VI. ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫ ЖАҚСАРТУ
6.1. Денсаулық сақтау
Қазақстан Республикасы бекіткен Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар
туралы Халықаралық пактінің 12-бабы 1-тармағында «Осы Пактіге қатысушы мемлекет-
тер әрбір адамның дене және психикалық денсаулықтың ең жоғары қол жетімді деңгейіне
құқығын таниды» деп жазылған. БҰҰ-ның Экономикалық, әлеуметтік және мәдени
құқықтар жөніндегі комитетінің Денсаулықтың ең жоғары қол жетімді деңгейі жөніндегі
Негізгі түсініктемесінде мемлекет денсаулыққа құқықты, мәртебесі реттелмеген мигрант-
тарды қоса, мемлекеттік саясатта кемсітушілік тәжірибелерін жүргізуден бас тарта оты-
рып, барлық адамдардың денсаулық сақтаудың профилактикалық, емдеу және паллиатив-
тік қызметтеріне теңдей қол жеткізуінен бас тартудан немесе шектеуден тартыну жолымен
құрметтеуге тиіс деп көрсетіледі. Барлық еңбекші-мигранттардың және олардың отбасы
мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы Халықаралық конвенцияда
69
мерзімді медициналық
жәрдем барлық еңбекші-мигранттар мен олардың отбасы мүшелері үшін қол жетімді, және
келуге немесе жұмысбастылығына қатысты қандай да болмасын ауытқуларға байланысты
жәрдем көрсетуден бас тартуға болмайтындығы белгіленген.
Қазақстанның еңбек көші-қонына қатысты аймақтық және екі жақты келісімдерінде
медициналық жәрдемге қол жетімділік мәселесі мұндай кеңінен танылмаған. Мәселен, 1994
жылғы ТМД-ның Еңбек көші-қоны саласындағы ынтымақтастық және еңбекші-мигранттар-
ды әлеуметтік қорғау туралы келісіміне еңбекші-мигранттарға медициналық қызмет көрсету
жұмыс берушінің есебінен жүзеге асырылуы туралы ереже енгізілген. Қырғызстанмен екі
жақты келісімде еңбекші-мигранттардың жедел медициналық жәрдемге қатысты азамат-
тармен теңдей құқығы айтылады, сонымен бірге жоспарлы медициналық жәрдем жұмыс
берушінің міндеті ретінде айқындалады. Еңбек көші-қоны жөніндегі басқа мемлекеттермен
екі жақты келісімдерде еңбекші-мигранттарға медициналық жәрдем көрсету мәселелері ай-
тылмайды не олар жұмыс берушінің есебінен өтелуге тиіс деп көрсетіледі.
Ұлттық заңнама шеңберінде еңбекші-мигранттар мен олардың отбасы мүшелерін қоса,
шетелдіктердің медициналық жәрдемге қол жетімділігі Үкіметтің 2006 жылғы 16 қазандағы
№ 997 қаулысымен бекітілген арнайы ережелермен реттеледі. Олардың күші Қазақстанды
уақытша және тұрақты мекендейтін шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға да
таралады және мәртебелері реттелмеген мигранттарға қатысты қандай да бір шектеулерді
көздемейді. Тегін медициналық көмек келген жері бойынша көрсетіледі және мигранттың
визасының болуы немесе тіркеуінің болуымен байланысы жоқ. Шетелдіктерге ақысыз не-
гізде жедел медициналық жәрдем мен айналасындағыларға
70
қауіп төндіретін дертпен
науқастанған кезде медициналық көмек көрсету көзделген. Өзге медициналық қызметтер
шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға олардың меншікті қаражатының,
олардың жұмыс берушілерінің қаражатының, ерікті медициналық сақтандыру мен
Қазақстан Республикасы заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен
көрсетіледі. Оралмандардың Қазақстан Республикасының азаматтары үшін көзделген тегін
медициналық көмектің толық көлемінде пайдаланатынын атап көрсету керек
71
.
6.2. Тұрғын жаймен қамтамасыз ету
Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пактінің 11-бабы
1-тармағында «Осы Пактіге қатысушы мемлекеттер әркімнің өзі үшін және оның отбасы
69 28-бап.
70 Мұндай аурулардың тізбесі Үкіметтің 2000 жылғы 30 наурыздағы № 468 қаулысымен бекітілген.
71 Үкіметтің 2007 жылғы 28 қыркүйектегі № 853 қаулысының 1-тармағы.
30
үшін жеткілікті тамақ, киім мен тұрғын үйді қамтитын, жеткілікті өмір сүру деңгейіне және
өмір сүру жағдайларын үздіксіз жақсарту құқығын таниды» деп көрсетілген. Экономикалық,
әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі комитет барабар тұрғын жайға құқық жөніндегі
Негізгі түсініктемесінде барабар тұрғынжайға құқық барлық адамдарға, сондай-ақ жасына,
экономикалық мәртебесіне, тобына немесе басқа да тиістілігіне немесе мәртебесіне және
басқа да осыған ұқсас факторларға қарамастан, олардың барабар тұрғын жайға құқығы бар
отбасыларына қолданылады деп атап көрсетілген. Сонда бұл құқыққа ие болуда, қандай да
болмасын кемсітушілік нысаны болмауға тиіс деп көрсетіледі. ХЕҰ-ның № 97 Еңбекші-
мигранттар туралы Конвенциясында (қайта қаралған)
72
, Барлық еңбекші-мигранттар мен
олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қолдау туралы Халықаралық конвенцияда
73
еңбекші-
мигранттарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге қатысты Қазақстан еңбекшілерімен теңдей
мүмкіндіктер көзделеді. Сонымен қатар, мүмкіндіктер теңдігі қағидасы тұрғын жайды
меншікке сатып алу құқығына, оны меншікке беру кезінде түрлі субсидиялар мен өзге де
әлеуметтік көмек нысандарына қолданылмайды. Қазақстанның еңбек көші-қоны жөніндегі
екі жақты келісімдері деңгейінде тиісті мәселелер көрініс таппаған не еңбекші-мигрант-
тарды гигиена мен санитария талаптарын қағанаттандыратын, қажетті коммуналдық-
тұрмыстық жағдайлары бар тұрғын жаймен қамтамасыз ету жұмыс берушінің міндеті ретін-
де айқындалған
74
.
Ұлттық заңнама тұрғын жайды меншікке сатып алу құқығын тек Қазақстан азаматта-
ры үшін ғана қарастырады
75
. Мемлекеттік тұрғын үй қоры мен жергілікті атқарушы ор-
гандар жалға алған тұрғын үйлерден тұрғын үйді пайдалануға алу құқығы Қазақстан
Республикасының белгілі бір мұқтаж және әлеуметтік қорғалатын санаттарына ғана
қолданылады, олардың қатарына оралмандар
76
да жатқызылған. Жергілікті бюджет-
терден төленетін, мұқтаж адамдардың белгілі бір санаттарына арналған тұрғын үй
жәрдемақылары жүйесі де тек Қазақстан Республикасының азаматтары үшін көзделген
77
.
Жалпы, Қазақстанда еңбекші-мигранттарды тұрғын жаймен қамтамасыз ету мәселелері
жұмыс беруші мен қызметкердің келісімді қатынастары деңгейіне жатқызылған. Еңбекші-
мигранттардың тұрғын үй жағдайын мемлекет негізінен, тек санитарлық-гигиеналық ере-
желер мен нормалардың сақталуы тұрғысынан ғана бақылайды.
Тәжірибе жүзінде еңбекші-мигранттар үшін лайықты тұрмыс жағдайларының болуы
тұрғын жай жетіспейтін бірқатар елдер мен аймақтарда, әсіресе муниципалды тұрғын жай
тапшылығы байқалатын немесе жекеменшік үйді еңбекші-мигранттардың, соның ішін-
де отбасылы тұлғалардың қаражаты көтермейтін ірі қалаларда төтенше мәселеге айналуы
мүмкін
78
.
6.3. Білім беру
Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пакті
79
қатысушы
мемлекеттердің әрбір адамның білім алу құқығын тану міндетін белгілейді. Экономикалық,
әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі комитет білім алуға құқық туралы Негізгі
түсініктемесінде «кемсітпеушілік қағидасы, шетелдік азаматтарды қоса, олардың құқықтық
72 6-баптың 1 а - тармағы.
73 43 -баптың 1d -тармағы.
74 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметінің арасындағы Моңғолия мен
Қазақстан Республикасы азаматтарын еңбек шарты бойынша жұмысқа тарту мәселелері бойынша
ынтымақтастық туралы Келісімнің 5-бабының 1-тармағы.
75 «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі а № 94-I Заңның 11-бабының 1-
тармағы.
76 Тұрғын үй қатынастары туралы туралы Заңның 67-бабының 1-тармағы.
77 Тұрғын үй қатынастары туралы туралы Заңның 97-бабының 1 және 2-тармақтары.
78 Кету және бару елдерінде еңбек көші-қоны саласында тиімді саясат жүргізу бойынша басшылық.
ЕҚЫҰ, ХКҚҰ, ХЕҰ, 2006, 172-бет.
79 13-баптың 1-тармағы.
31
80 8-баптың 2-тармағы.
81 Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 651 бұйрығымен бекітілген Бас-
тауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің білім беру оқу бағдарламаларын іске асырушы білім беру
ұйымдарына қабылдаудың үлгілік ережесінің 3-тармағы.
82 Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қазандағы № 586 және № 587 бұйрықтарын
қараңыз.
мәртебесіне қарамастан, мемлекет аумағында тұратын, мектеп жасындағы барлық
азаматтарға таралады» деп көрсетілген. Еңбекші-мигранттардың балаларына қатысты бұл
ережелер Барлық еңбекші-мигранттар мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қолдау
туралы Халықаралық Конвенцияда дамытылған.
Еңбекші-мигранттың әрбір баласының тиісті мемлекеттің азаматтарымен өтініш
білдіру теңдігі негізінде білім алуға негізгі құқығы бар. Тұрақты мәртебесінің болмауы се-
бепті, ата-анасының кез келгенінің болуына немесе жұмыспен қамтылуына қатысты, осын-
дай баланың жал бойынша жұмыс мемлекетінде болуына қатысты, тұрақты мәртебесі
болмауы себепті мемлекеттік мектепке дейінгі оқу орындарында болуға рұқсат бермеуге
немесе онда болуын шектеуге болмайды – Барлық еңбекші-мигранттар мен олардың отба-
сы мүшелерін әлеуметтік қолдау туралы Халықаралық Конвенцияның 30-бабы.
Қазақстанда еңбек көші-қоны саласындағы екі жақты келісімдер деңгейінде қаралып
отырған мәселелер 1999 жылғы Әзірбайжанмен үкіметаралық келісім жағдайында көрініс
тапқан. Онда, еңбекші-мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің жұмысқа орналасты-
ру Тарапының тиісті оқу орындарына қабылдауды реттейтін жалпы ережелерге сәйкес жер-
гілікті еңбекшілер сияқты негізде және жағдайларда, жалпы білім алуға, кәсіптік даярлаудан
және қайта даярлаудан өтуге құқығы бар деп қарастырылған. Еңбек көші-қоны саласындағы
басқа екі жақты келісімдерде бұл тармақтар қарастырылмаған.
2007 жылғы 27 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
80
Қазақстанда тұрақты тұру құқығын алған шетелдіктер үшін қазақстандық азаматтармен тең
мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу құқығына кепілдік бе-
реді. Сондай-ақ, оларға мемлекеттік білім беру тапсырыстарына сәйкес конкурстық негізде,
егер олар осы деңгейлердің әрқайсысын бірінші рет алып отырған болса, онда техникалық
және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу құқығы
беріледі. Жоғарыда аталған заңды ережелердің күші еңбекші-мигранттар мен олардың от-
басы мүшелеріне қолданылмайды, өйткені бұл тұлғалар Қазақтан аумағында уақытша
тұратындар деп танылады.
Сонымен бірге, ұлттық заңнама уақытша халықаралық мигранттардың балалары үшін
мектепке дейінгі тәрбие және оқу мекемелері мен жалпы білім беру мектептеріне қатынау
мүмкіндігіне қатысты тікелей тыйымдарды белгілемейді әрі еңбекші-мигранттардың бала-
ларына белгілі бір мүмкіндіктер береді. Мәселен, баланы бірінші сыныпқа қабылдау кезін-
де ата-аналарынан мекен (тіркелу)
81
орнын растайтын құжатты ғана тапсыру талап етіледі.
Алайда, тіпті, көршілес Орта Азия мемлекеттерінен келген еңбекші-мигранттардың бала-
ларымен де оқу бағдарламалары мазмұнындағы айырмашылықтарға байланысты, мектепте
білім алу мүмкіндігіне қатысты түйінді мәселе туындауы мүмкін. Осыған байланысты оқу
мекемесіне қабылдау туралы мәселе білім беру ұйымы әкімшілігінің қарауына қалдырылуы
мүмкін. Мигранттардың балаларының кәсіптік-техникалық мектептер мен колледждерде оқу
мүмкіндігі анағұрлым реттелген сипатқа ие
82
. Шетелдік азаматтар мен елде тұрақты мекен-
деу құқығын алған азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азама-
ты болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдері Қазақстан азаматтарымен тең жағдайға ие.
Басқа шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар білім беру мекемелеріне, Қазақстан
Республикасы заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық
шарттарда белгіленген тәртіппен қабылданады.
32
VII. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК
ҚОРҒАУДЫ ҚАМТИТЫН ӘЛЕУМЕТТІК
ҚАМСЫЗДАНДЫРУ
Қазақстан Республикасы бекіткен Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар
туралы Халықаралық пактінің 9-бабына сәйкес қатысушы мемлекеттер әрбір адамның
әлеуметтік сақтандыруды қоса алғанда, әлеуметтік қамсыздандырылу құқығын таниды.
ХЕҰ-ның № 93 және №143 Конвенциялары еңбекші-мигранттар мен азаматтар арасында
әлеуметтік сақтандыру саласындағы құқықтардың тең екенін ресми мәлімдейді. Еңбекші
мигранттар үшін осы құқықтың мынадай аспектілері аса маңызды мәнге ие:
•
жергілікті қызметкерлермен тең жәрдемақы алу құқығын алу;
•
жәрдемақы экспортын қоса, елден кету кезінде алынған құқықтарының сақталуы;
•
әр түрлі елде алған құқықтардың жинақталуынан пайда табу.
83
ХЕҰ-ның № 143 Конвенциясында
84
мәртебелері реттелмеген еңбекші-мигранттар «өзі
және өз отбасысы қатысында олардың бұрынғы жұмысымен байланысты», соның ішінде
әлеуметтік қамсыздандыру мен басқа да жәрдемақыларға қатысты «құқықтары жөнінде
өтіну теңдігін» пайдалануы тиіс. Сонымен қатар, Халықаралық еңбек ұйымы мына
төлемдер бойынша шетелдіктердің азаматтармен тең құқықтарын тануға бағытталған,
қызметкерлерді әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөнінде басқа да бірқатар конвен-
ция қабылдады:
•
медициналық көмек;
•
науқастану;
•
жүктілік және бала күтімі ;
•
мүгедектік;
•
зейнетақы төлемдері;
•
асыраушыдан айрылу ;
•
кәсіптік ауру және өндірістегі жазатайым оқиғалар;
•
жұмыссыздық;
•
отбасылық жәрдемақылар
85
.
ХЕҰ-ның № 157 Конвенциясы, сонымен қатар, еңбекші-мигранттардың елден кеткен
жағдайда және мүгедектігі, жасы, асыраушысынан айрылуы бойынша жәрдемақыларды,
өндірістік жарақат жағдайында зейнетақыны, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда
жәрдемақыларды экспорттау құқықтарының сақталуы жөніндегі ережелерді белгілейді.
1994 жылғы ТМД Келісімі мен бұрынғы кеңестік республикалармен еңбек миг-
рациясы жөніндегі екі жақты келісімдер еңбекші-мигранттардың зейнетақымен
қамсыздандырылудан басқа, әлеуметтік сақтандырылуы мәселелері де мемлекеттің жал
бойынша жұмыс саласындағы ұлттық заңнамасына сәйкес шешілуге тиіс екеніне не-
гізделеді. Зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты осы келісімдердің бірқатарында
зейнетақымен қамсыздандыру саласында ТМД қатысушы мемлекеттер азаматтарының
құқықтарына кепілдіктер туралы 1992 жылғы келісімге сілтеме жасалады. Алайда, бұл
келісімде еңбекші-мигранттарға қатысты арнайы ережелер жоқ.
Қазақстанда еңбекші-мигранттардың әлеуметтік сақтандырылуға құқығы туралы мәселе
ең алдымен зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйелеріне, сон-
дай-ақ өндірістегі жазатайым оқиғаның салдарынан келтірілген зиянды өтеуге қатысты.
83 Кету және бару елдерінде еңбек көші-қоны саласында тиімді саясат жүргізу бойынша басшылық.
ЕҚЫҰ, ХКҚҰ, ХЕҰ, 2006, 174-бет.
84 9-бап, 1-тармақ.
85 ХЭҰ-ның Ел азаматтары мен шетелдіктердің жазатайым оқиғалар кезінде өтемақы төлеу
саласындағы тең құқықтығы туралы № 19, Ел азаматтары мен шетелдіктердің әлеуметтік
қамсыздандыру саласындағы тең құқықтығы туралы № 118, Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы
құқықтарды сақтандырудың халықаралық жүйесін белгілеу туралы № 157 Конвенцияларын қараңыз.
33
7.1. Зейнетақымен қамсыздандыру
Қазақстанда 1997 жылдан бастап жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізілді және тиісін-
ше міндетті төлемдер қызметкерлердің жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке шоты-
на аударылады. 1997 жылғы 20 маусымда қабылданған № 136-І «Қазақстан Республи-
касында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 2-бабына сәйкес Қазақстан
Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар
зейнетақымен қамсыздандырылу құқығына ие. Қазақстан Республикасының аумағында
тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зейнетақы мен жәрдемақы
азаматтығы жоқ адамның куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға
ықтиярхатының негізінде төленеді. Жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшыла-
ры Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұратын жерлеріне кеткен кезде зейнетақы
жинақтарын алу құқығына ие
86
.
Ал еңбекші-мигранттардың Қазақстанда тұрақты мекендеушілер ретінде танылмауы-
на байланысты Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдалана алмай-
ды. Сондықтан жұмыс берушілер еңбекші-мигранттарды зейнетақымен қамсыздандыру
жөнінде төлемдерді жүзеге асырмайды. Осы мәселе бойынша Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігінің 2006 жылғы 10 қарашадағы № 07-02-17/6 хатында ар-
найы түсініктеме берілді. Осы хатқа сәйкес еңбекші-мигранттар қазақстандық жинақтаушы
зейнетақы қорларының қызметін, тіпті мигранттардың өздері немесе олардың жұмыс бе-
рушілері ерікті зейнетақы төлемдерін жасаған жағдайда да пайдалана алмайды.
7.2. Міндетті әлеуметтік сақтандыру
Міндетті әлеуметтік сақтандыру аясында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры
төлемдерді мынадай жағдайда төлейді:
•
еңбек ету қабілетінен айрылу;
•
асыраушыдан айрылу;
•
жұмыстан айрылу;
•
жүктілікке және босануға байланысты табысынан айрылу;
•
жаңа туған нәрестені (балаларды) асырап алуға байланысты табыстан айрылу;
•
бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табыстан айрылу.
Азаматтығы бар немесе Қазақстанда тұрақты тұруға құқығы бар шетелдік қызметкерлер
міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады және олар үшін төлемдерді жұмыс берушілері
жасайды
87
.
Еңбекші-мигранттар Қазақстанда тұрақты тұрушылар ретінде танылмауына байланысты
олардың міндетті әлеуметтік сақтандырылуға құқығы жоқ. Осы мәселе бойынша Қаржы
министрлігі Салық комитетінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № НК-УМ-3-19/11663
«Қазақстан Республикасының «Заңсыз еңбектенуге көшіп келушілерді заңдастыруға бай-
ланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының нормаларын қолдану жөнінде» хатында
түсініктеме берілді. Онда жұмыс берушілер еңбекші-мигранттар үшін әлеуметтік аударым-
дарды төлеуге тиісті емес деп көрсетілген.
7.3. Жұмыстағы жазатайым оқиғалар
Еңбек кодексі
88
қызметкердің еңбек міндеттерін атқарған кезде, соның ішінде өндірістегі
жазатайым оқиғалардың салдарынан өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге
жұмыс берушінің жауапкершілігін белгілейді. Бұл талап еңбекші-мигранттарға да
86 Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның 27-бабы, 1-тармағының 8) тармақшасы.
87 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 405-ІІ «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңның 8-бабы.
88 164-бап.
34
қолданылады. Зиянды өтеу үшін қажетті шарт өндірістегі жазатайым оқиғаға тексеру жүргізу
және қорытындылары бойынша акт жасау болып табылады, соның негізінде қызметкер зи-
янды өтеп алу құқығын іске асыра алады. Еңбек заңнамасының
89
қолданыстағы ережелерін-
де қызметкердің тиісті құқығына қатысты азаматтығы немесе Қазақстан Республикасы
аумағында тұрақты тұруы тұрғысынан қандай да бір шектеулер жоқ.
Қызметкердің еңбек міндеттерін атқарған кезде өмірі мен денсаулығына келтірілген
зиянды өтеу жөніндегі талаптардың орындалуын қамтамасыз ету үшін Қазақстанда
жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жүйесі
қарастырылған. 2005 жылғы 7 ақпанда қабылданған № 30-ІІІ «Қызметкер еңбек (қызмет)
мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс
берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» ҚРЗ
ережелері еңбекші-мигранттарды қоса, барлық қызметкерлерге қолданылады. Сақтандыру
төлемдері болған жағдайда, жұмыс беруші қызметкерге сақтандыру сомасы мен зиянның
нақты мөлшері арасындағы айырманы өтеуге міндетті, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті
міндетті сақтандыру туралы шарт болмаған кезде жұмыс беруші қызметкерлердің өміріне
және (немесе) денсаулығына келтірілген зиянды толық көлемінде өтейді. Жалпы, жұмыс
беруші жауапкершілікті міндетті сақтандыру туралы шартты он екі ай мерзімге жасайды.
Әдетте еңбек шартының ұзақтығы бір жылдан аз мерзімге жасалатын еңбекші-мигранттарға
қолданылуы тұрғысынан алғанда, жұмыс берушіні міндетті сақтандыру шартын бұдан да аз
мерзімге жасау мүмкіндігі қарастырылады
90
.
89 Еңбек кодексінің «Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және қызметкерлер
денсаулығының өзге де зақымдануларын тексеру мен есепке алу» 37-тарауы, Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 3 наурыздағы № 326 «Еңбек қызметiмен байланысты жазатайым оқиғалар мен
қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тексеру және есепке алу ережесiн бекіту туралы»
қаулысы.
90 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының № 30-ІІІ «Қызметкер еңбек (қызмет) мiндет-
терiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-
құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Заңының 12-бабы.
3
91 Халықаралық көші-қон құқығы № 1: Көші-қон саласында терминдер сөздігі. Халықаралық көші-қон
ұйымы. Женева, 2005.
92 1-баптың 4-тармақшасы
93 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 396-бабы .
94 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 396-бабы 2-тармағы
95 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысымен бекітілген Ше-
телдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан
Республикасынан кету тәртібінің 36-тармағы.
VIII. МӘРТЕБЕСІ РЕТТЕЛМЕГЕН ЕҢБЕК
МИГРАНТТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ РЕТТЕУ
Халықаралық көші-қон ұйымы дайындаған терминдер сөздігінде
91
реттелмейтін еңбек
көші-қоны жіберу елінің, транзиттік және қабылдаушы елдердің реттеуші нормаларынан
тыс болатын жүріп-тұру, ал бару елі тұрғысынан – заңсыз кіру, осы елде болу немесе жұмыс
істеу ретінде анықталған. Бұл Барлық еңбекші-мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің
құқығын қорғау туралы Халықаралық конвенцияның 5-бабындағы анықтамаға сәйкес ке-
леді. ХЕҰ-ның № 143 конвенциясында мәртебесі реттелмеген еңбек мигранттарының негіз-
гі құқықтары айқындалады.
1. Тиісті заңдар мен ережелерге сәйкес, мемлекеттің аумағына кіруді және жұмысты бо-
луын қамтамасыз ете отырып, жұмыс іздеп жүрген еңбекші-мигранттардың қозғалысын
бақылауға бағытталған шараларға зиянсыз, қызметкер-мигрант бұл заңдар мен ереже-
лер сақталмаған және оның жағдайын реттеу мүмкін болмаған жағдайларда, өзіне және
өз отбасына қатысты, оның алдыңғы жұмысына байланысты сыйақылар, әлеуметтік
қамсыздандыру және басқа да жәрдемақыларға қатысты теңдей құқықтарға ие бола ала-
ды.
2. Алдыңғы тармақта айтылған құқықтар туралы дау туындаған жағдайда, қызметкер
өз ісін өзі, немесе өзінің өкілі арқылы құзырлы органға ұсынуға мүмкіндігі бар.
3. Елден шығарып жіберген жағдайда, қызметкер мен оның отбасы шығын шекпеулері
тиіс.
4. Осы Конвенцияның бірде-бір ережесі елде заңсыз жүрген немесе жұмыс істеп жүрген
адамдарға Ұйым мүшелерінің заңды негізде тұруға және жұмыс істеуге құқықты беруіне
бөгет болмайды. – ХЕҰ-ның № 143 Конвенциясының 9-бабы.
Халықтың көші-қоны туралы заңда
92
заңсыз иммигранттар ретінде келу, кету, болу, сон-
дай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жүріп өту тәртібін реттейтін
заңнаманы бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген және онда болатын шетелдік-
тер мен азаматтығы жоқ адамдар айқындалады. Шетелдiктiң Қазақстан Республикасында
болу ережелерін бұзуы (заңсыз кіру, белгіленген мерзімде қайтып кетуден жалтаруы, келу
мақсатының визада, көші-қон парақшасында көрсетілген не тіркеу кезіндегі мақсаттарға
сай болмауы, транзиттік өту ережелерін сақтамауы) әкімшілік құқық бұзушылық болып та-
былады. Осы аталған заңды бұзғаны үшін қазақстандық заңнамада
93
әкімшілік жауапкер-
шілік көзделген.
Жоғарыда келтірілген заңсыз иммигранттар анықтамасы елге заңсыз келген және тұрып,
бірақ жұмыс берушінің тиісті рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асырып жатқан шетел-
діктерді қамтымайды. Оларға байланысты ұлттық заңнамада
94
Қазақстан Республикасының
аумағынан әкімшілік жолмен шығара отырып, жиырмадан жиырма бес айлық есептік
көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу көзделген. Елден шығарып жіберген жағдайда
тиісті шығыстарды елден кетірілетін шетелдік азаматтар не шетелдікті Қазақстан Респуб-
ликасына шақырған ұйымдар немесе жеке тұлғалар, ал ерекше жағдайларда – ішкі істер ор-
гандары көтереді
95
.
Қазақстанда 2006 жылғы 1 тамыздан 2006 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде
ТМД елдерінен мәртебелері реттелмеген еңбек иммигранттарын заңдастыру (рақымшылық
3
жасау) жүргізілгендігін атап өту қажет
96
. Рақымшылық мына тұлғаларға қолданылмады:
•
заңнаманы бұзып келген;
•
Қазақстан Республикасында болу құқығын растайтын құжаттары жоқ;
•
өзі туралы, оның ішінде қылмыстық жауаптылыққа тартылуы туралы жалған мәліметтерді
хабарлаған немесе қажетті құжаттарды табыс етпеген;
•
лицензия алуды талап ететін, лицензиясыз қызметті жүзеге асыратын.
Аталған іс-шара, осы жағдайда қажетті, жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуға
алатын рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген мәртебесі реттелмеген еңбек-
мигранттарын қамтыды.
Бұдан әрі мигранттарды заңды негізде еңбекке тарту үшін, жұмыс берушілерге ТМД
мемлекеттерінен бұрын заңсыз түрде жалдаған мигранттарды ішкі істер органдарына тір-
кеу жолымен заңдастыру құқығы берілген мерзімі белгіленді
97
. Жұмыс беруші оларды тір-
кеуге алған сәттен бастап үш жылға дейінгі уақытқа заңдастырылған еңбекші-мигранттар-
мен, еңбек шартын жасай алады. Аталған рәсім Қазақстан Республикасына рақымшылық
жасау туралы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік алпыс күн бұрын келген
және осы уақыттан бастап еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген тұлғаларға қатысты
болды. Заңдастырылған еңбекші-мигранттар арнайы тізілімге енгізілді, ал жұмыс істе-
уге құқықтың дәлелі ретінде оларға ерекше үлгідегі көші-қон парақшасы берілді. Соны-
мен бірге Заңсыз еңбекші-мигранттарды заңдастыруға байланысты рақымшылық жасау ту-
ралы заң заңдастырылған еңбекші-мигранттар еңбек нарығына еркін қатынау мәселесін
ашық қалдырды. Жоғарыда көрсетілген заңды одан әрі іске асыру тәжірибесі көрсеткендей,
еңбекші-мигранттар заңдастыру рәсімін жүзеге асырған жұмыс берушімен ғана еңбек
қызметін жалғастыру құқығын алды.
Еңбекші-мигранттар тіркелген сәттен бастап жұмыс берушілер еңбекақы төлеу кезінде
ұсталатын барлық салықтарды төлеуге тиіс болды. Сонымен қатар, заңдастырылған еңбекші-
мигранттар жүргізілген біржолғы акция барысында зейнетақымен қамсыздандыру және
міндетті әлеуметтік сақтандыру құқығын алмады және жұмыс берушілер қызметкерлердің
бұл тобы бойынша тиісті төлемдерді жасамайды. Сонымен бірге, заңдастырылған еңбекші-
мигранттар мен олардың еңбегін пайдаланған жұмыс берушілер осының алдындағы заңсыз
негізде еңбек қызметін жүзеге асырумен байланысты әкімшіліктік және қылмыстық жауап-
кершіліктен босатылды.
96 «Заңсыз еңбектенуге көшіп келушілерді заңдастыруға байланысты рақымшылық жасау туралы»
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 4 шілдедегі № 149-III Заңы.
97 Аталған іс-шара барысында 164 мыңға жуық еңбекші-мигранттар заңдастырылды.
3
IX. ЕҢБЕКШІ –МИГРАНТТАРДЫ ҚОРҒАУ
МЕН ЛАЙЫҚТЫ ЕҢБЕКТІ ІЛГЕРІЛЕТУ ҮШІН
ҰЛТТЫҚ САЯСАТ ПЕН ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ
ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫМДАР
98
Қазақстандағы еңбекші-мигранттар оларды қабылдаушы елдер мен шығу елдерінің да-
муына – бару елдерінде қызмет көрсету және бәсекелестікті қамтамасыз ету, сондай-ақ шығу
елдерінде қаржы құйылымдары арқылы сүбелі үлес қосады. Көші-қон көптеген мигранттар
мен олардың отбасыларының өмір сүру сапасының жақсаруына көмектеседі. Көптеген миг-
ранттар, жұмыс істей отырып, ұлттық еңбек нарықтарындағы жергілікті еңбекшілер игер-
гісі келмейтін немесе игере алмайтын орындарды толтырады. Соған қарамастан, көптеген
еңбекші-мигранттар қанау мен нашар көзқарас объектісіне айналады. Заңсыз көші-қон етек
жайған. Ұлттық кадрлардың еңбегі мен лайықты еңбек жағдайларын қорғау – түсінікті са-
яси міндет.
Әр түрлі мүдделермен тепе-теңдікте болатын дұрыс саясат пен құқықтық реттеуді әзірлеу
және көші-қонды тиімді басқару кешенді әрі, әсіресе шетелдік жұмыс күшін қабылдау сая-
саты тұрғысынан, қиын міндет.
Бару елдеріндегі шетелдік жұмыс күшін қабылдауға, еңбекші-мигранттарды жұмыспен
қамту мен кіріктіруге қатысты жауап қайтару саясатының негізінде жатқан мәселелер мы-
налармен байланысты:
мамандандырылған және мамандандырылмаған жұмыстарды орындау үшін, үлттық
деңгейде еңбек ресурстарының тапшылығын сәйкестендіру, анықтау және болжау;
еңбек көші-қоны кері демографиялық беталыстардың, жекелей алғанда жұмысбасты
халық үлесінің төмендеуі салдарынан қалыптасқан еңбек ресурстарының тапшылығы
мәселесінің ішінара немесе толық шешімі болу мүмкіндігін түсіну үшін ұлттық еңбек
нарығын талдау, сондай-ақ кейіннен келешек ұрпақтар үшін әлеуметтік жәрдемақылар-
дың қол жетімділігіне ықпал ету ;
негізгі серіктестер-жұмыс берушілер мен кәсіподақтарды – қалыптастыру мен жүзеге
асыру саясатына тарту;
шетелдік жұмыс күшін шақыру квоталары артатын жағдайда жергілікті кадрлардың
еңбек жағдайлары мен жұмыс орындарын қорғау;
еңбекші-мигранттардың жұмыс орындарында және жалпы қоғамда өтініш білдіру
теңдігін қамтамасыз ету мен оларды қанаудың алдын алуға қажетті шаралар;
жүйесіз еңбек көші-қонын болдырмау немесе қысқарту шаралары, олар шетелдік жұмыс
күшін қабылдау жөніндегі ресми рәсімдерге сенім мен заңдылықты қамтамасыз ету үшін
маңызды.
Саясаткерлер мен саясатты әзірлеушілер өз қызметтерінде халықты шетелдік жұмыс күшін
тарту қажеттілігіне сендіру жөнінен сезімтал немесе салмақты міндеттерге ұшырасады.
БҰҰ қамқорлығындағы адам құқықтарының халықаралық жүйесі аясында қалыптасқан
құқықтар мен бостандықтар ерлер мен әйелдерге тең дәрежеде қолданылады, бұл ХЕҰ
әзірлеген халықаралық еңбек құқығына, соның ішінде ХЕҰ-ның сегіз іргелі ережелеріне де
қатысты. Алғашқы арнаулы халықаралық-құқық құралдары еңбек мигранттарына қатысты
мәселелердің шешімдерін іздестіруді көздеді. Олар 1949 жылғы ХЕҰ-ның №97 Жұмыскер-
мигранттар туралы (қайта қаралған) және №143 еңбекші-мигранттар туралы (қосымша ере-
98 Вадим Ни және Нилим Баруа әзірлеген
3
желер) Конвенцияларын қамтиды
99
. 1990 жылдың желтоқсанында қабылданған Барлық
еңбекші-мигранттардың және олардың отбасылары мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы
Халықаралық конвенция ХЕҰ құралдарының негізгі ережелерінің басым бөлігін қамтиды, ал
кейбір тұрғыдан тіпті олардың шектерінен асып кетеді
100
.
ХЕҰ-ның 97-Конвенциясының іргетасты қағидасы заңды еңбекші-мигранттардың
құқықтарына қолданылады – еңбекақы төлеу мен жұмыспен қамтуға, ұжымдық шарттарға,
тұрғын үй жағдайларына, әлеуметтік қорғау мен салықтарға немесе шегерімдерге қатысты
өтіну теңдігі. Бұл – міндетті талап, ел барлық еңбекші-мигранттарға қатысты олардың
мәртебесіне тәуелсіз негізгі Адам құқықтарын қоса алғанда, қорғаудың белгілі бір ең төмен
стандарттарын қамтамасыз етеді. БҰҰ-ның Конвенциясы (1990) мен ХЭҰ-ның № 143 Кон-
венциясында еңбекші-мигранттар тіпті олар сырттан келген, бейресми арналар бойынша
жұмысқа тұрған және заңдастырыла алмаған жағдайда да қорғаудың негізгі деңгейін пайда-
лана алуын қамтамасыз етуді мақсат тұтатын ережелер бар.
Еңбекші-мигранттардың құқықтарын қорғау жөніндегі жоғарыда көрсетілген шараларға
қосымша, ХЕҰ-ның еңбекші-мигранттар жөніндегі заманауи құралдары мен БҰҰ-ның 1990
жылғы Конвенциясы жүйесіз көші-қонмен бейресми жұмысбастылықты тежеуге күш салуға
және осы саладағы құқықтық реттеу тиімділігін қамтамасыз ету шараларын қолдануды;
ақпарат айырбасын; еңбекші-мигранттарға ақпарат беруді; консулдық қызмет көрсетуге
жәрдемдесуді қамтитын тиісті көші-қон саясатын құру қажеттілігіне ерекше көңіл бөледі.
ХЕҰ-ның көші-қонға тікелей қатысы жоқ құралдарын мұндай жағдайларға да қолдануға
болады. Жекелей алғанда, Жеке меншік жұмыспен қамту агенттіктері туралы № 181 Конвен-
ция немесе, тағы бір жақсы мысал, Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы теңқұқықтық
туралы № 118 Конвенция.
Есеп берудің үшінші бөлімінде атап өткендей, Қазақстан - еңбекші-мигранттар үшін
маңызды бару елі. Қазақстан Үкіметі заңнамалық реттеуді жүзеге асырады, сонымен қатар
уақытша еңбек мигранттарын қабылдау қатысында квота белгілейді. 2006 жылы еңбек миг-
ранттарын заңдастыру бойынша бір жолғы іс-шара өткізілді және еңбек көші-қонын тиімді
басқаруға қатысты бір қатар екі жақты және көп жақты келісімдерге қол қойылды. Төменде
келтірілген ұсынымдар еңбек көші-қонын тиімді басқаруды жақсарту үшін кейбір негізгі
салаларға жатады.
1. Шетелдік жұмыс күшін қабылдау саясатына қатысты
ұсынымдар
1) Жұмыс берушілер мен қызметкерлердің бірлестіктерімен, жергілікті органдармен еңбек
нарығының ахуалын талдау және консультациялар негізінде қызметкерлер мен әртүрлі
секторлардың әртүрлі санаттары бойынша мигранттарды еңбекке тартуда Қазақстанның
орта және ұзақ мерзімді қажеттілігін айқындау (жоғары білікті қызметкерлер; төмен
білікті қызметкерлер; өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және т.б. маусымдық
қызметкерлері). Қажеттіліктерді бағалауда шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты
рәсімдеусіз мигранттардың еңбегін белсенді тартып отырған экономиканың, мысалы үй
еңбегі, құрылыс секторларын, ескеру де өте маңызды. Соңғы нәтиже ретінде сырттан
жұмыс күшінің ағылуына үлкен сұраныс тудыратын секторлар мен мамандықтардың
(кәсіптердің) тізбесі айқындалуы керек, тапшы мамандықтар (кәсіптер) бойынша
еңбекші-мигранттарды жалдау жергілікті еңбек нарығында пайда болған бос орындар
бойынша іздестіру қажеттігінсіз жеңілдетілуге тиіс. Осындай тізбені қалыптастыру
рәсімі аясында бос жұмыс орындары жөніндегі деректерді талдау және мүдделі
тараптардың өкілдерінен (жұмыс берушілер, мемлекеттік органдар, кәсіподақтар) және
99 Шығу және бару елдеріндегі еңбек көш-қоны саласында тиімді саясат әзірлеу жөніндегі Нұсқаулық.
ЕҚЫҰ, ХКҚҰ, ХЕҰ, 2006, 33-б.
100 Сол жерде.
3
тәуелсіз сарапшылардан тұратын консультациялық кеңестер құруды енгізу керек. Тапшы
мамандықтардың (кәсіптердің) осындай тізбесі кезең-кезеңімен қайта қаралуға тиіс.
2) Үздік халықаралық тәжірибелерді зерттеу және қазақстандық еңбек нарығының,
бәрінен бұрын білікті мамандар мен жұмысшыларға деген сұранысын қанағаттандыру
мақсатында көші-қонды мақсатқа лайығырақ пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру.
Бұл жағдайда тек оралмандар мен басқа да қайтып оралушылардың этникалық көші-
қонына ғана емес, жұмысқа орналастыру негізінде көшіп келуге мүдделі тұлғалардың
анағұрлым кең тобына назар аудару ұсынылады.
Алайда, мұндай анықтама мұнан былай көрші елдерден білікті адами ресурстардың
кетуіне түрткі болуы мүмкін және бұл ықпалдың ауқымы бағалау мен есепке алуды
қажет етеді.
3) Шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерге кәсіптік білім беру және жоғары
білікті жергілікті мамандар мен қызметкерлерді даярлауға ақы төлеу жөніндегі ерекше
шарттарды қолданудың мақсатқа лайықтылығы және тиімділігі туралы мәселені қарау.
Қазақстандық азаматтарды кәсіби оқыту және даярлау маңызды басымдылық болғанның
өзінде, осы саладағы жақсартулар басқа да құралдардың көмегімен қол жеткізілуі тиіс.
Атап айтқанда, тапшы мамандықтар (кәсіптер) бойынша жұмысқа орналастыру үшін
қазақстандық азаматтардың басым құқықтарын қамтамасыз етуге жергілікті еңбек
нарығындағы бос орындардың бастапқы ұсынысы осы мақсатта пайдаланылады.
2. Еңбекші - мигранттардың құқықтары жөніндегі ұлттық
заңнаманы күшейтуге қатысты ұсынымдар
(1) 1990 жылғы Барлық еңбекші-мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын
қорғау туралы Конвенцияда, ХЕҰ-ның 1949 жылғы № 97 Еңбекші-мигранттар туралы
(қайта қаралған) және 1975 жылғы № 143 Еңбекші-мигранттар туралы (қосымша
ережелер) Конвенциялары белгілеген халықаралық стандарттар негізінде ұлттық
заңнаманы әзірлеуді жалғастыру.
(2) Ұлттық заңнаманы Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі
Халықаралық пактімен, ХЕҰ-ның № 87 Еңбекші-мигранттардың кәсіподақтар құру және
олардың қызметіне қатысу құқығына қатысты бірлесу бостандығы және кәсіподақтарға
бірігу құқығын қорғау туралы Конвенциясымен үйлестіру.
(3) Жөнсіздіктердің сипатына қарай (рұқсат алмай жұмыс істеу, көші-қон заңнамасын
сақтамау, қанау, адам саудасы және оларды шекарадан заңсыз алып шығуды
ұйымдастыруды қоса, заңсыз көші-қонға жәрдемдесу,) еңбек көші-қоны саласындағы заң
бұзушыларға анағұрлым тең қарауды қамтамасыз ету үшін жөнсіздіктерге қолданылатын
жазалау шаралары мен оларды қолдану тәжірибесіне талдау жүргізу.
(4) Еңбекші-мигранттардың жұмыс орнын ауыстыру жөніндегі шектеулер, әсіресе, зәру
мамандықтар бойынша қызметкерлерді жұмыстан босату жағдайында барынша
азайтылуы тиіс.
(5) Еңбекші-мигранттарға қолданылатын әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен
қамсыздандыру мәселелері жөніндегі ұлттық заңнама әзірше халықаралық стан-
дарттардан тым алыс. ХЕҰ осы саладағы ахуалды жақсарту жөніндегі алғашқы қадам
ретінде әлеуметтік қамсыздандыруға байланысты еңбекші-мигранттарға теңдей қарауға
қатысты №№ 118 және 157 Конвенциялары бойынша хабардар етуді жақсарту және
оқыту жөнінде жұмыс ұйымдастырылуы мүмкін. Сондай-ақ, еңбекші-мигранттарға, ең
болмағанда, осы саладағы құқықтардың ең төмен көлемін беретін қажетті заңнамалық
өзгерістерді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылуы мүмкін.
40
(6) Санитарлық нормаларға сай лайықты тұрғын жайға қол жеткізу мүмкіндігі – біліктілігі
төмен жұмысшыларға жұмыс берушілер еңбекші-мигранттардың санитарлық
нормаларға сай лайықты тұрғын жайға қол жеткізуіне кепілдік беруі тиіс.
(7) Заңсыз мигранттарға қатынас – БҰҰ Конвенциясы (1990 жыл) және ХЕҰ-ның №143
Конвенциясында барлық еңбекші-мигранттарға, олар тіпті сырттан келген немесе
бейресми арналар арқылы жұмысқа орналасқан және заңдастырылу мүмкіндіктері
болмағанда да қорғаудың негізгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі ережелер бар.
Бұл әсіресе адам құқықтарына, еңбекақы төлеу мен еңбек жағдайларына, жедел
медициналық көмек алу мүмкіндігіне, балаларды оқыту мүмкіндігі мен тұтқындау
немесе қудалау жағдайындағы құқықтарға қатысты.
41
Х. БИБЛИОГРАФИЯ
1) Шығу және бару елдеріндегі еңбек көші-қоны саласында тиімді саясат құру жөніндегі
Нұсқаулық. ЕЕҚҰ, МОМ, ХЕҰ, 2006
2) Халықаралық көші-қон құқығы № 1: Көші-қон саласындағы теминдер сөздігі.
Халықаралық көші-қон ұйымы. Женева, 2005
3) Қазақстан Республикасындағы еңбек пен жастарды жұмыспен қамтудың жайттық
талдауы. ХЕҰ, Алматы, 2007
4) «Кто грабит горожан: гастарбайтеры или внутренние мигранты?», газета «Вечерний
Алматы» за 8 января 2008 года, www.vecher.kz
5) Статистикалық жылтізбе 2006. Статистикалық жинақ. Қазақстан Республикасының
. Статистикалық жинақ. Қазақстан Республикасының
Статистика агенттігі – Алматы, 2006
6) Статистикалық жылтізбе 2007. Статистикалық жинақ. Қазақстан Республикасының
Статистика агенттігі – Алматы, 2007
7) Commission, Communication on Immigration, Integration and Employment, COM (2003)
336, 3 June 2003
42
ХІ. ҚОСЫМШАЛАР
1-Қосымша. Жекелеген терминдер сөздігі
101
Адмиссия (рұқсат беру) – елге кіруге рұқсат. Егер шетелдік өткізу пунктінен (әуе, теңіз
немесе автомобиль) өтсе, және оған шекарадағы бақылауды жүзеге асырушы лауазымды
тұлғалар рұқсаты берілсе, шетелдікке «кіруге рұқсат етілді». Шетелдіктің жасырын жүзеге
асырылған кіруі, «рұқсат етілген» болып есептелмейді.
Отбасылардың қайта қосылуы – бұрын мәжбүрлі немесе ерікті көші-қон кезінде бір-
бірінен ажырап қалған отбасы мүшелері, өзінің шығу елінен басқа жерде қайта қосылу
үрдісі.
Уақытша еңбекші-мигранттар – қабылдаушы елде әрбір жұмысшымен жасалған жеке
еңбек шартында немесе кәсіпорынмен жасалған шартта көзделген белгілі бір мерзімге
қалатын, білікті, біліктілігі жоқ немесе оқытылмаған еңбекшілер.
Кіру – шетелдіктің шет мемлекеттің аумағына ерікті я мәжбүрлі, заңды я заңсыз кез кел-
ген кіруі.
Жал бойынша жұмыс мемлекеті – белгілі бір жағдайға қарай, еңбекші-мигрант ақылы
қызметпен айналысатын, айналысып жүрген немесе айналысқан мемлекет (Барлық
еңбекші-мигранттардың және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы
Халықаралық конвенцияның 6 (b) – бабы, 1990 ж.).
Ұзақ мерзімдік мигрант - өзінің әдеттегі тұру еліне емес, басқа елге кемінде бір жылға
қоныс аударатын адам, сөйтіп келу елі оның жаңа әдеттегі тұру еліне айналады. Шығу елі
тұрғысынан бұл адам ұзақ мерзімдік эмигрант, ал келу елі тұрғысынан – ұзақ мерзімдік
мигрант болады.
Заңды көші-қон – танылған, заңды арналар бойынша болатын көші-қон.
Заңды еңбекші-мигрант – жал бойынша жұмыс мемлекетіне, осы мемлекеттің
заңнамасына және осы мемлекет қатысушы болып табылатын халықаралық келісімдерге
сәйкес кіруге, болуға және ақылы қызметке рұқсат алған еңбекші-мигрант пен оның от-
басы мүшелері (Барлық еңбекші-мигранттардың және олардың отбасы мүшелерінің
құқықтарын қорғау туралы Халықаралық конвенция, 1990 ж.).
Кірігу – шетелдік азаматтарды жекелеген тәртіппен және топ ретінде қоғамға қабылдау
үрдісі. Қабылдаушы ел қоғамының қабылдауына қойылатын нақты талаптар әр елге байла-
нысты айтарлықтай өзгеруі мүмкін; кірігу жауапкершілігі бір нақты топта ғана емес, қайта
бірнеше тараптарда: иммигранттардың өздерінде, үкіметте, ұйымдарда және қабылдаушы
елдің халқында болады.
Қысқа мерзімдік мигрант - өзінің әдеттегі тұру еліне емес, басқа елге, бұл елге көшіп ке-
луі, демалу, демалыс, достарына немесе туыстарына бару, қызметтік қажеттілік немесе ем-
делуі себепті болатын жағдайларды қоспағанда, кемінде үш айға (бірақ, бір жылдан кем)
келе жатқан адам. Халықаралық көші-қон статистикасы мақсаттары үшін, қысқа мерзімдік
мигранттардың әдеттегі тұру елі олардың сол жерде өткізетін кезеңі ішіндегі бару елі бо-
лып табылады.
Озық тәжірибе – қолданыстағы нормалар мен қағидаларды халықаралық сияқты, ұлттық
деңгейде де табысты қолдану құралдары мен тәсілдері. Озық тәжірибе жұмыс нұсқаулықтары,
мінез-құлық кодексі, заңға бағынышты нормативтік құқықтық актілер түрінде қолданылуы
мүмкін. Алайда, бұл қолданыстағы заңнаманы нашарлатуға немесе жоюға әкеліп соқпауға
тиіс. Озық тәжірибені сипаттайтын белгілер: жаңашылдық, шығармашылық шешімдерді да-
мыту; мигранттар құқығының сақталу деңгейіне оң ықпал ету; тұрлаулы тиімділік, әсіресе,
бұған мигранттардың өздері тартылған кезде; одан әрі даму әлеуеті.
101 Көші-қон саласындағы терминдер сөздігі бойынша, Халықаралық көші-қон ұйымы, Женева 2005
43
Елге заңсыз кіру – қабылдаушы мемлекетке заңды кіруге қажетті талаптарды сақтамай
шекарадан өту (Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы
Конвенциясын толықтырушы Мигранттарды құрлық, теңіз және әуе бойынша заңсыз
әкелуге қарсы хаттаманың 6(b) – бабы, 2000 ж.).
Реттелмейтін көші-қон – жөнелту елінің, транзиттік және қабылдаушы елдердің рет-
теуші нормаларынан тыс болатын жүріп-тұру. Реттелмейтін көші-қонның нақты немесе
жалпыға ортақ қабылданған анықтамасы жоқ. Бару елі тұрғысынан – бұл заңсыз кіру, осы
елде болу немесе жұмыс істеу. Бұл мигранттың иммиграция заңнамасына сәйкес осы елге
кіруге, онда тұруға немесе жұмыс істеуге қажетті рұқсаты немесе құжаттары жоқ дегенді
білдіреді. Шығу елі тұрғысынан мысалы, адам халықаралық шекарадан заңды төлқұжатсыз
немесе жол жүру құжатынсыз, не осы елден шығуға қойылатын әкімшілік талаптарды
сақтамай өткен жағдайлар заңсыз болып табылады. «заңсыз көші-қон» терминінің пайда-
ланылуын шектеу және оны іс мигранттарды заңсыз әкелу мен адамдар саудасына қатысы
болғанда ғана қолдану беталысы орын алған.
Тұрақты мекендеу – қабылдаушы елдің азаматы емес тұлғаға тұрақты негізде мекендеуге
және жұмыс істеуге берген құқығы.
Шекараға іргелес жердегі еңбекшілер - көрші мемлекеттегі өзінің үйреншікті, әдетте күн
сайын немесе аптасына кемінде бір рет оралып тұратын жерін сақтайтын еңбекші-мигрант
(Барлық еңбекші-мигранттардың және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау
туралы Халықаралық конвенцияның (2(2) (а)- бабын қараңыз, 1990 ж.).
Жұмыс істеуге рұқсат – қабылдаушы елде еңбекші-мигранттарды жалдауға қажет
рұқсатты беретін заңды құжат.
Маусымдық еңбекші – жұмысы өзінің сипаты бойынша маусымдық жағдайларға
тәуелді және жылдың белгілі бір мезгілі ішінде орындалатын еңбекші-мигрант (Барлық
еңбекші-мигранттардың және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы
Халықаралық конвенцияның 2(2) (b) - бабы, 1990 ж.).
Бару елі – көші-қон легінің (заңды немесе заңсыз) бару орны болып табылатын ел.
Шығу елі - көші-қон легінің (реттелген және реттелмеген) қайнар көзі болып табылатын
ел.
Еңбек көші-қоны – адамдардың жұмысқа жалдану мақсатымен өз елінен басқа елге жүріп-
тұруы. Көпшілік елдерде еңбек көші-қоны ұлттық көші-қон заңнамасымен реттеледі. Бұған
қоса, бірқатар елдер сыртқы еңбек көші-қонын реттеуде және өзінің азаматтары үшін ше-
телде қолайлы жағдайлар туғызуде белсенді рөл атқарады.
Еңбекші-мигрант - өз азаматы болып табылмайтын мемлекетте ақылы еңбек қызметімен
айналысатын, айналысып жүрген немесе айналысқан тұлға (Барлық еңбекші-мигранттар-
дың және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы Халықаралық
конвенцияның 2(1) - бабы, 1990 ж.).
44
2-Қосымша. Халықаралық еңбек ұйымының бекітілген
конвенциялары
№
Конвенцияның атауы
Бекіту туралы
құжат
C. 29
. 29 Мәжбүрлі немесе міндетті еңбек туралы конвенция
14.12.2000 ж..
№ 120-II Заң
C. 81
. 81 Өнеркәсіп пен саудадағы еңбек инспекциясы туралы
конвенция
2001 ж. 7 мамырда
қабылданған № 194-II Заң
C. 87 Ассоциация бостандығы және ұйымдастыру құқығын
қорғау туралы конвенция
30.12.1999 ж.
№ 29-II Заң
C. 88 Жұмыспен қамту қызметін ұйымдастыру туралы конвенция
4.12.2000 ж.
№ 119-II Заң
C. 98 Ұжымдық келіссөздерді ұйымдастыруға және жүргізуге
құқық принциптерін қолдану туралы конвенция
14.12.2000 ж.
№ 118-II Заң
C. 100 Құндылығы теңдей еңбек үшін еркектер мен әйелдерге
теңдей сыйақы беру туралы конвенция
14.12.2000 ж.
№ 115-II Заң
C. 105 Мәжбүрлі еңбекті жою туралы конвенция
14.12.2000 ж.
№ 117-II Заң
C. 111 Еңбек және кәсіп саласындағы кемсітушілік туралы
конвенция
20.07.1999 ж.
№ 444-I Заң
C. 122 Жұмыспен қамту саласындағы саясат туралы конвенция
9.11.1998 ж.
№ 286-1 Заң
C. 129 Ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекциясы туралы
конвенция
7.05.2001 ж. № 195-II Заң
C. 135 Кәсіпорындағы еңбекшілер өкілдерінің құқықтарын қорғау
және оларға берілетін мүмкіндіктер туралы конвенция
30.12.1999 ж. № 13-II Заң
C. 138 Жұмысқа қабылданатын ең төменгі жас туралы конвенция
14.12.2000 ж.
№ 116-II Заң
C. 144 Халықаралық еңбек нормаларын қолдануға жәрдемдесу
үшін үшжақты консультациялар туралы конвенция
30.12.1999 ж. № 12-II Заң
C. 148
Еңбекшілерді ауаның ластануынан, жұмыс орындарындағы
шу мен дірілден туындайтын кәсіптік қатерден қорғау
туралы конвенция
26.06.1996 ж.
№ 10-I Заң
C. 155
. 155 Өндірістік ортадағы қауіпсіздік және еңбек гигиенасы
туралы конвенция
13.06.96 ж. № 7-1 Заң
C. 167
. 167
167 Құрылыстағы еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасы туралы
еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасы туралы
еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасы туралы
қауіпсіздігі мен гигиенасы туралы
қауіпсіздігі мен гигиенасы туралы
мен гигиенасы туралы
мен гигиенасы туралы
гигиенасы туралы
гигиенасы туралы
туралы
туралы
конвенция
2007 жылғы 19 маусымда
қабылданған № 263-III
Заң
С. 182 Балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу және
жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы конвенция
26.12.2002 ж.
№ 367-II Заң
II Заң
Заң
4
3-Қосымша. Адам құқықтары жөнінде бекітілген халықаралық
конвенциялар (хаттамалар)
Конвенцияның (хаттаманың) атауы
Бекіту туралы құжат
Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы
халықаралық пакті
21.11.2005 ж. № 87-III Заң
Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті
28.11.2005 ж. № 91-III Заң
Бала құқықтары туралы конвенция
8.06.1994 ж. № 77 Жоғарғы
Кеңес Қаулысы
Бала құқықтары туралы конвенцияға Балалардың қарулы
қақтығыстарға қатысуына қатысты Факультативтік хаттама
4.07. 2001 жылғы
ҚР № 221-II Заңы
Бала құқықтары туралы конвенцияға Балалар саудасына,
балалар жезөкшелігіне және балалар порнографиясына қатысты
Факультативтік хаттама
4.07.2001 ж. № 219-II Заң
Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою
туралы конвенция
29.06.1998 ж.
№ 248-1 Заң
Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою
туралы конвенцияға Факультативтік хаттама
4 шілде 2001 ж. № 220-II Заң
4-Қосымша. Еңбек көші-қоны туралы аймақтық және екі
жақты келісімдер
Келісімнің атауы
Бекіту туралы құжат
Еңбек көші-қоны саласындағы ынтымақтастық және еңбекші-
мигранттарды әлеуметтік қорғау туралы 1994 жылғы ТМД Келісімі
(Мәскеу, 1994 жылғы 15 сәуір)
Жоғарғы Кеңестің 1994
ж 8 қыркүйектегі №
147-XIII қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолияның Үкіметі
арасындағы Моңғолия мен Қазақстан Республикасының азаматтарын
жұмысқа тарту мәселелері жөніндегі ынтымақтастық туралы Келісім
Қол қойылған сәттен
бастап күшіне енді
Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының
Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы жұмыс
күшінің еркін жүріп тұруына құқықтық, экономикалық және ұйымдық
жағдайлар жасау туралы келісім (Бішкек қ., 1997 жылғы 14 наурыз)
Қол қойылған сәттен
бастап күшіне енді
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының
Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында уақытша
жұмыс істейтін Әзірбайжан Республикасы азаматтарының және
Әзірбайжан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін
Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі және оларды
әлеуметтік қорғау туралы келісім (Астана қ., 1999 жылғы 22 қазан)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 26.07. 2000 ж.
№ 1123 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының
Үкіметі арасындағы Беларусь Республикасының аумағында жұмыс
істейтін Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан
Республикасының аумағында жұмыс істейтін Беларусь Республикасы
азаматтарының еңбек қызметі және әлеуметтік қорғалуы туралы келісім
(Алматы, 2000 жылғы 23 қыркүйек)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 05.10.2000 ж.
№ 1503 қаулысыиен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының
Үкіметі арасындағы шекараға іргелес облыстарда ауылшаруашылығы
жұмыстарымен айналысатын еңбекші-көшіп келушілердің еңбек
қызметі және оларды әлеуметтік қорғау туралы келісім (Бішкек қ., 2002
жылғы 9 шілде)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 16.01.2003 ж.
№ 29 қаулысымен
бекітілген
4
Келісімнің атауы
Бекіту туралы құжат
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының
Үкіметі арасындағы Еңбекші-мигранттар - Тәжікстан Республикасының
аумағында уақытша жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы
азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы және
Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін
Тәжікстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын
қорғау туралы келісім (Астана, 2006 жылғы 4 мамыр)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 03.05.2006 ж.
№
359
қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының
Үкіметі арасындағы Еңбекші мигранттар - Қырғыз Республикасының
аумағында уақытша жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы
азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы және
еңбекші-мигранттар - Қазақстан Республикасының аумағында уақытша
жұмыс істейтін Қырғыз Республикасы азаматтарының еңбек қызметі
мен құқықтарын қорғау туралы келісім (Астана, 2006 жылғы 4 шілде)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 13.06.2007 ж
№ 494 қаулысымен
бекітілген
5-қосымша. Қазақстан Республикасы нормативтік- құқықтық
актілерінің тізбесі
№
р/с
Нормативтік құқықтық актінің атауы
1
Қазақстан Республикасының Конституциясы
2
2007 жылғы 15 мамырда қабылданған Қазақстан Республикасының № 251-III Еңбек
кодексі
3
1997 жылғы 16 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының № 167-I Қылмыстық
кодексі
4
2001 жылғы 30 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының № 155-II Әкімшілік
құқық бұзушылықтар туралы кодексі
5
2007 жылғы 27 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының № 319-III «Білім туралы»
Заңы
6
2006 жылғы 4 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының № 149-III «Заңсыз
еңбектенуге көшіп келушілерді заңдастыруға байланысты рақымшылық жасау туралы»
Заңы
7
2005 жылғы 7 ақпанда қабылданған Қазақстан Республикасының № 30-III «Қызметкер
еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені
үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы»
Заңы
8
2001 жылғы 23 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының № 149-II «Халықты
жұмыспен қамту туралы» Заңы
9
1997 жылғы 13 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының № 204-I «Халықтың
көші-қоны туралы» Заңы
10
1997 жылғы 20 маусымда қабылданған Қазақстан Республикасының № 136-I «Қазақстан
Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы
11
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі
№ 94-I Заңы
12
1996 жылғы 31 мамырда қабылданған Қазақстан Республикасының № 3-I «Қоғамдық
бірлестіктер туралы» Заңы
13
1991 жылғы 20 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының № 1017-ІI «Қазақстан
Республикасының азаматтығы туралы» Заңы
14
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2000 жылғы 7 маусымдағы № 4/2
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 5-бабының 4-тармағын ресми түсіндіру
туралы» қаулысы
4
15
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 тамыздағы № 399 Жарлығымен
мақұлданған Қазақстан Республикасының 2007-2015 жылдарға арналған көші-қон
саясатының тұжырымдамасы
16
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Жарлығымен
бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі
белгіленетін адамдар үшін кәсіптердің тізбесі және оларға қойылатын талаптар
17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен
бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі,
жұмыс берушілерге рұқсаттар беру шарттары мен тәртібі
18
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 наурыздағы № 326 қаулысымен бекітілген
Еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғалар мен қызметкерлер денсаулығының өзге
де зақымдануларын тексеру және есепке алу ережесі
19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысымен
бекітілген Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келу және болу, сондай-ақ олардың
Қазақстан Республикасынан кету тәртібі
20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 наурыздағы № 468 қаулысымен
бекітілген Әлеуметтік салдары бар аурулар мен айналасындағылар үшін қауіп туғызатын
аурулардың тізбесі
21
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 қазандағы № 997 қаулысымен
бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ
адамдардың медициналық көмек алу ережесі
22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы №1242 «Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу
туралы» қаулысы
23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1336 «Қазақстан
Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін
тартуға 2008 жылға арналған квота белгілеу туралы» қаулысы
24
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2002 жылғы
15 қарашадағы № 266-ө бұйрығымен бекітілген Жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің
бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
25
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2002 жылғы
22 қарашадағы № 273-ө бұйрығымен бекітілген Басшылардың, мамандардың және басқа да
қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы
26
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 8 тамыздағы № 542
бұйрығымен бекітілген Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды
Қазақстан Республикасында тану және нострификациялау (баламалылығын белгілеу)
тәртібі туралы ереже
27
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін
атқарушының 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 225-ө бұйрығымен бекітілген Оралмандардың
және олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтарында
уақытша болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету ережесі
28
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 651 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің оқу
бағдарламаларын іске асырушы білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесі
29
Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Стандарттау,
метрология және сертификаттау комитетінің 1999 жылғы 16 қазандағы № 22 бұйрығымен
бекітілген Қазақстан Республикасының 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Мемлекеттік
01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Мемлекеттік
Кәсіптер сыныптауышы» Мемлекеттік
» Мемлекеттік
Мемлекеттік
сыныптауышы
Document Outline - КІРІСПЕ
- І. ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
- II. ҚАЗАҚСТАНҒА КӨШІ-ҚОН: НЕГІЗГІ ДЕРЕКТЕР
- 2.1. Қазақстан еңбек көші-қонының бару елі ретінде
- 2.2. Қазақстанның еңбекші-мигранттардың құқықтарына қатысты халықаралық конвенцияларға, аймақтық және екіжақты келісімдерге қатысуы
- III. МИГРАНТТАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ МҮМКІНДІГІ (ҚАБЫЛДАУ САЯСАТЫ)
- 3.1. Халықаралық еңбек көші-қонын құқықтық реттеу шектері
- 3.2. Шетелдік жұмыс күшін квоталау
- 3.3. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру
- 3.4. Мигранттардың еңбек нарығына қатынау құқықтары(қабылдауды сүйемелдеу)
- 3.5. Еңбекші-мигранттардың жұмыс орнын ауыстырған жағдайдағы құқықтары
- 3.6. Білімі және біліктілігі туралы шетелдік құжаттарды тану
- IV. МИГРАНТТАРДЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ
- 4.1. Еңбек және жұмыспен қамту шарттары
- 4.2. Кәсіптік оқыту, тіл үйрету курстары мен кірігу курстары
- 4.3. Кәсіподақтардың құқықтары
- V. ЕҢБЕКШІ-МИГРАНТТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КІРІГУІНЕ ЖӘРДЕМДЕСУ
- VI. ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫ ЖАҚСАРТУ
- 6.1. Денсаулық сақтау
- 6.2. Тұрғын жаймен қамтамасыз ету
- 6.3. Білім беру
- VII. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫ ҚАМТИТЫН ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ
- 7.1. Зейнетақымен қамсыздандыру
- 7.2. Міндетті әлеуметтік сақтандыру
- 7.3. Жұмыстағы жазатайым оқиғалар
- VIII. МӘРТЕБЕСІ РЕТТЕЛМЕГЕН ЕҢБЕК МИГРАНТТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ РЕТТЕУ
- IX. ЕҢБЕКШІ –МИГРАНТТАРДЫ ҚОРҒАУ МЕН ЛАЙЫҚТЫ ЕҢБЕКТІ ІЛГЕРІЛЕТУ ҮШІН ҰЛТТЫҚ САЯСАТ ПЕН ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫМДАР98
- 1. Шетелдік жұмыс күшін қабылдау саясатына қатысты ұсынымдар
- 2. Еңбекші - мигранттардың құқықтары жөніндегі ұлттық заңнаманы күшейтуге қатысты ұсынымдар
- Х. БИБЛИОГРАФИЯ
- ХІ. ҚОСЫМШАЛАР
- 1-Қосымша. Жекелеген терминдер сөздігі101
- 2-Қосымша. Халықаралық еңбек ұйымының бекітілген конвенциялары
- 3-Қосымша. Адам құқықтары жөнінде бекітілген халықаралық конвенциялар (хаттамалар)
- 4-Қосымша. Еңбек көші-қоны туралы аймақтық және екі жақты келісімдер
- 5-қосымша. Қазақстан Республикасы нормативтік- құқықтық актілерінің тізбесі
Достарыңызбен бөлісу: |