Құқықтық тәрбие берудің теориялық негіздері


Жоғарыдағы өзіміз жүргізген және әлеуметтік сауалнама мәліметтеріне сүйене отырып, 5-9 сынып оқушылары арасында ақпараттық, ағартушылық



бет16/28
Дата14.08.2023
өлшемі225,66 Kb.
#105256
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28
Жоғарыдағы өзіміз жүргізген және әлеуметтік сауалнама мәліметтеріне сүйене отырып, 5-9 сынып оқушылары арасында ақпараттық, ағартушылық жұмыстар жүргізу қажеттілігі айқындалды. Ол үшін өскелең ұрпаққа өмірдегі кездесетін мәселелерді шешу, олармен болашақта ұшыраспау әдісі мен тәсілдерін үйретуге және өз құқықтарының қадағалануы мен өмір сапасын жақсартуда жағдайды өзгертуге қатыстыру маңызды.
Осыған орай, диагностика жүргізу барысында құқықтық сана, құқықтық білім мәселесі жөніндегі ғалымдар пікірлеріне де назар аударылды. Құқықтық ақпараттың белгілі бір қоры болғанда ғана, субьектінің санасында бағалауды талқылау, сосын терең құқықтық сенім пайда болуы мүмкін» деп есептеуі құқықтық білімнің құқықтық сананың құрылымында маңызды орын алатыны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Педагогикалық диагностикада тестілеу деп зерттеу әдістерін айтады. Ғылыми тілде тестілеу – бұл құрылуы мен қолданылуында белгілі ереже болатын зерттеу әдісі. Мектеп оқушыларының құқықтық тәрбиесінің деңгейін, ол туралы түсінігі мен ойының дамуын анықтау үшін тесттер жинағын қолдандық. Педагогикада көбінесе мектептегі үлгерім тесттері, мектепке дайындық тесттері, интеллект тесттері, кәсіби даярлықты тексеру тесттері, зейінді шоғырландыруға арналған тесттер және де әлеуметтік тесттер қолданылады. Қазіргі кезде жеке тестілеуге қарағанда топтық тестілеу жиі қолданылады, алайда техникалық прогресс жағдайды жеке тестілеуді де өзгертуі мүмкін деген көзқарастардың да кездесетіні анықталды. Бұл әдісдиагностиканың нәтижесін қорытындылау мақсатында қолданылады.
Зерттеу барысында алдымен «Психологиялық жай – күйін өзіндік бағалау» тестін қолдана отырып, оқушылардың көңіл-күйін анықтадық. Бұл қандай оқушының құқық бұзушылыққа бейім келуін айқындау мақсатында жүргізілді. Себебі, агрессивті балалар құқық бұзушылыққа бейім келеді, сондықтан агрессивті балалар қандай болады, соны тексеріп көрейік? Оның төмендегідей үлгісін ұсынамыз:
Құрметті оқушы! Бұл психологиялық тест 15 сұрақтан тұрады. Оған жауап бергенде мынаны ескересіздер. Егер, ол ахуал басыңыздан жиі өтетін болса, 2 ұпай, нақ осы көңіл-күй анда – санда кездессе 1 ұпай, егер мүлдем кездеспесе 0 ұпай қоясыз.

  1. Мені ашуландыру оңай.

  2. Соңғы сөзді мен айтуым керек.

  3. Сұхбаттасушының сөзін бөлетін кездерім жиі болады.

  4. Басқаларға ескерту айтқанды жақсы көремін?

  5. Басқаларға беделді болғым келеді.

  6. Менің барға қанағаттанғым келмейді.

  7. Ашуланған да өзімді әрез тежеймін.

  8. Бағынышты болғанннан гөрі, басқарғанды ұнатамын.

  9. Менің ым – ишараларым дөрекілеу.

  10. Мен кекшілмін.

  11. Агрессивті болуға қоршаған орта әсер етеме?

  12. Агрессивтілік «зиянды» ма, әлде «зиянсыз» ба?

  13. Балаға деген ата – ананың қарым – қатынасы әсер ете ме?

  14. Қазіргі әртүрлі шетел киноларының агрессивті болуға әсері барма?

  15. Басқалардың айтқанына әркез көнемін.

Қорытынды нәтиже шығару. Ұпайларды есептеңіз. Сізге түрлі көңіл – күйдің сипаттамаларын ұсынып отырмыз: 0-7 ұпай – сіз салмақтысыз, ұстамдысыз; 8-15 - ұпай орташа деңгей; 15-30 ұпай – сіз агрессивтісіз, ұстамсызсыз, адамдармен қарым-қатынаста қиындықтарға кездесесіз.
Жеткіншектердің психологиялық жай-күйін бағалау қорытындысы бойынша экспериментке қатысқан балалардың 30 пайызы ұстамды, 30 пайызы орташа, 40 пайызы ұстамсыз екендігі анықталды.
Біз өз тәжірибемізде алдымен адамның мінез-құлқын бақылай отырып, оның осы уақыттағы, өткендегі және басқа адамның айтып берген бейнесіндегі мінез-құлқымен салыстырамыз. Педагогикалық диагностикада салыстырудың бұл аспектілері жеке тұлғалық, әлеуметтік немесе объективті деп аталады. Жеке тұлғаның осы уақыттағы мінез-құлқының басқалардың айтқандарынан айырмашылығы неде? екені талданады. Қарапайым сабақ уақытында құқық пәнінің мұғалімі үнемі жағдайларды бағдарлап және өзінің бағдарының нәтижесіне байланысты оқу үдерісінің кезеңдерін анықтайды. Әдетте тексеру немесе сынақ түрлерінің бәрін тестілеу дейді.
Жоғарыдағы тест арқылы психологиялық жағдайды анықтап алғаннан кейін құқықтық тәрбие бағыттындағы жұмыстарды жүргізу үшін жеткіншектердің жас ерекшеліктеріне назар аударылды.
Осы кезеңде жеткіншектерге құқықтық тәрбие беруде басшылыққа алынуы тиіс негізгі ақыл- кеңестерге төмендегілерді жатқызамыз:

  • Жеткіншектердің заң және соған сәйкес құқықтық нормалардың бар екенін білуіне шарт түзу;

  • Мемлекет тарапынан қабылданған заңды бұзған адамның жауапқа тартылатынын білуі;

  • Заң нормаларын орындау адамгершіліктің басты ережесін орындаумен бірдей екенін түсіндіру;

  • Күнделікті өмірде өзін дұрыс ұстауға ұмтылу;

  • Тәртіп бұзушының теріс мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал ететін жағдайды жою;

  • Оқушының өмір жағдайын, тәрбиесін, ортасын сауықтыру;

  • Оқу, еңбек іс - әрекетін тиімді ұйымдастыру;

  • Отан қорғау, туған елдің күш-қуатын молайту,

  • Сөз, баспасөз бостандығы мәселелері жөнінде тәрбиелік іс – шараларды өткізу;

  • Жеткіншектердің арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат іс-әрекеттердің алдын алып, олардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою;

  • Өмірде қиындыққа душар болған жеткіншекті әлеуметтік қорғау;

  • Жеткіншектердің заңға мойын ұсынушылық мінез-құлқын қалыптастыру;

  • Жеткіншектердің құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат іс - әрекеттер жасауға тарту фактілерін анықтап, жолын кесу;

  • Жеткіншектердің арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың алдын алу жөніндегі мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың қызметін үйлестіру.

Мектеп қабырғасында жеткіншектердің құқықтық тәрбиесін ұйымдастыру жұмыстарының тиімді әрі нәтижесі болуы үшін ата-аналар тарапынан белсенді қатысушылық іс-шаралары да аса қажет. Себебі, балалардың мінез-құлқының нормадан, шамадан тыс ауытқуына отбасылық жағдайда әсер етеді. Тұлғаның жеке бастық жаман-жақсы қасиеттерінің негізі отбасынан қалыптасады. Әке, шеше және отбасының басқа да мүшелері жеткіншектерге тек сөз арқылы ғана емес, жеке бастарының өнегесімен, іс-әрекетінің үлгісімен ықпал етеді. Елдегі эканомикалық-әлеуметтік жағдайдың нашарлауы отбасындағы күнкөріс, тіршілік ету жағдайына өз ықпалын тигізеді. Отбасындағы мұндай келеңсіздіктер балалардың оқуға бармай, дала кезіп, ұрлық, кісі тонау секілді қоғамға жат қылықтармен айналысуына әкеп соғады, нәтижесінде мектеп өмірінде мінез-құлқы күдік келтіретін «қиын» деген балалар қалыптасады.
Осы ретте құқықтық тәрбиені нәтижелі ұйымдастыру үшін отбасылық жағдайды мектеп өмірімен ұштастыру қажет деп есептейміз. Кейде отбасының көп жыл бойы балаға жасаған ықпалы, оны қоршаған ортаның қоғамды әсерінен басым түсуі әбден ықтимал. Сондықтан, отбасы тәрбиесіне теріс ықпал ететін жағдай жеткіншектің бойында ұнамсыз қасиеттердің болуына, қоғамға жат ой-пиғылдардың қалыптасуына әсер ететін басты себептердің бірі болып табылады. Осы келеңсіздіктерді мектеп әкімшіліктері мен педагогтары ескере отырып, құқықтық тәрбие қалыптастырудың тиімді жолы ретінде «Отбасылық жағдай және жеткіншек», «Ата-ана мен баланың құқықтық қатынасы» атты кең көлемді тақырыптарда ата-аналармен бірлесе отырып, өзекті кездесулер ұйымдастыру ісі нәтижелі мүмкіндікті тудыруы ықтимал. Жеткіншектер мен ата-аналар арасында құқықтық білімді беруді тереңдету мақсаты жүйелі түрде жүргізілсе, құқықтық бағыттағы шараларға жеткіншектермен бірге ата-аналар да қызығушылықпен қатысады.
Құқықтық тәрбие берудің мектептегі кезеңінен басталуымен адамның қоғамдағы мінез-құлық тәртібін ұғынуы, қарапайым құқықтық білімі мен машықтары тереңдеп, жүйелілігі артады. Жалпы білім беретін мектепке тән адамгершілік-құқықтық тәрбие берудің әр түрлі нысандарының міндеті оқушылардың жасына сай мүмкіндіктерін, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу ерекшеліктерін ұғыну қисынын, тұлғаның құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін ескере отырып, жеткіншектерді тұлға ретінде қалыптастыруда құқықтық даярлыққа да мән беру болып табылады.
Құқықтық даярлықтың деңгейі өсіп келе жатқан ұрпаққа үздіксіз білім берудің мынандай негізгі кезеңдеріне сәйкес келеді:
- бастауыш деңгей (мектепке дейінгі кез, жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптары);
- орта деңгей (орта мектеп, жалпы білім беретін орта мектеп, кәсіптік мектеп, арнаулы оқу орындары);
- жоғары деңгей (жоғары заң оқу орындарынан және заң факультеттерінен басқалары).
Осыған байланысты құқықтық тәрбиенің нәтижелі болуы үшін оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін ескеру қажеттілігі, сол себепті құқықтық тәрбие беру жұмысы бірнеше сатыдан: 1- 4 сынып, 5-7 сынып, 8-9 сынып, 10-11 сынып тұратыны, сатыдан сатыға көшкен сайын құқықтық тәрбиенің күрделеніп, тереңдей беретіндігі айқындалады. Бұл ретте жоғары оқу орнындағы құқықтық даярлау мамандарды салалық мамандар жетілдіру институттары, құқық мектептері және т.б. арқылы әрі қарай жүйелі түрде құқықтық қайта даярлаумен нығайтылады.
Құқықтық педагогиканың жалпы теориясында бекітілген ережеге сәйкес жеткіншектерді, жалпы жастарды құқықтық оқытудың түпкі мақсаты заңды саналы түрде қастерлеуді және оны өмір тәжірибесінде белсенді пайдалана білуді қалыптастыру болып табылады. Бұл білім беруге жағдай туғызу (оқушылардың жас ерекшеліктерін, мүмкіндіктері мен өмір тәжірибесін ескере отырып), сабақтастық, жүйелілік, практикалық маңыздылық принциптері негізінде құрылуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет