Iws theme: программалау тілдері


Программалау технологиялары



бет4/6
Дата25.03.2023
өлшемі74,92 Kb.
#76150
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6
Программалау технологиялары
Программалау процесін жақсартатын және кең қолданылатын әдістердің бірі - құрылымдық программалау.
Құрылымдық программалаудың 3 бөлігі бар:
1. Модульдік программалау
2. Құрылымдық кодтау
3. Жоғарыдан төменге қарай жобалау
Модульдік программалау дегеніміз - программаны логикалық бөліктерге бөлу процесі. Программа бірнеше модульдерге бөлінеді және мына 2 мақсат орындалуы тиіс:
1) Модулдің дұрыс болуы және оның контекстерден тәуелсіз болуы қажет;
2) Модулдің ішкі жұмыстарын білмей тұра әр түрлі модулдерден программа құру мүмкіндігінің болуы қажет. Мысал ретінде стандарт математикалық функциялардың есептелу программасын қарастыруға болады. Программист sin(x) функциясын программаның кез-келген жерінде қолдана алады және оған функцияның есептелуіне қай әдістің қолданып тұрғанын білудің қажеттілігі жоқ. Модуль өлшемі 60 жолдан аспауы керек және модульдер өзара тәуелсіз болуы керек. Байланысқан элементтерді бір модульге, байланыспаған элементтерді әр түрлі модульге жинау керек. Модульдерді қолдана отырып программа күрделілігін төмендетуге болады. Pascal тілінде модуль процедуралар мен функциялардың көмегімен құрылады, Си тілінде функциялардың көмегімен құрылады.
Құрылымдық кодтау деп программада басқарушы конструкциялардың - шартты операторлардың, циклдің (параметрлі, цикл-әзір, цикл-дейін) қолданылуын айтады. Шартсыз көшу операторы программада сирек қолданылуы керек немесе шартты оператордың, циклдің көмегімен өзгертілуі керек.
Программаны жоғарыдан төмен қарай жобалаудың өз иерархиялық құрылымы бар және қысқа есеп қойылымынан басталады. Одан кейін есеп бірнеше ұсақ ішкі есептерге бөлінеді. Ішкі есептердің өзі де ішкі есептерге бөлінуі мүмкін. Әр қадамда ішкі есептің орындайтын негізгі функциялары анықталуы керек. Бөлу процесі әр ішкі есеп қарапайым болғанға дейін, яғни әр ішкі есепке бір модуль сәйкес келгенше созылады.

Алғашкы процедура бағдарлы программалау тілінің біріне Фортран (FORmula-TRANslation – формуланы түрлендіру) жатады,ол компилирлік тіл болып табылады. Ол осы күнге жетіп қана қоймай, кең таралуы жағынан әлемде алдыңғы орынды бермей келеді. Осылайша ұзақ жасауының көптеген себептері бар. Олардың ішіндегі ең басты себеп – Фортранның өзінің де және оны транслятордың машина кодына айналдыруға арналған құрылымының қарапайым болуында жатыр. Фортран ғылыми және инженерлік-техникалық есептеулер саласында пайдаланылады.


Фортран тілі программалаудың басқа тілдерін тудырып әрі дамуына зор ықпал ете отырып, өзі де жетілу үстінде дамуын жалғастырып жатыр. Мысалы, Фортран тілі Бейсик (Basic — beginners allpurpose symbolic instruction code) сұхбат тілінің негізі етіп алынды.
Гал тiтәуел баста негізінен программалауды оқытуға арнап жасалған болатын. Бейсик тілінің осы заманғы нұсқасы міндеттерді кәсіби тұрғыдан шешуге мүмкіндік береді.
Алгол-60 (ALGOritmic Language – алгоритмдік тіл) - бұл Фортранға қарағанда әлдеқайда жетік тіл (жетілген тіл) болып табылады. Ол программаның үлкен икемділігі мен сенімділігіне ие.
Экономикалық міндеттерді шешу - (материалдық құндылықтардың, кәсіпорын шығарған өнімдердің, жеке құрамның есебін) ХХ ғасырдың 60 жылдарында Кобол тілінде орындау қолайлы болды.
Лого тілін балаларға программалау негіздерін оқыту үшін пайдаланады. Бұл тілдің өзіне ғана тән өзгешелігі - «тасбақа» деп аталатын графикті қолданады.
-ЭEM-ның екінші буынын әзірлеп, енгізу кезеңінде пайда болған алгоритмдік тілдердің өте көптігін олардың бірде-біреуі әр түрлі міндеті ерді қолайлы сипаттап бере алмауымен түсіндіруге болады. ЭЕМның үшінші буыны әмбебап (универсальный) алгоритмдік тілдерді жасаудың жаңа тәсілін ойлап табуды күн тәртібіне қойды.
Мұндай ұмтылыстардың біріне IBM фирмасы тудырған ПЛ/1 (Programming Language) тілін жатқызуға болады. Ол Фортран, Алгол және Кобол тілдеріне негізделген.
70-жылдардың соңында АҚШ Қорғаныс министрлігінің тапсырмасы бойынша Францияда Паскаль негізінде АДА тілі әзірленді. Бұл тіл Ч. Бэббиджерамен жұмыс істеген алғашқы программашы Augusta Ada Byronның құрметіне орай осылайша аталды, алайда өте қолайсыз әрі сөзі көп еді.
СИ тілі аса күрделі Ассемблер тіліне жүгінбей-ақ программаны өте тиімді етіп жазуға мүмкіндік бере алатын осы заманғы компьютерлердің мүмкіндіктерін толық бейнелейді. Бұл тілде әйгілі UNIX операциялық жүйесі жазылған.
Осы заманғы есептеуіш техникаларының дамуы коп процессорлы компьютерлер мен есептеуіш желілердің кеңінен тарауымен сипатталады. Сондықтан да программалы ету саласында кең тараған программаларды (яғни, бірнеше процессорлардың немесе машинаның көмегімен орындалатын программа) әзірлеуде пайдаланылатын тілдер уақыт озған сайын үлкен сұраныс тудырып отыр.
Мұндай тілдердің бірі – Linda. Ол деректерді параллельді өндеуге арналган. Linda тілін пайдалану барысында есептеу процесі процессорлардың топтарына бөлінеді. Аталған процестер бір мезгілде бірнеше процессорларда жүзеге асырылып, олардың біреуі басқасымен синхрондалады.
Ада және Линда тілдерінен басқа параллельдік программалаудың басқа тілдері де бар, атап айтқанда, Erlang, Modula, occam.
Объекті бағдарланған тілдерді жасау - программалаудың технологиясын одан ары дамытудың келешегі бар бағыты болып табылады
Программалаудың алғашқы объекті бағдарланған тілі (объектноориентированный язык) — Simula 67 (Симула). Ол 60-жылдардың соңында моделдеу міндетін шешу үшін Норвегияда жасалды.
Visual Basic - тің алғашқы нұсқасы 1991 жылы пайда болды. Ол объекті бағдарланған тілге жақын, алайда бұрынғысынша процедуралык тіл болып қала береді.
Бұл тіл кеңінен тараған, ол Microsoft ofісе дестесінде интеграцияланған; Access СУБД, Excel электрондық кестесі, мәтіндік редакторы.
HTML (Hyper Text Markup Language) гипермәтіндік белгілеу тілін World Wide Web (www) кеңінен тараған гипермәтіндік жүйені әзірлеу технологиясының бір компоненті ретінде 1989 жылы Тим Бернерсон-Ли ұсынған болатын.
HTML тілі электрондық құжаттың құрылымын полиграфиялық деңгейде ресімдеумен сипаттауға мүмкіндік береді. Нәтижелендіруші құжат әр түрлі иллюстрацияны, аудио-, бейне-фрагменттерді және т.б. қамтиды.
Java тілі («Джава» немесе «ява» деп айтылады) желілерде жұмыс істейтін программаларды (қолданбаларды) жасауға арналған. Java тілінде жазылған программалар көбінесе ғаламдық желілерге динамикалық жарнамаларды орналастыруда пайдаланылады. Java -қолданбасы web беттерінің статикалық картинкаларын «тірілтіп», осылайша пайдаланушылардың назарын аударады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет