Қытайдың саяси жүйесі бойынша лекциялар Лекция -1. Кіріспе сөз. Жүйе және саяси жүйе ұғымдары . Біздің сөйлейтініміз – саяси жүйе. Олай болса алдымен жүйе –system деген қандай ұғым екендігін алдымен анықтап алуымыз керек. Жүйе дегеніміз әр бөлшектер арасын жалғастырып тұратын механикалық байланыс. Егер адамның дене мүшелерінің саны мен орындарын құрылым stuucture деп түсінсек, онда олардың арасын құрастырып тұрған қатынасты – жүйе деп атаймыз.
John W. Burton деген ғалым, жүйе «орындар (эдиницалар) расындағы байланыстар, бір жүйенің орны ұқсас бір тізбектер қосындысы болып, ерекше қатынас қалыптастырады» деп санайды екен. Бір үлкен жүйенің ішінде кішкене жүйелер болады, сол кішкене жүйені жеке бөліп алып дербес талдау жасауға болады.
Міне, біз осындай концепция бойынша Қытайдың саясаи жүйесінің тартхи эволюциясын пайымдаймыз.
Қытайдың мемлекеттік саясаи жүйесі қалыптасқанға дейін қытайлықтар алғашқы мемлекеттік құрылымдарды бастан кешкен. Оны қытайдың жазба деректері бойынша айтсақ, Шамамен б.з.д. 2200 жыл шамасында құрылған Ция (夏) деген рулар одақтастығынан құрылған алғашқы мемлекет пайда болған. Олардың негігі қимыл өңірі –Хэбей, Хэнань және Шаньдун провинцияларының шекаралас өңірлері болды. Ция әулеті б.з.д. он алтыншы ғасырдға дейін 17 елбасы 471 жыл билік жүргізумен аяқтаған.
Ция әулетінің негізгі экономикасы егін шаруашылығы болған. Сонымен қатар олар қоладан қару жарақ, ыдыс-аяқтар жасаған екен. Олар таулардан, өзендерден алтын теріп, оны қиып пайдаланған. Демек қытайлар Ция әулетінен бастап Қола дәуіріне қадам басқан.
Б.з.д. он алтыншы ғасырда Шан (商) деп аталатын мемлекет құрылымы пайда болған. Ол дәуірде (он алтыншы ғасырдан он бірінші ғасырға дейін) құлдық қоғамның дамуы. Шандардың арғы тегі Хуанхэның орта батыс ағыснда өмір сүрген байырғы рулар болып табылады. Тарихи аңыздарда шандардың «Тәңірдің әмірімен ғажайып құс жерге түсті, одан Шан туды» дейді.Ғажайып құс дегені – қарлығаш ...
Шан әулетінен бастап атадан балаға жалғасатын шежіре болған. Демек Шандардан бастап қытайлықтар аталық дәуірге қадам басқан. Шандардың қимыл өңірі де жоғарыдағы Циялармен бір өңірде немсе олардан сәл кеңірек болған. Шандар негізінен егін шаруашылығымен шұғылданған. Олар ағаш және тас соқаларды қолданған, Көк қоладан құрал-сайман жасай білген. Оларда құлдық қоғам жүйесінде өмір сүрген. Олардың кезінде қолөнер кәсібі айтарлықтай дамыған. Шан әулетінің билігі Шан патшасының қолына шоғырланған. Оларда билік атадан балаға және ағадан ініге жалғасып отыратын болған. Олардың соңғы кезінде ғана әкеден балаға мұрагерлік жүйесі қалыптасқан екен. Оларда күшті әскери қосын болған.
Шан әулеті кезінде қытайдың жүлдызнамасы жарыққа шыққан және жазуы пайла бола бастаған. Олар жазуды алғаш тасбақаның сүйегіне, қолаға және бамбокқа жаза бастаған.
Олардың дүниетанымында «上帝 тәңірдің билеушісі, оның астындағылар қара халықтар. 上帝 тәбиғаттың қожасы, ол адамдарға бақыт та әкеледі, ала пат та әкеледі» деп түсінген.
Шаннан кейін Қытайда Батыс Чжоу (西周) мемлекет қалыптасқан. Чжоу әсілі Хуанхэ зені орта шеніндегі байырғы тайпалардың бірі. Б.з.д. 11 ғасырдың соңында билік ұррып 8 ғасырға дейінгі дәурендеген. Соныдқытан осы мезгілді қытай тарихында Батыс Чжоу династиясы дәуірі деп те атайды. Бұл мезгілде Қытай қоғамдық тарихы феодалдық қоғамның алғашқы дәуіріне қадам басқан. Ол кезде қытай жерінде көптеген феололдық наместалық мемлекеттер пайда болды. Оларды тарих сабағында оқыдық.
Лекция -2. Қытайда мемлекеттік саяси жүйенің қалыптасуы.
ЦиньШи-хуанди билікті өз қолына алғаннан кейін, бірқатар аса маңызды реформалар жүргізу арқылы мемлекеттік саяси жүйені қалыптастырды. Ол Феодалдық біртүтас мемлекет қажеттілігін негізге ала отырып, саяси әкімшілік басқару жүйесін құрып шықты. Яғни Қытайдың феодалдық саяси жүйесінің негізін қалыптастырды. Атап айтқанда:
1. Феодалдық патшаның авсалютты билік жүйесін мықтап қалыптастырды. Өзін Хуаңди 皇帝-деп атады. Патша ең жоғарғы саяси, әскери әкімшілік басшы және шексіз биліктің ие болып бекітілді. Орталық билікті басқаруды патшадан кейінгі, Чиншаң, Тайуй, Уйшыдафу ( 相, 太尉,御史大夫) уәзір саяси істерді, тайуй әскери істерді, уйшы дафу – Орталыққтың әкімшілік, хатшылық, тарих және бақылау істерін басқарады.
Жергілікті басқару жүйесін – аймақ және аудандық (Чжун, шиянь –郡县) деп екі дәрежег бөліп құрды. Оның басшыларын патша өзі тікелей тағайындайды және мансаптан алып тастай алады...
Цинь патшалығы идеологиялық бақылау жүйцесін күшейтті...