Қызылорда, 2021 Л.Қ. Ахметова, Д. А. Биманов, М. А. Биманова тарихты оқыту әдістемесіндегі педагогикалық ТӘсілдер



бет28/41
Дата31.03.2022
өлшемі371,74 Kb.
#29495
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41
Идеялар банкі. Бұл әдіс «Ой майданы» деп аталады. Топтық алдына бір міндет қойылады, осы міндетті шешу үшін топ мүмкіндігінше жаңа, тың ұсыныстар айту керек. Барлық ұсыныстарды топ жинап алып, оларға баға береді. Бұл әдіс арқылы проблемалық жағдаят жасалып, оны шешу туралы ұсыныстар айтылып, ол ұсыныстар тексеріліп, бағаланады және ең жақсы ұсыныстар таңдалып алынады.

«Ой майданы» әдісін 1939 ж. А.Ф.Осборн бірінші рет қолданған. Ол балаларға ұнаған, себебі олар өздеріне қызықты мәселелерді шешіп отырған. Ой майданының ұзақтығы 1-2 сағатқа созылған. Бұл әдіс арқылы өткен сабақтың нәтижелі болуы мұғалімнің біліктілігіне, топтың даму деңгейіне байланысты. Топта он адам болғаны жақсы, бірақ топ мүшелерінің санын көбейтуге болады.

Бұл әдіс арқылы педагогикалық бөлімнің студенттері шағын топтарға бөлініп, мектеп оқулығынан бір тақырыпқа әзірленіп 5-20 минут сабақ береді, содан кейін сабақ талқыланады, бағаланады, оны келесіде жақсы өткізу жолдары белгіленеді. Сабақты түгел бейне жазбаға жазу оны талдауды жеңілдетеді. Бұл әдіс мұғалімдік жұмысқа дағдыландырады. Оны шет тілін оқытуда пайдалануға болады.

Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа нысандары мен тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз беріледі.


Алайда, оқыту әдісін таңдау - күрделі процестің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Әр тақырып оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Соңдықтан, оқытуда әр түрлі әдістерді қолдану қажет.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады.


Оқыту әдісін таңдауға ықпал ететін шарттар:

  1. Оқыту әдістерін оның мақсат-міндеттеріне, оқушылардың жас және таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану;

  2. Мектептің материалдық - техникалық негізін ескеру;

  3. Мектептің орналасқан жерін ескеру. Мысалы, қала мектептерінде оқушыларды өндіріс орындарына экскурсияға, ауыл мектептерінде мектеп жанындағы учаскелерге, табиғатқа, ауылшаруашылық өндірісіне апару;

  4. Мұғалімнің шығармашылығы және шеберлігі. Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын сабақ мақсатының айқындығы. Себебі оқу материалын баяндауда негізгі идеясын немесе оқушылардың іс-әрекетін анықтап алмай, оқыту мақсатына жету мүмкін емес.

Педагогика саласында пайдаланатын ойындарды   дидактикалық ойындар дейді. Дидактикалық ойындардың мақсаты мен міндеттері: баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі, сабаққа эмоциялық бояу береді.

Ойынның мақсаты: Баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту, таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.

Міндеті: 1) танымдық: баланың тану, іздену әрекетін дамыту. 2) тәр-биелік: айналасымен қарым-қатынас жасауға, қажетті дағдыны, адам-гершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Дидактикалық ойындарды ұйымдастыруда төмендегі элементтерге сүйінеміз: дидактикалық ойынның құралы, сабақтың да құралы  болып есептеледі. Мысалы: таблицалар, модельдер, таратылу материалдары, интерактивті тақта, т.б. Дидактикалық ойынды сабақтың кезеңдеріне байланысты қолданудың  орындылығы да байқалады. Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді:



  1. балалардың іс-әрекетіне ойын түрлерімен оқуды байланыс-тыру,біртіндеп қызықты жеңіл ойындардан ойын-тапсырмалар арқылы берілген оқу-тәрбие мәселелеріне көшу.

  2. шарты мен міндеттерінің біртіндеп күрделенуі.

  3. берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі.
    4) оқу-тәрбие мақсаттарының бірлігі.

Дидактикалық ойындардың сапалылығы: олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажеті материалдарды алдын-ала дайындап алуына, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруына байланысты болады.
Тарихи мазмұнындағы дидактикалық ойынның  сапалылығына әсер ететін келесі сұрақтарды қарастыру керек:

•    Ойынның мақсаты. Ойынның кезінде оқушылар қандай тарихи білік  пен дағдыны қалыптастырады?

•  Қатысушылардың саны.

•  Ойынға қандай дидактикалық материалдар қажет болады?

•  Ойынның ережесімен таныстыруға қаншама уақыт кетеді?

•  Қанша уақытқа ойын есептелінген? Ойын қызықты және әсерлі бола ма?

Осы ойынды тағы ойнауға келіседі ме?

•   Оқушыларды түгелдей қатыстырудың қандай амалдары бар?

•   Оқушылардың ойынға қатысуын бақылауды қалай  ұйымдастыру керек?

•   Ойынды қызықты етіп, оқушылардың белсенділігін көтеру үшін қандай өзгерістер ендіру керек болады?

•   Ойыннан соң қандай қорытынды жасау керек?

Ойын  кезінде келесі жағдайларды ескеру керек:






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет