АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ АБАЯ
Тарих және құқық институты
Институт
Бекітемін
Тарих және құқық институтының директоры
_________________ Кенжебаев Ғ.К.
|
Бекітемін
Академик Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі
_________________ Жангуттин Б.О.
|
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫ
6B03111 – ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГ ДАЯРЛАУ, 6B01306- БАСТАУЫШ БІЛІМ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ, 6B01304- БАСТАУЫШ БІЛІМ КӨП ТІЛДІ, 6B01105- КӨПТІЛДІ ПЕДАГОГИКА МЕН ПСИХОЛОГИЯ мамандықтарына арналған
Алматы
Абай атындағы қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Тарих және құқық Институты, Академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасында ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН
Құрастырғандар: т.ғ.к., Тулбасиева С.К.
Мемлекеттік емтихан бағдарламасы барлық бағыттағы бакалавриат мамандықтарына арналған Қазақстан тарихы пәнінің типтік бағдарламасы негізінде жасалынған
« » 2023 жылы хаттама №4 Институттың Оқу-әдістемелік Кеңесінде бекітілген.
« » 2023 жылы хаттама №3 Кафедра мәжілісінде бекітілген.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І-БЛОК. ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ ЕЖЕЛГІ АДАМДАР ЖӘНЕ КӨШПЕЛІ ӨРКЕНИЕТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы
Тарихи үдерісті кезеңдерге бөлу. Археологиялық, геологиялық, антропологиялық кезеңдеу. Тас дәуіріндегі Қазақстан аумағының ландшафтық-климаттық өзгеріске ұшырауы. Антропогенез туралы жаңа мәліметтер. Адамның шығу тегі териясы және адамзаттың алғаш пайда болған жері мәселесі. Қазақстан аумағы – homo sapіensтің қалыптасу ошақтарының бірі. Глоттогенез түсінігі. Культурогенез ырғағы тұжырымдамасы.
Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Олардың орналасу ерекшеліктері. Бұл мәселенің тарихнамасы. Ежелгі адамның шаруашылығы мен тұрмысы. Әлеуметтік эволюция.
Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті. Ерте палеолиттегі өнер мен діни түсініктердің қалыптасуы. Алғашқы қауымдық өнер ескерткіштеріндегі антропо- және зооморфтық бейнелердің ерекшеліктері. Палеолит, мезолит, неолит дәуірлеріндегі тілдің, рационалды білімнің дамуы, діни түсініктердің қайта құрылуы. Жартасқа сурет салу өнері – петроглифтер (Мыңшұңқыр, Өлеңті, Еңбек, Тесіктас, Шатыртас, Ақбидайық, Ақбауыр, Баянжүрек).
Достарыңызбен бөлісу: |