Introduction and use of Chinese characters in Korean language
The article discusses the introduction of Chinese in the Korean language and its use.
Key words:
Chunjamun, Venian, Hanmun, Idu, Hyangchal, Hangul, mixed writing, borrowed words, lexicon of
characters.
Жалпы иероглифтер Қытайдан тыс,
көршілес мемлекеттерге таралды. Барлық
Шығыс Азиядағы конфуциандық мемлекет
-
терде ұзақ ғасырлар бойы мемлекеттік тіл мен
ғылыми және мәдени тіл – «вэньян» болды.
Вэньян – көне қытай классикалық жазу тіл.
Ол б.з.д. І мың жылдықтың соңында қытай
(нақтырақ айтқанда шығыс азия) мәдениетінің
көптеген классикалық мәтіндерінде жазылған
тіл болып саналады. Сонымен қатар ол «Қиыр
Шығыстың латын тілі» деп аталынған. Барлық
«маңызды» мәтіндер, яғни ресми іс-қағаздар,
жоғарғы стильдегі әдебиет, Сайгоннан бастап
Токиоға дейін осы тілде жазылған болатын. Вэ
-
ньян ауызша қытай тіліндегі диалектілерден ла
-
тын тілі француз тілінен ерекшеленген сияқты
бірте-бірте ерекшелене бастаған болатын. Бұл
тіл Шығыс Азия мемлекеттердің ішінде: Корея,
Жапония және Вьетнам мемлекеттеріне еніп
кірген болатын [1,3].
Осы мәдени ортақтастың бөлігі Корея болды.
Өзінің Қытайға географиялық тұрғыда жақын
болу себебінен, Корея қытай мәдениетінен ерте
әсер алған болатын [5,9].
112
ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №2(68). 2014
Қытай тіліндегі иероглифтердің корей тіліне енуі және олардың қолданылуы
Қытай жазуы Кореяға VII ғасырларда «Үш
мемлекет» кезеңінде «буддизмнің» кіруімен
еніп кірген болатын. Алайда корейліктерге
иероглифтерді таныстырған діни мәтіндер емес,
«Чжонджамун» деген қытай тілінде жазылған
мәтін болды. Чжонджамунды қытай тілінен
аударсақ, «мың классикалық иероглифтер»
дегенді білдіреді [9,10].
Кореяда вэньянды – «ханмун» (
한문,漢文
)
деп атай бастаған. «Ханмун» (
한문,漢文
) – «Хан
жазуы» деп аударылады. Бұл жердегі «Хан»
дегеніміз ежелгі Қытайдың атауларының бірі
болып табылады. Корейліктер «ханмуньды»
өздерінің жазулары ретінде қолдана бастады.
Өйткені оларда сол кезде өздерінің жазула
-
ры болмады. Ханмун Кореяда ұзақ ғасырлар
бойы мемлекеттік тілдің ресми жазуы ретінде
қолданылды. Ханмунның мемлекеттік тіл
ретіндегі ресми статусы қытай үлгісіндегі шен
-
ге тапсыратын емтихан (кваго) мен монахтыққа
тапсыратын емтихандар (сынгва) жүйесіне
сүйене отырып бекітілген болатын. Олардан
сәтті өту үшін конфуциандық немесе буддисттік
каноникалық әдебиетті терең біліп қана қоймай,
сонымен қатар, ханмун тілінде шығарма мен
өлең жазу білуі керек болатын. Қытай тілі мен
оның классикалық әдебиетімен танысу адам
-
зат сауаттылығының маңызды көрсеткіші бо
-
лып саналатын. Қытай тілінің жазбаша тілі
корей ғалымдарына сыртқы әлеммен қарым-
қатынас құралы ретінде қызмет атқарды. Со
-
нымен бірге ол корей ғалымдарына қытай және
жалпы қиыр шығыстың рухани мәдениетінің
байлықтарын ашып көрсеткен болатын. Ко
-
рей әдебиеттанушылардың ханмун тілінде
жазылған көптеген шығармалары өз кезегінде
Қытайда қадірі артып қана қоймай, Кореяның
халықаралық мәртебесін арттыруда үлесін
қосты [6,8].
Ханмун тек әдебиетпен ғана емес, сурет
өнерімен, бірінші кезекте көркем жазумен
қатысы болған. Көркем жазудың үйренудің
өзінде Қиыр Шығыста бірнеше жылдық тәжірибе
ғана емес, жоғарғы деңгейдегі рухани жетілу де
қажет болды. Корей өнертанушылардың ойын
-
ша, көркем жазу таңдаулы қарапайымдылық,
ішкі күш және үйлесімдікпен жазылуы тиіс.
Дәл осы сипаттар Кореяның орта ғасырлардағы
және қазіргі замандағы көркем жазушылардың
жұмыстарына сай болып келеді. Көркем өнердің
көп саласы иероглифтерге тікелей қатысы
болған. Соның ішінде өзінің сапасымен таны
-
мал корей қағаздардың, көркем жазуға арналған
ерекше қылқаламдардың, су құюға арналған
әшекейлі ыдыстардың, қылқаламға арналған
таңдаулы тығырықтардың және де басқа да
қолданбалы өнердің керемет туындылардың
жасап шығарылуында тікелей қатысы болды [6,
15].
XV ғасырдың ортасында корей тілінде
алфавиттің пайда болуына дейін ханмун Ко
-
реяда «Иду» мен «Хянгчальды» санамағанда
жалғыз жазба тілі болып қалды. «Иду» мен
«Хянгчаль» – корей сөздерін жеткізу үшін қытай
иероглифтерін бейімдеудің бірнеше әрекеттер
жасаудағы жазу жүйесі болып табылады. 1443-
1445 жылдары Ли династиясының патшасы
Седжонгның басқаруымен бір топ ғалымдар
корей тіліндегі алфавит «хангыльды» (
한글
)
жасап шығарды. Бұл алфавит корей тілінің ды
-
быстарын жеткізу мақсатында, сонымен қатар
иероглифтік жазуды корей тіліне бейімдеу
(иероглифтерді мағыналық тұрғыда емес, ды
-
быстау тұрғысында) мақсатында жасалып
шығарды. Бұған дейін жоғарыда айтылып кет
-
кен «Иду» мен «Хянгчаль» иероглифтік жазуды
корей тіліне бейімдеуде сәтсіздікке ұшыраған
болатын [3,7].
Дегенмен де, корей алфавиті жасалып
шығарылғанмен де 400 жыл бойы қолданылмады.
Ресми жазу ханмун болып қалды. Тек ХІХ
ғасырдың аяғына, 1895 жылы патшаның
жарлығы бойынша корей тіліне «Араласқан
жазу» енгізілген болатын. Бұл дегеніміз қытай
иероглифтері мен корей алфавитін, яғни ханмун
мен хангыльды бірге қолдану дегенді білдіреді.
Ханмун мен «араласқан жазуды» шатастыруға
болмайды.
«Араласқан жазу» – бұл қытай тілінен кірген
сөздердің (морфеманың көп бөлігі) иероглиф
-
термен жазылып, ал барлық грамматикалық фор
-
манттар (септік жалғаулар, демеуліктер және
т.б.) корей алфавитімен жазылатын жазу жүйесі
болып табылады. Мысал келтірсек,
人民을
(
인
민을
– корей тілінде жазылу түрі, инминыль –
дыбысталу түрі) деген сөзді қарастырсақ,
人民
–
деген иероглифпен жазылып сөздің мағынасын
білдіріп тұрса, -
을
септік жалғауы (соның ішінде
табыс септік жалғауы), яғни грамматикалық
формант ретінде қолданылып тұр. Бұл сөзді
қазақ тіліне аударсақ, «халықты» немесе «елді»
дегенді білдіреді. Ал қытай тіліндегі ханмунның
113
ISSN 1563-00226 KazNU Bulletin. Oriental series. №2(68). 2014
М.Е. Култасов
(вэньян) грамматикасы корей тілінің граммати
-
касынан мүлдем өзгеше болып табылады. Со
-
нымен қатар қытай тіліндегі ханмунде жазылған
мәтіндердің барлығы дерлік тек иероглифтер
-
мен жазылады [4,8].
Жалпы біз шет тілден кірген сөздерді «кірме
сөздер» (
외래어
) дейміз. Кореяның өзінде
қытайдан кірген сөздерді «кірме сөздерге»
жатқызбайды. Оларды «иероглифтік сөздер» не
-
месе «иероглифтік лексика» (
한자어, 한자말
)
деп атайды. Алайда оның корей алфавитімен жа
-
зылатын, өзінің спецификалық ерекшеліктерін
сақтайтын жазу әдісіне қарай біз оны
«иероглифтік» деген терминнің қолданылуымен
келісе алмаймыз. Сонымен бірге «қытай тілінен
кірген» деген термин де қате болып саналады.
Өйткені корей тілінде барлық сөздер қытай
тілінен кірген жоқ. Жапон, ағылшын сияқты
тілдерден де кірген сөздер бар. Тіпті корей
тілінің өздерінің де сөздері бар. Сондықтан да
«ханмундық лексика» деген термин нақтырақ
болар. Яғни мәтінде өзінің тегі қарамастан ие
-
роглифпен жазыла алатын мағыналы морфема
болып табылады [1,39].
Қазіргі кезде «ханмундық лексика» ко
-
рей тілінде кейбіреулері 70%-дан тұрады десе,
кейбіреулері 60%-дан 80%-ға дейін тұрады дейді.
Соның ішінде қытайдан кірген сөздер көбінесе
интеллектуалды, мәдени, ғылыми-техникалық,
саяси, сонымен бірге діни-философиялық
терминологияларда көп кездеседі. Ол түгілі
қытайдан кірген сөздер күнделікті әңгімелерде
де көп қолданылады.
Корей тілінде заттар мен іс-әрекеттер корей
сөздерімен қолданылады, алайда оларда қоғамда
жоғарғы статусы бар, әрі сыпайылылықты
көрсетуде қолданылатын ханмундық эквива-
ленттері бар [2,45].
Қазіргі корейтілінде «ханмундық сөздер»
жоғарыда айтылып өткен «араласқан сөздер»
ретінде, сонымен бірге алфавит ретінде де
қолданыла береді. Бірақ та корей тіліндегі
мәтіндердің көбісі алфавитпен жазылады.
«Араласқан жазу» болса тек газеттерде ғана
қолданылады. Оның аз қолданылу себебі
иероглифтерді жаттау корейліктерге қиынға
соғатындықтан. Кәдімгі корей газетіндегі мәтін
шамамен төрттен үш бөлігі осы «ханмундық
сөздерден» тұрады. Сондықтан да осы сөздерді
иероглифтермен жазып көрсек мәтіннің жар
-
тысы иероглифтерден құралатын еді. Төрттен
үш бөлігі емес, жартысы. Өйткені жоғарыда
айтып өткендей корей тіліндегі жұрнақтар,
жалғаулар, демеуліктер және т.б. корей
алфавитімен жазылатындықтан. Осылайша сау
-
атты корейліктер біздің ғасырымыздың ортасы
-
на дейін жазып келген болатын (ХІХ ғасырдың
соңына дейін олар көне қытай тілінде жазған
болатын) [5,60].
Алайда 1945 жылдан кейін иероглифті
ығыстырып, оның орнына корей алфавитін
орнықтыру басталды. 1960 және 1970 жыл
-
дары бұл үрдіс жылдамдығын арттырды. Сол
кезде қаладағы индустрияландыру көптеген
шаруалардың көшіп келуіне әкеп соқтырды.
Кезінде иероглифтерді үйрене алмаған ша
-
руалар корей алфавитін (
한글
) әрі тез, әрі
оңай қолдануды үйренген болатын. «Хангыль
қоғамы» деп аталатын корей ұлттық жазуын
ұстанушылар корей алфавитіне көшуіне аса
үлкен рөл ойнаған болатын. Нәтижесіде олардың
белсенді насихаттаулары мемлекеттің, ұлттық
интеллигенцияның қолдауымен иероглифтерді
ығыстырып, алфавиттік жүйеге көшу «нағыз
Кореяның ұлттық рухын» көрсетіп қана қоймай,
сөзсіз игілігі болып табылады деп, көптеген
корейліктерді сендірді [7, 29].
Осы белсенді насихаттаудың нәтижесінде
бастауыш мектептердегі оқу бағдарламасынан
иероглифтерді алып тастаған болатын. Де
-
генмен де, орта мектептерде ол қазіргі күнге
дейін оқытылып келеді (кемінде 2000 иероглиф
оқытылу керек деп ресми түрде бекітілген).
Қарапайым халыққа арналған барлық ба
-
сылымдар да алфавиттік жүйеге ауысты.
Бірақ та экономикалық, саяси және зиялы
қауымдарға арналған ерекше әдебиет пен рес
-
ми іс-қағаздардың көп бөлігі араласқан жазу
-
да жазылған болатын. Бұл ерекше әдебиет пен
ресми іс-қағаздар да иероглифтер кең ауқымды
түрде қолданылған. Қазіргі кездегі көптеген ба
-
стауыш мектептерде иероглифтерді үйрету жар
-
тылай заңсыз түрде өтіп жатыр. Бұл сірә көне
жазудың ұстанушыларының қасарушылықтары
мен кертартпалықтарының салдарынан болып
жатыр [10, 21].
Ұлттық насихаттауға қарамастан алфавиттік
жүйеге көшу сөзсіз игілік болып табылмайды.
Оны иероглифтік жазудың ұстанушылардың
үздіксіз тойтарыс беріп жатқандарынан көруге
болады. Олар өздерінің сөйлеулерінде және
114
ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №2(68). 2014
Қытай тіліндегі иероглифтердің корей тіліне енуі және олардың қолданылуы
мақалаларында иероглифтік жазу бүкіл Қиыр
Шығыстағы – Қытай, Корей, Жапон, Тай
-
вань, Сингапур, Гонконг және тарихи Вьетнам
елдерінің жазу жүйесі болып табылады де
-
ген. Қазіргі күндері осы елдердің арасындағы
экономикалық қарым-қатынастарын нығайтуда
маңызды сыртқы саяси тапсырма болып санала
-
ды. Алайда Кореяның иероглифтік жазудан бас
тартуы осындай қарым-қатынасты қиындыққа
әкеп соқтырады, сонымен қатар корейліктер
(оңтүстік пен солтүстік) мен олардың
көршілерімен арасындағы түсініспеушілікті
арттырады. Иероглифті сақтап қалудағы
екінші аргумент – сөздердің этимологиясын
«айқын» етеді, яғни сөздердің түбірін түсінуде
айтарлықтай көмегін тигізеді, керек болған
жағдайда қытай тілінің түбірін пайдалана оты
-
рып жаңа сөздер мен сөз тіркестерін жасап
шығаруда да көмегі тиеді. Осындай неологизм
-
дер корей тілінің түбірінен және батыс елдерінен
(ағылшын) кірген неологизмдерге қарағанда
пайдалануда қысқа және ыңғайлылығымен
ерекшеленеді. Үшіншіден, иероглифтер көп
қолданылатын ғылыми терминдер сияқты
кіретін арнайы мәтіндерді иероглифтерсіз түсіну
мүмкін емес. Және төртіншіден, иероглифтер –
ескі корей мәдениетін түсінуде қажетті шарт бо
-
лып табылады [3,5]
Достарыңызбен бөлісу: |