ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕҢБЕК ҰЙЫМЫ
Қазақстандағы еңбекші-мигранттардың
құқықтары:
ұлттық заңнаманы, халықаралық
стандарттар мен құқық қолдану
тəжірибесін талдау
АСТАНА
МАМЫР, 2008
Бұл жарияланым «Тұрақты серіктестік Ресей Федерациясындағы, Кавказдағы және
Орта Азиядағы жұмыс күші көші-қонын тиімді басқаруды қамтамасыз ету құралы ретінде»
жобасының аясында Еуропа Комиссиясы қаражатының есебінен жүзеге асырылды.
© Халықаралық еңбек ұйымы, 2008
2008ж. бірінші басылым
Халықаралық еңбек бюросының жарияланымдары Бүкіләлемдік авторлық құқық туралы
конвенцияның 2-хаттамасына сәйкес авторлық құқықпен қорғалады. Соған қарамастан, одан
қысқаша үзінділер қайнар көзін көрсеткен жағдайда рұқсат алмай-ақ жариялана алады. Жариялауға
немесе аударуға құқықты алу үшін ILO Publications (Rights and Permissions), International Labour
Office, CH-1211, Geneva 22, Switzerland мекен-жайына немесе pubdroit@ilo.org электрондық пошта-
сы бойынша жүгіну керек. Халықаралық еңбек бюросы мұндай жүгінулерді қош көреді.
Интеллектуалдық меншік ұйымдарында тіркелген кітапханалар, мекемелер және басқа да пайда-
ланушылар көшірмелерді оларға осы мақсат үшін берілген лицензияларға сәйкес жасай алады. Өз
еліңізде интеллектуалдық меншік ұйымын табу үшін www.ifrro.org сайтына кіріңіз.
Қазақстанда еңбек етуші көшіп-қонушылардың құқықтары: ұлттық заңнаманы, халықаралық
стандарттарды және құқық қолдану тәжірибесін талдау, Алматы, Халықаралық еңбек ұйымы,
2008 ж.
ISBN 978-92-2-421945-0 (print)
ISBN 978-92-2-421946-7 (web pdf))
International Labour Office; ILO Subregional Office for Eastern Europe and Central Asia
migrant worker / workers rights / labour legislation / ILO Convention / UN Convention / comment /
application / Kazakhstan. 14.09.2
Сонымен бірге ағылшын тілінде: Rights of migrant workers in Kazakhstan. National legislation,
international standards and practices (ISBN 978-92-2-121945-3), Алматы қ., 2008 ж., орыс тілінде:
Права трудящихся-мигрантов в Казахстане: анализ национального законодательства, международ-
ных стандартов и правоприменительной практики (ISBN 978-92-2-421945-0), Алматы қ., 2008 ж.
жарияланған.
Кітаптың библиографиялық сипаттамасы
Біріккен Ұлттар Ұйымында қабылданған тәжірибеге сәйкес келетін атаулар, және осы жарияла-
нымда материалды баяндау Халықаралық еңбек бюросының қандай да бір елдің, ауданның немесе
аумақтың, не олардың биліктерінің құқықтық мәртебесі туралы не олардың шекараларын делими-
тациялау туралы қандай да бір пікірін білдіру болып табылмайды.
Жазылатын мақалаларда, зерттеулерде және басқа да туындыларда білдірілген пікірлер үшін жауап-
кершілік олардың авторына жүктеледі, және жариялау фактісі баяндалған пікірді Халықаралық
еңбек бюросының қолдауын білдірмейді.
Фирмалардың коммерциялық бұйымдардың және процестердің атауларын еске салу олардың
Халықаралық еңбек бюросының мақұлдауын білдірмейді, және де нақты фирманы, коммерциялық
бұйымды немесе процестерді еске салудың жоқтығы оларды мақұлдамау туралы куәландырмайды.
Халықаралық еңбек ұйымының басылымдары және олардың электрондық нұсқалары ірі кітап
дүкендерінде немесе әлемнің көптеген елдеріндегі ХЕБ жергілікті бюроларында сатылымда бар;
оларды сондай-ақ Халықаралық еңбек бюросының жарияланым бөлімінен тікелей алуға болады:
ILO Publications, International Labour Office, CH-1211 Geneva 22, Switzerland. Осы мекен-жай бойын-
ша ХЕБ жарияланымдарының тегін каталогын немесе соңғы басылымдар тізімін, соның ішінде
электрондық пошта бойынша (pubvente@ilo.org) алуға болады.
Біздің веб-сайтқа: www.ilo.org/publns кіріңіз.
Қазақстан Республикасында басылған
Авторлардан
Бұл есеп беруді Халықаралық еңбек ұйымының Шығыс Еуропа және Орта Азия елдері-
не арналған Субаймақтық бюросының «Тұрақты серіктестік Ресей Федерациясындағы,
Кавказдағы және Орта Азиядағы жұмыс күші көші-қонын тиімді басқаруды қамтамасыз
ету құралы ретінде» жобасының аға техникалық кеңесшісі Нилим Баруаның жетекшілігі-
мен ХЕҰ ұлттық сарапшысы Вадим Ни дайындады. Маңызды түсініктемелер ХЕҰ-ның
Мәскеудегі және Женевадағы қызметкерлері мен мамандарынан алынды. Есеп беру ҚР
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, ҚР Кәсіподақтар федерациясы-
мен және ҚР Жұмыс берушілер конфедерациясымен бірге талқыланды.
Зерттеуді ұйымдастыруды әкімшіліктік қолдауды жобаның Қазақстандағы
үйлестірушісі Алия Ильясова мен жобаның әкімшіліктік ассистенті Ольга Иванова
қамтамасыз етті.
Зерттеу Еуропалық Одақ (ЕО) қаржыландырып отырған «Тұрақты серіктестік Ре-
сей Федерациясындағы, Кавказдағы және Орта Азиядағы жұмыс күші көші-қонын тиімді
басқаруды қамтамасыз ету құралы ретінде» жобасы аясында өткізілді.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ...................................................................................................................................... 6
І. ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ ...................................................................................................... 7
II. ҚАЗАҚСТАНҒА КӨШІ-ҚОН: НЕГІЗГІ ДЕРЕКТЕР .................................................... 9
2.1. Қазақстан еңбек көші-қонының бару елі ретінде ...................................................................................... 9
2.2. Қазақстанның еңбекші-мигранттардың құқықтарына қатысты халықаралық конвенцияларға,
аймақтық және екіжақты келісімдерге қатысуы ..............................................................................................11
III. МИГРАНТТАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ
МҮМКІНДІГІ (ҚАБЫЛДАУ САЯСАТЫ) ........................................................................... 12
3.1. Халықаралық еңбек көші-қонын құқықтық реттеу шектері ................................................................... 12
3.2. Шетелдік жұмыс күшін квоталау .............................................................................................................. 13
3.3. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру ............................................................................................ 15
3.4. Мигранттардың еңбек нарығына қатынау құқықтары(қабылдауды сүйемелдеу) ................................ 17
3.5. Еңбекші-мигранттардың жұмыс орнын ауыстырған жағдайдағы құқықтары ...................................... 18
3.6. Білімі және біліктілігі туралы шетелдік құжаттарды тану..................................................................... 19
IV. МИГРАНТТАРДЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДАҒЫ
ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ...................................................................................................... 21
4.1. Еңбек және жұмыспен қамту шарттары ................................................................................................... 21
4.2. Кәсіптік оқыту, тіл үйрету курстары мен кірігу курстары ..................................................................... 22
4.3. Кәсіподақтардың құқықтары .................................................................................................................... 23
V. ЕҢБЕКШІ-МИГРАНТТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КІРІГУІНЕ ЖӘРДЕМДЕСУ ..... 25
5.1. Кемсітушілік мәселелерін шешу ............................................................................................................... 25
5.2. Еңбекші-мигранттардың кірігуі ................................................................................................................. 26
5.3. Отбасыларының қайта қосылуы ................................................................................................................ 26
VI. ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫ ЖАҚСАРТУ ............................................. 29
6.1. Денсаулық сақтау ........................................................................................................................................ 29
6.2. Тұрғын жаймен қамтамасыз ету ................................................................................................................ 29
6.3. Білім беру ..................................................................................................................................................... 30
VII. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫ ҚАМТИТЫН
ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ .................................................................................. 32
7.1. Зейнетақымен қамсыздандыру .................................................................................................................. 33
7.2. Міндетті әлеуметтік сақтандыру ............................................................................................................... 33
7.3. Жұмыстағы жазатайым оқиғалар .............................................................................................................. 33
VIII. МӘРТЕБЕСІ РЕТТЕЛМЕГЕН ЕҢБЕК МИГРАНТТАРЫ
ЖӘНЕ ОЛАРДЫ РЕТТЕУ ..................................................................................................... 35
IX. ЕҢБЕКШІ –МИГРАНТТАРДЫ ҚОРҒАУ МЕН ЛАЙЫҚТЫ ЕҢБЕКТІ
ІЛГЕРІЛЕТУ ҮШІН ҰЛТТЫҚ САЯСАТ ПЕН ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ
ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫМДАР ................................................................................................ 37
1. Шетелдік жұмыс күшін қабылдау саясатына қатысты ұсынымдар .......................................................... 38
2. Еңбекші - мигранттардың құқықтары жөніндегі ұлттық заңнаманы күшейтуге қатысты ұсынымдар 39
Х. БИБЛИОГРАФИЯ ............................................................................................................... 41
ХІ. ҚОСЫМШАЛАР ............................................................................................................... 42
1-Қосымша. Жекелеген терминдер сөздігі ..................................................................................................... 42
2-Қосымша. Халықаралық еңбек ұйымының бекітілген конвенциялары .................................................... 44
3-Қосымша. Адам құқықтары жөнінде бекітілген халықаралық конвенциялар (хаттамалар) .................. 45
4-Қосымша. Еңбек көші-қоны туралы аймақтық және екі жақты келісімдер ............................................. 45
5-қосымша. Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің тізбесі ..................................... 46
КІРІСПЕ
Осы есеп беру Халықаралық еңбек ұйымының (бұдан әрі - ХЕҰ) «Тұрақты серіктестік
Ресей Федерациясындағы, Кавказдағы және Орта Азиядағы жұмыс күші көші-қонын тиімді
басқаруды қамтамасыз ету құралы ретінде» жобасының аясында дайындалды. Жүргізілген
жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының еңбекші-мигранттардың
құқықтарын реттейтін ұлттық заңнамасын, сондай-ақ осы саладағы халықаралық стан-
дарттар мен тәжірибесін салыстырмалы бағалау болды. Сонымен қатар жұмыстың мақсаты
еңбек көші-қоны саласындағы лайықты еңбекті ілгерілету мен еңбекші-мигранттардың
құқықтарын қорғауды күшейту жөніндегі тиімді саясатты іске асыруға қажетті заңнамалық
шаралар бойынша ұсынымдар дайындау болды.
Осы жұмысты дайындау барысында еңбекші-мигранттардың қазақстандық заңнамаға
сәйкес құқықтары қарастырылды, халықаралық еңбек көші-қонын құқықтық реттеудегі не-
гізгі тәсілдер мен елде белгіленген оларды іске асыру рәсімдері зерттелді. Талдау жүргізу
кезінде негізгі назар еңбек көші-қонына аударылды, оның тиімді реттелуі жүйесіз еңбек
көші-қоны мәселелерін нәтижелі шешудің бір алғышарты ретінде қаралады. Салыстыр-
малы талдаудың басым бөлігі шығу және бару елдеріндегі еңбек көші-қоны саласындағы
тиімді саясатты әзірлеу жөніндегі Нұсқаулыққа сәйкес
1
құрылды, оған мынадай негізгі та-
раулар енгізілді:
1. Қысқаша мазмұны;
2. Қазақстанға көші-қон: негізгі деректер;
3. Еңбекші-мигранттардың жұмысқа орналасу мүмкіндігі;
4. Мигранттардың еңбек саласындағы құқықтарын қорғау;
5. Еңбекші-мигранттардың әлеуметтік кірігуіне жәрдемдесу;
6. Әлеуметтік қамсыздандыруды жақсарту;
7. Әлеуметтік қорғау;
8. Реттелмейтін еңбек көші-қоны;
9. Қорытындылар мен ұсынымдар.
Бұл зерттеудің халықаралық құқыққа қатысты ел бекіткен, сондай-ақ аймақтық және
екіжақты келісімдермен бекітілген не мақұлданған халықаралық конвенциялармен шек-
телмегендігін атап өту керек. Өйткені, көптеген бару елдері еңбекші-мигранттар туралы
ХЕҰ № 97 Конвенциясының, еңбекші-мигранттар туралы ХЕҰ № 143 Конвенциясының
(қосымша ережелер), барлық еңбекші-мигранттардың және олардың отбасы мүшелерінің
құқықтарын қорғау туралы Халықаралық конвенцияның тараптарына жатпайды. Дегенмен,
халықаралық-құқықтық құралдардың негізінде қаланған стандарттар бұл елдер үшін ше-
телдік қызметкерлерді өздерінің еңбек нарықтарына жіберуге және олардың құқықтарын
қамтамасыз етуге қатысты ұлттық саясатты құру және іске асыру үшін негіз ретінде қызмет
етеді.
Зерттеу барысында ұсынылған талдау жобасы «Тұрақты серіктестік Ресей
Федерациясындағы, Кавказдағы және Орта Азиядағы жұмыс күші көші-қонын тиімді
басқаруды қамтамасыз етудің құралы ретінде» жобасының жұмысшы/кеңесу тобының ар-
найы кездесуі барысында талқыланды (Астана қ., 2008 жылғы 28 наурыз). Оған Қазақстан
Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, оның құрамына
енетін Көші-қон комитетінің, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының және
Қазақстан Республикасы Жұмыс берушілер конфедерациясының өкілдері қатысты.
1 Шығу және бару елдеріндегі еңбек көш-қоны саласында тиімді саясат әзірлеу жөніндегі Нұсқаулық.
ЕҚЫҰ, ХКҚҰ, ХЕҰ, 2006.
І. ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
1. Қазақстан жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін бір жылдан аспайтын мерзім-
ге тартуға рұқсат беруді жүзеге асыра отырып, оның ішінде, уақытша еңбек көші-қонын
білікті мамандар мен қызметкерлерге қатысты қолдау саясатын ұстанады. Қазақстанға
шетелдіктердің белгілі бір санаттарын иммиграциялауға жағдай туғызу және оны қолдау, ең
алдымен, этникалық көші-қон (оралмандар)
2
басымдықтарына және белгілі бір адамдардың
тарихи отанына оралу және отбасыларының қайта қосылу құқықтарын тануға негізде-
леді (әңгіме Қазақстан аумағында туылған немесе бұрын қазақстандық азаматтығы болған
тұлғалар, олардың отбасы мүшелері, Қазақстан азаматтарынан жақын туыстары бар
бұрынғы Кеңес Одағының республикаларының азаматтары туралы болып отыр). Бұл орай-
да, елде тұрақты тұру құқығын алған адамдар еңбекші мигрант ретінде танылмайды.
2. Қазақстанда белгіленген мигранттардың еңбегін пайдалануға рұқсат беру рәсімі ше-
телдік қызметкерлерді ұлттық кадрлармен, оның ішінде жұмыс берушінің тиісті инвести-
циялары есебінен, біртіндеп алмастыру басымдығына негізделген. Бұл тәсілдің білікті миг-
ранттарды тартуда бәсекелесуші және мекендеу құқықтары елде заңды болу мерзімі артуына
қарай ұлғаятын өнеркәсібі дамыған елдердің көпшілігінің тәжірибесінен айырмашылығы
бар. Сонымен қатар, ХЕҰ № 143 Конвенциясы мен Барлық еңбекші-мигранттардың және
олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы Халықаралық конвенция елде
екі жылдан аспайтын, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде еңбек қызметін заңды түрде жүзеге
асырғаннан кейін мигранттардың еңбек нарығына еркін қатынау құқығын көздейді. Сон-
дай-ақ, Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу рәсімі күрделі сипатқа ие
екенін әрі уақыт пен жұмыс берушінің ілеспе шығыстары бойынша тым шығынды болып
отырғанын атап айту керек. Бұған қоса, қойылатын талаптардың көлемі жыл сайын өсуде
және одан әрі күрделене түсуде, бұл іс жүзінде елдегі реттелмейтін еңбек көші-қоны өсуінің
бір себебі болуы мүмкін.
3. Кемсітпеушілік, оның ішінде ұлттық уәж бойынша кемсітпеушілік қағидасы
Қазақстанда кеңінен танылып отыр және еңбек жағдайларына қатысты ұлттық заңнамада
еңбекші-мигранттарға қатысты қандай да болмасын кемсіту ережелері жоқ. Алай-
да сыртқы еңбек көші-қонын уақытша құбылыс ретінде қарастыру және оны жұмыс бе-
рушіге рұқсат беру негізінде реттеу іс жүзінде еңбекші-мигранттардың жұмыспен қамту
саласындағы құқықтарының шектелуіне әкеледі, бұл еңбекші-мигранттың бір жұмыс бе-
рушіге «таңылуынан» көрінеді. Бұған қоса, Қазақстанның Экономикалық, әлеуметтік және
мәдени құқықтар туралы Халықаралық пакті мен ХЕҰ-ның № 87 Бірлесу бостандығы
және кәсіподақтарға бірігу құқығын қорғау туралы Конвенциясын бекіткеніне қарамастан,
еңбекші-мигранттардың кәсіподақ құру құқықтары жоқ және олардың бұрын жұмыс істеп
келген қызметкерлер бірлестіктері қызметіне қатысу мүмкіндіктері де әбден шектелген.
4. Еңбекші-мигранттардың жергілікті қоғамға кірігуі жөніндегі шаралар Қазақстанда
онша белсенді іске асырылып жатқан жоқ, және оның бір қатар себептері бар. Бірінші-
ден, еңбек көші-қонын реттеу жөніндегі саясат оның уақытша сипатын тануға негізделген.
Екіншіден, Қазақстанға келетін еңбекші-мигранттардың көпшілігі аз ғана уақыт бұрын
біртұтас одақтық мемлекеттің (КСРО) азаматтары болған және бұрынғысынша жал бойын-
ша жұмыс істейтін мемлекетте кірігуде елеулі тілдік және мәдени қиыншылықтарды сезін-
бейді. Монғолия мен Қытай сияқты елдерден келетін мигранттардың кірігу мәселерін шешу
үшін мамандандырылған орталық базасында бейімдеу қызметтерін көрсету көзделген.
Бұған қоса, еңбекші-мигранттардың негізгі шығу мемлекеттерімен визалық тәртіптің бол-
мауы жағдайында және виза саясатының тұтастай ашық сипатына байланысты жағдайында
2
Қазақстан Республикасы егемендік алған сәтте шетелде өмір сүрген және Қазақстанға тұрақты
мекендеу мақсатымен келген шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ қазақ ұлтының өкілдері.
Қазақстан аумағына заңды келіп жатқан еңбекші-мигранттар отбасыларының қайта қосылу
құқықтарын іске асыру үшін елеулі кедергі де жоқ.
5. Барлық еңбекші-мигранттардың және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау
туралы Халықаралық Конвенцияда және ХЕҰ № 143 Конвенциясында көзделген денсаулық
сақтау мен балаларға білім беруге тең құқылы мүмкіндікті қамтамасыз ету жөніндегі сая-
сатты әзірлеу және іске асыруға қатысты, мынаны атап өту қажет. Еңбекші-мигранттардың
Қазақстанда денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы қызметтерді пайдалануға
белгілі бір мүмкіндіктері бар, және осы жағдайлардың екеуінде де, тиісті құқықтар ұлттық
заңнамада бекітілген, соңғысы көбінесе денсаулық сақтау мәселесіне қатысты.
6. Қазақстанда еңбекші-мигранттардың зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті
әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қол жеткізу құқығы жоқ. Бұл мұндай тиісті мүмкіндіктердің
Қазақстанда тұрақты тұру құқығын алған адамдарға ғана берілуімен байланысты. Тіп-
ті, екі жағдайда да, жұмыс беруші еңбекші-мигранттар бойынша тиісті төлемдерді жүзеге
асыру міндетінен босатылған. Осыған орай, қолданыстағы Қазақстанның қолданыстағы
заңнамасының шетелдік қызметкерлердің әлеуметтік сақтандырылу құқықтарына
қатысты ережелерінің Барлық еңбекші-мигранттардың және олардың отбасы мүшелерінің
құқықтарын қорғау туралы Халықаралық конвенциясы, ХЕҰ №118, №143, №157 конвенция-
лары белгілеген халықаралық стандарттарға сәйкес келмейтінін атап өту қажет. Дегенмен,
қызметкердің еңбек міндеттерін атқару кезінде, оның өмірі мен денсаулығына келтіріліген
зиянды өтеу құқығына келетін болсақ, еңбекші-мигранттар ұлттық заңнамаға сәйкес жер-
гілікті қызметкерлер пайдаланатын құқықтарды пайдалана алады.
7. 2006 жылғы 1 тамыздан бастап 2006 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде Қазақстанда
ТМД елдерінен келген жүйесіз еңбекші-миранттардың еңбек қызметін заңдастыру жөніндегі
бір жолғы акция (көші-қон рақымшылығы) өткізілген болатын. Ішкі істер органдарында
тіркеуден өткен жағдайда, ел аумағында заңды түрде болған, бірақ бұған дейін жұмыс бе-
рушілер тиісті рұқсат алмай, Қазақстанда еңбек қызметін жүзеге асырған еңбекші-миг-
ранттар тіркелу және кейіннен үш жылдан аспайтын кезеңге еңбек қызметін заңды негізде
жүзеге асыру құқығын алды. Сонымен бірге, заңдастырылған еңбекші мигранттар ұлттық
еңбек нарығына еркін қатынау құқығын алмады. Оларға бар болғаны оларды тіркеу рәсімін
жүзеге асырған жұмыс берушімен заңды еңбек қатынастарына ауысу мүмкіндігі ғана беріл-
ді.
II. ҚАЗАҚСТАНҒА КӨШІ-ҚОН: НЕГІЗГІ ДЕРЕКТЕР
2.1. Қазақстан еңбек көші-қонының бару елі ретінде
Соңғы жылдары Қазақстан еңбек көші-қонының шығу елі дәрежесінен шетелдік жұмыс
күші легі белсенді келіп жатқан елдер тобына өтті. Негізгі себеп Қазақстанда 2000-шы
жылдардан басталған экономикалық өсу және сонымен байланысты жұмыс орындарының
көбеюі, жалақы деңгейі мен халықтың табыстарының өсуі болды. Ішкі еңбек нарығында
жұмыс күшінің тапшылығын туындататын тағы да бірқатар себептер бар. еңбекақы
деңгейінің төмен болуы себепті жергілікті халық арасында төмен біліктілікті жұмыстарға
сұраныс жоқ, мәселен, ауыл шаруашылығында, құрылыста, қызмет көрсету саласында.
Анағұрлым жоғары біліктілікті талап ететін кәсіптерде өткен ғасырдың 90-шы жылдарын-
да экономикалық дағдарыс салдарынан білікті кадрлар мен арнаулы білімі бар жастардың
көптеп кетуі орын алды, мәселен, сауда және қызмет көрсету саласына; олардың көпшілігі
елден жырақ кетті. Сонымен бірге, таяу болашақта Қазақстан өткен ғасырдың 90-шы жыл-
дары орын алған және еңбек нарығына шығатын жас адамдар санының елеулі төмендеуіне
әкеп соқтыратын туу деңгейінің күрт төмендеуінің зардаптарына душар болады
3
. Оны
төменде келтірілген кестеден анағұрлым айқын көруге болады.
2.1-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |