мазмұны
Кіріспе ......................................................................................................
|
|
|
|
1.
|
Құқықтық тәрбие берудің теориялық негіздері ................
|
|
1.1
|
Психологиялық-педагогикалық еңбектердегі құқықтық тәрбие мәселелері ......................................
|
|
1.2
|
Құқықтық тәрбие берудің педагогикалық моделі
|
|
1.3
|
Жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің педагогикалық шарттары ……......
|
|
|
|
|
2.
|
Құқықтық тәрбие берудің тәжірибелік-эксперименттік жұмыстары.......................................................................................
|
|
2.1
|
Жеткіншектерге құқықтық тәрбие беруді
диагностикалау ...............................................................................
|
|
2.2
|
Құқықтық тәрбие берудің әдіс-тәсілдері ...................................
|
|
2.3
|
Жеткіншектерге құқықтық тәрбие беруге бағытталған тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижелері..
|
|
|
|
|
Қорытынды ............................................................................................
|
|
|
|
Әдебиеттер тізімі ....................................................................................
|
|
|
|
|
|
Кiрiспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан тәуелсіздікке ие болғаннан кейін егемен мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тікелей тірек болатын барша құқықтық негізді қайта құру қажеттігі туды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында «біздің Республика өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады» деп бекітілген [1]. Өркениет пен мәдениеттiң маңызды құбылысы ретiнде құқық мемлекеттiң жағымсыз iс-әрекеттерiне заңды түрде тосқауыл қоя отырып, адамның табиғи тарихи еркiндiгi мен бостандығының жанашыры.
Осы тұрғыдан алғанда, құқық – қоғамдағы ең негізгі және маңызды қатынастарды реттейтін, қоғамға пайдалы әрі қажетті қатынастардың дамуына жол ашып, қорғап, қоғамға зиянды қатынастарды шектеп, тыйым салатын құрал ретінде адамдардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарының қоғамдық мүддеге, белгіленген тәртіпке, қабылданған заңдарға сай келуін талап етеді. Сондықтан қоғамымыздың дамуы әрбір адамның өз құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыра алатын мүмкіндіктерінің болуы арқылы көрініс табатын болса, ол мектеп қабырғасынан бастап қалыптасқан құқықтық тәрбиеге тікелей байланысты.
Қазіргі мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында (0-18 жас аралығында) 5 млн.жуық бала өмір сүреді, оның 508 мыңы мектеп жасына дейінгі, ал 3 млн. жуығы. мектеп жасындағы балалар. Соның ішінде, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар туралы алынған мәліметтер бойынша 2005-2007 оқу жылдарында жеткіншектердің аралығында құқық бұзушылық 5,9 пайызға дейін жоғарлағанын, ал 2007-2009 оқу жылында 17,8 пайызға төмендегенін көрсетеді. Бұл Республикада балалық шақ мәселесімен айналысатын 9 министрлік пен ведомство мен 16 балалардың құқықтарын қорғау департаментінің жұмысына және 2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын бекітілуіне, құқық бұзушылықтың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу іс – шараларының жиі өткізілуіне, әр мектепке мектеп инспекторларының бөлінуіне тікелей байланысты [2]. Соған қарамастан қазіргі қоғамдағы жеткіншектер арасында нашақорлықтың, зорлықтың, ұрлықтың, бұзақылықтың орын алуы және заңдарды бұзушылық, адам құқықтарын қорғаудың механизмінің болмауы, адамның өз құқықтарын қорғау тәсілдерін білмеуі құқықтық тәрбиелеуге қатысты жаңа бағытты қалыптастыруды талап етуде.
Құқықтық тәрбиені осы бағыттарда жүргізу үшін жеткіншектердің жас ерекшеліктеріне назар аударылды. Ол үшін шетел психологтары С.Холл, З.Фрейд, М.Мид және т.б., Ресей ғалымдары Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин, Д.И.Фельдштейн және т.б., Отандық психологтар Ж.Аймауытов, М.Мұқанов және т.б. еңбектеріне талдау жасалды [3-10]. Педагогикалық тәжірибеде баланың жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы жағынан қалыптасуының жеткіншек шағы ең қиын кез (психикасы мен мінез-құлқының өзгеруі негізінде жаңа қасиеттер мен қоғамды жатсыну әдетінің пайда болуы, оларды өмір ортасының қарама-қайшылықтары қызықтыруы және т.б.) болып есептеледі. Сондықтан дұрыс ұйымдастырылған тәрбие мен отбасының жағдайы арқылы тұлғаны қалыптастыруға педагогикалық басшылықтың шамасы жететінін ескеру қажет. Тәрбие - бүгінде ұлттардың бірігіп нығаюының бөлінбейтін механизмі ретінде әлемдік өркениет пен мәдениеттің дамуында әрбір халықтың өзінің тарихи тағдырын, өзінің орны мен рөлін саналы түсінуіне әкелетін құбылыс.
Қарастырылып отырған оқушыларға құқықтық тәрбие беру мәселесін зерттеу үшін теориялық базаны құрайтын маңызды материалдар әр түрлі ғылым саласынан жинақталған. Білім берудің барлық даму кезеңдерінде құқықтық тәрбие мәселесі ғалымдарды толғандырған.
Тарихқа көз жіберсек, құқық, қазақ халқының тұрмысындағы құқықтық мәдениет, құқықтық қарым-қатынас нормалары туралы құнды пікірлерді Әл-Фараби, Ж.Баласағұни, А.Яссауи, М.Қашқари, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Есім хан, Қасым хан, Әбілқайыр хан, Абылай хан, Тәуке хан өнегелерінен; одан кейінгі кездегі Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсыновжәне т.б ағартушылар еңбектерінен көреміз [11-27]. Бертін келе, жеткіншектерге құқықтық тәрбие беруде, азаматттық ұстанымдарды қалыптастыруда қазақ халқының ұлттық тәлім-тәрбиесінің озық тәжірибелерін пайдалануды Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев, С.А.Ұзақбаева, Ж.Наурызбай, К.Қожахметова, Ә.Табылдиев, Қ.Бөлеев және т.б. еңбектерінде қарастырады [28-34].
Зерттеліп отырған мәселенің теориялық негізі шетел ғалымдары Э.Дрюкгейм, М.Вебер, Т.Парсонс және т.б.[35-37]; ТМД ғалымдары Г.П.Давыдов, Н.М.Кейзеров, И.Ф.Рябко, П.П.Баранов және т.б. [38-41]; Қазақстан ғалымдары М.Т.Баймаханов, Д.О.Сартаев, Г.С.Сапарғалиев, Е.К.Нұрпейісов, Л.А.Байсерке, В.В.Трифонов, Л.К. Керімов, К.Б.Бегалиев, В.Г.Баженов, Э.И.Шыныбекова және т.б. ғалымдар еңбектерінде қарастырылады [42-51].
ТМД елдеріндегі ғылыми әдебиеттердің сараптамасы көрсеткендей, оқушылардың құқықтық тәрбиесінің әлеуметтік-педагогикалық негіздері (А.Ф.Никитин және т.б.) [52]; құқықтық мәдениетті қалыптастырудың әлеуметтік-педагогикалық мәселелері (Т.В.Болотина және т.б.) [53]; құқықтық тәрбие мен білім беруді оқу-тәрбие практикасында жүзеге асыру (Ф.С.Махов, Г.В.Меньковский, Д.А.Керимов және т.б.) [54,55,56];; тұтас педагогикалық үдерісте әлеуметтік-құқықтық тәжірибені қалыптастыру (В.М.Обухов) еңбектерінде зерттелінеді [57]. Кейбір ғалымдар құқықты нормалар жүйесі (С.С.Алексеев және т.б.) [58]; рухани сала (И.А.Ильин, В.А.Каминская, А.Р.Ратинов және т.б.) [59-61]; адамгершілікті заңды мінез-құлықтың ішкі реттеушісі (В.С.Олейников) [62]; жалпыадамзаттық құндылық (В.А.Караковский, Г.В.Мальцева және т.б.) [63, 64]; моралды-адамгершілік құндылық (Г.А.Кузнецов, О.Г.Шапиева және т.б.) [65,66] ретінде қарастырады.
Педагогикалық үдеріс ретінде құқықтық тәрбиенің негізгі факторларын, шарттарын анықтау үшін ресейлік және қазақстандық ғалымдардың (Ю.К.Бабанский, Е.В.Татарницева, Л.А.Байсерке, Л.Ю.Гордина, С.З.Зиманов, А.С.Ибраева, Р.К.Русинов, А.Ж.Аюпова, Б.Т.Лихачев, А.В.Мудрик, А.В.Мицкевич, И.В.Ковалева, Е.К.Нұрпейісов, Л.И.Новикова, Г.С.Сапарғалиев және т.б.) ғалымдар еңбектеріндегі теориялық қағидалар мен қорытындылар, тұжырымдар маңызды болып келеді [67-81].
Зерттеу мәселесі бағытындағы ғылыми еңбектерді талдау барысында соңғы жылдары құқықтық тәрбие басқа да контексте қарастырылатыны айқындалды. Әсіресе, қоғамда жиі кездесетін құқық бұзушылық, оқушылардың оған бейімділігі, оны жеңетін фактор ретінде жаңа құқықтық ойлауды қалыптастыру және т.б. тұрғыдан зерттелінуде: Отандық ғалымдар, атап айтқанда Н.Н.Өсеров «Қазақтардың дәстүрлі неке және отбасы құқықтары» [82], С.И.Қорықбаев «Жастардың құқықтық статусы» [83], Р.Ә.Орсаева «Кәмелетке жасы толмағандардың қылмыстылығымен қылмыстық күрес шараларының тиімділігі» [84], Д.Б.Бұғыбай «Кәмелетке толмаған қылмыскерлерге жаза тағайындаудың ерекшеліктері» [85], Г.С.Джусупова «Өтпелі кезең жағдайында жеке құқықтық сананы қалыптастыру» [86], Л.Қ.Ерінбетова «Кәмелетке толмаған қылмыскер тұлғасы» [87], С.Б.Бейсебаева «Жастардың құқықтық мәдениеті» [88], А.Б.Сманова «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды қалыптастырудың құқықтық негіздері» [89], А.О.Бейсембаева «Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері» [90]; Ресей ғалымдары В.К.Бабаев, Н.И.Матузов, А.В.Малько, В.Н.Кудрявцева және т.б. тұлғаның құқықтық әлеуметтенуі [91-94]; Ю.П.Козюбра, В.П.Казимирчук, Е.А.Лукашева және т.б. студенттердің құқықтық тәрбиесі мәселесін қарастырады [95-97].
Бүгінгі күннің әлеуметтік-мәдени жағдайына байланысты, ондағы жеткіншектердің мінез-құлығы мен жүріс-тұрысындағы адам затына қайшы, ұлттық менталитетімізде жоқ қылықтар мен теріс әрекеттердің тұрмыста кездесіп қалуы, жеткіншектердің құқықтық тәрбиесін қалыптастырудың қажеттілігін туындатып отыр.
Осының нәтижесінде «Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқық негіздері» [98] курсын жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сынып оқушыларына, заңгерлер даярлайтын арнайы орта және жоғары оқу орындарында оқыту қажетті пәндердің біріне айналып кең өріс алды.
Адамның құқығы – зайырлы мемлекеттегі ең басты құндылық. Оның бұзылмауы әрбір қоғам мүшесіне үлкен жауапкершілік жүктейді. Еліміз өз тәуелсіздігін алған уақыттан бері адам құқықтарын қолдау мен қорғаудың заңдық тетіктерін күшейтуде бірқатар құжаттар қабылдаған. Атап айтқанда, «Балалар құқықтарының декларациясы», Қазақстан Республикасының «Балалар құқығы туралы заңы» (2002) [99], «Бала құқықтары туралы Конвенция» (1989) [100] және т.б. Бүгінде әлемдік деңгейде адамдардың құқығын қорғайтын «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» [101] бар. Ол әлемдік құжатты 1948 жылдың 10 желтоқсанында «Бүкіл Одақтық Ұлттар Ұйымы» қабылдаған. Бұл құжаттар балаларды қоғамдық өмірге дайындау маңыздылығы, ұлттық сана-сезім мен азаматтықты тәрбиелеу принциптері негізінде жасалған. Сонымен бірге бала құқығы мен мүдделерін іске асыруда пайда болатын қатынастарды қадағалайды.
Сонымен, зерттеу мәселесi бойынша ғылыми – теориялық әдебиеттердi жан-жақты талдау, мектептердегі оқу-тәрбие үдерісіндегі тәжірибелерді саралау нәтижелері құқықтық тәрбие мен осы бағыттағы мәселелерге арналған әртүрлі зерттеулердiң болғанына қарамастан, құқықтық тәрбиеге байланысты шешімдерін таппаған жекелеген мәселелер көрініс беруде. Құқықтық тәртіпті қатайтуға деген заңдылықтарды орындау мен жүзеге асыруды орнатумен, бұл үдерістердің теориялық және ғылыми - әдістемесінің әлі де жетік еместігі, мектеп оқушыларының тұлғалық дамуындағы және жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие үдерісіндегі келеңсіздіктер, құқықтық білім мен тәрбиенің төмендігі арасындағы; мектепте құқықтық білім мен тәрбие беру жүйесінің педагогикалық шарттарының толық меңгерілмеуі мен мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беру бағдарламасының жүйеленбеуі арасындағы қарама-қайшылықтардың орын алуы негіз болып отыр. Осы қарама – қайшылықтарды шешуге байланысты қоғам талаптарына сай жалпы білім беретін мектептегі жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің тиімді жолдары мен шарттарын қайта қарастыру мен белгілеу біздің зерттеу мәселемізді айқындауға және ғылыми зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің педагогикалық шарттары» деп таңдауымызға негіз болды.
Достарыңызбен бөлісу: |