Бұл тыйым сөздердің мағынасын түсініп, есте сақтау қажет.
Қыз балалардың анасынан жасыратын сыры болмауы қажет. Түсінбеген, өз басына кездескен кейбір жағдайларды айтып пікірлесу де адамдықтың белгісі. Ұстаз – ақылшың, оқытушың, шын досың. Әр уақытта пікірлесіп ішкі жан-дүниеңізді ашуда ата-анаңмен бірдей адам. Ата-ана мен ұстаздың арасына қаяу түсірме. Сыйла, айтқанын тыңда. Олар сені қолдайды да, қорғайды да.
Қазақ қыздарының ұлттық әшекей бұйымдары
Ай қабақ, ақша жүзді, жазық маңдай...
Қазақтың арулары-ай, тілерсекке соғылған қос білектей бұрым қандай...
Болашақта ақ некелі, адал жар болу, ана атану – әр қазақ қызының парызы...
Сонымен, қорытындылай келе, қыздарымызға айтарым: «Кез-келген көргеніңе еліктемей, қазақ қыздарына тән қасиеттерді бойыңа сіңіріп, үлкеннен өнеге алып, ұлттық дәстүрімізді жалғастыратын ибалы, инабатты, білімді қазақ қызына лайық бол!» демекпіз. Анаға сөз келтірмейтін, ата-ананың мақтанышы болыңдар! Тәртібіңмен, өнеріңмен ұлтыңның намысын қорғайтын мектеп мақтанышы болыңдар!