Қызылорда, 2021 Л.Қ. Ахметова, Д. А. Биманов, М. А. Биманова тарихты оқыту әдістемесіндегі педагогикалық ТӘсілдер



бет7/41
Дата31.03.2022
өлшемі371,74 Kb.
#29495
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41
Байланысты:
ТАРИХ

Дүние жүзі тарихы

Қазақстан тарихы

- адамзат өркениетінің ежелгі заман-нан бастап бүгінгі күнге дейінгі әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени дамуының негізгі кезеңдері және түрлі халықтардың тарихи жолының өзіндік ерекшелік-тері туралы білім қалыптастыру;

- әлемнің тарихи дамуы барысында жинақталған жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесі туралы білім қалыптастыру;

- тарихи дамудың негізгі оқиғала-рының, құбылыстарының және үдерістерінің мәнін түсінуді қалып-астыру;

- тарихи оқиғаларды, үдерістерді, құбылыстарды және тарихи тұлға-лардың қызметін әлем тарихына ықпалы тұрғысынан сыни талдау және бағамдау дағдыларын қалып-тастыру және дамыту;

- тарихи фактілерді талдау негізінде дәлелді пайым жасау дағдысын дамыту;

- тарихи зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыру және дамыту (болжам ұсыну, зерттеу сұрағын құрастыру, дерек көздерді талдау, түрлі көзқарастарды салыстыру, қорыты-дылау және тұжырымдау, өз позициясын айқындау);

- заманауи саяси, әлеуметтік-эконо-микалық және мәдени үдерістерде хабардар болуы үшін тарихи білім мен дағдыларды пайдалана білуді қалыптастыру;

- қатысымдық дағдыларды, атап айтқанда өз ойын ауызша және жазбаша түрде айқын жеткізу, командада жұмыс істеу, жарияла-нымдар мен электронды құралдарды қоса алғанда, түрлі дереккөздерден ақпаратты пайдалану дағдыларын қалыптастыру.




- Қазақстан аумағындағы ежелгі за-маннан бастап бүгінгі күнге дейінгі қоғамның әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық дамуының негізгі кезең дері мен ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру;

- Қазақстанның тарихи дамуы бары-сында қалыптасқан ұлттық құндылық тар жүйесі туралы білім беру;

- Қазақстанның тарихи дамуының негізгі оқиғалары, құбылыстары мен үдерістердің мәні туралы түсінік қалыптастыру;

- тарихи оқиғаларды, құбылыстар мен үдерістерді және тарихи тұлғалардың қызметін отандық тарих тұрғысынан сын тұрғысынан талдау, баға беру дағ-дыларын қалыптастыру мен дамыту;

- тарихи деректердің негізінде дәлел-ді пайымдау дағдыларын дамыту;

- тарихи зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыру және дамыту (болжам- дар ұсыну, зерттеу сұрақтарын құрас тыру, деректерді талдау, әртүрлі көз қарастарды салыстыру, нәтижелер мен қорытындыларды шығару, өзінің ұстанымын анықтау);

- қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-эко номикалық, мәдени үдерістерді бағдар- лай алу үшін тарихи білімдерін қолда-на білу дағдыларын қалыптастыру;

- коммуникативтік дағдыларды қалып тастыру, оның ішінде өз ойын ауызша және жазбаша түрде айқын білдіру, командада жұмыс істей алу, түрлі де-ректерден алынған ақпараттарды, жа-рияланым мен электронды құралдарды тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру және дамыту;

- пәнді оқыту үдерісінде оқушылар-дың ақпараттық-коммуникациялық тех нологияларды қолдану дағдыларын дамыту үшін жағдайлар жасау, соның ішінде ақпаратты табу, құрастыру, бас-қару, мәліметтермен және идеялармен бөлісу, бірлесіп әрекет ету, түрлі жаб-дықтар мен қосымшаларды пайдалану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру дағдыларын дамыту.

Тарихты оқытудың негізгі факторлары оқу процесінде кешенді түрде жүйемен іске асады. Жүйе дегенміз - өзара әрекеттесіп, тығыз байланыста болып, белгілі біртұтастық, бірлік құрайтын бөліктердің жиынтығы. Оқу факторларының ішкі тұтастық қасиеті оқыту процесіне дұрыс ықпал жасап, оның сапасының жақсаруына жол ашады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет