История фармации


-тарау. БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ ТАЛАПТАРДЫҢ САҚТАЛУЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата19.09.2023
өлшемі0,66 Mb.
#108520
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2 тема биобезопасность.каз[1]

 4-тарау. БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ ТАЛАПТАРДЫҢ САҚТАЛУЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ 
ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ 
20-бап. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау 
1. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау (бұдан 
әрі – мемлекеттік бақылау және қадағалау) олардың бұзылуының алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге және 
жоюға бағытталған және осы Заңда, Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық 
саламаттылығы саласындағы, ветеринария, өсімдіктерді қорғау, өсімдіктер карантині, терроризмге қарсы іс-
қимыл саласындағы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының 
Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар немесе патогенді 
биологиялық агенттермен жұмыс істеу жүзеге асырылатын объектілер (бұдан әрі – бақылау және қадағалау 
субъектілері (объектілері) мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілері немесе объектілері болып 
табылады.
3. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жүзеге асырылатын мемлекеттік бақылау және қадағалау 
объектілері эпидемиялық, эпизоотиялық, эпифитотикалық тәуекел дәрежесі жоғары объектілерге жатады.
Эпидемиялық, эпизоотиялық, эпифитотикалық тәуекел дәрежесі жоғары объектілер екі топқа бөлінеді:
1) патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жүзеге 
асырылатын ықтимал қауіпті биологиялық объектілер;
2) патогендігі III және (немесе) IV топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жүзеге 
асырылатын ықтимал қауіпті биологиялық объектілер.
Мемлекеттік бақылау және қадағалау объектілерін аталған топтарға жатқызу патогенді биологиялық 
агенттердің патогендігі және қауіптілік дәрежесі бойынша сыныптамасы ескеріле отырып, патогенді 
биологиялық агенттерді аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатындарға жатқызу өлшемшарттарының және 
патогенді биологиялық агенттер тізбесінің негізінде жүзеге асырылады.
4. Бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты мемлекеттік бақылау Қазақстан 
Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген нысандарда жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік бақылау және қадағалау шеңберінде бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) 
осы Заңның 21-бабына сәйкес жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет