Issn 2518-198х индексі 74623 Индекс 74623 Қ ар ағ анд ы уни вер си тетiнiң ÕÀÁÀÐØÛÑÛ


Абай жəне сол тұстағы қазақ публицистикасы



Pdf көрінісі
бет42/46
Дата12.10.2022
өлшемі5,53 Mb.
#42591
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Абай жəне сол тұстағы қазақ публицистикасы 
Мақалада ұлы Абайдың өмірбаяны мен шығармашылық жолының алғаш баспасөз бетінде қалай 
жарық көргені туралы айтылды. Тоталитарлық жүйе кезіндегі Абайдың айналасындағы шəкірттері 
мен Абайды ұлықтаған ұрпақтарының тағдырлары жөнінде қысқаша мəлімет берілді. Абай мұрасынан
бастау алған əдеби жəне публицистикалық дүниелер қарастырылды. Сол кездегі баспасөз бетіне 
шыққан мақалалардың ерекшеліктері сараланды. Абай мұрасынан нəр алып, қанаттанған Алаш 
қайраткерлері жайында сөз болды. Оқу-білім, ағарту жайында жазылған Халел Ғаббасовтың еңбегіне 
шолу жасалды. Ұлт санасына сілкініс əкелген «Сарыарқа» газеті жайлы баса айтылды. 
Кілт сөздер: Абай, баспасөз, Алаш қайраткерлері, кеңестік дəуір, Абай-Пушкин, қазақ елінің 
руханияты, саяси хал-ахуал.
Ұлы даланың біртуар перзенті Абай туралы зерттеулер, тағы басқалар жарық көріп келеді. 
Абайтану ілімінің жолы, яғни туу, даму, қалыптасу кезеңі, біртегіс, еш кедергісіз бола қойған жоқ. 
Абай шығармашылығының, ойшылдығы мен таным көкжиегінің орасан зор кеңдігі, бəрінен бұрын, 
қазақ елін бодандықта ұстаған Ресей патшалығын жəне оның бірден-бір заңды мұрагері болған 
кеңестік билікті айрықша үрейлендірді. Дала перзентінің зияткерлік жəне даналық өре-деңгейі бір ел 
ғана емес, тұтас əлем елдеріне өзгеше ренессанс əкелетіні анық болғандықтан, оның шығармаларын 
мейлінше бұғауда ұстау үдерісі біраз уақытты қамтиды.
Философия ілімінде «дəстүр» жəне «жаңашылдық» деген ұғымдар бар. Кез келген дəстүр, ең 
алдымен, жаңашылдық боп дүниеге келеді. Егер ол жаңа бір рухани шүйгіндікке жол ашып, барлық 
сала бойынша тың үрдіске алғышарттар жасаса, міндетті түрде дəстүр болып қалыптасады. Абай 
ұлылығы, өзге саланы айтпағанда, бір ғана қазақ публицистикасына, айтпақшы, бұл мəселе осы сала 
ғылымында терең зерттеле қоймағанын баса айтуға тиіспіз, орасан зор өрлеу үдерісін əкелді. 
Нақтыласақ: 
а) Абай шығармашылығындағы тереңдік пен ойшылдық, философиялық, даналық сипаттарға; 
ə) қазақ руханиятындағы бұрынғы тəуелсіздік аңсау идеясын жаңа уақыт аясында дамытуға; 
б) ХХ ғасыр басындағы Алаш қайраткерлерінің ірілі-ұсақты публицистикалық, тағы басқа 
сипаттағы дүниелеріне, олардың биік зияткерлік деңгейде тууына алғышарттар жасады.
Абай дəуірінен соңғы уақытқа назар аударсақ, төмендегідей қоғамдық-əлеуметтік, тарихи, саяси 
жағдаяттардың қалыптасқанын көрер едік: 
1. Егер əдебиет тарихтың айнасы екендігіне ден қойсақ, елдің азапты тарихы оның əдебиеті мен 
публицистикасында жарық көрді. 
2. Қазақ жеріндегі Семейде азаттық идеясы жаңа ақпараттық кеңістіктің тууына мүмкіндік берді. 
3. Абай данышпандығынан бастау алған əдеби жəне публицистикалық дүниелер оқу-білім, 
ағарту жəне өмірдің барлық салалары бойынша тəуелсіздік идеясымен ұштасып, қанатын кеңге 
жайды. 
Отарлаудың қанды қасабы ерекше қарқынмен дамығанын, соның нəтижесінде құлдық 
психологияның туа бастағанын аңғарған Абайдың: 
Ел бұзылса, құрады шайтан өрмек, 
Періште төменшіктеп, қайғы жемек. 
Өзімнің иттігімнен болды демей, 
Жеңді ғой деп шайтанға болды көмек, — 
деуі сол тұстағы нақты саяси хал-ахуалды көрсеткен [1; 47]. 
Абай мұрасынан айрықша нəр алып, қанаттанған, сөйтіп ұлттың тəуелсіздігіне орай, ғаламат іс 
тындырған Ə.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, тағы басқалардың қатарына Халел Ғаббасов 
та жатады. Мəскеу университетін үздік бітіріп, елге оралған ол қазақ жеріндегі ұлы оқиғаларға 


Абай жəне сол тұстағы қазақ… 
Серия «Филология». № 2(86)/2017 
67 
белсене араласады. 1917 жылы 21-28 шілде аралығында Орынборда өткен Жалпықазақ съезіне 
Семейден делегат болып қатысады. Съезде мемлекеттік билік, облыстардағы автономия ісі, 
халықтық милиция, земство, учредительное собрание сайлауына дайындық, депутаттар сайлау, 
Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне қатысу, қазақ партиясын құру сияқты мəселелер қаралды. Осы 
мəселелердің оң шешім табуына Х. Ғаббасов айрықша еңбек сіңірді. 1918 ж. дүниеге келген 
«Сарыарқа» газетінің ашылуына, аяғымен нық тұруына үлес қосты, газет бетіндегі дүниелердің өз 
мəнінде жариялануына бағыт-бағдар сілтеп, өзі де талай публицистикалық мақалалар жазуы – бəрі де 
осынау тұлғаның еңбегіне бүгінгі күн биігінен баға беруге мүмкіндік туғызады. Х. Ғаббасов 
«Сарыарқаның» ұйымдастырушысы əрі редакторы болды, ұлт санасына сілкініс пен серпіліс əкелген 
ірі қайраткер болды. Егер осы айтылғанды нақты тұжырымдармен түйіндесек, ХХ ғасырдың біз сөз 
етіп отырған кезеңі Абай өнегесі, Абайдың ағартушылық ой-пікірлері, Абай мұрасы арқылы мықты 
рухани шүйгіндікке ұласты да, ұлт тəуелсіздігінің тарихына алтын əріптермен жазылды дер едік. 
Алашорда үкіметі төрағасының орынбасары Х. Ғаббасов 1918 ж. 3 көкегінде кеңес үкіметі 
басшылығына төмендегідей жеделхат жолдайды: «Согласно Постановлению Общекиргизского 
съезда 5-13 декабря необходимо немедленно объявить территориально-национальную автономию 
«Алаш», в состав которой должны войти области Семипалатинская, Акмолинская, Тургайская
Уральская, Сыр-Дарьинская, Ферганская, Семиреченская, Букеевская Орда, Мангышлакский уезд 
Закаспийской области, Аму-Дарьинский отдел Сыр-Дарьинский области, киргизы Бийского, 
Славюродского, Змейногорского уездов» [2; 121]. Осы жеделхат мəтінінің өзі-ақ Ə. Бөкейханов 
бастаған қазақтың ұлы перзенттерінің нақты іс-əрекеті қандай дəрежеде болғанын аңғартса керек.
Қоғамдық, саяси нақты хал-ахуалды ақпарат көздерінен білудің маңызы зор. Абайдың ақын 
ізбасарлары жəне Алаш арыстары дегенде, олардың қазақ баспасөзі арқылы барша жұртқа жар салған 
публицистикалық еңбектерін баса айту парыз. Академик К.Нұрпейісовтің «Алаш һəм Алашорда» 
атты еңбегінде: «1913-1918 жылдардағы қазақ ұлттық баспасөзін танытатын «Қазақ» (Орынбор), 
«Сарыарқа» (Семей), «Бірлік туы» (Ташкент), «Алаш» (Ташкент), «Жас азамат» (Қызылжар) 
газеттері мен «Абай» журналы (Семей) беттеріндегі деректемелік материалдарсыз, Алаш 
қозғалысының пайда болуы мен нақтылы қызметін, Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде алатын 
орнын тарихи шындыққа сай көрсету мүмкін емес. Бұл басылымдарда Алаштың қоғамдық қозғалыс 
болып қалыптасуы, оның саяси партия дəрежесіне көтерілуі, ұлттың саяси партия құрылған 1917 
жылы шілдеде өткен Бірінші Бүкілқазақтық съезд Алаш автономиясын жариялап, Алашорда үкіметін 
құрған 1917 жылы желтоқсанда өткен Екінші Бүкілқазақтық съезд туралы түпнұсқалық маңызы бар 
деректер көптеп кездеседі», — деп жазуы да сондықтан [3; 128]. 
Х. Ғаббасовтың сол тұстағы атқарған саяси қызметі, таным, көзқарасы – бəрі де баспасөз бетінде 
жарияланып тұрды. 1918 ж. 28 қаңтарында «Сарыарқа» газетінде жарияланған «Алаш автономиясы» 
мақаласында: «Қазақ-қырғыздың уақытша үкіметі – «Алаш-Орда» Алаш қаласына келіп, Алаш 
автономиясын жариялағаннан кейін қазақ-қырғыз балалары бағынған үкіметімізді осы деп сеніп, ант 
беріп, басқа үкіметті танымай, өз үкіметінің əмірін екі қылмай орындауы керек. Жұрт жұмылуының 
белгісі осы», — деп жазады да, С. Торайғыровтың «Алаштың əнұраны» атты өлеңнен: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет