«ҚыздарғА Өнегелі тәрбие беру жолдары»



бет2/4
Дата10.02.2023
өлшемі2,14 Mb.
#66676
1   2   3   4
Байланысты:
Қyzdarғa-өnegelі-tәrbie-beru-zholdary

Адамның сыртқы бейнесі оның ішкі жан-дүниесімен тығыз байланысты. Ендеше, ішкі жан дүние – мінез-құлық. Дауыс көтеріп, оспадарсыз сөйлесең, сыртқы бейнең қанша сұлу болып, әдемі киініп тұрсаң да жарасым таппайды. «Киіміне қарап қарсы алып, ақылына қарай шығарып салады» деген ұғым осыны меңзеп тұрған секілді. Адаммен қарым-қатынас – сөйлесе білу ғой, міне сондықтан да айналаңнан күнделікті өмірде жақсы, жанға жағымды сөзбен дауысыңды, сөйлеу мәнеріңді түзетіп, жақсылықты бойыңа жина. Рухани байлығың – білім мен тәрбиеде. Сыртқы киім киісі, жүріп-тұрғаны көңілге қонымды, күнделікті сабағын тиянақты оқып жүретін оқушыны ұстаз да, ата-ана да мақтаныш тұтады.

Теледидардан, журналдан көргеннің бәріне еліктеуге болмайды. «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген бар ғой, жақсы мен жаманның арасын ажырата білу керек. Батыстың мәнсіз музыкасын тыңдап, соған бой алдырып, еліріп қисаңдаған қыздардан не күтесің? қазақтың әсем сазын, асқақ әуенін бағалап, тыңдай білген жөн болар. Мұқасан мен Нұрланның «Әзіл шумақтарынан» бір дәлел: «Көйлек киіп бір қыз жүр, Жарты қарыс етегі. Жалтыраған жамбасы, Бұлтың-бұлтың етеді. Ашық-шашық борбайға, Суық тисе тоңбай ма? Ұят қайда, ар қайда? Ұрсу керек мұндайда!» Ашық-шашық киінгеннен жақсы көрінбейсің, керісінше көрген адам «Мынаны айтаптын ата-анасы, ұстазы жоқ па?» деген ойға қалады.

Ерсі бояну да көруге қолайсыз әсер қалдырады. Көпшілік орындарда қатты күлу, қатты сөйлеу, мініп келе жатқан көлік ішінде үлкенге орын бермеу, ешкіммен санаспай, өз беттерінше даурығып, дөрекі сөздер айтып, айғайлап сөйлеу өзімшіл, өркөкіректікті көрсетеді. Қалай болса солай сөйлеп, киіну – талғамсыздық пен тұрпайылық белгісі. Үлкеннің сын айтқан ескертпесін, ақылын өзімдікі дұрыс демей «қалай айтты, неге айтты?» деп талдау жасаған дұрыс. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деген бар ғой, әрбір қыз бала өзінен кейінгілерге үлгі бола білулері керек. Үлкенді сыйлайтын, кішіні қамқорлайтын қыз – жақсы, тәрбиелі қыз. Әрбір отбасында «баланы жастан...» деп басталатын тәрбие қандай, тағылым қандай десеңізші? Оны ата-бабаларымыз қоғамдық тәрбие ортасымен шебер ұштастыра білген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет