Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясының ата-аналар жиналысының хаттамасы №4



Дата03.12.2023
өлшемі18,18 Kb.
#133324
түріСабақ

Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясының
ата-аналар жиналысының хаттамасы №4

02.05.2023 ж.


Барлығы: 19
Қатысқандар:7

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

  1. 2022-2023 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы

  2. Оқушылардың тәртібі мен сабаққа қатысуы туралы.

  3. Әр-түрлі.


Тыңдалды
2022-2023 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы ата-аналар жиналысында 9 «Е» сынып жетекшісі Исмакулова А.Т. ата-аналарды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы оқу-ағарту министрінің бұйрығымен таныстырды. Бұйрық бойынша:
1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарындағы оқу сабақтары 2023 жылғы 31 мамырда аяқталады.
2. 9 (10) сыныптарда білім алушылардың қорытынды бітіру емтихандары 2023 жылғы 2-13 маусым аралығында өткізіледі.
3. 11 (12) сыныптарда білім алушылардың мемлекеттік бітіру емтихандары – 2023 жылғы 5-19 маусым аралығында өткізіледі.
4. Қорытынды аттестаттауды өткізудің мынадай мерзімдері бекітілген:
5. Демалыс және мейрам күндері білім алушылардың өмір қауіпсіздігі ата –аналардың жауапкершілігінде екені туралы айтылды.

9 (10)-сынып оқушылары үшін:


1) оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін – жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2023 жылғы 2 маусым;


2) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2023 жылғы 6 маусым;
3) өзге тілдерде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) – 2023 жылғы 9 маусым;
4) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2023 жылғы 13 маусым.
Қорытында аттестаттауға оқушылардың дайындығы, олармен жүргізілетін қосымшалардың кестесі туралы айтты.
Екінші мәселе бойынша оқушылардың сабақтан қалмауы және аттестацияға дайындық сабақтарын жібермеу, мектеп формасы, жолдан өту туралы айтылды.
5) Демалыс және мейрам күндері білім алушылардың өмір қауіпсіздігі ата –аналардың жауапкершілігінде екені туралы айтылды. 5 сұрақ бойынша сынып жетекшісі Исмакулова А.Т. өз сөзінде қауіпсіздік ережелерімен ата - аналарды таныстырып, жолда бала сақ жүруіне, абай болуына ата - аналарға үгіт - насихат жұмыстар жүргізілді. Рейд жүргізу барысында ешқандай кәмелетке толмаған мектеп оқушылары анықталаған жоқ және тәртіп бұзушылық болған жоқ.

Шешімі:


  1. Оқушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу үшін пән мұғалімдерімен тығыз жұмыс жүргізу;

  2. Таңдау және негізгі пәндер бойынша оқушылардың жұмыстары бақылансын.

Хатшы: Казанкапова Камшат Н.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет