Iv. Емтихан сұрақтары


Он көлеміндегі сандарды оқыту



бет10/19
Дата17.05.2022
өлшемі77,64 Kb.
#34769
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Он көлеміндегі сандарды оқыту

Бірінші 10 көлемінде басқа көрнекі құралдармен (тастар, кубиктер, үрықгар т.б ) бір дәрежеге қолданылады. Шыбықтар мен бумалар 20 көлеміндегі нөмірлеуді, ал содан кейін арифметикалық амалдарды , әсіресе, қосу мен азайтуды оқып үйренгенде пайдаланылатын тендесі жоқ негізгі қүрал болып саналады. Оқушылар 10 шыбықгы қосып бір байлап (бір бума жасап) жаңа санау бірліктері туралы - ондар туралы түсінік алады, ал әрқайсысында 10 шыбық бар 10 буманы қосып бір байлап 100 туралы түсінік алады. Дайындығы жақсы окушылар біраздан кейін оларды керек қыла қоймайды, ал дайындығы кем окушылар дерексіз түрде санауға көшу үшін жеткілікті түрде үғым жетілгенше бүлармен әсіресе, өздігінше жүмыстарда пайдалана беруі мүмкін.

Бұл құралдарды жасап алу әр баланың қолынан келеді. "Үзындықгары 10 см-ден шыбықгар жасап алыңдар", - деп балаларға шыбықтардың үзындығын көрсеткен пайдалы.

Мүның өзі балалардың өлшеу және сантиметрлік сызғышты пайдалану жөнінде бір жаттығу болып табылады.

Оқудың бұл сатысында көрнекі құралдар мен дидактикалық материалдар мына шарттарды қанағаттандырарлықтай болуы керек.


  1. көрнекі құралдар балаларды қызығарлықтай түрлі-түрлі


    болып келу керек.
  2. Мүғалімнің көрсететін көрнекі құралдары сияқты


    құралдар балалардың өздерінің қолдарында да жеткілікті
    болу керек.
  3. Дидактикалық материал ретінде айналадағы тұрмыстан


    балалар оңай тауып аларлықтай нәрселерді қолдану
    керек, мысалы жалаң бұршақ, емен тұқымы, шырша
    бүршігі, ұсақ тас және т.б.
  4. құралдар оңай қозғалғыш болу керек, кез-келген тәртіпте


    орналастыруға қолайлы болу керек.


Материалдар көрнекі және белсенді түрде түсіндіруге көмектесетін әдістің бірі оқылатын санды көрнекі түрде көрсету үшін алынған нәрселердің суретін салуға болады, мысалы 3 санын оқығанда жапырақгың, жалаудың, алманың суретін салу және бояу дәптермен жүмыста үсынылады.

Осындай жаттығулардың барысында мүмкіндігінше әрбір оқушының санау кезінде аталған санды ол санап жатқан нәрселерімен сәйкестендіре білетіндей етіп үйрету керек. Осы кезде балаларда көптеген нәрселерді (геометриялық фигураларды, кластағы заттарды) салыстыра білуге, сандары тең емес нәрселерді, сандары тең нәрселерге және керісінше түрлендіре білуге үйрету керек.

Мысалы, балалар дөңгелектердің үшбұрыштары санынан біреуі артық деп анықтады дейік. Мүғалім мынадай сұрақтар қояды:

Дөңгелектердің саны үшбұрыштардың санындай болу үшін не істеу керек? Үшбұрыштардың саны дөңгелектердің санындай болу үшін не істеу керек?

Балалар теңестіруде түрліше орындауға болатынын түсінулері керек.

Ал енді осы жерде, балалар әдебиетін жақсы меңгерген мүғалім, яғни әр түрлі жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тақпақтар көмегімен оқыту барысында жақсы нәтижелерге ие болуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет