Құқықтық тәрбие берудің теориялық негіздері



бет15/28
Дата14.08.2023
өлшемі225,66 Kb.
#105256
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28
Байланысты:
маханбетқұл

Бақылаушылық принципі бақылаулары бірнеше рет қайталанып жатып, бірнеше бақылаушылардың бақылаулары сәйкес келіп жатса, басқа негізгі топтардың арасында тексеріліп өтілуі керек. Бұның себебін білгенде, оның алынған нәтижелері сол топ үшін жарамай қалуы мүмкін.
Сонымен педагогикалық диагностиканы өзіне тән ерекшелігі, дербес обьектісі, өзіндік зерттеу тәсілі, міндеттері мен принциптері бар оқу-тәрбие үдерісінің барлық деңгейінде қолданылатын педагогикалық іс-әрекеттің бір бөлігі деуге болады. Педагогикалық диагностика педагогикалық үдерістің ажыратылмайтын бөлігі ретінде тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асыру, бұл үдерістердің нәтижесін бағалау, талдау және есепке алуды талап етеді. Педагогикалық диагностика, біріншіден, жекелей білім беру үдерісін оңтайландыруда; екіншіден, білім берудің нәтижесін қоғамның қызығушылығымен дұрыс анықтауды қамтамасыз етуде; үшіншіден, басшылықпен шығарылған өлшемдерге сәйкес, оқушыны бір оқу тобынан келесі оқу тобына көшіруде ешқандай қателік жібермеуде, т.б. танылады. Педагогикалық диагностиканың көмегімен оқыту үрдісі талданып, оның нәтижесі анықталады. Сонымен қатар диагностикалық іс-әрекет үдерісінің жүру барысында қажетті ғылыми ережелер сақталады, мұғалім оқушыны бақылайды және сауалнама жүргізеді, бақылау нәтижесінде сауалнамадан алынған сұрақтардың нәтижесін талдайды және жалпы алынған нәтиже бойынша мінез-құлқына мінездеме береді, оның мотивтерін түсіндіреді, болашақтағы мінез-құлқын айтып бере алады.
Құқықтық тәрбие – балада құқықтық тәрбиелілікті қалыптастыру мақсатында оның санасы мен мінез-құлқына мақсатты бағытта жүйелі әсер ету, яғни тұлғаның терең және тұрақты құқықтық білімі мен практикалық іс-әрекетте қоғамның талабына жауап беруімен жүзеге асырылатын құқықтық мінез-құлқындағы сенімінің қалыптасу дәрежесімен сипатталатын кешенді қасиеттерін қалыптастырады. Құқықтық тәрбие беру үдерісі ақпараттық-танымдық, эмоционалды-бағалаушылық және іс-әрекеттік компоненттердің қалыптасуы арқылы жүзеге асырылады.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, педагогикалық диагностиканың мән-мағынасына сүйене отырып, құқықтық тәрбие мен білім беруді қалай жүзеге асырамыз?; болжамды қалай жетілдіреміз?, құқықтық тәрбие берудің әдістемесін қалай жасау қажеттілігі және т.б. өзекті мәселелерге жауап беруге әрекеттер жасап, дұрыс диагноз қоюға талпыныс жасалды.
Осыған байланысты психологиялық-педагогикалық диагностиканың оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін арттыру мақсатында жеткіншектердің әлеуметтік-психологиялық сипатын зерделеуге, пайымдау жасауға, болжамдар арқылы оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижесін арттыруға бағытталған бағалаулардың жиынтығы екені басшылыққа алынып, құқықтық тәрбие жұмыстарынан қажетті мәліметтерді толық жинақтап, оларды талдап, тиісті қорытындылар жасалынып, оңтайлы шешім шығару жоспарланды.
Осы орайда зерттеуімізде психологиялық-педагогикалық диагностика арқылы құқықтық тәрбие жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында төмендегі бағытта қажетті мәліметтерді жинақтау негізге алынды, мәселен:
– жеткіншектердің өзінің құқығы және міндеттері туралы білімі, өзінің және басқа адамның мінез-құлқын, тәртібін құқық нормалары тұрғысынан бағалауы, өзінің мінез-құлқында құқықтық білімін пайдалануы және әр түрлі іс-әрекеттерде құқықтық тәртіпті жүзеге асыруы;
- құқық нормалары тұрғысынан білімнің жеткіліктілігі және өзінің, басқаның қылықтарын бағалауы, өзінің құқықтық тәртібін жүзеге асыруда білімін пайдалана білуі, іс-әрекет нәтижесін өзіндік бақылауы, өзіндік бағалауы сапасының қалыптасуы;
- тыйымдарды сақтау және міндеттерін орындау іскерлігі, біліктілігі, құқықтық тәрбиелілігінің деңгейлерінің қалыптасуы;
- өзі-өзі дамытуын ұйымдастыруға мүмкіндік беру, олардың танымдық қажеттігін алдын-ала байқау, болжау арқылы сынып ұжымындағы қарым-қатынастарына болжамдар жасау, балалардың мінездерін, ерекшеліктерін зерделеу арқылы психологиялық-педагогикалық диагностикалар жүргізу;
– педагогикалық ұжымдағы өзара қарым-қатынасты, ұжымды басқару ахуалдарын жақсарту;
– сыныптағы жеткіншектердің даму деңгейін диагностикалау негізінде қажетті түзетулер енгізу, қажетті жұмыстарды ұйымдастыру және т.б.
Мектепте білім алушы мен тәрбиеленуші жеткіншектерге құқықтық тәрбие беруге бағытталған үдерісте үлгілердің тиімді жүзеге асырылуы үшін рефлексияның маңызды екендігін деңгейлерге диагностика жасау арқылы анықтадық.
Сонымен рефлексия нәтижесін мынадай бағыттарда бағалауға болады:
– сынып оқушыларының бір-бірімен және мұғаліммен өзара қарым-қатынастары;
– оқушының қиындықтарды жеңіп шығуы, құқық нормалары тұрғысынан құқықты сақтауға талпынысы;
– өзінің мінез-құлқы мен басқалардың мінез-құлқына қатысты түсіністігі, ұғынуы және бағалауы. Ол құқықтық тәрбие үдерісінің даму динамикасын қадағалауға мұмкіндік береді. Әрбір мұғалім, тәрбиеші, оқу-ағарту жұмыстарын жүргізушілер диагностикалық әдістерді ұжымның ерекшеліктеріне қатысты лайықты таңдаулары қажет.
Зерттеу жұмысының негізінде диагностиканы одан әрі жетілдіріп, жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің үлгілерін ойластырып, педагогикалық жағдаяттың ықпалымен әсер етуді мақсатымызға айналдырдық.
Жоғарыда айтылып кеткендей, педагогикалық диагностика жасау барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін анықтау маңызды орын алады. Сондықтан педагогикалық және психологиялық әдебиеттерді талдай келе, зерттеу жұмысымыздың мақсатына қарай 5-9 сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін анықтадық. Мұндағы байқағанымыз, біріншіден, жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны оның «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтумен байланысты даму процестерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық, жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Екіншіден, жеткіншектің дамуындағы биологиялық фактор проблемасы баланың организмінде нақ осы шақта биологиялық толысу жолына түбегейлі өзгерістердің болуынан туындайды: дене күшінің дамуында жаңа кезең басталып, жыныстық жетілу процесі өрістейді. Бұлардың бәрінің сыртында организмнің морфологиялық және физиологиялық қайта құрылу үдерістері тұрады.
Бұл кезеңде балалардың мінез-құлқында түрлі өзгерістер пайда болуына байланысты олардың арасында қарым-қатынас дамиды. Онда жеткіншектердің қарым-қатынас сипатында қоғамдық пайдалы іс-әрекет жетекші рөл атқарады.
Біз тәжірибені толықтыру негізінде, оқушы тұлғасының құқықтық тәрбиелігінің бағыттылығын анықтайтын негізгі көрсеткіштерді айқындаймыз: дәстүрлі-құқықтық бағдардарды қалыптастыру, әлеуметтік маңызды іс-әрекетке қатысуға мотивацияның болуы, осы іс-әрекетке мінездеме беру және мазмұнын сипаттау.
Дәстүрлі – құқықтық дүниетанымының қалыптасу үдерісінің тиімділігінің жоғарылауы, мектеп жұмысы жүйесінің іс-әрекеттерінің іске асуын қамтамасыз етеді. Мұндағы басымдық рөлді тәжірибелі-бағдарлы форма мен оқушылардың өзіндік таңдау бойынша ұйымдастыру іс-әрекеті арқылы мектеп жұмысының әдістері, әлеуметтік-құқықтық жағдайларды үлгілеу мен түсіну, қабылданған шешім мен қорытындыларды дәлелдеу, өзіндік позицияға рефлекция, мінез-құлық пен әрекетті құқықтық сезіну атқарады. Сонымен қатар оқушыларда белгілі бір дағдылар қалыптасып, шынайы құқықтық қоғамда әлеуметтік бейімделуіне қажет болып табылады. Осындай дағдыларға келесілерді жатқызамыз:

  • топта шығармашылық бірлестік, әртүрлі әлеуметтік рөлді орындау, тұлғааралық коммуникацияны қалыптастыру ;

  • әлеуметтік - маңызды жоба жасау, дәлелденген қорытындыларды жасай алу қабілеттілігі, дәлелдер жүйесін құра алу, нәтижелерді ұйымдастыру;

  • мектептік және мектептен тыс топта жобаны тәжірибелік іске асыру;

  • жобаны іске асыру қорытындысы бойынша қарапайым әлеуметтік талдау жасау, оның дәстүрлі-құқықтық маңыздылығын көрсету;

  • мектептік және мектептен тыс ақпараттық кеңістікте қорытынды нәтижелерді қолдану.

Оқушыларға құқықтық тәрбие беру үдерісінде іскер және рөлдік ойындарды, жұмыстың топтық формасын, соның ішінде, жобалы ойынды қолдануда, біздің ойымызша, олардың эффективтілігі міндетті жағдайының болуын керек етеді;

  • мектептегі ойындық комплекс бірлігі, ол бәріне түсінікті ойын ережесіне негізделген жүйелі үлгімен басқарылады, мысалы, құқықтық мемлекет үлгісі, ойын ережесі - конституция және басқа да құқықтық құжаттарды талдай білуі;

  • нақты қызмет пен мақсат белгіленген рөлдердің берілуі, мысалы, президент, мектеп парламентінің басшысы, бала құқығының инспекторы және т.б.

  • ойынға қатысушыларға түсінікті және қолжетерлік рөлдердің қатынас кестесі, ол ұжымдық нормативті құжаттармен жасалып көрсетіледі;

  • ойын ұжымның барлық қатысушыларына нақты дәстүрлі-құқықтық идеологиясымен көрсетілу негізінде жалпы мақсаттарды бөліп көрсетеді;

  • ойынға қатысушылардың іс-әрекет нәтижесін топтық және жекелей бағалауды қолдау;

  • ойынға қатысушылардың теңдігі – оқытушылар мен оқушылар, қабылданған шешімнің баламаларының көптік мүмкіндігі;

  • мектепшілік ақпарат кеңістігінің қатысушыларға ашықтығы мен қолжетерлігі.

Біздің ойымызша, тұлғалық және топтық қызығушылықтардың үйлесуі, қоғам іскерлігі үшін әлеуметтік-маңызды дамуды қамтамасыз етеді:

  • өзінің азаматтық құқықтарын қолдана алу іскерлігі және өзінің іс-әрекетінде әлеуметтік әріптестерге қатынасына байланысты адам құқығы ұғымын есепке алуы;

  • заңдардың, мемлекеттік және қоғамдық институттардың құрылымдық маңызды механизмдерін (тетігін) қолдана алу қабілеті ;

  • әлеуметтік – маңызды нәтижелер алу үшін ұжымдық қарым-қатынас құра алу қабілеті ;

- қолжетерлік ақпараттық кеңістікті тиімді етіп қолдана алу қабілеті және т.б.
Диагностикалауды өз деңгейінде жүргізу үшін бақылау, әңгімелесу, сауалнама, шығарма, тестілеу, ақыл - кеңес, өзін-өзі тану, рейтинг, саралау, психологиялық-педагогикалық карта, тәрбиелік деңгейін зерттеу картасы, педагогикалық консилиум, социометрия, іскерлік ойын, мониторинг және т.б. әдістерді пайдаландық. Сонымен қатар диагностикалық әрекеттің келесі аспектілерін де бөліп көрсеттік: салыстыру, талдау, бағалау, интерпретация (түрлендіру), тестілеу, қорытындылау.
Енді осы әдістердің әрқайсысына және оларды қолдану арқылы жүргізілген жұмыстарға қысқаша сипаттама беріледі.
Кез келген зерттеу бақылаудан басталады. Бақылау - әр ғылымның негізгі әдісі. Тәртіпті бақылау педагогикалық диагностиканың басты әдісі болып табылады. Мұғалімнің өз оқушыларын жүйелі бақылауы диагностикалық әрекет болып табылады. Ғалымдар бақылау тәралы өз пікірлерін «біз әлеммен қатынасты барлық ішкі дүниемізбен сеземіз және оның көмегімен керекті білімді қабылдап аламыз. Осы негізде бақылау әлемді танудың бір әдісі ретінде біздің қабылдауымызға қарай еркін түрдегі бақылаудан ғылыми бақылауға өтуі мүмкін» деп білдіреді.
Педагогтар басқа әдістерді қосымша ретінде қолданса, бұл әдісті өте жиі немесе үнемі қолданады. Бақылау басқа әдістер арқылы анықтау мүмкін емес ақпараттарды береді, себебі:

  • респонденттер кейбір жағдайларда ақпарат беруден бас тартады немесе жалған ақпараттар беріп жатады;

  • респондент жауап беру барысында зейіні белгілі бір белгіленген құрылымға бағытталады, яғни өзінің жауабында ескермеуі мүмкін емес;

  • көбінесе үшінші адам туралы ақпарат алу талап етіледі, осы сәтте ол қиын және қолайсыз болып табылады.

Сондықтан зерттеу – бақылаудың маңызыдылығын былай ашып көрсетуге болады:
- нақты бір ғылыми мақсаттылыққа сүйенеді, ғылыми теория шеңберінде мақсатты және жүйелі түрде өтеді;
- жүйелі түрде жоспарланады және жағдайдың еріктілігіне бағынбайды;
- жүйелі түрде жазба жұмысы ретінде де жүргізіледі;
- оның жарамдылығы мен нақтылығы қадағаланады, қайта тексеріледі.
Сонымен жеткіншектерге құқықтық тәрбие беруді диагностикалау оқу-тәрбие үдерісінің білім беру, тәрбиелеу, дамыту кезеңдерін де қамтиды. Құқықтық тәрбие беру мақсатында тұлғаның құқықтық мәдениетін қалыптастыру құқықтық әлеуметтену үдерісінде жүреді, оның мәні тұлғаның құқықтық құндылықтарды меңгеріп, оны өзінің күнделікті өмірінің және мінез-құлқының нормасына, тұлғалық қасиеттері мен психологиялық ерекшеліктеріне айналдыруы. Бұл үдеріске ішкі (биологиялық – тұқымқуалаушылық, темперамент, мінез, соматикалық аурулар) және сыртқы (әлеуметтік – мемлекеттік құрылыс, саяси, экономикалық, қоғамның құқықтық мәдениеті және т.б.) факторлар және тұлғаның өзінің қажеттіліктері әсер етеді.
Жоғарыдағы көрсетілген фактрорлардың әсерін сипаттай отырып, сонымен бірге мынадай элементтерге ерекше мән беруге болады:
- құқықтық білім;
- құқық туралы түсінік;
- қолданыстағы құқыққа қатысты көзқарас;
- құқыққа қойытылатын талаптар;
- құқықтық талапты орындауға қатысты ой-пікірлер. Бұл элементтер бір-бірімен өте тығыз байланысты және біріне-бірі тәуелді болады. Бұларды да құқықтық тәрбие беруде ескеру қажет.
Енді осылардың әрқайсысына жеке тоқталатын болсақ, құқықтық білім мен құқық туралы түсінік адамның тікелей құқықтық нормаларда көрсетілген актілерді оқып танысуы, нормативтік актінің мәтінін оқу, радио арқылы есту, т.б. барысында немесе басқа адамдардың айтуы, өмірлік жағдайларда нақты кездесетін құқықтық актілермен танысуы арқылы жүзеге асады. Бұл екі әдіс бірін-бірі толықтырып отырады. Заңның немесе басқа да нормативтік актінің мазмұнын заңгер емес адамдар белгілі бір жеңіл әдістер арқылы игере алады. Мұндай жағдайда оны түсіндірушінің кім екендігі маңызды рөл атқарады. Оның құқық туралы ақпараты қаншылықты білікті, толық және шынайы екендігінің орны ерекше. Бұл құқықтық ақпаратты еркін игеруге, терең түсінуге ықпал етеді.
Осыған орай біз құқық туралы түсінігін, өз мүдделерін қорғайтын заңдарды білуін анықтау үшін сауалнама жүргіздік. Оған жеткіншектер, ата-аналар және мұғалімдер қатыстырылды. Сауалнама қандай мағлұматтар негізінде нақты қорытынды жасауға болатынын болжамдайды. Сондықтан мынадай бірнеше сұрақтарға тоқталуды дұрыс деп есептейміз: Өз құқығыңызды білесіз бе? Жалпы құқық дегенді қалай түсінесіз? Құқықтық білім қажет пе? Күнделікті өмірлік жағдайда құқық нормаларын қалай сақтауға болады? Заң талаптарын орындауды анықтайтын қандай жетекші факторларды білесіз?; Құқық нормасына сай тәртіп, мінез-құлықты қалай анықтайсыз? Сіздің қоғамда баланың қай құқығы тиісті құрметке ие болмайды және неге? Қандай нормативті құжаттарды білесіз? Адамдар жалпы өз құқықтарының сақталуына қалай жетеді? Құқықтық тәрбиенің маңызын қалай түсінесіз?, Құқықтық сана дегеніміз не? Құқықтық талаптарды қалай орындайсыз? және т.б. (Қосымша А).
Зерттеу барысында жүргізілген бұл сауалнама 5-9 сынып оқушылары арасындағы құқықтық білім деңгейін анықтауға мүмкіндік жасады. Сауалнаманың нәтижесі бойынша 34 % оқушылар құқықтары туралы естіген, бірақ оларды атай алмайды. Сұралғандардың 42 % мынадай құқықтарды атады: «өмір сүру құқығы», «еркіндік құқығы», «демалу құқығы», «орта білім алу құқығы», «медициналық қызметті алу құқығы», «өз пікірінді білдіру құқығы» және т.б. Өз құқықтарын жақсы білетіндер -18%, ал 6% - жауап беруге қиналған.
Құқықтық тәрбие деңгейiн зерттеудiң әркелкi әдiстерiнiң iшiнде мектептің педагогикалық ұжымының құқықтық бiлiмдерiн айқындау мақсатында да мұғалімдер үшiн сауалнамалар жүргiздiк (Қосымша Ә).
Жинақтаған материалдарды талдау мұғалімдердің құқықтық тақырыптағы шараларды өте сирек өткiзетiнiн; ”Халықаралық балаларды қорғау күнiне” арналып жалпы мектеп бойынша ақысыз атракциондар ұйымдастыру түрiнде бір іс-шаранын өтетінін, оларда құқықтық мазмұнның көрсетiлмейтiндігін; сонымен бірге 5-9 сынып оқушыларын құқық бұзушылық жасағаны үшiн қолданылатын санкциялармен, жеткіншектiң заңды жауаптылығының мерзiмiн белгiлейтiн жаңа заң актiлерiмен ауызша таныстыру түрiнде өткiзетiнін атап көрсетеді.
Сауалнамаға жауап берген сынып жетекшiлерi мен жеткіншектердiң, жартысынан көбi «Бала құқықтары конвенциясының» бар екені туралы бiлмедi, көрсетiлген баланың құқықтарын атай алмады. Сынып жетекшiлерiнiң тек 15%-і осы маңызды құжаттың негiзгi мазмұнын айтып бере алды.
Мектепте жиi құқық бұзатын баланың педагогтар өз пiкiрiне деген құқығын ғана атайды. Жеткіншектердiң 15%-і сыныпта және жеке өздерi баланың құқықтары туралы конвенцияның мазмұнымен танысқанын атады. Жеткіншектер отбасында – құрметтеу қарым-қатынасын, ал қоршаған әлеуметтiк орта олардың денсаулығына қауiп төндiретiнiн, қоғамдық өмiрде өздерiнiң ар бостандығын жүзеге асыра алмайтынын атап көрсеттi. 13-16 жастағы жеткіншектердің өз құқықтарын және кәмелетке толмағандар мiнез-құлықтарының заңдылығын анықтайтын заң актiлерiн бiлмейтiнi анықталды. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң заң шығару жұмысы туралы жеткіншектер мен мұғалiмдер ештеңе айта алмады. Баланың құқықтары туралы конвенцияның мектепте басты құжатқа айналмағаны, оны бiлу мектеп өмiрi субъектiлерiнiң құқықтық бiлiмдерiн кеңейтiп және адамгершiлiк құқықтық қарым-қатынастардың қалыптасуын белгiлейтiні де анықталды.
Жеткіншектердiң құқықтық қызметiнiң мектептегi басты түрiне оқытушылар да, жеткіншектер де мектептегi және оның аумағындағы кешкi уақытта өткізілетін жалпы мектептiк шаралардағы кезекшiлiктi жатқызады. Сынып жетекшiлерiнiң 15%-і құқықтық тәрбие беруде ерекше бағытты ретінде – жеткіншектердiң тәуекелшілігін, типтiк әлеуметтiк жағдаяттармен және өзiн-өзi қорғау, өзiнiң өмiрiн сақтау ережелерiмен танысуы деп білетінін атайды.
Сонымен педагогикалық сараптамада құқықтық тәрбие кемшiлiктерiнiң объективтi сипаттары анықталды, оларға ең алдымен оқушылардың педагогикалық тұрғыдан бұзақылыққа бейімделуінің алдын-алу бойынша профилактикалық жұмыстың жүргiзiлмеуi жатады.
Зерттеу жұмысымызда алғашқы жүргізілген сауалнама мәліметтері сынып жетекшiлерi мен пән оқытушыларының тәрбие үдерісінде жиi кездесетiн кемшiлiктерiн төмендегідей бөліп көрсетуге мүмкіндік берді:

  • жеткіншектердi қоғамға пайдалы еңбекке және оқуға тартудың мәжбүрлi түрде болуы;

  • жеткіншектердiң белсендiлiгi әсерленгiштiк және мұғалiмнiң белсендiлiгiмен ауыстырылуы;

  • өз бетiнше шығармашылық iстер мен тапсырмалардың шектелуi;

  • оқушының мiнез-құлқын реттеуге бағытталған бiрегей педагогикалық талаптардың бұзылуы;

  • іскер байланыстар мен қатынастардың өзара қарым-қатынастардың тәрбиелiк қағидаларын көрсете алмауы;

  • тәртiптi мiнез-құлықтың ережелерi мен қағидаларын педагогикалық дәлелдеу оның негiзiндегi қарым-қатынастардың өнегелiлiк мазмұнын ашпауы;

  • мұғалiмдердiң әдепсiздiгi, жеткіншектер мен қарым-қатынасының жеке бұзылушылығы және т.б.

Аталған қателiктердi талдау оларға жеткіншектердің отбасында осындай өзара қарым-қатынастардың стилi мен бекiтiлген жағдайларының бар екендігі, терiс мiнез-құлықтың тәжiрибесi бар оқушылар аса әсершiл келетіндігін айқындайды. Олар, егер сынып жетекшiсi қойылған талаптардың оқушылармен аяғына дейiн орындалмауын қадағаламаса, осы талаптарды өзi орындамаса, әр минут сайын және барлық әрекеттерге рұқсат берсе, тек жазалау және бақылау түріндегі шектеудi қолданса, оқушылар мектептегi және қоғамдық тәртiптi бұзу мүмкiндiгiн пайдаланады.
Сынып жетекшiсiнiң жұмысындағы, типтi қателiктер өзара байланысты және педагогикалық қарым-қатынастардың нақты стилiне алып келедi. Оған тән сипаттарға С.Алексеев көрсеткен “қарсы ынталандыруды” кең қолдану [], Б.Г.Ананьевтiң “терiс ынталандырудың әдiстемесi” [] жатады. Осының нәтижесiне педагогикалық тұрғыдан бұзақылыққа бейім оқушы табыссыздыққа шалдыққан оқудан басқа қоғамдық пайдалы еңбектiң және қарым-қатынастың барлық түрiнен шығарылады. Сынып жетекшiсiнiң типтi қателiктерiнен бұзақылыққа бейім оқушылардың белсендiлiгiн шектеуі, тарылтуы педагогикалық тұрғыдан тәрбиелеушiлер мен мұғалiмдер жұмысы үйлесiмiнiң терiс әсеріне ықпал етеді. Белсендiлiктi жүзеге асыру үшiн жағдайлардың болмауы, оқушылардан тиесiлiнi талап етпеу жауапсыздық, асыраушылық, арамтамақтық, қоғамдық өмiрде жалқаулыққа алып келедi. Демек, анықталған қателiктердiң тұрпаты жеткіншектердiң бiрiккен қызметiнiң ұжымдық ұйымдастыруы қағидаларының бұзылуы арқылы бiлiнедi. Бұл тәрбиеленушiлердiң мiндеттерiн орындауға жағдайлары болмай тұра құқықтарын ең аз болғанға дейiн шектеуге алып келедi.
Аталған кеңестер практикалық қызметкерлердiң ғылыми зерттеулерінiң нәтижесiне деген күрт сыни қарым-қатынасын тудырады. Iзгi тiлек деңгейiнде практиктер келесi принциптер негiзiнде жатқан шешiмдердi қабылдады:
а) Әр қиын жеткіншекке зейiн қою және мейірімді қарым-қатынас бiлдiру, тұлғаның жақсы қасиеттерiне сүйену;
б) берiлген кеңестерде аталған принциптердi жүзеге асырудың педагогикалық шарттары ашылмағандықтан, жеткіншектiң өнегелiк күштерiне, әлеуеттік мүмкiндiктерiне сүйену.
Зерттеуімізде сонымен қатар Республикалық әлеуметтік сауалнама қорытындыларының мәліметтеріне назар аудардық: жас жігіттер мен қыздардың 13,8 пайызы ғана өз құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін заңдарды біледі. Ересек жастағы жастар топтары өз хабардарлығының мұнан екі есе жоғары екендігін көрсетті. Білім деңгейі жоғарлаған сайын заңдарды білу деңгейі де жоғары 2,9 пайыз толық емес орта білімдіден, 22,7 пайыз жоғары білімдіге дейін. Келтірілген мәліметтер жастардың білімі неғұрлым жоғары болған сайын заңдар туралы білімі де жоғарлай түсетіндігін, сонымен бірге Қазақстандық жастардың еңбек, білім, денсаулық сақтау, демалысқа қатысты құқықтық білімдер де төмен екендігін көрсетеді. Қазіргі қоғамда балалар мен жеткіншектерді тұлғалық қалыптастыру экономикалық және саяси реформа арқылы жүзеге асуда. Қоғамдағы өзгеріс, тұлғалық басымдықтарды әлеуметтік жаңартуды талап етеді. Сонымен балаларды отбасы, қоғам, мемлекет өміріне шынайы қатыстыруға жағдай жасау үшін, Республика бойынша 2008 жылдан бастап Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бастамасымен «Құқығым бар – Имею право» еріктілер мектебі жұмыс істейтінін, мектепке құқық қорғау айқындамасын дамытуға мүмкіншілік жасалғанын, оған білім алуға ұмтылған жеткіншектер қатысатындығын анықтадық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет