Истории и права



бет13/14
Дата03.12.2023
өлшемі244 Kb.
#133420
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Қоғамдық – саяси даму
Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш Құрылтайының шақырылуы және оның тарихи маңызы. Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайлары (1992-2017жж.). Қазақстан халықтарының форумы (1992 ж.). ҚР қоғамдық қозғалыстарының құрылуы мен көп партиялық жүйенің қалыптасуы. Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер. Тәуелсіздік жылдарындағы халық санақтары және оның қорытындылары (1999 ж., 2009ж., 2021ж.). Қазақстан халқының ұлтаралық келісімі – тәуелсіздік пен демократияны нығайтудың кепілі. Демократиялық үдерістердің дамуы, Парламент сайлауларына пропорционалдық жүйенің енгізілуі және партиялық тізім бойынша сайлау нәтижелері. Азаматтық институттардың дамуы. Азаматтық форумдар және олардың маңызы. ҚР ақпарат саясаты, БАҚ-ның дамуы. Қазақстан Республикасының Ұлттық Кеңесінің қызметі. Азаматтық қоғамды дамыту және демократияландыру жөнінде ұсыныстар дайындайтын Мәжілістің тұрақты ұйымы. Демократияландыру және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі Ұлттық комиссияның қызметі. Қазақстан Республикасының жастар саясаты және тарихпен тәрбиелеу шаралары. Құқық қорғау және сот орындарының қызметін жетілдіру. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі Комиссия және оның қызметі. ҚР Адам құқықтары бойынша өкілдік институтын (Омбудсмен) құру. Өлім жазасына мораторий енгізу. Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына Жолдауының мазмұны мен маңызы (18 ақпан, 2005ж.).
Рухани даму
1997 жыл - Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы. 1998 жыл - Ұлттық тарих жылы. 1999 жыл - Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы. 2000 жыл - Мәдениетті қолдау жылы. Мектепке дейінгі білім беру мекемелері мен орта мектептер жүйесіндегі қайта құрулар. ЖОО мен орта арнаулы оқу орындарындағы жаңа рефоралар. Оқу орындарын лицензиялау мен аккредитациялау жүйесін енгізу. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларын ерте жастан мамандыққа бейімдеу. Тегін техникалық және кәсіби білім беру жобасын жүзеге асыруды жалғастыру. Білім беру сапасын арттыру. «Болашақ» бағдарламасы. Ғылымды дамытудағы маңызды басымдықтар. Академиялық ғылыми орталықтардың қызметіндегі өзгерістер. Денсаулық сақтау ісінің нарықтық экономика жағдайына көшуі. Мәдени мекемелер. Әдебиет. Өнер. Театр. Кино. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы, мақсаты және негізгі кезендері. Тарихи, архитектуралық ескерткіштерді қалпына келтіру, фольклорды, салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты қамтитын тұтас жүйе жасау. Мемлекеттік тілде гуманитарлық білім қорын құру. Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегі. «Халық тарих толқынында» бағдарламасы аясында қазақтың ұлттық тарихының шеңберін кеңейту және ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастырудың мәні. «Мәңгілік ел» идеясының негіздері: тарихи сабақтастық; қазақ мәдениеті; еркіндік; бірлік; жоғарғы мақсаттар. Тарихи сананы жаңғырту. Ұлттық тарихымыздың терең тамырлары. Тәуелсіз Қазақстанның конфессионалдық саясаты. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Елордада өткен съездері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет