ЖОСПАР
1. Кіріспе ............................................................................................... 3
2. Негізгі бөлім ...................................................................................... 4
2.1. Програмалаудың әртүрлі тілдері пайдалану
2.2. Программалау тілдерінің негізгі классификациясы
2.3. Паскаль тілі
3. Қорытынды .........................................................................................11
4. Пайданылған әдебиеттер....................................................................11
КІРІСПЕ БӨЛІМ Программаларды жасауда қазіргі заманғы компьютерлерде әр түрлі деңгейдегі программалау тілдері пайдаланылады. Жалпы жағдайда тіл деп информацияның жазылуын және оның түрленуін белгілі ережелер бойынша формальды етіп беруші құралдарды түсінеміз. Тілдің құрамында информацияның негізгі элементтерін құрудың құралдары және осы элементтерден әр түрлі мазмұнды құрылымдар құруға арналған ережелер жүйесі бар.
Программалау тілі деп деректерді жазуға және оларды белгілі ережелер бойынша өңдеуге арналған адам мен компьютерді байланыстыратын формальды тілді айтамыз
Программалау тілдері - жасанды тілдер. Олардың табиғи тілдерден айырмашылығы - мағынасы трансляторға түсінікті болатын әрі жазу командасының қатаң ережесіне бағынатын сөздері шектеулі болады. Мұндай талаптардың жиынтығы программалау тілінің синтаксисін қалыптастырады, ал әрбір команданың және тілдің басқа да құрылымы - оның семантикасын қалыптастырады. Программаларды жазудың формасы бұзылатын болса, бұл транслятордың оператор міндетін түсінбей қалуына әкеп соғады және синтаксистік қате туралы хабарлайды, ал команда тілін пайдалануға қажетті алгоритмге жауап бере алмайтын дұрыс жазу семантикалық қателікке (оны логикалық қателік немесе орындау уақытындағы қателік деп те атайды) ұрындырады.
Процессорлардың әр тұрпаты әр түрлі теру командасына ие. Егер программалау тілі процессорлардың нақты тұрпатына бағдарланып, оның ерекшеліктерін ескеретін болса, онда ол деңгейі төмен программалау тілі деп аталады. Бұл жағдайда деңгейі төменнің мағынасы нашар деген ұғымды білдірмейді. Бұл арада - тіл операторының машина кодына жақындығы және процессордың нақты командасына бағдарланғаны жөнінде сөз болып отыр.