Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика пәнінен В060200-Информатика мамандығында сырттай оқитын курс студенттеріне арналған әдістемелік нұсқаулар



бет12/14
Дата19.02.2023
өлшемі2,21 Mb.
#69316
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Емтихан сұрақтары
1. Кездейсоқ оқиға деп не аталады?
2. Қандай оқиға ақиқат, мүмкiн емес, қолайлы, қарама-қарсы деп аталады?
3. Қандай оқиғалар үйлесiмдi, үйлесiмсiз деп аталады?
4. Оқиғалардың толық тобы деп не аталады?
5. Оқиғаның салыстырмалы жиiлiгi дегенiмiз не?
6. Оқиға ықтималдығының классикалық анықтамасын тұжырымда.
7. Алмастырулар, орналастырулар, терулер деп не аталады?
8. Оқиғалардың қосындысы мен көбейтiндiсiнiң анықтамасын бер.
9. Үйлесiмсіз оқиғалар үшiн ықтималдықтың қосу теоремасын тұжырымда.
10. Тәуелсiз оқиғалар үшiн ықтималдықтың көбейту теоремасын тұжырымда.
11. Үйлесiмдi оқиғалар үшiн ықтималдықтың қосу теоремасын тұжырымда.
12. Тәуелдi оқиғалар үшiн ықтималдықтың көбейту теоремасын тұжырымда.
13. Қарама-қарсы оқиғалардың ықтималдығы неге тең?
14. Ең болмағанда бiр оқиғаның пайда болу ықтималдығы қалай табылады?
15. Толық ықтималдық формуласын жаз.
16. Байес формуласын жаз.
17. Байес формуласы қай жағдайда қолданылады?
18. Тәуелсiз қайталамалы тәжiрибелердiң мағынасы неде?
19. Бернулли формуласын жаз. Ол қандай жағдайда қолданылады?
20. Лапластың локальдық формуласын жаз.
21. Пуассон формуласын жаз.
22. Лапластың интегралдық формуласын жаз.
23. Лаплас және Пуассон формулаларының Бернулли формуласынан айырмашылығы неде?
24. Лапластың локальдық және интегралдық формулаларының айырмашылығы неде?
25. Кездейсоқ шаманың анықтамасын бер.
26. Қандай кездейсоқ шамалар дискреттiк деп аталады?
27. Кездейсоқ шаманың үлестiрiм заңы деп не аталады?
28. Дискреттiк кездейсоқ шаманың негiзгi үлестiрiм заңдары қандай?
29. Дискреттiк кездейсоқ шаманың математикалық үмiтi деп не аталады?
30. Кездейсоқ шаманың дисперсиясы деп не аталады?
31. Кездейсоқ шаманың орта квадраттық ауытқуы деп не аталады?
32. Үзiлiссiз кездейсоқ шаманың анықтамасын бер.
33. Қандай кездейсоқ шамалар үзiлiссiз деп аталады?
34. Кездейсоқ шаманың үлестiрiм функциясы деп не аталады?
35. Кездейсоқ шаманың ықтималдықтарының үлестiрiм тығыздығы деп не аталады?
36. Кездейсоқ шаманың қандай үлестiрiмi бiрқалыпты деп аталады?
37. Кездейсоқ шаманың қандай үлестiрiмi көрсеткiштiк деп аталады?
38. Кездейсоқ шаманың қандай үлестiрiмi қалыпты деп аталады?
39. Үзiлiссiз кездейсоқ шаманың математикалық үмiтi қалай есептеледi?
40. Үзiлiссiз кездейсоқ шаманың дисперсиясы қалай есептеледi?
41. Чебышев теңсiздiгi және теоремасы не үшін қолданылады?
42. Бернулли теоремасы арқылы не табуға болады?
43. Пуассон және Хинчин теоремалары қандай жағдайда қолданылады?
44. Орталық шектік теоремасы дегеніміз не?
45. Кездейсоқ шамалардың жүйесі деп не аталады?
46. Кездейсоқ шамалар жүйесінің үлестірім заңы.
47. Екі кездейсоқ шамалар жүйесінің үлестірім функциясы және оның қасиеттері.
48. Екі кездейсоқ шамалар жүйесінің үлестірім тығыздығы және оның қасиеттері.
49. Екі кездейсоқ шамалар жүйесінің сандық сипаттамалары. Олар қалай анықталады?
50. Бас жиынтық деп не аталады?
51. Таңдамалық жиынтық деп не аталады?
52. Қандай таңдау тәсiлдерi болады және олар қалай iске асады?
53. Қандай таңдама репрезентативтi деп аталады?
54. Вариациялық қатар деп не аталады?
55. Таңдаманың статистикалық үлестiрiмi деп не аталады?
56. Жиiлiктер полигоны деп не аталады?
57. Жиiлiктер гистограммасы деп не аталады?
58. Үлестiрiмнiң эмпирикалық функциясы деп не аталады және оның қасиеттерi қандай?
59. Белгiсiз параметрдiң статистикалық бағасы деп не аталады?
60. Статистикалық бағаларға қандай талаптар қойылады?
61. Қандай баға жылжымаған деп аталады?
62. Қандай баға тиiмдi деп аталады?
63. Қандай баға орнықты деп аталады?
64. Бас және таңдамалық орташалардың анықтамасын бер. Олар қалай есептеледi?
65. Бас және таңдамалық дисперсиялар қалай есептеледi?
66. Жылжымаған таңдамалық дисперсия қалай анықталады?
67. Қандай бағалар нүктелiк деп аталады?
68. Қандай бағалар интервалдық деп аталады?
69. Сенiмдiлiк интервалы деп не аталады?
70.Қалыпты үлестiрiмнiң математикалық үмiтiнiң а сенiмдiлiк интервалы қалай анықталады?
71. Статистикалық болжам дегеніміз не?
72. Статистикалық болжамның қандай түрлері болады?
73. Статистикалық болжамды тексерудiң негiзгi принципi қандай?
74. Статистикалық критерий және кризистік аймақ дегеніміз не?
75. Үлестірім заңы туралы болжамды тексеруге критерийі қалай қолданылады?
76. Екi шама арасындағы қандай тәуелдiлiк статистикалық деп аталады?
77. Екi шама арасындағы қандай тәуелдiлiк корреляциялық деп аталады?
78. Регрессия функциясы деп не аталады?
79. Регрессия теңдеуi деп не аталады?
80. Түзу сызықты регрессия теңдеуiнiң параметрлерi қалай есептеледi?
81. Корреляциялық момент деп не аталады?
82. Корреляция коэффициентi деп не аталады?
83. Корреляция коэффициентi қандай мәндердi қабылдай алады?
84. Сызықты корреляция коэффициентi қалай есептеледi?
85. Таңдамалық сызықты регрессия теңдеуiн жаз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет