Ыстықтай қалыптау
Қалыптауды арнайы құрал – қалыптың көмегімен жүргізеді. Қалып екі немесе одан да көп бөліктерден тұрады. Қалып қуыстарын жылғалар деп атайды. Дайындама жылғаларда деформациялана отырып, қуысты толтырады да соғылма пішініне келтіріледі. Қалыптауда металдың ағуы құралдың беттерімен шектеліп мәжбүрлі өтеді, бұл дайындама көлемінің қайта қалыптасуына әкеп соғады
Соғумен салыстырғанда қалыптау құралының қымбаттығына, металды деформациялауға өте үлкен қуаттың қажет ететінін ескергеннің өзінде қалыптау бір типті бөлшектерді өндіруде аса тиімді тәсілдердің бірі болып табылады. Қалыптау өнімділігінің жоғарылығымен бірге өлшемдердің жоғары дәлдігімен де ерекшеленеді. Сонымен қатар қалыптау әдісімен алынатын бұйым беттерінің сапасы жоғары болады, одан кейінгі кесіп өңдеуді қажет етпейтіндей болып келеді. Ыстықтай қалыптаудан кейін жүргізілетін суық күйде мөлшерлеу слғылма бетінің сапасын арттырады. Сондықтан қалыптауға кететін мол шығын мөлшері металдың үнемделуі мен соғылманы механикалық өңдеуге кететін шығынмен ақталады.
Сонымен қатар қалыптау жолымен соғу тәсілімен алуға болмайтын күрделі пішінді бұйымдарды алуға болады.
Қалыптаумен көбінесе массасы 100 кг дейінгі соғылмалар дайындалады, бірақ кейбір жағдайда соғылмалардың массасы 400...500 кг, ал кейде 2 т дейін жетіп жатады.
Ыстықтай қалыптауға бастапқы материал ретінде сортты илем, баспаланған шыбықтар, мөлшерленген металл, құйма дайындама және сұйық металл пайдаланылады.
Ыстықтай қалыптауды екі әдіспен жүргізеді: ашық қалыпта кенерікті (облойнай) (қылауларымен) және жабық қалыпта кенеріксіз (қылаусыз). Кенерікті әдістің мәні соғылма металдың артық көлемінің салдарынан қалып ажырандысы бойымен қылаулы болып қалыптасады.
Кенеріксіз әдісте дайындаманы қалыптың бір бөлігінде (ұяқалыпта) қалдырып, деформациялауды қалыптың екінші бөлігімен (сотанмен) жүргізеді
Соғу және қалыптау
Соғу мен қалыптаудың тағайындалған міндеті.Бұймыға белгілі бір өлшем мен пішін беру үшін әмбебап құралмен үздік-үздік әсер етіп металды пластикалық өңдеуді - соғу, ал арнайы құралмен (қалыппен) өңдеуді - қалыптау деп атайды.Бұл тәсілдермен пішіндері алуан түрлі бұйымдарды металдан, пластмассадан және басқа да материалдардан дайындауға болады. Мұнда алынатын бұйым өлшемдерінің дәлдік дәрежесі, механикалық және басқа сипаттамалары мен беттерінің сапасы алуан түрлі болып келеді. Сондықтан соғу-қалыптау өндірісі машинажасауда, приборжасауда, халық тұтынатын заттар өндірісінде және халық шаруашылығының басқа да салаларында кең қолданыс тауып отыр. Соғу мен қалыптау арқылы бұйымдарды өндіру дайындаманың бастапқы пішінінің дайын бөлшектің өлшеміне максимальды жақындатға мүмкіндік береді, ал бұл металдың жоңқаға шығындалуын азайтады. Машинажасау зауыттарында илемделген дайындамалардан металл кескіш станоктар арқылы бұйымдар алуда металдың 30....40% жоңқа күйінде ысырапталады. Осы дайындамаларды алдын-ала соғу-қалыптау әдісімен өңдесе металдың шығындалуы 4...5 есеге азаяды және металл кескіш станоктар санын азайтып, қаржының үнемделуін септігін тигізеді. Сонымен қатар соғу мен қалыптау металдың қасиетін жақсартады, сол себепті көптеген машиналар мен асапаптардың жауапты бөлшектері тек соғылмалардан жасалады.
Кез-келген машинажасау зауытында соғу-қалыптау цехы жұмыс істейді, оларды арнаулылық дәрежесіне, өнімділігіне, негізгі жабдықтарының типіне байланысты арнаулы, әмбебап және аралас деп бөлге болады. Мысал ретінде соғу-қалыптау өндірісінің мынадай бөлімшелерін келтіреміз:
1) жекелеген және шағын сериялы бұйымдарды жасайтын ұсталық цехтар; көбінесе металлргия, кемежаса және басқа зауыттарда кездеседі. Мұндай цехтарда тоқпақпен соғу арқылы шағын соғылмаларды (массасы 1 т дейін) өндіреді;
2) массасы үлкен (250 т дейін және одан жоғары) жекелеген және шағын сериялы соғылмаларды дайындайтын ұсталық-баспақ цехтары. Мұндай цехтардың негізгі машиналары гидравликалық немесе бу-гидравликалық баспақтар;
3) массасы 1000 кг дейінгі соғылмаларды ірі-сериялы және жаппай өндіріспен шығаратын соғу-қалыптау цехтары. Мұндай цехтардың негізгі агрегаттары қалыптау тоқпақтары мен баспақтары, горизонталь-соғу машиналары және т.б.;
4) табақты материалдан салқындай қалыптаумен бұйым өндіретін суықбаспақ цехтары. Мұндай цехтар ірі-сериялы және жаппай өндірілетін бөлшектерді өндіруге арналған. Олардан шығарылатын өнімдер қосымша өңдеуді қажет етпей тікелей жинақта операциясына жіберіледі;
5) арнаулы цехтар, олар жаппай өндірілетін бұйым (серіппелі, рессорлы, метизді және т.б.) немесе орнатылған жабдық (мысалы, суықтай шөгеру автоматы) типіне байланысты анықталады.
Бастапқы материалдар сипаттамасы.Соғу процесі үшін бастапқы материал болып массалары бірнеше килограмнан 250...350т дейінгі құймакесектер және илемдік дайындамалар табылады. Ыстықтай қалыптауға соғылған, илемделген, баспаланған дайындамалар және сымдаумен алынған дайындамалар, сонымен қатар сұйық металл пайдаланылады. Табақты қалыптау кезінде бастапқы материал ретінде ыстықтай және суықтай илемделген әртүрлі болат табақтар мен таспалар және т.б. материалдар пайдаланылады.
Соғу кезіндегі негізгі технологиялық операциялар.Соғу тәсілімен бұйым алу кезінде өңделетін материал әмбебап құрал – тоқпақ немесе баспақтың бірнеше дүркін үздік-үздік әсерімен өңделеді. Деформацияланатын дене көлемі биіктігі бойымен шөгіп, құрал бетінің түйіспелік бетіне еркін жайылады. Соғу жекелеген және шағын сериялы өндірісте және жөндеу жұмыстарында қолданыс табады.
Соғудағы технологиялық процесте мынадай әртүрлі негізгі және қосалқы операциялар орындалады: қырдықысу (биллетировка), шөктіру, тартажону, ендеу, қобылау, ию, ширату, шабу, ұсталық пісіру және т.б., сонымен қатар таза өңдеу мен термиялық өңдеу операциялары (егер қажет болса).
Құймакесекті қырдықысу (биллетировкалау) дайындамаға айналмалы дене пішінін беру үшін оның қырларын жаншу операциясы. Осы кезде құймакесектің конустылығының бұзылуымен бірге оның құйма дендритті құрылымы бұзылып, құйма металдың кеуектері мен басқа да ақаулары бітеледі.
There were differential delection pressures acting upon these two populations because of environmental factors. The climate change could be the one of the reasons affected for a selection proces. Also, having a less food could be another reason.
There were differential delection pressures acting upon these two populations due to environmental factors. Climate change may be one of the reasons that affected the selection process. In addition, having less food may be another reason.
Достарыңызбен бөлісу: |