Оқылым. Қазақтың дастарханы



бет1/4
Дата25.12.2022
өлшемі24,02 Kb.
#59450
  1   2   3   4
Байланысты:
олимпиада по каз яз5-6,9-10 кл




Олимпиадалық тапсырмалар. 5 сынып.

  1. Оқылым.

Қазақтың дастарханы
Қонақжайлық – қазақтың ерекше белгісі. Қазақ халқы дастарханнан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ деп есептейді. Қазақтың ұлттық дастарханында мынадай тамақ түрлерін көруге болады. Ет тағамдары: қазы, қарта, жая, жал, құырдақ. Сүт тағамдары: қымыз, шұбат, айран, қаймақ, ірімшік, құрт, сүзбе. Нан тағамдары: бауырсақ, таба нан, күлше нан, шелпек.
Ең негізгі ұлттық тамақ- қазақша ет. Оны кейбір кісілер «бесбармақ» дейді. Ең құрметті қонақтарға, жасы үлкен қарттарға бас беріледі. Қызға жілік, күйеу балаға төс беріледі. Етті майлы сорпаға піскен нанымен қосып жейді. Тамақтан соң жасы үлкен, құрметті кісі бата береді.
Мәтін мазмұнына 5 сұрақ құрастыр

  1. Мәтіннен 2 сын есімді теріп жаз.

  2. Құрметті сөзіне синоним жаз.

  3. Мәтіннен 5 тірек сөзді теріп жаз.

  4. Септік жалғауы бар 5 зат есімді теріп жаз. (Барлығы-5 балл)

  5. Тәуелдеу: дастархан.

  1. Лексика-грамматикалық тест.

1.Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
А) 43 В) 25 С) 42 Д) 17 Е) 28
2.Фонетика нені зерттейді?
А) сөз таптарын В) сөйлем мүшелерін С) сөздің жасалу жолдарын Д) сөз мағынасын Е) дыбыстарды
3.Дыбыстар нешеге бөлінеді?
А) 5 В) 2 С) 3 Д) 7 Е) 4
4.Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай қалай бөлінеді?
А) жуан жіңішке В) еріндік, езулік С) қатаң, ұяң Д) тұйық, бітеу Е) ашық, қысың
5.«Ө» қандай дыбыс?
А) жіңішке, қысаң, , ашық В) жуан, , еріндік езулік С) жіңішке, қысаң, еріндік Д) жуан, ашық, езулік Е) жіңішке, ашық, еріндік
6.Ұяң дауыссыз дыбыстарды табыңдар.
А) с,т,п,к,қ,х,ч,ш,щ,ц,ф В) б,в,г,д,е,л,р С) р, л, м,н,ң,й,у Д) б,в,г,ғ,д,ж,з,h Е) с,п,т,к,а,р,ы
7.«Қ» қандай дыбыс?
А) ұяң В) еріндік С) қатаң Д) ашық Е) үнді


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет