Іv. Адвентиция препарат №84. Өкпе. Г. Э


ПРЕПАРАТ №70. Шықшыт безі. Г.Э



бет5/13
Дата04.10.2024
өлшемі28,53 Kb.
#146797
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
емтихан препаратттт (копия)

ПРЕПАРАТ №70. Шықшыт безі. Г.Э.
Кіші ұлғайтқышпен дәнекер тканді пердемен бөлінген без бөліктерін көреміз. Дәнекер тканді пердеде қан тамырлары мен шығару өзектері орналасқан. Бөлік ішінде секреторлық бөлік, ендірме және сызықтық жиегі бар шығару өзектері орналасқан. Секреторлық бөлік пен шығару өзектерін зерттеңіз.
Суретте белгілеу керек:
1. секреторлық бөлік
2. белокты клеткалар
3. сілекей түтікше
ПРЕПАРАТ №71. Жақ асты безі. Г.Э.
Микроскоптың кіші ұлғайтқышымен без бөлікшелеріне көңіл аудару керек. Бөлікшелерде белокты және аралас секреторлы бөлім мен шығару өзектерін көреміз. Үлкен ұлғайтқышпен белокты және кілегейлі клеткадан тұратын белокты және аралас секреторлық бөлімнің суретін салу керек. Кілегей клеткалар мөлшері жағынан белокты клеткадан ірі, цитоплазмасы ашық және торлы, ядросы жазықтау, қанық боялады. Кілегейлі клеткаға жарты ай тәрізді болып белокты клеткалар жанаса орналасқан.
Суретте белгілеу керек:
1. белокты секреторлы бөлім
2. аралас секреторлы бөлім
а) кілегей клеткалар
б) белокты клеткалар
3. сызықтық жиегі бар шығару өзегі


ПРЕПАРАТ №73. Өңеш. Г.Э.
өп қабатты жазық эпителий, меншікті қабаты, кілегей қабықтың ет қабаты, кілегей бездердің секреторлы бөлімдері орналасқан кілегей асты қабығы, ет қабығы: ішкі – сақиналы, сыртқы – ұзына бойы орналасқан ет талшықтарының суретін салыңыз.
1. кілегей қабығы
а) көп қабатты жазық эпителий
б) меншікті қабаты
в) ет қабаты
2. кілегей асты қабығы
а) кілегей бездердің секреторлық бөлімдері
3. ет қабығы
а) ішкі сақиналы қабат
б) сыртқы ұзына бойлы қабат
4. сыртқы қабығы


ПРЕПАРАТ №75. Қарын түбі. Г.Э.
Кіші ұлғайтқышпен қарынның кілегей, кілегей асты, ет, сірі қабығын зерттеп, суретін салыңыз. Үлкен ұлғайтқышпен кілегей қабығына, ондағы қарынның меншікті бездерінің клеткалық құрамына көңіл аударыңыз. Кіші ұлғайтқышпен зерттегенде белгілеу керек:
І. Кілегей қабығы
1. бір қабатты цилиндрлік эпителий
2. меншікті қабаты
3. ет қабаты
4. қарын шұңқырлары
5. меншікті (фундальды) бездер
ІІ. Кілегей асты қабығы
ІІІ. Ет қабығы
ІV. Сірі қабығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет