Іv. Адвентиция препарат №84. Өкпе. Г. Э


ПРЕПАРАТ №39 Мишық қыртысының нейрондары. Күміс импрегнациясы



бет12/13
Дата04.10.2024
өлшемі28,53 Kb.
#146797
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
емтихан препаратттт (копия)

ПРЕПАРАТ №39 Мишық қыртысының нейрондары. Күміс импрегнациясы.  К.Ұ. талшықты дендриттері бар ірі Пуркинье клеткаларын көріңіз. Ү.Ұ. молекулярлы қабатта тармақталған дендриттердің ерекшелігіне көңіл аудара отырып, Пуркинье клеткаларының бірнешеуін және Пуркинье клеткаларының денесінің айналасында өрім түзейтін өсінділі себет тәрізді клеткаларды салыңыз. Суретте белгілеңіз:
1. Пуркинье клеткаларын
2. Пуркинье клеткаларының дендриттері
3. Себетті өрім
ПРЕПАРАТ №40. Ми жарты шары қыртысы. Г.Э. К.Ұ. сыртынан ішіне қарай қарап, ми жарты шары қыртысының қабаттарын сипаттап, салу:
1.молекулярлы қабат
2. сыртқы түйіршікті қабат
3.пирамидалы қабат 
4.ішкі түйіршікті қабат
5. ганглионарлы қабат
6. полиморфты клеткалар қабаты.
Соңғы қабат ақ затпен шекаралас. Сыртқы және ішкі түйіршікті қабат шамамен біркелкі пішінде ұсақ нейрондардан тұрады.
ПРЕПАРАТ №41. Ми жарты шары қыртысының неврондары. Күміс импрегнациясы.
Кіші ұлғайтқышпен ганглионарлық қабаттың ірі пирамида клеткасын табу керек. Үлкен ұлғайтқышпен клетканың денесі пирамида пішінді екенін, оның шыңы молекулярлы қабатқа бағытталғанына көз жеткізіп, пирамида клеткасын салыңыз.
Суретті салып, белгілеу керек.
1. пирамида клеткасы
2. оның ядросы
3. дендриті
ПРЕПАРАТ №42. Торлы қабық. Г.Э.Кіші ұлғайтқышпен торлы қабықты тауып, үлкен ұлғайтқышпен оның құрылысын зерттеу керек. Торлы қабықтың пигмент және фотосенсорлы қабатын көресіз. Онан әрі сыртқы ядролық қабаттың арасында сыртқы торлы қабат жатыр. Ішкі ядролық қабаттың жалғасы болып ішкі торлы қабат орналасқан. Әрмен қарай ірі мультиполярлы нейроннан тұратын ганглионарлы қабат, нерв талшықтары қабаты бар. Оның ішкі жағында ішкі шекаралық қабат орналасқан. Сыртқы шекаралық қабат таяқша мен сауытша қабаты және сыртқы ядроның қабаты арасында орналасады.
Суретті салып, белгілеу керек.
1. пигментті эпителий
2. таяқша мен сауытша қабаты
3. сыртқы шекаралық мембрана
4. сыртқы ядролық қабат
5. сыртқы торлы қабат
6. ішкі ядролық қабат
7. ішкі торлы қабат
8. ганглиозды қабат
9. нерв талшықтар қабаты
10. ішкі шекаралық мембрана


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет