Істер номенклатурасын жасау


НҰСҚАУ Жалпы ереже



бет6/8
Дата07.01.2022
өлшемі30,16 Kb.
#18816
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Істер номенклатурасы-дәріс

НҰСҚАУ


  1. Жалпы ереже

    1. _________________________________________________ істер

ұйымның атауы

номенклатурасы бөлімнің іс жүргізуінде басталған құжаттардың жүйеге келтірілген тізбесі.

Істер номенклатурасы құжаттардың іске қалыптастырылуының тәртібін, іс жүргізудегі есепті, олардың жүйелілігін қамтамасыз ету үшін жасалады.

Сонымен қатар, істер номенклатурасы тұрақты (мәңгі) және ұзақ мерзімді (10 жылдан астам) сақтау істерінің тізімдемесін жасауға негіз және іс жүргізудегі негізгі есептік құжат болып табылады, ал ведомствалық мұрағатта уақытша сақтау (10 жылға дейін) істерін есепке алу үшін пайдаланылады.

Орындалған құжаттардың іске топтастырылуы, істердің индекстелуі және олардың сақталу мерзімі1 барлық бөлімдер үшін міндетті болып табылады.

1.2. Ұйым қызметі мен құрылымында түбегейлі өзгеріс болмаса істер номенклатурасы 5 жыл бойы жарамды. Егер ондай өзгерістер болып жатса, істер номенклатурасы қайта жасалады.

Істер номенклатурасы жыл сайын міндетті түрде мемлекеттік мұрағатпен келісіліп тұруы керек. Егер істер номенклатурасының құрамы өзгермесе, ол туралы мемлекеттік мұрағатқа жазбаша хабарланады, осыдан соң келесі іс жүргізу жылына қалдырылады. Істер номенклатурасында болымсыз ғана өзгеріс болса ол анықталып, мемлекеттік мұрағаттың келісуіне ұсынылады. Істер номенклатурасын мемлекеттік мұрағатқа кезекті рет тапсыруда оны пайдалану бойынша нұсқау қайта басылмаса да болады.

Істер номенклатурасы мемлекеттік мұрағатпен келісіледі және ұйым басшысымен бекітіледі. Істер номенклатурасы бекітілген соң бөлімдер өздеріне сәйкес тарауларының көшірмесін іс жүргізуде қолдану үшін алады.

Істер номенклатурасы 4 дана болып басылады. Бір данасы құжаттаманы басқару қызметінде немесе «Басшылық» тарауында сақталады және тұрақты сақталатын құжат болып табылады. Екінші дансы көшірмелер түрінде бөлімдерге таратылады, үшінші данасы есептік құжат ретінде ведомствалық мұрағатқа
_______________________
1 – Жаңа нормативтік құжаттардың шығуымен сақталу мерзімінің өзгеруі мүмкін

беріледі, төртінші данасы мемлекеттік мұрағатқа беріледі.

Істер номенклатурасы «Қазақстан Республикасының барлық ұйымдық-құқықтық бірлестіктеріндегі (кәсіпорындарындағы), мекемелеріндегі және ұйымдарындағы құжаттандыру және құжаттаманы басқарудың негізгі ережелері» (А., 1992) талаптарына сай, ұйым іс-әрекеті барысында пайда болған құжаттар құрамын, мазмұнын және көлемін зерделеу негізінде жасалады. Істердің сақталу мерзімін анықтау үшін «Сақталу мерзімі көрсетілген мемлекеттік комитеттер, министрліктер, ведомствалар және басқа мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар іс-әрекеттерінде пайда болған тұрпатты құжаттар тізбесі» (М., 1989) және құжаттардың ведомствалық тізбесі пайдаланылады.

Қазақстан Республикасының (Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 26 сәуірдегі №2235 Жарлығы), «Бухгалтерлік есеп туралы» (Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 Жарлығы) және «Банклер және банкілік іс-әрекеттер туралы» (Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы №2444 Жарлығы) салық заңдарына сәйкес есептік құжаттардың ең аз сақталу мерзімі 5 жылға дейін ұзартылған.

Ұйым іс-әрекеті барысында « ... тұрпатты құжаттар тізбесінде» қарастырылмаған құжаттар пайда болады, сондықтан мұндай істердің сақталу мерзімі осы номенклатурамен ғылыми және практикалық маңызына қарай, мұндай құжаттар санатының мазмұныны алдын-ала зерделеуден соң, сонымен қатар, қажетті бөлімдердің мамандарының кеңестерін есепке ала отырып анықталады. Бұл істердің сипаттау мақаласында тізбе бойынша бапты көрсетпей сақталу мерзімі көрсетіледі.

Сақталу мерзімін есептеу іс жүргізу жылы аяқталғаннан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан басталып есептеледі.

Мысалы, 200, жылы іс жүргізу аяқталған жылдың сақталу мерзімі 2001 жылдың 1 қаңтарында басталады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет