Iv. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



бет3/4
Дата04.05.2023
өлшемі34,63 Kb.
#89734
1   2   3   4
Байланысты:
срс Жансая радио

ІІІ.Қорытынды

Жыл өткен сайын адамдардың радииоактивті сәулеленумен зақымдануы көбейе түсуде. Өйткені жыл сайын атом электр станциялары салынып, олар іске қосылып жатыр. Сондай-ақ неше түрлі тездеткіштер сыналып, атом бомбалары жарылып жатады. Олардан қаншама радиоактивті сәулелер бөлініп шығып, адамзат баласына неше түрлі зиян келтірді десеңізші. Сондықтан адамзат баласын радиациядан қорғау осы кезде кезек күттірмейтін өзекті мәселеге айналып отыр. Табиғатта адамзат баласы, жан – жануарлар дүниесі, өсімдіктер әлемі табиғи радиоактивтік сәулеленудің сыртқы және ішкі әсерімен шектелініп тұрады, яғни табиғи радиоактивтік фон деп аталатын жағдайда болады. Бұл жер бетіндегі тіршілік өмірдің табиғи қажеттілігі. Бірақ адамзат баласы өзін табиғи зат алмасу процестерінің ауқымынан шығарып, глобалды бірігей қызмет ететін жүйе ретіндегі биосферада өзінің тәртібіндегі шекті нормаларды бұзуда. Осыларды белгілі бір жүйеге келтіру кезек күттірмейтін мәселелердің біріне айналып отыр.


Космостан келетін космостық сәулелердің практика жүзінде адамзат баласының қорғануға ешқандай мүмкіндігі жоқ. Ол 1000 км атмосфералық қабаттан лезде өтіп кетеді де жер шарына түгелдей таралады. Космонавттарды да космос сәулесін қорғау оңай шаруа емес екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Иондалған сәулеленуді ем-дом ретіндепайдаланып жатыр. Дерттерде диагностика қою үшін де таңбаланған атомды пайдаланады. Сәуле терапиясы мен қан, ауруларын емдеуге болады. Қауіпті ісіктерді де емдеу үшін бета-сәулесін пайдаланады. Адамдарды радияциядан қорғау – Қазақстан Республикасының алдында тұрған аса қүрделі мәселе. Қазақстан Республикасында адамдардың денсаулығына өте үлкен көңіл бөлінуде. Әсіресе экологиялық апатқа ұшыраған аймақтарда да тұратын халықтардың денсаулығы қатаң бақылауға алынған. Неше түрлі экологиялық проблеммалар, әсіресе радиациялық экология өз тұрғысынан шешімдерін тапқан жоқ.Сайып келгенде, біз – қазіргі жас мамандар, келер ұрпағымыздың өмірінің жарқын да мәнді болуы үшін қоршаған ортамызды, яғни Табиғат – Анамызды аялай білуіміз қажет. Ол үшін меніңше, әр адам баласы экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелерін бір-бірімен сабақтастырғаны жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет