Исмагулов О., Исмагулова А. Происхождение казахского народа. По данным физической антропологии. – Алматы, 2017.
Ахинжанов С.М. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана. – Алма-Ата, 1989.
Сафаргалиев М.Г. Распад Золотой Орды. – Саранск, 1960.
Оразбаева А.И. Цивилизация кочевников евразийских степей. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005
Қинаятұлы З. Қазақ мемлекеті және Жошы хан. – Алматы: Елтаным, 2014. – 360 б.
Байпаков К.М. Средневековые города Казахстана на Великом шелковом пути, Алма-Ата. 1998.
Зардыхан Қ. Қазақ мемлекеті және Жошы хан. Астана., 2004.169б.
Барфилд Т. Опасная граница: кочевые империи и Китай (221 г. до н.э.-1757 г. н.э.) Спб., 2009.
May T. The Mongol conquests in world history, London, Reaktion Books, 2012, p. 173.
История Казахстана в арабских источниках. - І том. Сборник материалов относящихся к истории Золотой Орды. Извлечения из арабских сочинений, собранные В.Г. Тизенгаузеном. Переработанное и дополненное издание. Подготовка к новому изданию, введение, дополнения и коментарии: Б.Е. Кумекова, А.К. Муминова. - Алматы «Дайк-Пресс», 2005. - 711 с.
История Казахстана в персидских источниках. Т. IV. Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды. Извлечения из персидских сочинений, собранные В.Г. Тизенгаузеном и обработанные А.А. Ромаскевичем и С.Л. Волиным. / Отв. ред. М.Х. Абусеитова. Переработанное и дополненное издание. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005.
Юань-Чао Би-ши. Сокровенное сказание [о монголах] 1240 г. // Чингисхан и его Империя. Алматы, 2006.
Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері. Том. 1. Өтеміс қажы. Шыңғыс наме. – Алматы, 2005.
3-БЛОК. ҚАЗАҚСТАН ИМПЕРИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР ЖҮЙЕСІНДЕ
(XVIII - ХХ Ғ.басы)
Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан: зерттеудің жаңа әдіснамалық трендтері. Кезеңдеу. Тарихнама және дереккөздер. Қазақстан Ресей империясымен, ортаазиялық хандықтармен, Башқұртстанмен, Қимақ хандығымен халықаралық қатынастар жүйесінде. Жоңғар хандығының күшеюі: жоңғарлардың Қазақстанға басқыншылық стратегиясы. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдары. Қазақ ақсақалдарының Ордабасындағы жиыны – өзара келісім және аумақтық біртұтастықты сақтап қалу жолы. Әбілқайыр ханның қазақ қолбасы болып сайлануы. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күресі. Бұланты шайқасындағы жеңістің маңызы. Аңырақай шайқасы. Қазақ халқының ұлт-азаттық күресіндегі қазақ батырларының рөлі. Қазақтар мен жоңғарлардың әскери өнері: салыстырмалы талдау. Қазақ-башқұрт, қазақ-қалмақ қатынастары: жер мәселесі.
Қазақстандағы отарлық дәуірінің басы
Қойбағар Қобяковтың дипломатиялық миссиясы. Сейітқұл Қойдағұлов пен Құтлумбет Қоштаев басқарған хан Әбілқайыр елшілігі. Мырза Құтлу Мухаммад Тевкелев басқарған Ресей елшілігі. азаматтық мәселесі төңірегіндегі келіссөздердің барысы және түрлі саяси топтардың күресі. И.К. Кирилов «Жобасы», Орынбор экспедициясының ұйымдастырылуы мен қызметі. Қазақ хандары мен Кіші және Орта жүздердің ықпалды сұлтандарынан ант қабылдау (XVIII ғ. 40 ж.). Орынбор губерниясының бірінші губернаторы И.И.Неплюевтің «Бөліп ал да билей бер» саясатын жүзеге асыруы. Әбілқайыр мен Орынбор әкімшілігі арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуі. 1740 жылдардың аяғында патша үкіметінің Әбілқайырмен келіссөздері. Әбілқайырдың өлімі. Хан билігін заңдастыру: имп. Елизавета Петровнаның Нұралы сұлтанды хандық лауазымға бекіту туралы жарлығы (1749 ж. 13 сәуір).
1739-1741 жж. жоңғар-қазақ соғысы. Орта жүз сұлтаны Абылай мен Әмірсана ноян. Абылайдың Жоңғармен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынастары. Абылай сұлтанның дипломатиялық өнері. Қытай мен Қазақстан арасындағы елшілік қарым-қатынастар. Қазақтар мен 1755 ж. башқұрт көтерілісшілері, Қарасақал (ХҮІІІ ғ. авантюрист) және Қазақ даласы. 1771 жылғы оқиғаларға қазақ хандары мен сұлтандарының қатысуы (қалмақтардың «Шаңды жорығы»).
ХҮІІІ ғасырдың соңындағы Қазақстан және Орта Азия мемлекеттері.
1839 жылғы Хиуа жорығы және оның нәтижелері. Сырдария шекара сызығының белгіленуі.
Ұлы жүз сұлтаны Суық Абылайханұлының Ресей бодандығын қабылдауы. І-ші Александрдың Ұлы жүз қазақтарын Ресей бодандығына қабылдағаны туралы Құрмет грамотасы. 1846 жылы Жетісу сұлтандарының Ресей бодандығын қабылдауы. Іле аймағын отарлау. Алатау округінің құрылуы. Ұлы Орда приставы және оның өкілеттігі. В.Перовскийдің Қоқанға жорығы (1853 ж.). Қазақтардың 1858 жылғы Қоқан үстемдігіне қарсы көтерілісі. Жетісудағы 1860 жылғы әскери іс-қимылдар. Ұзынағаш шайқасы. Әулие-Ата, Мерке, Түркістанның алынуы. Генерал-майор Черняев басқаратын алдыңғы шептегі Жаңа Қоқан шебін құру туралы жоғары жарлық. Шымкент, Сайрам қалаларының алынуы. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның Ресей империясы құрамына кіруі. Қазақстанның Ресей империясына қосылу тарихының тарихнамасы: әдіснамалық бағыттар, пікірталас.
Қазақстан Ресейдің империялық саясаты жағдайында: әкімшілік реформа (ХҮІІІ ғасырдың соңғы ширегі – ХХ ғ. басы)
Орынбор генерал-губернаторы О.Игельстромның реформасы: бас старшинаны енгізу және Кіші жүздегі хан билігін жою жобасы. Шекара сотының құрылуы және шекаралық қырғындар. Дала реформасы барысындағы «татарлардың» коммуникативті рөлі. Кіші және Орта жүздер аумағында барлық билік институттарын реформалау және аумақтық-әкімшілік басқару жүйесін енгізу. Хан билігін жою. Даладағы сұлтандық институты (19 ғ. 20-60 ж.). Ресей империясының құқықтық нормалары бойынша аға сұлтандар, сұлтан-әміршілер, болыс сұлтандар, старшиналар, билер, құрметті қазақтардың мәртебесі.
Дала комиссиясының қызметі. 1867 жылғы «Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ереженің» және 1868 жылғы 21 қазандағы «Орынбор және Батыс Сібір бас үкіметтерінің Дала облыстарын басқару туралы уақытша ереженің» жүзеге асырылуы. Сот жүйесі мен салық салудағы өзгерістер. 1886 ж. «Түркістан өлкесін» басқару туралы ереже. Әкімшілік құрылым. 1891 жылғы Дала облыстарын басқару туралы ереже. Көшпелі және отырықшы халықты жерге орналастырудағы өзгерістер. Ресей империясының Дала генерал-губернаторлығындағы соңғы реформасы: шаруа бастықтары институтының енгізілуі (1902). Бөкей ордасының (Ішкі Орда) құрылуы: басқару жүйесінің ерекшеліктері, аумақтары. Бөкей ханның билігі. Жәңгір хан билігінің сипаттамасы: жерге иелік ету мен жер пайдаланудың жаңа нысандары. Жәңгір ханның ағартушылық саясаты. Хан билігінің жойылуы және Ішкі Орданы басқару жөніндегі Уақытша кеңестің құрылуы. Басқарушы Әділ Бөкейханұлы. Уақытша кеңестің қайта құрылуы. Жаңа әкімшілік-аумақтық құрылымдардың құрылуы: Приморск округтері, Қалмақ, Торғын, Тал, Қамысты-Самар, Нарын аймақтары. Ішкі Ордадағы билеуші сұлтандар институты.
Ресей империясының отарлау саясатындағы жер және жер мәселесі
Шекара сызығының салынуы: Ресей әкімшілігінің жерді тартып алуы. Әскери казак отары: Орал, Орынбор, Сібір казак әскерлері. Казактар табы және оның мәртебесі.
ХІХ ғ. 60-90 жылдарындағы көші-қон мәселесі. Орыс шаруаларын Қазақстанға қоныстандыру туралы «Уақытша ережелер». Орыс шаруаларын Қазақстан аймақтарына орналастыру ерекшеліктері. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы: оларды орналастырудың себептері мен шарттары. Қоныс аударушылардың кәсіптері және олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Қауымдық жерлердің иеліктен шығарылуы және оның қазақтардың дәстүрлі шаруашылығына әсері. Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттарының қазақтың жайылымдық жерлерінің талан-таражға салынуы туралы пікірлері. Көшпелі қазақ ауылының егіншілікке көшу үдерісі. Жатақтық. ХІХ ғасырдың соңындағы Қазақстан халқының этнодемографиялық сипаттамасы. ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы көші-қон саясаты және столыпиндік жаңғырту. Село тұрғындары мен егінші мещандарды қоныстандыру туралы «Уақытша ереже» мен және 1904 жылғы 6 маусымдағы нұсқаудың мазмұны. Қазақстанда көпұлтты қоғамның қалыптасуы: жалпы сипаттамасы.
Көшпелі қоғамның әлеуметтік ұйымы: дәстүрліден жаңаға
Қазақ көшпелі қоғамының материалдық өндіріс жүйесі. Кеңейтілген және минималды қауымдастық. Көші-қон бағыттары. Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы: ақ сүйектер мен қара сүйектер. Қазақ сұлтандары мәртебесінің эволюциясы. Жергілікті басқару жүйесіндегі қазақ шенеуніктерінің қалыптасуы.Қазақ көшпелі қоғамының әлеуметтік ұйымдастыру тәртібінің өзгеруі: жаңа таптар (шенеуніктер, дворяндар, құрметті азаматтар).
Қазақ көшпелі қоғамының «әлеуметтік инженерингі»: қазақ жастарын Ресей империясының кадет корпусында, гимназияларында және университеттерінде оқыту. Қазақ зиялы қауымының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі. Қазақ көпестерінің, саудагерлерінің пайда болуы.
Орынбор Мұсылмандары Діни Жиналысы және Қазақ даласы. Муфтияттағы қазақтардың діни істерін шығарып алу. Мешіттер салынуы және қазақ молдалары. Жәдидшілдік ағартушылық идеяларының ықпалы және Далада жаңа әдістемемен істейтін мектептер мен медреселердің ашылуы.
Діни конфессиялардың Қазақ даласындағы миссионерлік қызметі.
Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы халық-азаттық күресі
Е.Пугачев көтерілісіне қазақтардың қатысуы. «Көзге көрінбейтін» Көктемір көтерілісі. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздің ұлт-азаттық қозғалысы, Қаратай мен Арынғазы сұлтандардың қозғалысы (1816-1821). Старшын Жоламан Тіленшіұлының (1822-1824) наразылық қозғалысы. Бөкей хандығындағы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақтардың көтерілісі (1836-1838): көтерілістің қозғаушы күштері, сипаты, кезеңдері, маңызы. Сұлтандар Қасым Абылайханұлы, Саржан Қасымұлы бастаған Сібір ведомствосы қазақтары жеріндегі қозғалыс. Сұлтан Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы (1837-1847): қозғаушы күштері, барысы, негізгі кезеңдері және жеңіліс себептері. Тарихи әдебиеттегі Кенесары хан. Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлының көтерілістері. 1868-1869 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы және 1870 ж. Маңғыстау қазақтары көтерілістерінің себептері, сипаты мен барысы.
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ даласы: 1916 жылғы 25 маусымдағы «Тыл жұмыстарына бұратана халықтарды реквизициялау туралы» Жарлық, оның халыққа қарсы мәні. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері. Амангелді Иманов, Тоқаш Бокин, Бекболат Әшекеев, Әбдіғафар Жанбосынов және т.б. көтерілісшілер әскерлерін ұйымдастырудағы рөлі. Үкіметтің репрессиялық шаралары және жазалаушы әскерлердің әскери әрекеттері. Көтерілісшілердің әскери өнері. Жеңіліс себептері және көтерілістің тарихи маңызы. Қазақтардың Қытайға (Құлжа аймағы, Қашқария), Ауғанстанға үдере көшуінің бірінші толқыны. Қазақ зиялыларының 1916 жылғы көтеріліске көзқарасы. Отандық және әлемдік тарихи әдебиеттегі 1916 жылғы көтеріліске берілген бағаға жаңаша көзқарас.
Қазақстан мәдениеті (XVIII – ХХ ғ. басы)
Қазақ ауыз шығармашылығы: Бұқар жырау (Бұқар Қалқаманұлы (1693-1768), Ақтамберді жырау (1675-1768). Дипломат А.И. Тевкелевтің Қазақстан тарихы мен этнографиясы туралы журналдары мен естеліктері (1731-1759 жж.). Қазақстанды еуропалық және ресейлік ғалымдардың алғаш зерттеуі, П.С.Паллас, И.Георги, Н.П.Рычковтардың Қазақстандағы академиялық экспедициялары.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық күрестегі халық ақындарының рөлі. Махамбет Өтемісұлының шығармашылығы. Күнделікті батырлық және тұрмыстық-лирикалық жырлар: «Бекет-батыр», «Кенесары мен Наурызбай», «Айман-Шолпан». Қазақ халқының музыкалық-ән мәдениеті: «Тепеңкөк», «Қара жорға», «Аққу», т.б. Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862). Жер аударылған орыстардың (Г.С.Карелин, М.М.Муравьев-Апостол, Ф.М.Достоевский және т.б.) Қазақстан мәдениетіне қосқан үлесі. Қазақстанның өндіргіш күштерін, өмірі мен мәдениетін орыс ғалымдарының зерттеуі: А.И. Левшин, В.И. Даль және тағы басқа. Еуропалық саяхатшылар Қазақ даласы туралы. Ағартушы ғалым Шоқан Уәлиханов және оның Қазақстанның тарихы, географиясы, экономикасы мен мәдениетіне қатысты ғылыми мұрасы. Ы.Алтынсарин – ұстаз, ағартушы, жазушы, ғалым, этнограф, оның өмірі мен шығармашылығы. Ы.Алтынсариннің қазақ әдеби тілінің, этнографиясының дамуына қосқан үлесі. Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметінің маңызы. Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы ақын-ағартушы Абай Құнанбаев. Абай және Е.П. Михаэлис. Абайдың музыкалық мұрасы. Абай Құнанбаевтың қазақ халқының тарихы мен мәдениетіндегі тарихи орны.
ХІХ ғасырдағы халық композиторларының музыкалық шығармашылығы: Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889), Дәулеткерей Шығайұлы (1829-1882), Біржан сал Қожағұлұлы (1832-1895), Ақан сері Қорамсаұлы (1843-1913), Жаяу Мұса Байжанұлы (183-1895) және т.б. Қазақ әдебиеті. «Зар-заман» әдеби ағымы. Орыс-қазақ әдеби байланыстары.
Ғылыми қоғамдардың пайда болуы. Орыс географиялық қоғамының бөлімдері мен бөлімшелерінің (Орынбор, Семей, Түркістан бөлімдері) қызметінің маңызы. Статистикалық комитеттер және олардың қызметі. Қазан университетінің тарих, археология және этнография қоғамы. Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясы. Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімді басылымдар. «Қазақ», «Вақыт», «Шуро», «Ақмулла» газеттерінің, «Айқап» журналының қазақ халқының ұлттық болмысын қалыптастырудағы рөлі. Мұхамеджан Сералин (1872-1929), Спандияр Көбеев (1878-1956) Сұлтанмахмұд Торайғыров (1893-1920) және т.б. шығармалары.
Мерзімді баспасөз. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов және бүкілресейлік мұсылман қозғалысы. Қазақстан аумағындағы мұсылмандық қайырымдылық қоғамдары. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениетіндегі ағартушылық және реформаторлық бағыт. Қазақтың зияткерлік-рухани элитасының мұрасы.
«Алаш» қозғалысы және ұлттық мемлекет идеялары
Түркі-мұсылман халықтарының зияткерлік элитасы мен Ресей империясының өзара байланыстары. Ресей империясындағы мұсылман қозғалысының қалыптасуы. Бүкілресейлік мұсылман съездеріне қазақ элитасы өкілдерінің қатысуы (Н-Новгород, 1905; Петербург, 1906; Н-Новгород, 1906, 1907). Ресей мұсылмандарының қоғамдық-саяси қозғалысының қалыптасуындағы «Иттифак-эл-муслимин» (мұсылмандар одағы) рөлі. Орыс түркітану ілімі және оның қазақ ұлттық қозғалысының қалыптасуына әсері. Мұсылмандық қайырымдылық қоғамдары және олардың қызметі. Меценаттықтың пайда болуы мен дамуы. Маркстік, либералдық-демократиялық, кадеттік топтар мен ағымдардың қалыптасуы.
Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері. Революциялық өзгерістерге байланысты ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа міндеттері. Қазақ саяси элитасының қазақ комитеттерін құруға шақыруы. Облыстық қазақ съездері және олардың маңызы. Уақытша үкімет органдарындағы ұлттық интеллигенция өкілдерінің қызметі. 1917 жылғы жаздағы саяси дағдарыс. Шілдедегі жалпықазақ съезі және Алаш партиясын құру туралы шешім. Партия бағдарламасы. Бүкілресейлік құрылтай жиналысы мен Алаш партиясы депутаттарын сайлау. Қазақ зиялыларының саяси, мәдени-ағартушылық қызметін зерттеудегі жаңа тәсілдер.
Әдебиеттер
Негізгі
Достарыңызбен бөлісу: |