Issn 2518-198х индексі 74623 Индекс 74623 Қ ар ағ анд ы уни вер си тетiнiң ÕÀÁÀÐØÛÑÛ


Серия «Филология». № 2(86)/2017  61  ЖУРНАЛИСТИКА



Pdf көрінісі
бет40/46
Дата12.10.2022
өлшемі5,53 Mb.
#42591
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   46
 


Серия «Филология». № 2(86)/2017 
61 
ЖУРНАЛИСТИКА 
JOURNALISM 
ƏОЖ 070 
Г.С. Амангелдиева
1
, М. Зухурнаева

1
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан; 
2
Тілді дамыту бойынша кəсіпқой колледж, Дуйсбург, Германия 
(E-mail: gulmira.mir@mail.ru) 
Əбіш Кекілбаевтың бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген 
публицистикалық мақалалары 
Мақала аса танымал, көркем публицист Əбіш Кекілбайұлының бұқаралық ақпарат құралдарында 
жарық көрген публицистикалық мақалаларымен таныстырады. Зерттеу объектісі ретінде 
республикалық басылым беттеріне жарияланған «Жыл сұлтаны туралы сөз», «Ақындықтың асқар 
шыңы», «Əуезов туралы сөз» мақалалары алынған. Материалда Əбіш Кекілбаев шығармаларындағы 
өмірде болып жатқан оқиғалар туралы нақты мысалдарынан жəне ұстаздары мен қоғам қайраткерлері 
турасында жазылған дүниелерінен мысалдар келтірілген. Сондай-ақ бұл материалда танымал 
публицист, жазушы, қоғам қайраткерлері А.Байтұрсынов, М.Əуезов, Т.Молдағалиев жəне Ж.Жабаев 
туралы жазылған дүниелерден де үзік сырлар келтірілген. 
Кілт сөздер: Əбіш Кекілбаев, жазушы, публицист, «Егемен Қазақстан», «Қазақ əдебиеті», тарих, 
əдебиет, БАҚ, орын алған жағдайларға баға беру. 
Əбіш Кекілбайұлының тəуелсіз еліміздің рухани көркем ой-санасын жəне қоғамдық-мемлекеттік 
үрдістерін қалыптастырудағы, дамытудағы, өркендетудегі, көркейтудегі ұшан-теңіз суреткерлік əрі 
қайраткерлік еңбектері халқымыздың көкірегіне мейлінше ыстық қалпында ұялауымен келеді. 
Мұның ресми түрдегі шынайы көрінісіне 2005 жылғы «Қазақстан Республикасының тұңғыш 
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен наградталуын айтар едік.
Ə.Кекілбаевтың кез келген шығармасын шартты түрде біртұтас организм десек, жəне сол 
организмнің бүкіл тіршілік, бүкіл көркемдік талшықтары — түтіктері, ет пен сүйегі, сіңірі мен 
тамыры, жұлыны мен жүйкесі, қан айналымы мен дем-тынысы — мəңгілік өмірдің мəңгілік 
ойларынан ғана түзелген тəрізді. Сондықтан болар, ұлы суреткердің ой кешуі де мəңгілік 
таусылмайды. Əсіресе тəуелсіздік жылдарындағы «Заманмен сұқбат» (1994), «Əдебиет əлемі», «Өнер 
өрісі» (1999), «Абылай хан» (1997), «Халықтық — қаһармандық» дастаны мен «Үш белес» (2001), 
«Талайлы тараз» (2002) жəне тағы басқа ой-толғаныстары, мақалалары топтастырылған кітаптарын 
айтар едік.
Əбіш Кекілбаевтың əдеби шығармалары, əдебиет туралы өте зерделі сын мақалалары бұрынғы 
«Лениншіл жас» (бүгінгі «Жас Алаш»), «Егемен Қазақстан», «Қазақ əдебиеті» газеттерінде, 
«Жұлдыз» журналында жарық көріп келді. Сын мақалаларымен қатар, Кекілбаевтың көптеген əдеби 
шығармалары дүниеге келе бастағанда көптеген ізденішулер қажетін тауып, күткені келгендей 
қуанған. «Күй», «Шыңырау», «Ханша дария хикаясы» деген жазушының сол кездегі шығармалары 
оқырманның дүниетанымына жаңа бір рухани серпіліс берген. Əбіш Кекілбаевтың 25 жасында 
жазған «Күй» повесі бойынша түсірілген «Кек» фильмін бүгінгі көрермендер де түсініп, жылы 
қабылдады.
Ə. Кекілбаевтың қоғамдағы феномені оның толассыз ізденгіштігі мен зерттеушілігі сол 
қазынасын жиылған жүк құсатып, тең-тең етіп қоймай, түйдек-түйдегімен оқырманына, еліне, 
жұртына тасқындатып төгіп жатуында. Сондықтан да, əдебиет сүйер қауым Əбекең не жазды екен 


Г.С. Амангелдиева, М. Зухурнаева 
62 
Вестник Карагандинского университета 
деп күтіп, көңілін қалдырмаған, қаламы демікпеген, шабыты сарқылмаған жазушы, қоғамның сергек 
сарапшысы бола білді. Асқар Сүйлейменов өзінің бір мақаласында былай деп жазыпты: «Кекілбаев 
дарыны мейлінше ғибратты дарын. Оның кеңістігінің өзінен ұрымтал көкірек пен жіті көз адуын 
өнердің мінезін көреді» 
1. 
Əбіш Кекілбаевтың кез келген ортада, кез келген мінберден тауып сөйлеп, көңілдің қошын 
көтеріп кететіні туралы оны сүйсініп тыңдайтын адамдар арасында аңызға пара-пар əңгімелер 
айтылады. Ал, басылым беттерінде əдеби сала мен өзге де салаға қатысты дүниелер жарық көрді. 
Жеке тарихи тұлғаларға арнап жазылған дүниелер де көп. Олардың біразын атап көрсетуге де 
болады: «Қазақ əдебиетінің» 1999 жылғы 26 ақпаныдағы санында «Өмірлі өнеге» деп аталған 
Өзбекəлі Жəнібекке арналған қысқаша мақала жарияланады. Онда автор Əбіш Кекілбаев: «Несін 
айтасыз, жапан түзге жеке біткен көксеңгірдей дара тұлға еді. Өтіп бара жатқан ғасырда қазаққа 
талай-талай мүйізі қарағайдай ұл сыйлаған жомарт құдайдың бір бердім деп берген перзенті еді», — 
деп ұстазын еске алды. Мақала бойы Өзбекəлі Жəнібектің қандай ұлағатты жан болғанын, істеген 
жақсылықтарының ерен екендігі көрсетілген. Елі мен жері туралы жүрекжарды сырлары мен 
ойларының көпшілігі көкірегінде кетті. Бір парасы ғана қағазға түсіп, кітап боп қаланып қалды. 
«Ортамызда жүрмесе де, мерейі үстем, өнегесі өмірлі бола бергей», — деп аяқтайды 
2. 
Сондай-ақ жазушы 1993 ж. «Егемен Қазақстан» газетіне «Күй құдіреті» деген көлемді мақала 
жазады. Құрманғазы Сағырбайұлының 175 жылдық тойы қарсаңында жазылған бұл дүние аталмыш 
газеттің бір бетін толық алып жатыр. Газеттің 6 қазанындағы санында «Күй құдіреті» деген 
тақырыппен тағы бір беттік мақала басылып шығады. Қос материалда автор күй құдіреті туралы, 
Құрманғазының кемеңгерлігі жайлы толғамды өте бай дүние айтады. Күйшінің кейінгі ұрпаққа 
қалдырған дүниесінің маңыздылығы жайлы, ұлт, намыс, жігер жайында сөз қозғайды. «Егемен 
Қазақстан» газетінің сол жылғы 8 шілдедегі санында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 1000 
жыл толуына орай «Жыр сұлтаны туралы сөз» деген көлемді дүниесі жарық көрді. Мақалада 
қамшының сабындай қысқа өімірінде артынан өшпес із қалдырып кеткен жас ақын өмірінің 
жазылмай, айтылмай келген жасырын тұстары көрсетілген. Шындықтың ауылын іздеп жолға шыққан 
албырт шəкірттің қиюы қиын өмірдің саяси құрбаны болғаны жайлы сөз қозғалды. Мақала соңында 
мынандай сөз тастайды: «Қане, халайық, сондай ардағымызды баршамыз үшін шыбындай жанын 
шүберекке түйіп, тығырықтан шығар жол іздеген рухани əкеміздің, асыл ұстазымыздың, өнегелі 
көсеміміздің, абзал ақын — нағыз жыр сұлтанының өсиеттерін ерекше қастерлейтінімізді білдіріп, ең 
болмаса бір ғасырда бір рет есімізге алып, орнымыздан тұрып, өлмес əруағы, өшпес даңқы алдында, 
шексіз риза сезіммен бас иелік. Рахмет. Ықыластарыңызға Алла разы болсын» 
3.
1996 ж. 1 сəуірінде Мəскеудегі Одақтар үйінде ұлы ақын Ж.Жабаевтың туғанына 150 жыл 
толуына арналған кеште жасалған баяндамасы «Егемен Қазақстан» газетіне басылады. Мақалаға 
«Ақындықтың асқар шыңы» деген тақырып қойылған. Əбіш Кекілбаев бұл баяндамада Ж.Жабаевтың 
ақындық өнері жайында айтып қоймай, ақынның бейкүнəлі екенін дəлелдей түседі. «Алайда бүкіл бір 
ғасыр бойында əлемде не болып, не қойып жатқанынан атымен бейхабар отырып, бір күнде аяқ 
астынан қасқағым сəтте не туралы болса да, кім туралы болса да ең түпкілікті ақиқатты ақи-тақи 
түгендеп, біліп ала қойған жаңа «көріпкелдер» не айтып, не қойса да Жамбыл мен оның жарқын 
поэзиясының басы бəрібір ашық. Жамбыл большевиктердің саяси көзбояушылығына жаратылған 
перзент емес, жалпақтап жаңа өкіметтің етегіне жармасудан атымен аман. Жаға өкімет Жамбылдың 
етегіне қайта өзі жармасты» деп басталған мақала ары қарай былай жалғасады: «Ол күнде өздері де 
өрттей лапылдап, қызыл шалғыны мойындарына байлап жүрген қазіргі ауыздарынан ақ ит кіріп, көк 
ит шығатын көкіме сыншы жерден алып, жерге сала бағуға тырысушылық сауатсыз шал сенген 
қисындар мен мұраттарға асқан білікті М.Горький, Н.Бухарин, Пикассо сынды талай ғұламалардың 
да кəміл сенгендері де өтірік пе еді?! Ендеше, шындықты бетке айтудан тайсылмаған қайсар ақсақал 
қапелімде ондай мінез байқата қоймаса большевиктердің асты-үстіне түсіп, арбап баққандығынан 
ғана емес. Жаңа өкіметтің жұртқа берген уəделерінің көпшілігі көрместі көріп, кенегесі кетуге 
айналған талайсыз халқына байланысты көптен көңілінде шер боп қатқан армандарымен, үміттерімен 
дөп түскендігінен еді» 
4. Əбіш Кекілбаев ары қарай да ақынның халық үшін жапа шеккендігін аша 
түседі. Көз жұмғанша еңсесін жықпаған Жамбыл бейнесі мақала бойынша толықтай аша түседі. Əбіш 
Кекілбаев əрбір тұлға жайлы жазғанда əр дерек пен дəйекке ерекше мəн беріп, анық та ашық, 
түсінікті етіп, жазады.
Əбіш Кекілбаевтың жеке тұлғалары жайлы жазған мына материалы «Азаматтың асыл бейнесі» 
деп аталады. Мақала «Егемен Қазақстан» газетінде 1996 жылы жарық көрген. Осы жылдың 


Əбіш Кекілбаевтың бұқаралық… 
Серия «Филология». № 2(86)/2017 
63 
12 қыркүйегінде Т.Молдағалиев туралы жайлы жазған бір беттік көлемді мақаласы жарық көреді. 
Мақала «Əдебиет — ардың ісі» айдарымен «Ақ ниеттің адал жыршысы» деген тақырыппен 
жарияланады. «Біздің қазақ өзін жылқы мінезді жұртпыз деп түсінеді. Онысы өзін-өзі мақтағаны 
емес, сынағаны» 
5 деп басталған мақала Қорқыт, Асан қайғы, Абай Құнанбаев, Сұлтанмахмұт 
Торайғыров, Мағжан Жұмабаев жəне Ахмет Байтұрсынов секілді қазақ тарихынан өз орнын алған 
тұлғалар турасында айта келе, отызыншы, алпысыншы, тоқсаныншы жылдардағы əдебиетке 
тоқталады. Сол кездегі əлеуметтік жағдайдың əдебиетке əсерін жазады. 50 жж. бастап таныла 
бастаған Тұманбай Молдағалиевтің өлеңдеріндегі лириканың өте шебер үйлескендігі, поэзияның 
даму барысы жайлы жазады. «Махабат лирикасы, тек қыз-қырқынға арналған жырлар деп ұғылады. 
Тұманбай ақын лирикасында тек ғашық жыры ғана емес, абзал ана, сүйікті қарындас, қимас құрбы 
ретінде де адамгершілік, сүйіспеншілік пен сыйластық нысанасы ретінде көрініп, адамдық 
болмыстың ең бір нəзік, ең бір тұңғиық тереңдерінен сыр шертеді» 
5, — деп, Тұманбай 
Молдағалиевтің өлеңдері жар мен жырдың, ана мен баланың ғана емес, адам мен адамның арасын 
жымдастырып, адами əлемді тұтастыра айналдырып тұрғанын жазады. Əр мақаланы тарихпен 
сабақтастырып отыратын Əбіш Кекілбаев Мұхтар Əуезов тағдыры талай ақиқатқа қапысыз көз 
жеткізетін тағылым мектебі. Заманамен бірге тебіреніп, мəңгілікпен үндесе білудің айқын өнегесі», 
— деп келтіреді 
6. 
Əбіш Кекілбаевтың əр мақаласынан көп дүниені танып, білуге болады. Мəселен, жоғарыдағы 
материалда «Жеке адамның ғана емес, тұтас халықтың иманын қаза қылған қанды қуғын-сүргін 
жаппай үрейлі дүниеге əкелді. Ол үрейді бастан кешпеген бірде-бір азамат жоқ. М.Əуезов те сол 
үрейден өле-өлгенше арыла алмай кетті. Сол себепті де ол көкейін тескен азаттық идеясы туралы сол 
жолдағы қанды көйлек үзенгілестері туралы жұмған аузын аша алмады», — деп жазушының бір 
қырын ашады 
6. Оның себебін де ашық көрсетеді. Осы секілді мысалды келтіре берсек, көлемді 
жеке бір дүние шығады. Əуезов құдіреті шексіз құдірет десек, ол жайлы толғану өлшеусіз болмақ. 
Газеттің екі бетін алып жатқан дүниені артық талдау бізге сын болар. Сондықтан Əбіш Кекілбаевтың 
келесі көлемді дүниесіне мойын бұрмақпыз:
«Ұстаз ұлағаты» деп аталатын мақала Ахмет Байтұрсынұлы жайында. Аса көрнекті мемлекет 
қайраткері, жазушы, дарын, ағартушы турасында автор «Ахмет Байтұрсынов ұлттық тарихымызды 
ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға» десе, келесі бер жерінде «Ахмет Байтұрсынов 
бірінші кезекте халқының азаттығы, елінің тəуелсіздігі мен ұлттық мемлекеттілігі жөнінде жан 
аямаған күрескер» деп келтіреді 
7. Сонымен қатар мақала бойында көптеген деректер айтып, 
ұлттығымызды сақтап, егемен ел болуға əрекет еткен еңбек жолы жайында бірнеше мысалдар 
келтіреді. 1917 жылғы құрылтай, мұғалімдік жолы, ұлт үшін деген əрбір əрекеті жайында осы күнге 
дейін ешкімнің назарына түспеген жақын тұстарды ашып айта келе, «Ахмет Байтұрсынов өз арманы 
жолында арыстанның аузына, зымыстанның түбіне бара жүріп, халқына қалтқысыз еңбек сіңіре 
білді», дейді. Мақала соңында Əбіш Кекілбаев: «Ұлы іс ұстаған ұлғаяды..»... Ұлт үшін деген күштің 
ұлғаюына үлес қосу — қазақ баласына міндет, қай ісіміздің де құдай сəтін салғай! «Əумин» деп қол 
жайып, «Əуп» деп күш қосып, «Алла» деп іске кіріселік» деген жолдарымен аяқтайды 
7. 
Əбіш Кекілбаевтың қай мақаласын алмайық, соны халықты бір істі бірге істеуге, бірігіп бас қоса 
жұмылуға шақырады. Оны жоғарыда келтірген мақалалардан көруге болады. Ол өзі дəріс алған 
ұстаздары жайында да көлемді дүниелер, естеліктерін газет бетіне жариялап келді. Соның бірі 
«Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Дегдар» атты мақалада Əбіш Кекілбаев ардақты ұстазы, 
аса көрнекті романшы, эссеші, əдебиет теорияшы, академик Зейнолла Қабдолов туралы қалам 
тербеген. «Қазір уақыт тегеурінінің қай кездегіден де жіті аңғарып, терең сезінуіміз. Тоғысар 
жолдардың біреуі босқа келмейді, біреуі босқа кетпейді. Оған көз жетті. Осымен екінші рет біздің 
жаңа жылдық қауышуымызда аса бір қымбат дидарда ұшырастыра алмай, аңтарылып тұрмыз. Ақсия 
күліп алдымызда жүретін абзал ағаның Атыраудың ақ жал толқынды айдынындай ағынан жарылып, 
ақтарылып, төгілген ақпейіл мінезін, шуақты əзілі мен шұғылалы лебізін аңсап, дел-сал күй 
кешудеміз. Жуырда ғана кезекті мүшелін бастаңғы жасағандай алғаш рет өзі жоқта өткіздік», — деп 
қайғыра мұңая Зейнолла Қабдоловты төмендегіше еске алды: «Бұдан екі жыл бұрын орны қазаға 
ұшырап қалғанымызға аттаған сайын көзіміз жете түсуде. Иə, біздің Зекең — Зейнолла Қабдолов — 
елден асқан ерек еді. Өйткені ол жұмыс дүниенің жұлынын дəл тауып, жұмбағын дəл табатын зерек 
еді. Сондықтан да оның орны ешкімге ұқсамайтын бөлек еді» 
8.


Г.С. Амангелдиева, М. Зухурнаева 
64 
Вестник Карагандинского университета 
Осы мысалдардың қай-қайсысы болмасын жеке алғанда да автордың əдебиетке деген 
суреткерлік қағидалары мен эстетикалық көзқарастарын тайға таңба басқандай анық та кемел 
қалпында нақты көрсетеді.
Ең бастысы, Əбіш Кекілбаев өзінің ойлы да өміршең эстетикасын іс жүзінде де, яғни, өзінің 
көркем туындыларымен де одан сайын мейлінше тереңдете, мейлінше биіктете, мейлінше 
нақтыландыра, мейлінше өрістете түседі, ғажайып құлпырмалы болмыс құбылыстарымен ғажап 
дəлелдеп береді.
Бір айта кететін жайт, суреткер күні бүгінге дейін əдеби көркем сыннан қол үзбей келді. Оның 
Төлен Əбдікұлы, Темірхан Медетбек, Күлəш Ахметова, Сауытбек Əбдірахманов, Сабыр Адай жəне 
басқа əріптес, іні-қарындастары жөніндегі мақалалары қазіргі көркем сынның бүгінгі биігі мен 
парасатын танытатыны нақты дəлел.
Əбіш Кекілбайұлының көркемділік құдіреті, оның шығармашылық таланты мен даңқының 
қашан болсын əрдайым кемелденіп, бір тылсым күшпен төгілмей, тасымай, туламай өзінің мəңгілік 
жұмбақ болмысын ақтап, сақтап, арттыра ұстап тұра білетін суреткерлік дара құбылысында жатыр 
дейміз.
Бұған мелекеттік жəне халықаралық əдеби сыйлықтардың, сондай-ақ «Тарлан» сыйлығының 
лауреаты Əбіш Кекілбаевты ұлы суреткер, тіпті халықтың сүйікті жазушысы болғанына жоғарыда 
аталған немесе аталынбаған көптеген туындыларын, тіпті болмаса оның 12 томдық таңдамалы 
шығармалар жинағындағы тек бір көркем дүниені ғана немесе барлығын тұтас оқысаңыз да көзіңіз 
анық жетеді деп білеміз.
Əдебиеттер тізімі 
1 Кекілбаев Ə. Он екі томдық шығармалар жинағы / Ə. Кекілбаев. — І-т. — Алматы: Өлке, 1999. — 399 б. 
2 Кекілбайұлы Ə. Өнерлі өнеге // Ə. Кекілбаев // Қазақ əдебиеті. — 1999. — 26 ақп. 
3 Кекілбайұлы Ə. Жыр сұлтаны туралы сөз / Ə. Кекілбаев // Егемен Қазақстан. — 1993. — 8 шілде. 
4 Кекілбайұлы Ə. Ақындықтың асқар шыңы / Ə. Кекілбаев // Егемен Қазақстан. — 1996. 
5 Кекілбайұлы Ə. Ақ ниеттің адал жыршысы / Ə. Кекілбаев // Егемен Қазақстан. — 1996. — 12 қырк. 
6 Редакция алқасы. Əуезов туралы сөз // Қазақ əдебиеті. — 1997. — 30 қырк. 
7 Кекілбайұлы Ə. Ұстаз ұлағаты / Ə. Кекілбаев // Қазақ əдебиеті. — 1997. 
8 Кекілбайұлы Ə. Дегдар / Ə. Кекілбаев // Егемен Қазақстан. — 2008. — 9 қаңт. 
Г.С. Амангелдиева, М.Зухурнаева


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет