Тұрсын Жұртбайдың «Талқы»…
Серия «Филология». № 2(86)/2017
53
тіршілігі, қоғамдағы орнын жазады. Тарих кейде шыңдыққа үйлеспейді де, себебі оны айқындайтын
дəлел де болмайды. Өйткені ол өткен оқиға жəне оның болған-болмағанын тек жазған адам ғана
біледі. Өмірдегі ең қиын нəрсе — ол тарих талқысы. Себебі тарих — əділетсіз. Адамзат тарихында
қаншама оқиғаны бастан кешіп, елеулі із қалдырған қолбасшылар болды. Олардың барлығы өз
замандарында қоғамдық құрылысты өзгертті. Бірақ солардың кейбіреулерін біз қарғыс айтып, жек
көрсек, кейбіреулерін даңқын көтеріп ұлықтаймыз. Тарихқа үңілсек,
олардың барлығы да өз
дегендеріне жету үшін қаншама қан төгіп, бүкіл дүние жүзін басып алу мұраттары болды, бірақ
олардың кімнің қаншама қан төгіп, ұлыстарды жойғаны тарихқа беймəлім нəрсе. Тіпті қазақ
халқының ұлттық намысына тиетін бұралқы деректерде бар. Кейінгі ғасырларда отарлаудың
кесірінен қаншама ұлт өз тарихын, ата-салтын ұмытып, өзге ұлтқа еліктегені де бізге тарихтан анық.
Бұл дегеніміз — отарлаушыларға деген бағынушылықтың пайда болғанын айтпай ма? Сонда бөрінің
ұрпағы, түркілерден тараған қазақ ұлтының қайсарлығы, бостандықта, еркіндікте өмір сүрген
тектілігі қайда қалды?! Тарих талқысына түскен Шыңғысханның Шағатайынан тараған — Чаадаев,
Жошының жалғасы — Кенесары да, тіпті империялық көзқарасқа қарсы шыққан Бекмаханов пен
Əуезов те тағдырға да бас имеген, тарихи теріс көзқарасты да мойындамаған. Бірақ ата-бабамыздың
ерліктері, жасаған үлкен істерінің өзі бізге тек қана аңыз-əңгіме, жыр ретінде жетіп отыр. Бұл жайлы
М.Əуезовтің мынадай сөзінен байқауға болады: «Бұл дəуірдің сол кездегі жұмбақ күнге жеткен елдің
алдында
тұраған құздан, алдында тұрған қайғылы күнінен қорқып, қобалжып тұрып... Не болса да
артқа қайтар күн жоқ. Өлімге кетсе де, алға кететін болған соң – артқы бостандық, бірлік күніне
қоштасқан мезгілінің...» — əдебиеті ғана жетті», — деген [1; 9].
Əрине, тағдыр тарихқа үкімін жүргізе алмайды. Бірақ сол тарихты жасайтын тағдыр болып
табылады. Тарихи талқы тарихи көзқарастан пайда болады. Тарихи көзқарас қана тұлғаның бейнесін
тағдырдан арашалап, дұрыс баға беруі арқылы ғана шыңдыққа ұласады. Тарихи тұлға деген көзқарас
тарихқа деген көзқарас болып табылады. Өз тарихына өзі баға бере алмаған ұлттың саяси, əлеуметтік,
рухани өмірінің толыққанды толысуы не ғайбыл. Əсіресе ұлт тарихына қатысты танымдық «ақ
таңдақ» өте шетін мəселе. Өзге елдің құрамында болған қазақ халқы мойынұсынуға мəжбүр
болғанымен, өз тарихын ұмытпады да, соның ішінде де тағылық қасиетті сақтап қалған
азаматтарымыз бостандықты аңсады, соған қолжеткізуге күресті жəне қолжеткізді. Мысалға, «Алаш
Орда» қайраткерлері қазіргі Қазақ мемлекетінің қалыптасуына ықпал етті десек, қателеспейміз.
Себебі олар болмаса əлі күнге дейін жер, экономика, тіл туралы ұйытқы таба алмас едік. Сол кездегі
Ресейдің заңсыз əрекеттерін ешкім əшкерелей алмағанын жəне ол туралы тек азулы азаматтар ғана
турасын айтып, ашық хаттар жолдаған болатын. Келісімге келгендерімен, Ресей үкіметі əрдайым өз
келісімін бұзып, сөздерінен тайқып отырған болатын. 1837–1847 жж. көтеріліс Кенесары мен Ақ
патшаның келісімнің бұзылуынан болғандығын тарихи деректер дəлелдейді.
Қазақ хандарының
тұстарында келесім жүргізіліп, азаматтық мойынұсынбаушылық, Ұлттық тұтастық болған, бұны
зерделей алмаған ғалымдардың сөздерін растап, дəлелдеген Мұхтар Əуезов болатын. Ең алғашқы осы
мəселені көтеріп, көркем шығармасы арқылы ұран көтерген осы тұлға еді. Ұлы жазушы, ғалым,
қоғам қайраткері М.Əуезовтің көркем мұрасы біздің төл əдебиетіміздің ғана емес, бүкіл адамзат
мəдениетінің де бағалы жетістігі екені тарихи шындық. Кейіннен бұны заң жүзінде дəлелдеген
Ə.Бөкейханов болған. Ұлтымыздың жаңашырларынның тағдыр тəлкегіне түсуі бекер емес. Олар
бостандықты, ұлт азаттығын аңсағандары үшін тарих талқысына түсіп, тұлғалардың тұншықтыруына
тап болды. Үкіметке қарсы шыққандар түрмеге қамалды, итжеккенге айдалып, өлім жазасына да
кесіліп жатты. Əуезов дегенде ең алғаш ойымызға оралатын, санамызға сəуле беретін не нəрсе?
Сергей Есенин өзінің бір сөзінде: «Енді қалған өмір тарихым – менің өлеңдерімде», — дейді, сол
сияқты, Мұхтар Əуезов өз шығармаларында өзінің өмір тарихын,
адамдық табиғатын, халықтық
қасиетін өзінің кейіпкерлері арқылы шыңдап жеткізе білген. Əуезовтің тағдыры, Əуезов заманы оның
шығармаларында көрініс тапқан. Мұхтар Əуезовтің заманын білгіміз келсе, Əуезовті таңығымыз
келсе, оның шығармаларын өзімізге серік қылу қажет. Оның тума талант иесі екенін жиырма
жасында жазған «Адамдық негізі — əйел» деп аталатын публицистикалық мақаласында елдік,
мемлекет, халық туралы орнықты ойлар мен пікірлер білдірген. «Ел боламын десең — бесігінді
түзе!» деген сөзі əлі күнге дейін мəнін жойған емес. Қаламгер жазушы — халықтың ортақ ұлы,
суреткер ұлт тілін түгел тексеріп, жіті екшелейді. Өзге адам байқамаған, байыптамаған қазынаны
аршып, қалың көпшіліктің кəдесіне асырады.
Жансызға жан, топасқа түйсік бітіреді. Сансыз
ғасырдың шыңдығын шежіредей паш етіп, ұрпақты ұрпаққа жалғастыратын – тіл. Заманның тамыр
соғысын тап суреттеген Мұхтар Əуезов повестерінде əлеуметтік салмағы зор. Алаштық рухты
К.А. Төлеубаева, Д.Б. Мусиева
54
Вестник Карагандинского университета
танитын елдік сөзді Мұхтар Əуезов дербес үнімен повестерінде тереңнен қозғаған. Жазушы «Қилы
заман», «Қараш-Қараш оқиғасы», «Көксерек» повестерінде саяси, əлеуметтік жағдайларға лайықты
баға беріп, оқырман санасын қайсарлана жігерлейді. Елдік өрлеу идеясы — бұл шығармалардың түп
қазығы. Əр адамның өзіндік тағдыры болатыны сияқты, əр кітаптың өзіндік тағдыры болады.
«М. Əуезов зор тарихи-əлеуметтік оқиға өткен жердің табиғи əсемдігіне тамсану арқылы соншама
байлықпен ырысқа ие болған халық өміріндегі ілкі дəуірге сабақтас ерлік пен күрес нəтижелерін
алдағы қатыгез əрекет пен салыстыру тəрізді апперцепциялық үрдістердің сілемінен де хабардар
береді» [2; 13].
Табиғаттың тауқыметiн ерте тартқан қуатты емендер қашанда шыдамды, дауылға қарсы
қасарысып тұрып алады. Сол сияқты Мұхтар да сан шайқалып барып қайта қалпына келдi.
Бiрақ
жапырағын желге тонатқан жапандағы жалғыз түп ағаштай айналасы үңiрейiп бос қалды. Қатарлас
құрбы-құрдастарының сиреп қалғанына өкiнген Виктор Гюго: «Мен қазiр өзiмдi-өзiм бiрнеше рет
қатарынан оталған ормандағы аман қалған ағаш сияқты сезiнем», — деген екен. Бұл сөздi Мұхтардың
да өзiне қарата айтуына болатын. Ешқандай əсiрелеусiз айтылған шындық ретiнде қабылданар едi.
Сондықтан да шығар, көпке дейiн көңiл сарайы құлазып, қоңылтақсып жүрiптi. Ол да бiр өткен
өмiрдiң татқызған кермек дəмi. Мұхтар Əуезов өзінің «Хан Кене» пьесасы үшін ұлтшылдық деген
айыппен 30 жылдай сергелдеңге түскен болатын. Мұхтар Əуезов қалың қауымға «Алаштың» тірі
көзі, ұлттық рухтың бейнесінде жүрген тұлғаның өзі тұлғалық сынға түсіп, айыпталды [1; 71].
Өкiнiшке орай, заман мен тағдыр талқысы мұнымен аяқталмады. Мұхтар Əуезовтiң «қазақ
ұлтшылдарының контрреволюциялық астыртын ұйымына» қатысқандығын дəлелдей алмаған
«идеологтар» 1943 ж. Мұхтар Əуезовтi ресми түрде ақтауға келiсiмiн бердi. Бiрақ араға төрт жыл
салып бұл «сыбағаны» Əуезовке тағы да тартты. «Демек, бiздiң бас бостандығымыздың өлшемi —
тiкелей түрмеге түспегенiмiзбен ғана өлшенедi: соның өзi өзiмiздi толық азат адамбыз, не iстесек те
өз еркiмiзбен iстедiк, не ойласақ та ерiк өзiмiзде деп алдарқатуға жетiп жатыр... Бiрақ та, менiң бас
бостандығы туралы түсiнiгiм бұған керiсiнше аса қуатты, тегеурiндi де
төзуге болмайтын ызалы
идеямен тiкелей байланысты, менiң бас бостандығымды қылмысты əрекеттердi жүзеге асыру үшiн
пайдаланып отыр жəне ол тек қана өшпендiлiктi өршiтуге қызмет етуде, бұған мен де сондай
сезiммен жауап беруге мəжбүрмiн», — деп П.Я. Чаадаев айтқандай, Əуезов те рухани тəуелсiздiктен
құтылу үшiн өзiнше ақыл-ой қайратымен қарсы тұрды. Бұл оның тағдырлы ғұмырындағы ең ауыр
талқы едi. Мұхтар Əуезов сыни тұрғыда өз шығармаларын ақтап, дəлелдік сөздер пайдаланып, өз
пікірінде көркем шығармаларды жазды. Ол басынан қаншама сын өткеріп жүрседе, рухани күресін
тоқтатқан емес. Ұлттық тілді, ұлтты сақтап қалу Мұхтар Əуезовтің басты ойы болған, оны біз оның
нақыл сөздерінен біле аламыз. Мысалға: «Шешендік нақылдар мен толғаулар — ата-бабамыздың
қалдырған сөз сарайы, тіл маржаны, ақыл — ойдың дариясы, келер ұрпаққа айтып кеткен кір шалмас
ғұмырлық өсиеті» [2; 309].
«Мұхтар Əуезов – сарқылмайтын, бітпейтін, жасарып, жаңғыратын өмірдің өзіндей, жапырағы
мəңгі
жап-жасыл, жалғаса беретін құбылыс», — деп Рымғали Нұрғалиев айтқан [3]. Сондықтан да
уақыт өткен сайын қаламгердің ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түсейік.
Халқымыз таланты, болмысы бөлек дарындыларға қашан да кенде емес. Əр заманда да ел көшін алға
сүйреген əр тұлғалы азаматтар болған. Сондай ерен тұлғаның бірі – есімін ерекше ілтипатпен айтуға
болатын белгілі жазушы Мұхтар Əуезов. Бір сөзбен айтқанда, оның шығармашылық қызметінің
барлық қырлары туралы егжей-тегжейлі айту қиын. Мұхтар Əуезов – қайта жаңару мен өрлеу
ауқымындағы тұлға. Мұндай алып тұлғалар қоғамның рухани өмірінің көптеген салаларында
жарқыраған жұлдыз кейпінде көрінеді. Мұхтар Əуезовтің қазақтың дүниетанымы мен рухани
дүниесін дамытудағы орны ерекше. Жазушының шығармашылығы – қазақ өнерінің кемелденуінің
айғағы. Əлемдік мəдениетке қазақ халқы қандай көркемдік игіліктер қосты дегенде, ауызға алынар
есімнің бірі – Əуезов. Егемен ел жағдайында ұлы жазушы мұрасына деген ілтипатымыз да осындай
бір ұмтылыстың көрінісі болмақ. Ғасырлар бойы көшпелі тіршілікті бастан кешіріп, XIX ғасырдың
бел ортасында жол айырығына келген қазақ өмірінің барлық əрі мен нəрін, сыны мен сырын, соры
мен бағын теңдессіз тарихи тұлға Абай тағдыры арқылы əрі көркем, əрі түпсіз ой
көзімен ашып
берген суреткер туралы талай-талай ізденістер жалғаса бермек. Олай болатыны Мұхтар Əуезов
шығармашылығы ғасырлық өлшемдердің аясына əлдеқашан-ақ именбей енгеніне күн өткен сайын
көзіміз жетіп келеді. Қорыта айтқанда, автор «Талқы» ғылыми зерттеуінде Мұхтар Əуезовты тарих,
ел, талант, жер, заман талқысына салып зерделеген.