бас кезеңдерінде Білім комиссиясын басқарып тұрғанда жанына қазақ халқының ғылым мен білімге үлес қосып жүрген бір топ өкілдерін жинап қазақ тіліндегі мектеп пен жоғары оқу орындарына арналған еңбектерді жазуды тапсырды. Осының нәтижесінде Мағжан Жұмабаевтың “Педагогика” еңбегі мен Жүсіпбек Аймауытовтың “ Психология” еңбегі дүниеге келді. Міне, елі үшін туған ердің ісі осындай-ақ болсын. 
Халел Досмұхамедов еліміздің алғашқы жоғары мектептерінің қалыптасуы мен ұлттық кадрлардың даярлануына қосқан үлесінен бөлек, баспа ісінің алға басуында және жоғарыда айтылғандай қазақ тіліндегі оқулықтардың даярлануында қалдырған қолтаңбасы бір бөлек. Оның дәрігерлік қыры өзгелерден ерекшелеп тұратын қыры болғандықтан жаратылыстану бағытындағы еңбектері мол. Қаламынан туындаған «Өлі табиғат» оқулығы мее «Жануартану» , «Табиғаттану», «Оқушылар гигиенасы» (1925), «Адамның тән тіршілігі», «Денсаулығыңды сақта» және т.б. оқулықтары сол кезеңдегі І және ІІ сатылы мектептерге арналып жазылған болатын. Сол заманда-ақ құны жоғары болған бұл еңбектердің бүгінгі күні де өзінің құндылығын жоғалта қоймағандығы белгілі. Осы еңбектерінің ішіндегі “Жануартану” еңбегінде елімізде кездесетін аңдар жайлы терең мәлімет бере білді. Жойылып бара жатқан аңдарды қорғауға алуға және “Қазақстанның Қызыл кітабының” жарыққа шығып, сол қатарға сирек кездесетін жануарларды енгізуге септігі тиді. Ал, “Табиғаттану” еңбегінде өсімдіктер дүниесін тереңнен зерттей білді. Адам бойына жақсы әсен беретін, денсаулыққа пайдасын тигізетін және қазақ даласында кездесетін дәрілік өсімдіктерді зерттеу арқылы, оның күнделікті тұрмыста да қолданарлықтай түрлі дертке шипалығын жазды. Міне, осындай еңбектерінің қатарына “Оқушылар гигиенасы” еңбегін де жатқыза аламыз. Бұл еңбек оқушыларға арналып жазылғандықтан онда салауатты өмір салтын ұстанудың негізгі бағыттары беріліп, жан саулығы мен қатар тән саулығын қатар ұстаудың негізгі жолдары көрсетілді. Оқушының енді ғана өсіп келе жатқан тал шыбық ретінде көріп, оның мәуелі тамырын тереңге жайған бәйтерекке айналуында өмір салтын берік ұстауға өз септігін осы еңбегі арқылы тигізе білді десек артық айтқандығымыз болмас. 
Халел Досмұхамедов мұраларының басты бағыттарының бірі- қазақ халқының әдеби мұралары мен тарихы, этнографиясы және тіл білімінің салалары болды. Оның «Қазақ әдебиеті», «Аламан», «Мұрат ақынның сөздері», «Шернияз шешен», «Исатай-Махамбет», «Жалаңтөс батыр шежіресі», «Диуани лұғат ат түрік», «Қазақ тіліндегі сингармонизм заңы» атты ғылыми бағыттағы еңбектері бүгінгі таңда әлі де өзекті еңбектер. Себебі, қазақ халқының тағылымы мол тарихынан көрініс беретін осы еңбектер арқылы әдебиет саласы да қатар дамыды. Архивтерге деректеріне сүйене отырып Х.Досмұхамедовтың ғылыми-зерттеу еңбектерін 5 арнаға бөліп қарастыруға болады: 1-баспа бетінде жарық көрген ғылыми-әдеби, әдістемелік еңбектері мен мақалалары; 2- жариялауға даярланған қолжазбалары; 3- жалпы редакциясын басқарған еңбектерінің тізімі; 4- аударма еңбектері (Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты, 81-қор, 1-тізбе, 1051-іс, 342-табақ). Х.Досмұхамедовтың сан-сапалы ғылыми мұрасының ішінде халық ағарту ісінің көрнекті қайраткері, ғалым-педагог ретінде Қазақстанда Жоғары педагогикалық мектептің қалыптасуы мен дамуы тарихында алатын орны ерекше. Қазақстанның өзінің жоғары оқу орындарының болмауы, арнаулы білім беретін мектептердің аздығы педагогикалық кадрларды шешуде айтарлықтай қиындықтар туғызды. Республика жағдайында сол жылдары педагогикалық жоғары оқу орындарын ұйымдастыруда ешқандай да мәдени және материалдық жағдай болмады. Шамасы келгендер ғана жоғары оқу орындарына бара алатын. ХХ-ғасырдың 20-шы жылдарының бас кезінде негізінен маман кадрлар республикадан тыс жерлерде Санкт-Петербургте, Москвада, Қазанда, Омбыда, Уфада, Ташкенде, Астраханда және т.б. қалаларда даярланды. Міне осындай қиын кезде Қазақстанда жоғары оқу орнын ашу ауадай қажет болды. Бұл мәселе республика құрылған күнінен бастап, әртүрлі ұйымдар мен мекемелерде талқылана бастады. Әсіресе, педагогикалық білім беру саласында оқу орнын ұйымдастыру қажеттілігі ерекш

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет