2. Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді осы баптың 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде, оның ішінде:
1) биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
2) Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасына сәйкес жұртшылыққа биологиялық
қатерлердің тәуекелдеріне алып келетін жағдайлар туралы хабар беру;
3) биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингтеуді жүргізу және болжау (модельдеу)
қағидаларына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы статистикалық ақпаратты және өзге де есепке алу
мен есептік құжаттаманы (ақпаратты) беру;
4) биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
мәселелеріне байланысты нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік техникалық құжаттардың, ұлттық және
(немесе) мемлекетаралық стандарттардың жобаларын келісу;
5) биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемелерін әзірлеу және бекіту;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру арқылы жүзеге
асырады.
3. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган, ветеринария,
өсімдіктерді қорғау, ғылым саласындағы, өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органдар осы баптың 2-
тармағында көрсетілген
функциялардан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті
шегінде:
1) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілердің, ықтимал қауіпті
биологиялық объектілердің тізілімдерін жүргізуді;
2) патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттердің, патогендігі I және II топтардағы патогенді
биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын мамандардың тізілімдерін жүргізуді;
3) осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы
профилактикалық іс-шараларды жүргізуді;
4) осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке
алуды және мониторингтеуді;