8. Қытай Гоминьдан үкіметінің саяси жүйесі. 12 айдың 29 күні 17 провинция өкілдерінен 16 адамның даусы бойынша Сунь Ятсен приездент болып сайланды. Ол 1912 жылы 1 қаңтар күні ант беріп міндетін қабылдады. Ол. Ұлтты біртұтастандыру; территорияны біртұтастандыру; әскери саясаты біртұтастандыру; ішкі басқаруды біртұтастандыру, қазына басқаруды біртұтастандыру деген бағдарламасын жариялады...
3 қаңтар күні Ли Юаньхун (黎元洪 ) президенттің орынбасары болып сайланды, Сол күні Сунь уақытша үкімет құрылды, оның мүшелерін жариялады. Жалпы 9 адам болды.9 Министрл және оның орынбасарларын тағайындады. 28 қаңтар күні уақытша парламет құрылды. Оның басшылы болып Лин Сың болды. Мүшесі 43 адам болды. Оның 33 Тунминьхэйдың мүшелері болды...
Саяси күрестердің салдарынан 10 науырыз күні Юань Шикай бейжиңде президенттік міндетке ант беріп отырды.
11 науыр күні Сунь «Қытай республикасының уақытша конституциясы (中华民国临时约法) жариялады. Онда қытай республикасының билігі халықта болады; халықта жеке басының еркіндігі, жүріп-тұру, баспа сөз, жиналыс өткізу, қоғам құру, хат хабар алмасу діни еркіндік болады. Халықта птиция беру, арыз беру, сайлау сайлану құқығы болады деп көрсетілген.
Конститция заң шығару, әкмшілік, сот сынды үш билікті бөліп көрсетті. Мемлекеттік жүйеде премъер министирлік жүйені қабылдады. Үкімет басшысы көп орын алған партияның өкілінен сайлану принципін қолданды.
Міне, бұл қытай тарихындағы ең алғашқы буржуазиялық Конституция болып табылады....
3. Жергілікті миллитаристік билік жүйесінің қалыптасуы. Юань Шикай өлгеннен кейін (1916 жыл маусым) орның онына Ли юаньхун президент болды. Іс жүзінде мемлекеттік билік Дуан Шируидың (段祺瑞) қолында болады. Ол кезде үкімет басшысы болатын. Екеуінің билікке таласуы жүріп жатады. 1917 жылдың басында Жапония Қытайды жеке дара аккупациялау үшін Дуанды Германияға қарсы соғыс жариялатады. АҚШ Жапонияның Қытайды жалғыз аккуппациялауына қарсы болып. АҚШ Ли Юанхун арқылыЖапонға қарсы болады. Бірақ соғысқа қатысуда олардың өз есебі болды. Ли халықтың Дуанға қарсылығын пайдалана отырып оны қызметінен босатып жіберде.
Бірақ Шуй чжоуда тұрған Чжаншун деген миллитарст Ли мен Дуан арасына дәнекерлікке жүремін деген сылтаумен Пекинге әскерімен кіріп, Лиді биліктен дайдырып, парламетті таратады. Осы кезде Дуан оларға жорық жасап, 1917 жылы 12 шілде күні Пекинге кіріп ЧжанШунды қуып жібереді. Соныңмен президеттің орынбасары болған Фын Гочжан (冯国璋) президет болады да, Дуан қайтадан премъер министр болады. 14 тамызда Дуан үкіметі Германия мен Австрияға қарсы соғыс жариялайды.
Дуан үкіметі соғыс жариялап қойып соғыспайды, ішке қарай соғыс жаряламай-ақ соғысу саясатын қолданады. Ол Жапониядан 500 Миллион иен қарыз ақша алып өзінің әскери күшін нығайтуға кіріседі. 1918 жылы мамырда ол Советтік Ресейге қарсы тұру деген атпен «Қытай-Жапония ортақ жаудан қорғану әскери келісіміне» қол қояды. Соған сәйкес Жапония қытайда әскер ұстауға және соғыс бола қалған жағдайда қытай әскерлеріне колмнадырлық етуге құқықты болады.
Дуан оңтүстікті өзіне толық қарату үшін оларға жарияланбаған соғыс ашады. Ал оңтүстіктегі генералдар «тәуелсіздік», «дербестік» жариялайды.
1917 жылы шілде айында Сунь Ятсен Шынайы республика құрайық «Уақытша Конституцияны» қалпына келтірейік деген «Заңды қорғау» қозғалысн жүргізеді. Заң қорғау әскери үкіметі құрылады, оның бас қолбасшысы болып Сунь сайланады. 1917 жылдың қарашасында Дуан отстапкаға кетеді. 1918 жылы Сунның бұл қозғалысы сәтсіздікпен аяқтайды.
Осыған дейгінгі әскери жүйенің қалыптасуы төмендегідекй болған:
Бейян әскери жүйесінде ең мықтысы Дуан басшылығындағы Уань ши жүйесі мен Фын басшылығындағы Чжы ши жүйесі. Олар Жапонияға сүйенеді, Ан хуй,, шань дун. Чжычжияң, Шанши, Фучжиян қатарлы провинцияларды бақылауда ұстайды. Дуан пекин орталық үкіметті уысында ұстап тұрған.
Ал Чжши жүйесіндег миллитаристер Англия мен Ақш-қа иек артады. Олар Чжинсу, Чжинги, Хубей, Хыбей қатарлы провинцялар.
Фынши жүйесіндегі Жан Золин бастаған миллитаристер Жапнияға сүйне отырып Солтүстік шығысты бақылауында ұстап тұрған.
Жергілікті миллитарсттерден Шанши провинциясын басып жатқан ЯнШишань, Оңтүстіктегі Юннань Гуйчжоуды басып жатқан Тан Чжияао және Гуандун, Гуанши провинциясын басып жатқан Гуши жүйесіндегі Лу Роңтиң болған.
Демек. Қытайдың саяси жүйесі қарама-қайшылққа толы болған жағдайда. Ресейдің Қазан төңкерісі қытайды да дұр сілкіндірді. Сунь: Ресей төңкерісі қытайдың үлгісі болады – деп мәлімдеді. «Жаңа мәдениет қозғалысы» белсенділері ендігі жерде маркитстік лениндік идеологияны қытайға насихаттады. 1919 жылы «4-мамыр жастар қозғалысы» патриоттық қозғалыстарды жоғары деңгейге көтерді. 1921 жылы ҚКП Шанхайда құрылды.
1921 жылы қарашаның 12 нен 1922 жылы 6 ақпанға дейін АҚШ-тың ұсынысы бойынша Вшингитонда конференциясына АҚШ, Англия, Жапония, Франция, Италия, Қытай, Голландия, Португолия және Бельгия тоғыз мемлекет жиналыс өткізіп. Соңында АҚШ, Англия,Жапония және Франция «Тынық мұқит аймағындағы аралдардың иелері және оның иеліктері жөнінде Конвенцияға» қол қойды. Оны «Төрт мемлекет конвенциясы» деп та атайды. Сол арқылы Батыс державалары Тынық мұқитқа қайтып оралды және қытайды қайтады жартылай отарлайды.
Соған қарамастан, қытай миллитаристері ең жоғары билік үшін өзара қырқысты.
Сонымен қатар бірқатар миллитаристер «провинциялық автонмия» немесе «Бірлескен провинциялық автонмия» деген саяси жүйе құруды ұсынды. 1922 жылы қаңтарда Хунан провинциясы «Провинциялық Конституция» жариялап «Хунан –Қытайдың автономиялы провинциясы» деп мәләмдеді. Одан соң Сышуан, Гуйчжоу, Уйинан, Гуанши, Чжжияң провинцияларының губернаторлары да сондай мәлімдеме жасады...