Истории и права


Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының алғышарттары



бет2/14
Дата03.12.2023
өлшемі244 Kb.
#133420
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының алғышарттары.
Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі. Ежелгі темір өңдеу техникасы. Мал шаруашылығы негізінде өндіруші шаруашылықтың қалыптасуы және оның кезеңдері. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті. Қазақстан – жылқыны қолға үйретудің ежелгі ошағы. Еуразия өркениетіндегі атқа міну мәдениетінің қалыптасуының тарихи маңызы. Солтүстік және Орталық Қазақстаннан табылған остеологиялық материалды талдау нәтижесі. Кремний индустриясының сипаттамасы. Шаруашылықтың көп қырлы сипаты. Құрал жасаудың қабыршақтау техникасы. Сүйек кесу өнерінің дамуы. Еуразияда көне жылқы көлігі коммуникациясының дамуы. Дала аймағы – көне дөңгелекті көлікті даму орталықтарының бірі.
Аймақтағы аридтену үдерістері. Қола дәуірі мәдениеттерінің шығу тегі мәселесі мен таралу аймағы. Қазақстанның ежелгі тұрғындарының антропологиялық түрі. Қола дәуіріндегі өнер: петроглифтер. Ешкі өлмес, Тамғалы кешендеріндегі тасқа қашалған суреттер.
Қола дәуіріндегі палеоэкономика. Қазақстан аумағында кен ісі орталықтарының қалыптасуы. Материалдық мәдениет. Жерлеу тәсілдері мен салт-ғұрыптары. Қоныстар мен тұрғын үйлер. Орталық Қазақстанда қыш жасаудың дамуы. Қоғамдық құрылымы мен рухани мәдениеті. Қазақстанның ежелгі тұрғындарының тілдік атрибуциясы мәселесі. Еуразиялық дала жүйесіндегі Қазақстан аумағы (үндіеуропалық көші-қон). Шұңқырлы мәдениет ұстанушылар. Мәдениеттер мен этностардың ара қатынасы мәселесі. Ежелгі қалалар мәдениеті. Монументты сәулет өнерінің ескерткіштері. Ерте көшпелілер мәдениетінің қалыптасуы жағдайында Ежелгі Қазақстан аумағындағы энеолит және қола дәуірін зерттеудегі жаңа көзқарастар. Жетісу аумағында соңғы қола дәуіріндегі Көлсай археологиялық мәдениетінің ашылуы.
Атқа міну мәдениетінің генезисі
Көшпелілер тарихын кезеңдеу. Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары: табиғи-географиялық фактор, әлеуметтік-мәдени фактор. Мал шаруашылығының рөлі мен маңызының артуы. Көшпелі шаруашылық түрлері: үй маңы, бақташылық, көшіп-қону, және т.б. Атқа міну мәдениеті. Құдықтар. Ат әбзелдері. Дала, жартылай дала және шөлейтті аймақтарды игеру. Көшпелі мал шаруашылығы мен көшпелі мал шаруашылығының дамуы. Көшпелілердің көші-қоны. Көшу түрлері мен көлік құралдары. Төрт түлік түрлері. Көшпелілердің өндіріс үдерісін ұйымдастыру заңдылықтары Әлеуметтік құрылымы мен қоғамдық құрылысы.
Ерте темір дәуірі хронологиясы мен археологиялық мәдениет ескерткіштері. Жазба деректер. Қазақстандағы ерте темір дәуірінің зерттелуі. Ерте темір тайпаларының этносаяси және әлеуметтік тарихы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет