«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ» IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
260
1. Куклев В.А. Становление системы мобильного обучения в открытом дистанционном
образовании // Школьные технологии. 2010. № 4.
2. Attewell J. Mobile technologies and learning: a technology update and m-learning project summary.
London: Learning and Skills Development Agency, 2005.
ОӘЖ 004.4
СЫЗДЫҚОВА А.М., АНДАСОВА Б.З.
"АЛГОРИТМДЕР ТЕОРИЯСЫ" ПӘНІНЕН МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ОҚЫТУ
БАҒДАРЛАМАСЫН ӘЗІРЛЕУ
(Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қаласы, Қазақстан)
Қазақстан Республикасы дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруі үшін ақпараттық
технологиялардың дамуының үлесі орасан зор. Ал еліміздің білім беру жүйесін
ақпараттандыру – еліміздің даму стратегияларының негізгі бағыттарының бірі болып
саналады. Білім беру жүйесінде ақпараттық технологиялардың дамуы көптеген электронды
оқулықтар, Мультимедиалық оқыту бағдарламалары дайындалуымен байланысты. Қазіргі
кезде Мультимедиалық оқыту бағдарламалары білім алушыларға және оқытушыларға өте
тиімді болып келеді себебі әр студенттің есте сақтау қабілеті әр түрлі. Электрондық
оқулықтардың, дәстүрлі қағаз кітаптардан айырмашылығы «жанды» болып келеді.
Қазақстан
Республикасы
Президентінің
Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасына сәйкес, елімізде E-Learning электрондық оқыту жүйесі жобасын енгізу
жұмыстары жоспарланған. 2015 жылға электронды оқытумен білім беру ұйымдарының 50
пайызын қамту, 2020 жылға көрсеткішті 90 пайызға дейін жеткізу мақсаты қойылған .
E-Learning терминінің шығу кезеңіне тоқталатын болсақ, 1999 жылы Internet
технологияның кең таралуы Web базасында компьютерлік курстарды ығыстыра бастағанда
пайда болған [1]. E-Learning электрондық оқыту жүйесінің көптеген тиімті тұстары
болғанмен де кемшіліктері де бар. Мысалға айтар болсақ дайын электрондық оқулықты
қолдану үшін міндетті түрде компьютер интернетке қосулы немесе электрондық оқулық
дискте сақтаулы болуы қажет. Бірақ кез келген жағдайда қолымызда компьютеріміз немесе
ноутбугіміз болмауы мүмкін. Дегенмен қазір бәрімізде телефон бар. Жай ғана мобильді
телефон емес Apple компаниясының iPhone смартфондары iPhone телефодарының
мүмкіндіктерін білім беру жүйесінде қолдану білім алушылардың қызығушылығын арттыра
түсері сөзсіз. Себебі біз телефон ардайым өзімізбен алып жүреміз бұл дегеніміз кез-келген
уақытта кез-келген жерде керекті ақпаратқа тез қол жеткізе аламыз.
Қазіргі таңда білім беру жүйесінде Мультимедиалық оқыту бағдарламалары кең
таралымға ие болып отыр. Олар білім алушылардың оқу материалын аса тиімді
қабылдануына мүмкіншілік жасайды. Мультимедиалық оқыту бағдарламалары өзге де
бағдарламалық өнімдер сияқты, белгілі бір талаптарға сай болуы керек. Мультимедиалық
оқыту бағдарламаларын білім беру жүйесінде жасап шығару және қолдану кезінде, оған
қойылатын психологиялық-педагогикалық және эргономикалық талаптарды қарастырған
жөн. Психология тұрғысынан Мультимедиалық оқыту бағдарламаларына қойылатын
талаптардың ең бастыларына сұхбат өткізу; кері байланысты ұйымдастыру; оқытудың
мотивациясын құрастыру; Мультимедиалық оқыту бағдарламалар негізінде оқуды
жекешелендіру жатады [2].
Электронды оқыту құралдарын қолдану студенттерге оқу материалдарымен түрліше
жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, атап айтқанда: студент материалды қалайша меңгеретінің,
қосымшанын интерактивті мүмкіндіктерін қалайша қолданатынын және өз топтастармен
«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ» IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
261
біріккен жұмысты қалайша жүзеге асыратынын өзі шешеді. Осылайша, студенттер ашық
немесе қашықтан білім беру үрдісінің белсенді қатысушысы бола бастайды.
Студенттер оқу үрдісін өз жеке қалауларына сәйкес құрып, өзінің кәсіби
тұрғылықтануына әсер ете алады. Олар өзіне қызықты материалды зерттей алады, оқу
материалын өзіне қанша қажет болса, сонша рет қайталап оқи алады, бұл олардың жекеше
қабылдауына деген бөгеттерді жоюға мүмкіндік береді.
Осылайша, сапалы электронды оқыту құралдарын қолдану оқыту үрдісін студенттердің
ерекшеліктеріне қарай оларды жеке оқыту стиліне және қарқынына, қызығушылықтарына
қатысты икемді етеді.
Электронды оқыту құралдарын қолданудың ерекшеліктері: 1) оқыту үрдісінде
студенттің қабылдауының бірнеше каналын бір уақытта қолдану, осының арқасында бірнеше
түрлі сезім мүшелерді арқылы жеткізілетін ақпаратты интеграциялауға қол жеткізуге
болады; 2) күрделі нақты аспектілерді ынталандыру мүмкіншіктері; 3) үрдістерді
динамикалық түрде ұсыну арқасында абстактті ақпаратты визуализациялау; 4) студенттің
когнитивті құрылымдарын және интерпретацияларын – зерттелетін материалды кең оқу,
қоғамдық,
тарихи
контекстке
рамкалай
және
оқу
материалын
студенттін
интерпретациясымен байланыстыра отырып - дамыту мүмкіндігі.
Мультимедиалық білім беру жүйелеріндегі білімді қадағалауды қарастырайық. Қазіргі
таңда қоғамды ақпараттандыру, адам қызметінің барлық салаларына ақпараттық-қатынастық
технологияларды жаппай енгізуді талап етеді, оның өзі қызметтің зияткерлік түрлері рөлінің
жоғарылауының алғышарты болып табылады. Қоғамды ақпараттандырудың маңызды
қадамдарының бірі – білім беруді ақпараттандыру болып табылады. Білім беруді
ақпараттандыру концепциясы, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы
зияткерлік қызметтің кең рационалдануын, ойлаудың - ақпараттануға ұшырап отырған
қоғамның талаптарына сәйкес келетін - жаңа түрімен мамандарды даярлау сапасының
артуын болжамдайды. Осыған байланысты, ақпараттық құралдарды білім беру жүйесіне
енгізудің және оқу барысында Мультимедиалық білім беру жүйелерінің қолдануын зерттеу
өзектілігі артады.
Соңғы жылдардағы статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, келесілерді атап
көрсетуге болады: оқыту бағдарламаларын, оқу барысындағы электрондық оқулықтарды
қолдануды қарастыра отырып, ғалымдар (мультимедиа-технологиялардың пайда болуына
дейін), оқушы материалды толығымен меңгеру әдісі мен осы материалды есіне түсіру
(қалпына келтіру) қабілеттілігі арасында байланыс бар екенін көптеген тәжірибелер арқылы,
аңғарған. Мысалы, тыңдалған материалдың тек қана төрттен бір бөлігі меңгеріледі. Егер
оқушы материалды көру арқылы қабылдаса, жадыда қалған материалдың үлесі үштен бірге
дейін жоғарылайды. Қиыстырылған әсер арқасында (көру және есту арқылы) материалдың
меңгерген үлесі жартысына жетеді, ал егер оқушыны зерттеу барысында белсенді
әрекеттерге қатыстырса, мысалы, интерактивтік оқытушы бағдарламалары сияқты
мультимедиа – қосымшалардың көмегімен, меңгерілгеннің үлесі 75% құрай алады.
Сондықтан оқытуға арналған бағдарламаларда мультимедиалық құралдарды қолдану
материалдарды есте сақтау және меңгеру тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Оқытуда
ақпараттық
технологияларды
енгізу,
бұл,
бәрінен
бұрын,
компьютерлік
оқыту
бағдарламалары, білім беруге деген дәстүрлі көзқарасты өзгертеді, пәнге деген
оқушылардың қызығушылықтарын арттыруға, материалды анағұрлым бейнелі түрде ұсынуға
мүмкіншілік береді [3].
«Алгоритмдер
теориясы»
пәні
ақпараттық
технологиялар
мамандықтарының
барлығында дерлік оқытылатын пән болғандықтан осы пән бойынша Мультимедиалық
оқыту бағдарламасын әзірлеу қажет болып табылады. Оқу
пәні
болашақ
мамандарға
программалау үшін қажетті алгоритмдеу теориясы, алгоритмдер ұғымын, алгоритмдердің
күрделілігі мен алгоритмдік шешуді формальдау мәселелері туралы базалық білім беруге,
алған білімді болашақ мамандығында қолдана білу біліктілігін қалыптастыруға бағытталған.
«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ» IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
262
Алгоритмдер теориясы —алгоритмдердің жалпы қасиеттері мен заңдылықтарын және
оларды бейнелеудің әртүрлі формальды модельдерін зерттейтін ғылым. Алгоритмдер
теориясының міндеттеріне есептердің алгоритмдік шешілмеуін формальды дәлелдеу,
алгоритмдердің күрделілігін талдау, алгоритмдерді жіктеу, алгоритмдердің сапасын
салыстырмалы бағалаудың өлшемдерін құру және т.б.
«Алгоритмдер теориясы» пәнін оқытудың мақсаты – алгоритмдеу теориясы,
алгоритмдер ұғымын нақтылау, алгоритм күрделігін бағалау әдістерінің сипаттамаларымен
таныстырып, болашақ мамандықтарында қолдана білуге үйрету болып табылады.
Пәнді оқытудың міндеттеріне алгоритмдік ойлауды қалыптастыру; Тьюринг
машиналарымен, рекурсивті функциялармен, Марковтың нормальды алгоримдерімен,
логикалық есептеулермен, формальды грамматикалармен автоматтар сипаттамаларымен,
қолдану аясымен, өзгешеліктері және артықшылықтарымен таныстыру; ақпаратты талдау,
құрылымдау, формальдау, бейнелеу және өңдеу әдістерімен таныстыру; алгоритмдер
күрделілігін бағалауды үйрету жатады.
Мультимедиалық оқыту бағдарламасындағы қарастырылатын тақырыптар алгоритмдер
құруға қатысты практикалық кәсіби есептерді компьютерде шеше білетін болашақ
ақпараттық технологиялар саласының мамандарын дайындау мақсатын көздей отырып
келесі сұрақтарды меңгеруден тұрады:
- Алгоритм ұғымы, қасиеттері, түрлері.Алгоритмді құру және орындату.
- Алгоритмнің дұрыстығы, верификациясы және тиімділігі.
- Тьюринг машиналары.
- Марковтың нормальды алгорифмдері.
- Рекурсивті функциялар. Черч тезисі.
- Есептеулер модельдері.
- Есептеулер күрделілігін бағалау.
- Күрделіліктің полиномдық және экспоненталық кластарына шолу.
- Жоғарғы, ортаңғы және төменгі бағалар,
- NP толықтық, есептердің эквиваленттілігін дәлелдеу.
Қазіргі уақытта алгоритмдер теориясы пәнінен көптеген оқу-әдістемелік басылымдар,
кітаптар бар. Алайда, қазақ тіліндегі басылымдар тапшы, сонымен қатар пәнді оқу
барысында білім алушылар Тьюринг, Пост машиналарының жұмысын түсіне бермейді.
Сондықтан осындай абстрактілі машиналардың жұмыс істеу принципін анимациялық түрде
көрсетсек білім алушыларға түсініктірек болады.
Мультимедиалық оқыту бағдарламасы кроссплатформалы болғандықтан оның қолдану
аясы кең: оны локальды қолданба ретінде де, сайттарда да, мобилді құрылғыларда да
орнатуға болады
Заманауи жаңа технологияларды, соның ішінде мобилді құрылғылар қазіргі кезде
күнделікті қолданатын құралдың біріне айналғандықтан, оның мүмкіншіліктерін білім беру
саласында белсенді қолдану арқылы білім сапасын арттыруға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
www.pt0004.kokshetau.akmoedu.kz/documents/view/998B3020A9C34E29/?s=ROOT
2.
Ж.К. Нурбекова, А.З. Даутова, Д.Б. Кашкинбаева, Технология пректирования
мультимедийных обучающих систем. – Павлодар, 2003 – 11-17с.
3.
Б.Ж. Нұрбеков, Д. С. Майдисарова, Ә. Е. Жақсылықов. Мультимедиалық жүйелерді
жобалау және құрастыру. Оқу құралы– Павлодар : Кереку,2010. – 88 б.
«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ» IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
263
ӘОЖ 378.014.24(1-87)
ТУРЕБАЕВА Р.Д., МУКУШЕВА Н.Ж.
ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТАРДЫ ҚҰРУ КЕЗІНДЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
(Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан
Республикасы)
Компьютерлiк оқыту жүйелерiнiң бiр формасы электрондық оқулық болып табылады.
Электронды оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқу құралы, сол себепті электронды
оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға керек. Электронды оқулық оқушының
уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген сабақ тақырыптарын және
оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал жасайды. Себебі:
оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді өзіне қажет элементінің әр кез жанында жазуы
болады.
Электронды оқыту құралы бейне, аудио, мультимедиа технологиясымен олардың
көптеген комбинацияларын енгізуге байланысты болып келеді.
Электронды оқыту құралдарының негізгі талаптары ақпараттық -коммуникативтік
технология негізінде ақпараттық білім беру ортасын құру және оны тиімді пайдаланылады.
Электронды оқулық мынандай жағдайларда тиімді: кері байланыспен жылдам
қамтамасыздандырады; гипер мәтіндік түсініктемелерді көп қолданған жағдайда уақытты
үнемдейді; аталған бөлімдерге байланысты білімді тексереді; шағын мәтінмен көрсетеді
және модельдей алады.
Оқыту үрдісі барысында оқыту әдістемелерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін
жаппай ақпараттандыру бойынша жаңа оқыту технологияларын енгізу арқылы оқыту
үдерісінде толық түрде дамуына зор ықпал етеді. Оқыту үдерісі кезінде компьютерге
негізделген жеке әдістемелер оқу барысы жағдайларына байланысты тиімді қолданылуы
керек.
Оқытудың негізгі мақсаты оқушының жеке тұлғалық стиліне, яғни, оқушыға оқу
материалын түсінікті сипаттайтындай қабылдау механизміне тәуелді болуы шарт. Сол
себепке байланысты оқу іс-әрекетін пайдалы қамтамасыз ету бәрінен бұрын оқушылардың
өзіндік іс-әрекеттерін, оқытушының әр бір оқушымен жеке тұлғалық оқу іс-әрекетін
сүйемелдеуді және оқу жұмыстарын оқытушылармен бірге қарастыруды жобалайды.
Ақпараттық технологиялардың заман талабына сай дамуының жаңа әдіс – тәсілдернің
пайда болуы және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады.
Электронды оқыту құралдарының технологиялық құралдарын келесідей бөлімдерге
бөлуге болады:
1.Мультимедиалық бағдарламалар, интернет және ақпараттық құралдар.
2. Электронды оқыту құралдарын әзірлеудің бағдарламалық құралдары.
3. Оқу үрдісін басқарудың ақпараттық жүйесі.
Электронды оқулықтың құрлымы. Кез келген оқулық мазмұнды және процессті болып
екі негізгі бөлімнен тұрады: Сонымен бірге, тағыда екі бөлім болады: басқарушы және
диагностикалық. Танымдық және демонстарциялық компоненттерді оқулықтың мазмұнды
бөлімінде қосады. Процесттік бөлім үш компонеттерге бөлінеді. Олар: модельдеуші,
бақылаушы, бекітуші. Танымдық компонент оқушыға білім беруге бағытталған болады және
мәтіндік ақпарт болып келеді. Демонстрациялық компонент бұл – бақылау тапсырмалары
болады, яғни танымдық компонентті тұтастай қарастырушы бөлім. Бақылау бұл – бекітуші
компонент оқушының материалдық қадамын қарастырады. Бағыттаушы бөлім - электронды
оқулықтың бағдарламалық қабықшасы болып келеді. Диагностикалық бөлім – белгілі бір
бағдарламаның статистикалық ақпараттарын сақтайды.
«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ» IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
264
Электронды оқу құралдары келесідей жағдайларда тиімді: кері байланыспен жылдам
қамтамасыздандырады; гипер мәтіндік түсініктемелердің көп мөлшерде қарастырған кезде
уақытты үнемдейді; қандайда бір сала барысында білімді тексереді; шағын мәтінмен
көрсете, айта және модельдеуге болады.
Электронды оқулықтың тиімділіктерімен қоса кемшіліктеріде болады. Ең басты
кемшіліктеріне экраннан ақпаратты қабылдауы (кітапты оқудан қарағанда экраннан мәтіндік
ақпараттық қабылдау көптеген кері әсерілері бар) және кітаппен салыстырғанда құнының
әлде қайда жоғарылығын жатқызуға болады.
Заман үдерісіне сай жас ұрпаққа сапалыда, мазмұнды білім беру кезінде электрондық
оқулықтарды сабақтарда қолдану – оқытудың жаңа технологиясының бір саласы ретінде
қолдануға болады. Дамыған шет елдік білім беру жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім
беру мақсатындағы ортақ міндетті өз мәнінде өткізу барысында, бір-бірімізден тәжірибе
алмаса отырып, кемшілік – жетістіктерді талқылай отырсақ жұмысымыз өз нәтижесін
көрсететін болады деп ойлаймын.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Башмаков М.А. Разработка компьютерно- обучающих систем и компьютерных учебников.
М. 2003.600 с.
2. П.И.Образцов. Дидактические аспекты разработки и применения компьютеризованных
проектов учебников. -Новосибирск: НГУ,95
3. Досжанов Б., Альменаева Р. Казақ тілінде электрондық оқулыктар мен web-парактар даярлау
әдістері. Информатика негіздері. 2002. N3.
4. Нұрғалиева Г.К. Электронды оқулыктар - мұғалім мен оқушылар қызметін ізгілендіру
құралы. // Компьютер әлемі. Республикалық журнал. N2, -2002. 20-21-беттер
5.
Х.Жантелі.
Оқытудың
компьютерлік
программаларын
кұру
технологиясын
жетілдіру.//Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияның еңбектері. Шымкент.2004. 446-449 б.
УДК 004.451
ХИКМЕТОВ А.К., ҚАРЖАУБАЕВ Қ.Қ.
ЖОҒАРҒЫ ТЕХНОЛОГИЯҒА ҚАДАМ РЕТІНДЕ, ҚАЗАҚСТАНҒА
БЕЙІМДЕЛГЕН LINUX-БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ
(Әл-Фараби Атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы, Қазақстан)
Заманауи ғылым көптеген өлшеу асбаптарын, есептеу машиналарын, кластерлерді,
түрлі техникаларды, материалдарды т.с.с. құрастыруда асып түсті. Адам баласымен
құрастырылған әрбір техника сол машинаны басқаруды қамтамасыздандыратын арнайы
тілді құрастыруды қажет етеді. Өкінішке орай, тұтас халықаралық тіл жоқ, сол себептен
техникалық тілдің басым бөлігі ағылшын тілінде жазылған. Дегенмен, заманауи
бағдарламалық қамтамасыздандырудың орыс, қазақ, түрік және де басқа тілдерге бейімделуі
еуропалық емес елдердің пайдалану мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтті. Ресей,
Қазақстанмен салыстырғанда, бағдарламалық қамтамасыздандыруды орыс тіліне аудару
қажеттілігін жедел байқады. Техника және бағдарламалық қамтамасыздандырудың көптеген
әлемдік өндірушілері Қазақстан экономикасын жетілдірудегі борышын заманауи IT-
шешімдерді енгізу процессін жеңілдету және тездетуде ғана емес, сонымен қатар Қазақстан
республикасы үкіметінің қазақ тілін қолдау мен дамытуға арналған экономикалық,
техникалық және қаржылық терминдердің бағдарламаларын құрастырудағы жұмыстың
толық бірігуін қамтамасыздандыруда деп біледі. Ғылымды дамытуды және жоғарғы
технологиялы экономиканы құруды ҚР бірінші орынға қойды. Алдынғы онжылдық қазақ
тіліндегі бағдарламалардың көп жасалуына қозғау салды. Осының артында қазақ ғылыми
«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ» IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
265
мектептері халықаралық майданда жоғарылады. Ғылыми өндірістік инфрақұрылымды
қалыптастырудың ажыратылмайтын бөлігі болып операциялық жүйелер табылады. Олардың
негізінде компаниялардың іс-қағаздары, зауыттағы әртүрлі техникамен жұмысты қамтамасыз
ететін есептеу машиналары жұмыс істейді. Қазақстандағы ең танымал операциялық жүйе
Windows, дегенмен бұл операциялық жүйенің сенімділігі мен қымбаттылығы жақсы болар
деген үміттеміз. Осыған орай Linux операциялық жүйесі қолайлырақ, тегін лицензия, көп
есептілігі, және де кластерлі жүйелерде жұмыс істеуде операциялық жүйелерді таңдаудағы
шешуші фактор болатын сенімділік. UNIX негізіндегі жүйелер үлкен функцияналды
мүмкіншіліктерді көрсетуге, информациялық жүйелерді қорғаудың жоғарғы деңгейіне қол
жеккізуге, деректермен алмасу стандартты хаттамасын қолданумен басқа жүйелерді біріктіру
мүмкіндігін сақтай отырып, автономды информациялық ортаны құруға мүмкіндік береді.
Unix – типті Linux операциялық жүйелер Еуропада, Ресейде, АҚШ-та, Жапонияда
кеңінен тараған. Қазақстандықтардың Linux-ті қолдануы, осы операциялық жүйені қазақ
тіліне аудару және бейімдеу қажеттілігін тудырды. Қазақ қаріптерін Linux-та қолдану
кодтаудың жаңа стандартын шығару арқылы қол жетімді. Unix – типті операциялық жүйелер
құжаттамаларының
тұнықтығы
кез
келген
драйверлерді
құрастыруға,
әртүрлі
кітапханаларды жасауға мүмкіндік береді. Осы мақаланың авторы, “Қазақ тілін қолдайтын
Linux-платформалары негізінде қорғалған операциялық жүйені құрастыру” проекттің
шегінде, қазақстандық қолданушыларға арнап Linux операциялық жүйесінің бейімдеу келесі
кезеңдер бойынша жүзеге асуда:
1. КОI- 8 RK 8-битті кодтық жүйені құрастыру.
2. Жаңа КОI- 8 RK стандартымен сәйкес жаңа пернетақта жаймасын құрастыру және
енгізу.
3. ОС LINUX консоль қаріптерін құрастыру.
4. ОС LINUX графикалық ортасы үшін қаріптерді құрастыру.
5. Midnight Commander бағдарлама интерфейсін қазақ тіліне аудару.
6. Linux графикалық ортасы үшін векторлы қаріптерді құрастыру.
7. Linux үшін Unicode кодтауын құрастыру.
Бейімдеу пернетақта жаймасы баптаулары бар kz.map файлын құрастырудан басталады.
Бір тілден екінші тілге ауысу сол жақтағы Ctrl батырмасы көмегімен жүзеге асады. Келесі
кезекте keycode 2, keycode 3 - keycode 9, keycode 0 пернетақта батырмаларымен сәйкес қазақ
алфавиті беріледі.
Linux операциялық жүйесі консольі үшін келесі құрастырылған бағдарламалар
негізінде Cyrkza8x16.psf қаріпі құрастырылды: CONVERT – psf файлындағы қазақ тілі
әріптері мен таңбалардың бейнесін экранға шығарады; DRAW – бинарлы файлдарды өңдеу;
PSFCREATE – барлық бинарлық файлдарды бір psf файлына біріктіреді.
Жайманы консольге жүктеу амалын loadkeys утилитасы арқылы жүзеге асады. Оған
кіріс ретінде әрбір батырманың қылығы сипатталған *.map жаймалы файлы жіберіледі.
Енгізілген қазақ әріптерін қолдану үшін 2, 3, 4, 5, 8, 9, 0, -, = батырмаларына қазақ әріптері
белгіленген ru.map файлы негіз ретінде алынып, өзгертілді. Консольге жайма жүктелгеннен
кейін файлдар мен қалталарды қазақ тілінде атау мүмкін болады.
Консольге қаріптерді енгізу үшін келесі амалдар орындалады:
1. (setfont /usr/share/kbd/consolefonts/Cyrkza8x16.psfu) қаріпін жүктеу.
2. KOI-8rk (mapscrn /usr/share/kbd/consoletrans/koi8rk) кодтауын жүктеу.
3. Енгізу (пернетақта) мен шығару (экран) арасындағы сәйкестікті жүктеу (loadkeys
/usr/share/kbd/keymaps/i386/qwerty/kz.map)
Терезелер менеджері (Window managers) – экранда терезелердің өлшемін, орналасуын
басқаруға мүмкіндік беретін қолданушының графикалық интерфейсінің бірі бөлігі, және де
терезелердің сыртқы түріне жауап береді (мысалы, тақырыптың, шектің түрі және т.с.с.) -
қолданылатын батырмалар қазақ тілімен сәйкес түрлендірілді.
|