Қызылорда, 2021 Л.Қ. Ахметова, Д. А. Биманов, М. А. Биманова тарихты оқыту әдістемесіндегі педагогикалық ТӘсілдер



бет10/41
Дата31.03.2022
өлшемі371,74 Kb.
#29495
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41
5. Оқыту нәтижелері алға қойған мақсаттарды іске асырумен тікелей байланысты. Ол оқушылардың қол жеткізген білім мен дағдысының, олардың интеллектуалдық, эмоциялық және ерік-жігерінің деңгейін танытады. Білімін дәләлдеу және негіздеу, ең бастыны бөліп алу, себеп-салдарлы байланыстарды анықтап, қалыптасқан мәселені шешуде қажетті білімді қолдана алудан көрінеді.

Оқыту нәтижелері мына деңгеймен өлшенеді:

1) 5-9 сыныптардағы бір сабақта, бір тақырыптағы бірнеше сабақта немесе бөлімдегі, тараудағы, курстағы, бүкіл курстағы алған тарихи білім;

2) ғылыми көзқарастың қалыптасуы;

3) тарихты оқыту процесінде оқушыларды тәрбиелеу;

4) оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін дамыту.

Осылайша оқыту нәтижелері алға қойған мақсаттың орындалғанын немесе тек сөз жүзінде қалғандығын танытады.

Соңғы жылдары білім сапасы тест көмегімен бағалануда. Оның есесіне оқушылардың алған білімдерінің практикалық қызметте қолдану қабілетін бағалайтын тапсырмалар аз қолдануда. Тарих сабақтарында мұндай тапсырмалар қарапайым дерек көздері және құжаттарды зерттейтін зертханалық сабақтар жүргізумен тікелей байланысты. Оқушылар сабақтан бос уақытында мұражай мен мұрағаттағы жұмыстары негізінде баяндама, реферат, ғылыми мақала дайындауы да тарихи білімін бағалаудың өлшемі болуы тиіс.

Әдістеменің маңызы мектептегі тарих пәнінің мұғалімі үшін:
- белгілі бір жастағы оқушылардың тарих пәні бойынша білім мен дағды деңгейін анықтауға;

- сынып, курс, бөлім және тақырып бойынша оқытудың мақсатын нақтылауға;


- оқу процесінің әртүрлі кезеңдеріндегі жұмыс тиімділігін анықтап, оқыту міндетін нақтылауға;

- оқыту мазмұнын қолданылатын әдістер және тәсілдермен ұштастыруға;


- тест, қисынды тапсырмалар және тірек сигналдарды қолданып, конспект дайындауға;
- оқытудың барынша тиімді әдістері, түрлері мен құралдарын қолдануға:
- оқыту нәтижелерін алдын-ала болжап, педагогикалық әрекетке түзету енгізіп отыруға мүмкіндік беруімен бағаланады.

Тарихты оқыту әдістемесі өзге ғылымдармен, әсіресе оқытудың мазмұнын талдап жасайтын базалық тарих ғылымымен тығыз байланысты. Әдістеменің мақсаты – тарих ғалымының негізгі мәліметтерін таңдап алып, оны дидактикалық өңдеуден өткізіп, бейімдеп, мектеп курсының мазмұнына енгізу. Таңдап алу оқушылардың танымдық мүмкідігін ескере отырып жүргізіледі. Оларды анықтауда психология ғылымының жетістіктеріне сүйенеміз. Бұл ғылым оқушылар танымы мен танымдық әрекетінің ерекшеліктерін ашуға көмектеседі. Оның үстіне тарихты оқыту процесіне талдау жасағанда бірқатар психологиялық және педагогикалық зерттеу тәсілдері де қолданылады.

Тарихты оқыту әдістемесі оқытудың бір саласы ретінде педагогикамен байланысты. Педагогика – оқыту, ғылыми зерттеуге де нақты тарихи мазмұн береді.
Ғылыми зеттеу әдістері деп зерттеудің педагогикалық бақылауды және қалыптастырушы эксперименттің (эксперименттік сабақ) мақсаты, міндеттері мен болжамын анықтауды айтамыз. Латын тіліндегі «экспериментум! Сөзі тәжірибе, сынақ дегенді білдіреді. Мұндай тәжірибелер белгілі бір оқытудың факторы және жағдайының әрекеті нәтежиесінде пайда болады. 

Педагогикалық бақылау – оқу процесіне ықпал жасамай, тарихты оқыту практикасын зерттеу дегенді білдіреді. Зерттеуші тарих сабақтарына қатысып, оны талдайды, оқушыларға сұрақ қою мен тесті өткізіп, мұғалімдердің ашық сабақтарының хабарламаларын тексеріп, пән бірлестіктерінің озат тәжірибені жинақтаған материалдармен танысады.

Қалыптастырушы эксперимент тәжірибе жасаушының оқу процесіне белсене араласуын қарастырады. Мұндай эксперименттің міндетті құрамы – дәлелге негізделген, бірақ міндетті түрде тексеруді қажет ететін болжанған нәтиже, болжал болмақ. Болжал мына сұлба бойынша қалыптасады: оң нәтежиеге қол жеткізуге бола ма, егер: а) мазмұнды, материалды баяндаудың жаңа тәсілін қолданса, б) таным әрекетін басқаша ұйымдастырса. Болжал іс жүзінде тиісті жағдайлар мен әдістер арқылы тексеріледі.
Эксперимент жасаушы ең алдымен зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сай әдістемелік талдама жасайды, содан кейін оның тиімділігін оқыту барысында тексереді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет