Сiбiрдегi үстемдiгiн бекiттi. Иштеми (Iстеми) қаған
қазiргi Қазақстан, Орталық Азия аумағын бағындырып,
Едiл мен Солтүстiк Кавказға шықты.
Қытай жылнамаларындағы деректер бойынша Мұқан
қаған «шегара (Ұлы қорған) сыртындағы барлық
иелiктердiң зәресiн ұшырды». VI ғасырдың 60-
жылдары Түрiк қағанаты сол кездегi iрi мемлекеттер –
Византия, Иран, Қытаймен өзара қарым-қатынас
жасады. Түрiк қағанаты нығайған кезiнде (VI ғасырдың
70-
жылдары) Маньчжуриядан Босфорға дейiнгi жердi
алып жатты. Иштеми қаған тұсында түркiлер әскери
жағынан қуатты империяға айналды.
Түркілердiң батысқа жылжуы тек жаулап алушылық
қана емес, түркi тайпаларының iрi көшi-қонына
ұласты. Жергiлiктi тайпалар түркілерден құралған
мемлекетке қосылды немесе Шығыс Еуропаға қарай
жылжыды.
VI
ғасырдың 80-жылдарының соңында түркілер
Парсы елімен одақтасты. Оңтүстік Қазақстан мен
Орталық Азиядағы қуатты эфталиттер мемлекетін
талқандады. Эфталиттер мұрасын бөлуге
байланысты одақтастар арасында жанжал шығып,
ол тез арада шешілді. Түркілердің өз әскерiн керi
алып кеткенi үшiн Парсы жағы оларға үлкен көлемде
алым төлеуге міндеттенді.
VI
ғасырдың 80-жылдарының соңында түркілер Парсы
елімен одақтасты. Оңтүстік Қазақстан мен Орталық
Азиядағы қуатты эфталиттер мемлекетін талқандады.
Эфталиттер мұрасын бөлуге байланысты одақтастар
арасында жанжал шығып, ол тез арада шешілді.
Түркілердің өз әскерiн керi алып кеткенi үшiн Парсы жағы
Достарыңызбен бөлісу: |