Қызылорда, 2021 Л.Қ. Ахметова, Д. А. Биманов, М. А. Биманова тарихты оқыту әдістемесіндегі педагогикалық ТӘсілдер


Тарих және қоғамдық пәндерді оқытуда қоғамдық сананы



бет15/41
Дата31.03.2022
өлшемі371,74 Kb.
#29495
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41
Байланысты:
ТАРИХ

Тарих және қоғамдық пәндерді оқытуда қоғамдық сананы

қалыптастыру мен оқыту әдістемесін дамыту жолдары
Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек білімге ғана тіреледі. Заман талабы тұрғысынан жеке тұлғаны дамытудағы қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда білім беру саласы – баса назар аударарлық мәселе.

Қазір, ұлттық болмысымызды сезініп, біздің де ертеден келе жатқан халық екенімізді, рухани құндылықтарымызды асқақтата айшықтауда Қазақстан тарихы пәнінің орны ерекше. Қоғамның жаңа сапаға, жаңа дәуірге, жаңа ХХІ ғасырға қадам басу сәтінде қоғамдық білімдердің рөлі арта түседі. Бұл барлық өркениетті жолдағы елдердің өмірінде көрініс тапқан құбылыс. Бұндай тәжірибе өзге елдердің тәжірибесінен де байқалған. Мәселен, Францияның президенті Ф.Миттеран 14 жыл ел басқарған кезінде француз мектептерінде тарих пәнін оқыту ісінің жаңғыруына үлкен ықпал жасаған. Билік пен тарих ғылымының өзара байланысы тақырыбында француз телевизиясына берген сұқбатында ол: «Тарихшы қоғамның тәрбиешісі міндетін атқаруға тиіс, өйткені ол өткенді біледі, сондай-ақ қазіргі кезеңді кімнен болса да жақсы түсіндіріп бере алады» деген ойды айтқан.

Бүгінгі Түрік Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ата-түрік түрік халқының рухани жаңғыруын оның жаңа сападағы тарихи танымның қалыптасуымен байланыстырған. Оның тікелей басшылығымен «Туркия тарих құрымы (1932)», «Туркия тіл құрымы (1933)» өмірге келген. Туркия мектептері үшін тарихтан оқулықтар жазу ісін өзі басқарып, қадағалап отырған. Ал өмірден озар алдында бар жиған-терген қаржысын «Туркия іс банкіне» (елдің ең ірі банкісі) тапсырып, одан түскен түсімді өзі құруға мұрындық болған орталықтардың қажетіне жұмсауды өсиет еткен. Бүгін ол аталмыш банк қаржысының шамамен 1/3 бөлігін құрайды.

Қазақстанда жаңа мемлекет құру кезінде отандық және әлемдік тарих пен қоғамдық пәндерді білім жүйесінде оқытуға қажет көптеген жағымды жағдайлар қалыптасты. Әсіресе, Қазақстан тарихын оқыту ісіне көп көңіл бөлініп отыр. Дегенмен, тарих және қоғамдық пәндерді оқытушы мұғалімдердің бүгінгі кезеңдегі ортақ мәселелері шаш-етектен десе де болады. Солардың ең бастыларының қатарына қоғамдық білімдер саласындағы зерттеулерді және оларды мектептерде оқытуды жаңа сапаға көтеру болып табылады. Тағы бір үлкен мәселе жаңа қоғамымызда тарихи, саяси сана мен танымды қалыптастыру болып табылады.

Тәуелсіз мемлекетіміздің 28 жыл ішінде нығаюының бірден-бір көзі – қоғамдық сананың артуы десек қателеспейміз. Жалпы қоғамдық сана - қоғамдық үрдістердің рухани жағы және нақты іс-әрекеттерден туындайтын категория болып табылады. Кең қоғамдық сана еліміздің мемлекеттік идеологиясының түп-қазығы, қазақстандық ұлтжандылық ұғымының негізінде жататын басты фактор болуы қажет. Сол сияқты отандық тарихтан, саясаттан мол хабары, өз көзқарасы бар, қоғамдық санасы мен танымы қалыптасқан азамат кез-келген бұрмалаулар мен арандатуларға берілмейтіндігі анық. Бүгінгі таңда азаматтарда қоғамдық сананы қалыптастыру қоғамның сұранысынан туындап отыр деп ойлаймын. Оған жаңа үрдістердің қалыптасуы көпұлттылық, көпконфессиялық, т.б. жатады. Азаматтарымызда кең қоғамдық сананы қалыптастыруға мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлінуі тиіс және ол үш құрамдас бөліктен құралатын кешенді бағыттан тұруы қажет.

Бірінші бағыт—Қазақстан тарихының оқыту дәрежесін үнемі жетілдіріп отыру. Бұл - аса маңызды стратегиялық бағыт. Себебі, отандық тарихтан мол деректі азаматтарымыз жас уақытында алады және олар тарихи, саяси, мәдени сауатты, өзіндік ойлау жүйесі барлардың қатарын үнемі толықтырып отырмақ. Сондықтан, Қазақстан тарихын оқытуды жетілдіру үшін қажетті шаралар үнемі іске асырылып отыруы тиіс. Сапалы оқулықтарға, оқу-әдістемелік құралдарға, бағдарламаларға зәрулік әлі де толық шешімін тапқан жоқ. Отандық қоғамдық ғылымдарда әлі күнге дейін тарихи дамудың формациялық және өркениеттік түрлерінің аражігі ашылып, қай бағытты ұстау керектігі анықталмаған, бұл бағыттарды жақындастыратын нақты қағидалар мен әдістер әлі жоқ. Ал қоғамдық сана мен танымды қалыптастыру үшін нақтылық қажет.

Екінші бағыт, отандық тарихты, мәдени құндылықтарды, саяси-құқықтық ұстанымдарды қолда бар құралдарды, мүмкіншіліктерді пайдалана отырып, халық арасында кең насихаттау. Сол арқылы қоғамдық сананы, көзқарасты қалыптастыру. Ол қазақ, орыс тілдерінде жүріп жатуы тиіс. Мұндай насихат бізде радио және телехабарлар арқылы да іске асырылады, бірақ оның өзі жүйелі түрде жүргізілмейді.

Үшінші бағыт - қоғамдық пәндердің тереңдей зерттелуі. Бұл бағытта елімізде бірталай істер атқарыла бастады. Тарихымыздың, мемлекеттігіміздің, ұлттық мәдениетіміздің «ақтаңдақ беттері» парақталып, терең зерттеулер өмірге келуде...

Сонымен, кең қоғамдық сананы, жаңа қоғамдық танымды қалыптастыру - кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі. Оның азаматтарда кең тарихи сананы қалыптастыру мемлекеттік саясатта күн тәртібінен түспейтін бағыт болып қала беруі тиіс.

Мемлекет атынан қабылданған гуманитарлық білім беру, тарихи сананы қалыптастыру туралы тұжырымдамаларда көрсетілген негізгі бағыттар тарих пен қоғамдық білімдерді оқытудың әдіснамалық мәселелерін дұрыс анықтауға нақты көмек болды.

Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірінде болып жатқан маңызды өзгерістер, қоғамдық пәндерді оқытуды жақсартуға бағытталған жоғарыда айтылып өткен іс-шаралар аталған пәндерді оқыту сапасын әлде қайда жақсартуды, оқушыларды қазіргі қоғам талап етіп отырған деңгейде оқытып тәрбиелеуді талап етеді.

ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары бойынша мектепте тарих пәнін оқытудың басты мақсаттары;

-оқушыларда адамзат қоғамының ежелгі тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру;

-бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени-тарихи тәжірибенің негізін оқытып, меңгерту болса;

ал басты міндеттердің бірі:

-оқушыларда қазақстандық патриотизмді, азаматтық сенімді дамыту;

-эстетикалық, экономикалық тәрбие беру, діннің тарихтағы қызметін дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу деп айқындалған.

Осыған орай біз қазіргі кезеңде отандық тарих пен қоғамдық пәндерді оқытудың бірқатар өзекті мәселелері туындап отыр, олар:



  1. Пәндерді оқытудың әдістемелік мәселелері.

  2. Оқытылатын тақырыптың, сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтау.

  3. Пәндердің тәрбиелік міндеттерін жүзеге асыру.

  4. Қоғамдық пәндер мен тарих сабақтарының дамытушылық міндеттерін жүзеге асыру.

  5. Оқытудың ұйымдастыру формаларын таңдау.

  6. Оқыту әдіс-тәсілдерін іріктеу.

  7. Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану туралы.

  8. Оқушыларды жаңа материалды оқып-үйренуге ынталандыру.

  9. Сабақтастықты, пән, курсаралық байланыстарды жүзеге асыру.

  10. Жаңа формация мұғалімінің бейнесі.

Енді осылардың 2-3-ін толығырақ қарастырайық:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет