8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің биологиялық қауіпсіздік
саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне мыналар жатады:
1) биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі
бағыттарын әзірлеу және оларды жүзеге асыруды ұйымдастыру;
2) патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық
коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларын
және оларды қалыптастыруға, жүргізуге және күтіп-бағуға уәкілеттік
берілген ұйымдардың тізбесін бекіту;
3) патогенді биологиялық агенттердің патогендігі және қауіптілік дәрежесі
бойынша сыныптамасын ескере отырып, патогенді биологиялық
агенттерді аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатындарға жатқызу
өлшемшарттарын және патогенді биологиялық агенттердің тізбесін
бекіту;
4) өзіне осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және
Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де
функцияларды орындау.
9-бап. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның құзыретіне мыналар жатады:
1) биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты нормативтік құқықтық актілердің,
нормативтік техникалық құжаттардың, ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандарттардың жобаларын
келісу;
2) биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйені жүргізу;
3) биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингтеуді жүргізу және болжау (модельдеу)
қағидаларын әзірлеу және бекіту;
4) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілерді, ықтимал қауіпті
биологиялық объектілерді, патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттерді және олармен
жұмыс істеуді жүзеге асыратын мамандарды есепке алудың жүзеге асырылуын мониторингтеу;
5) патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-
бағу қағидаларын және оларды қалыптастыруға, жүргізуге және күтіп-бағуға уәкілеттік берілген ұйымдардың
тізбесін әзірлеу;
6) биологиялық қауіпсіздік саласындағы кадрларды кәсіптік даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың
біліктілігін арттырудың үлгілік бағдарламаларын келісу;
7) патогенді биологиялық агенттердің патогендігі және қауіптілік дәрежесі бойынша сыныптамасын ескере
отырып, патогенді биологиялық агенттерді аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатындарға жатқызу
өлшемшарттарын және патогенді биологиялық агенттердің тізбесін әзірлеу;
8) патогендігі І және ІІ топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс
істеуді жүзеге асыру үшін мамандардың кадр резервін қалыптастыру қағидаларын
әзірлеу және бекіту;
9) биологиялық қорғауды қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
10) биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемелерін келісу;
11) биологиялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік техникалық құжаттардың,
ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандарттардың тізбесін әзірлеу және
бекіту;
12) биологиялық тәуекелдерді сыртқы бағалау тиімділігіне мониторинг жүргізу
қағидаларын әзірлеу және бекіту;
13) осы Заңның 10-бабының 3-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар
жүргізетін биологиялық тәуекелдерді сыртқы бағалау тиімділігін мониторингтеу;
14) биологиялық қатерлерді талдау және болжау;
15) биологиялық қауіпсіздік саласындағы нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық
жобалар мен бағдарламаларды келісу;
16) биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша халықаралық
ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;
17) Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасына сәйкес
жұртшылыққа Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігінің жай-күйі
туралы хабар беру;
18) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан
Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде
көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
|