Қиялдың жалпы сипаттамасы және оның психологиялық әрекеттегі рөлі Орындаған: Кертай А


Қиял жайында ғалымдардың түсінігі



бет2/3
Дата11.03.2023
өлшемі0,94 Mb.
#73323
1   2   3
Байланысты:
263501 (1)

Қиял жайында ғалымдардың түсінігі

  • Француздың әйгiлi ғалыми, әрi көрнектi жазушысы Дени Дидро: “Қиял! Бұл сапасыз ақын да, философ та, ақылды адам да, ойлайтын жан да, тiптi адам болу да мүмкiн емес” деп тегiн айтпаса керек.
  • Орыстың белгiлi демократ, публицисi Д. И. Писарев (1840—1868) шындық пен оптимизмге толы арман туралы көп толғанған адам, оның “арманның iске талпындыратын пайдасы” туралы пiкiрi жастар үшiн ерекше маңызды. Өйткенi адам әрекет етудiң орнына бос қиялға сүңгiсе, бұл келешектiң қиялы болмай, бос лағу, құр-ғақ қиял болар едi.
  • Мақсатқа сай дұрыс армандай алу адамға зор қуат берiп, iске талпындырады. Сондықтан да халық: “Арманы жоқ жiгiттiң дәрменi жоқ” деп өтс тауып айтқан.
  • Туысқан қырғыз халқының ұлы жазушысы Шыңғыс Айтматов: “Ақтық демi таусылғанша ой ойлап, қиял қанатында ұшатындығымен де адам биiк, адам ұлы” деп терең философиялық ой қорындылайды. Қиялы әлсiздiң өзi де әлсiз.

Қиял түрлерi

  • Пассив (әлсіз) қиялдың айқын түрі түс көруден байқалады. Көрген түстің қисынсыз шым-шытырық болатыны да — осы ырықсыздықтан. Мұндай қиялдардың пайда болуы адамның өз ойының тізгінін босатып жіберуіне де байланысты. Мысалы, аспандағы бұлтқа қарап, оны әр нәрсеге ұқсату, немесе біреу әңгіме айтып отырғанда, оның басынан кешіргендері тыңдаушының көз алдынан ағылып өтіп жатуы. Осы екі мысалдың бірінші жағдайында — қарапайым қиялдау затты қабылдаса, ал екінші жағдайда сөзді қабылдаудан елес пайда болады. Елес— қиялдың пассив түрі.
  • Қиялдың саналы әрі жемісті түрі — ырықты қиял. Бұл — адамның алдына саналы түрде мақсат қоя отырып, әдейі образдар жасау мен қажетті бейнелер тудыруы. Қиялдың бұл түрі балалардың ойын әрекетінен де анық байқалады. Ұшқыш, дәрігер, ғарышкер, мұғалім т. б. болып ойнауларына қарап, олардың ырықты қиялдарын аңғаруға болады. Өйткені, ырықты қиял еңбектену процесінде дамып, әрбір адамның іс-әрекеті мен жұмыс нәтижелерін алдын-ала көз алдарына елестетеді. Оларды орындауға, қимыл-әрекеттерді жоспарлы түрде жасап отыруға міндеттейді. Ырықты қиял түрлерін топтап қарастырудың жолдары бар. Олар — қайта жасау, творчестволық қиял, арман болып үшке бөлiнедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет