Қызылорда қалалық білім бөлімі А. Байтұрсынұлы атындағы №211 орта мектеп



бет2/3
Дата14.03.2023
өлшемі36,48 Kb.
#74083
1   2   3
Байланысты:
Ахмет пен Әбіш жоба

Жұмыстың дереккөздері.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. А.Байтұрсынұлы мен Ә.Кекілбаевтың ұлтқа қызмет жолындағы қайраткерлігін байланыстыра зерттеу, сонымен қатар, Ә.Кекілбаевтың Ахметтану пәнінің негізін салушы, қалыптастырушысы тұрғысынан жасаған өзекті тұжырымдарына талдау жасау жұмыстың ғылыми жаңалығы ретінде ұсынылады.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


1. А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ҰЛТҚА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨМІРШЕҢДІГІ

Ахмет Байтұрсынұлының өмірлік жолы, шығармашылығы мен қайраткерлігі жеке-жеке зерттеу нысанына айналып, арнайы толық қарастыруды қажет ететін өзекті тақырыптар. Ахметше айтар болсақ: «Білімі көп адам құралы көп ұста сияқты, не істесе де келістіріп істейді». Дегендей-ақ Ахмет те сондай білімі көп тұлғаға сай ұлты үшін қандай істі қолға алса да кемеліне жеткізе жасағандығын көреміз. Сондықтан да оның тілші ғалым, реформатор-ғалым, саясаткер, педагог-әдіскер, ақын, аудармашы, әдебиеттанушы, мәдениеттанушы, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт азаттық қозғалыстың көсемі және тағы басқа қырларына тоқталып зерттеу бүгінгі қазақ ғылымының күн тәртібінен түспейтін тақырып екендігін байқаймыз.


Қазіргі таңда Ахмет Байтұрсынұлының жоғарыда аталған көптеген еңбектерінің тек бір-екі сипаты айтылып, халық арасында сол ерекшеліктерімен ғана танылып жүр. Олардың қатарына ағартушылық қызметі мен тілші екендігін жатқызады. Бұл туралы белгілі тілші ғалым, ахметтанушы Б.Қапалбек: «...Ахмет Байтұрсынұлы ағартушы деген қалыпқа сыймайтын сияқты көрінеді де тұрады. Басында «Маса» болып шағып, «Қырық мысалмен» түртіп қазақ санасына саңылау берген шығар. Бірақ тек ағартушы дегенге келісу қиын енді»[1].
Ахмет Байтұрсынұлын ағартушы ретінде тану өте орынды нәрсе. Бұл бір жағынан оның басты миссиясымен байланысты. Ахметтің алғашқыда ағарту ісімен айналысуы ұлтының бұл дүниеде өз орнын тауып, өзіндік даму жолын анықтаудағы, өзіне тән құндылықтарды сақтап қалумен қатар жаңа заманның жаңалықтарына ілесе алу үшін жасаған алғашқы қадамы деп түсінілуі қажет. Бұған қатысты өзі былай дейді: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек».
Ахмет Байтұрсынұлының ұлтқа сіңірген еңбектері әлі күнге дейін құндылығы түспеген өміршең екендігін көріп жүрміз. Бұған мысал ретінде әуелі қазақ әліппесін, жазу, дыбыстау жүйесін жасауын айтамыз. Бұны күнделікті қолданудамыз. Қазір әліппеден үлкен талқылауға тұрарлық тақырып жоқ секілді ел болып әлек болдық, соңы не болды, Ахмет жасаған әліппеге қайта оралып жатырмыз. Тіл тазалығын сақтаймыз дедік, айналып келіп Ахметтің кірме сөздерді алу принциптерінен артығын таппадық. Пән сөздерін, яғни терминдерді түсініксіз етіп, арада түрлі дау болып, болмаған соң Ахметтің терминжасамын негізге алдық. Бүгінде Ахмет жасаған терминдерді қолданамыз. Қазақ тілінің жүйесін жасап қана қоймай, оны қалай оқытудың қыр-сырын, жалпы пәндерді оқытудың әдіснамасын құрастырған Ахметтің жолы – қазіргі білім жүйесінде өзекті. Қазіргі қазақ ғылымы, оның ішіндегі түрлі салалардың зерттелу үдерісі де Ахмет Байтұрсынұлының жасаған ғылыми негізде жасалады. Айтылған нәрселердің дәлеліне келетін болсақ, қазіргі педагогтардың әдістемелерінің барлығы дерлік Ахметтің «Сауат ашу», «Әліппе», «Тілашар» сынды еңбектерінен бастау алады. Сондай-ақ қазіргі кезде сыни ойлау, өмірмен байланыста оқыту, дамыта оқыту сияқты тақырыптар А.Байтұрсынұлының бастауыш сыныптарға арналған «Әліпби» оқу құралында көрсетілген. Қазіргі кезде өзекті болып жатқан Блум таксономиясының ережелерін «Ана тілінің әдісі» мақаласында қарапайымнан күрделіге, күрделіден қарапайымға бағыттай оқыту негіздеріне тоқталып өткендігін байқаймыз. Бүгінде тіл үйретудің мыңдаған әдістері шықса да сөйлеу әрекеті есептелетін жазылым, оқылым, айтылым, тыңдалым тақырыптары «Оқу құралында» көп кездеседі. «Баулу мектебі» атты мақаласында қазіргі теория мен практиканың маңыздылығы мен айырмашылығы, мектептердің қалай баланы оқыту керектігі туралы айтады: «Өлі оқу», «төте оқу», «көрнекі оқу» – бəрінің асылы – оқу. Оқу біткеннің бəрінен алатын білім – өлі білім. Үйткені оның бəрі де нəрсенің өзімен, затымен айналыстырып үйретпей, тек нəрсенің атымен, бернесімен ғана айналыстырып үйретеді. Бəрі де істің əдісін үйретпей, тек мəнісін үйретеді. Сондықтан оқу мектептерінен шыққандар да мəнісін білім мол болғанмен, əдіс білім аз болады. Əдіссіз тек мəніс білімі – өлі білім.
Тіршілік – тірлік шарасы. Тірлік шарасына үйрететін білім тірі білім болу керек. Ондай білімді адам мəніс білімі мен əдіс білімін қатар үйренгенде білмек.
Ұлы істердің əдісі де ұлы болады. Ұлы əдісті үйрету де, үйрену де қиын болады. Ұсақ істің істеу мəнісін білгенмен, істеу əдісін білмей, дұрыстап істеуге болмаса, ұлы істі дұрыстап істеуге болар ма?
Мектептің міндеті – берген баланы ата-анасының үміті мен мемлекеттің мақсатындағы көздеген түрде адам қылып шығару. Бұл міндетін дұрыстап атқару үшін көздеген мақсатқа керек істерді дұрыстап істеу тиіс»[2].
Кірме сөздерді қазақ тіліне енгізу мәселесінің де шешімін айта келіп, оның екі түрлі жолын көрсетеді:
1. Кірме сөзді қазақ тілінің дыбыстарымен дыбыстап алу;
2. Кірме сөздің мағынасына қарай қазақ тіліндегі баламасын табу арқылы алмастыру.
Аталмыш тарауды қорытындылай келе, жоғарыда келтірілген деректер Ахмет Байтұрсынұлының ұлт үшін жасаған істерінің бір ғана парасы екендігін айтамыз. Бүгінде осыншама еңбектердің авторы болып, бір саламен шектелмей, қоғамның күллі мәселелеріне ұтымды тұжырып жасап, ұлтының қамы деп өлмейтін, өшпейтін істер жасаған Ахметке терең тебіренбеу мүмкін емес. Қазір бұл бір ертегі секілді көрінетіндей. Осындай ғаламат тұлғаның түрлі қасиеттерін арнайылап зерттеу, еңбектеріндегі құнды деректерді ұлт қызметіне асыру, оны насихаттау қазіргінің парызы деп түсінілуі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет