Қызылорда қалалық білім бөлімі А. Байтұрсынұлы атындағы №211 орта мектеп



бет1/3
Дата14.03.2023
өлшемі36,48 Kb.
#74083
  1   2   3
Байланысты:
Ахмет пен Әбіш жоба



Қызылорда қалалық білім бөлімі
А.Байтұрсынұлы атындағы №211 орта мектеп

ҒЫЛЫМИ ЖОБА

Тақырыбы: А.Байтұрсынұлы мен Ә.Кекілбаевтың ұлтқа қызмет етудегі абыздық жолы


Бағыт: ІҮ
Секция: қазақ әдебиеті
Орындаған: Сағатова Фариза, А.Байтұрсынов атындағы №211 орта
мектептің 10-сынып оқушысы
Жетекшісі: Абасилова Айман, А.Байтұрсынов атындағы №211 орта
мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ғылыми жетекшісі: Ғабит Әнешұлы Тұяқбаев, Қорқыт ата атындағы
Қызылорда университетінің профессоры, филология
ғылымдарының кандидаты.
Қызылорда, 2023ж.
М А З М Ұ Н Ы


КІРІСПЕ


1. А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ҰЛТҚА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨМІРШЕҢДІГІ


2. Ә.КЕКІЛБАЙҰЛЫНЫҢ АҚЫМЕТТАНУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ МЕН ҰЛТ РУХАНИЯТЫНДАҒЫ ОРНЫ


ҚОРЫТЫНДЫ


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ



Тақырыптың өзектілігі. Қилы заман қаһармандарды дүниеге әкеледі, қайратты қаһармандар бейбіт заман әкеледі, бейбіт заман қауқарсыз, әлсіздерді дүниеге келтіреді, әлсіз адамдар қилы заман тудырады. Тарихқа көз жүгіртер болсақ, осындай оқиғалар тізбегін, заман мен қоғамның айнымас формуласын байқаймыз. Әрбір ұлттың өз ұландары болады. Олар ұлты үшін туылып, сол үшін өмір сүріп, қызмет етіп, сол жолда құрбан болуға даяр болады.
Қазіргі Шығыс елдері Батыстың технологиясы мен өмір сүру салтына еліктейтіні айқын. Десек те ол жұрттардың өз тарихы мен қайратты қаһармандарына деген құрметін, оларға деген сүйіспеншілігі мен қалдырған мұраларына ілтипат көрсету әдебі басқаларға үлгі боларлық дүние. Мысалы, ағылшындар өздерінің Шекспирін, француздар Бальзагін, немістер Гетесін, италиялықтар Дантесін, орыстар Пушкинін дәріптеп, олардың тұлғалығын, шығармашылығын жан-жақты қарастырып, әлі күнге дейін заманның жаңа мүмкіндіктері мен өзекті тақырыптары төңірегінде зерттеуде. Қазақ халқының тарихы терең. Сол себепті де зерттеуді қажет ететін тұлғалар да аз емес. Бүгінде әл-Фарабидің шығармаларын талдау Фарабитануға, Абайды зерттеу Абайтануға, Шоқанды қарастыру Шоқантануға айналып, өзіндік пәндер қалыптасып жатыр. Бұл қатардың толығуы заңды құбылыс. Сондай тұлғалар ретінде Ахмет Байтұрсынұлын, Әбіш Кекілбаевты жатқыза аламыз. Ахмет – ұлт ұстазы болса, Әбіш – ұлт танымының шырақшысы.
Қазіргі кезде Ахмет туралы болсын, Әбіш жайлы болсын түрлі мақалалардан бастап, көлемді еңбектерге дейін зерттеулер жазылған. Десек те ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын зерттеу мәселесінде қазіргі жаңа ғылымдар тұрғысынан қарастыру, шығармашылығын өмір кезеңдерімен салыстыра зерттеу, белгілі оқиғалар төңірегінде олардың позициясы мен орнын айқындау, жалпы қайраткерлік жолын танымдық тұрғыдан талдау секілді бағыттар толық ашылмаған, нақтыланып, жүйеленбеген.
Қазақтың қамы үшін, жаны үшін барын арнаған Ахмет пен Әбіштің тұлғалық ерекшеліктерін қарастырып, олардың рухани үндестігі мен мүдделестігін салыстыра зерттеу, Әбіш Кекілбаевтың алаштанудағы феноменалды тұжырымдарын талдау тақырыбымыздың өзектілігін көрсетеді.
Жұмыстың нысаны. А.Байтұрсынұлы мен Ә.Кекілбаевтың ұлтқа қызмет етуіндегі қайраткерлік жолы.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Әбіш Кекілбаевтың ұлтқа қызмет етуіндегі жолын Ахметтануға, алаштануға қосқан үлесі негізінде қарастыру, сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын жан-жақты талдау. Осы мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді шешу маңызды:
Ахмет Байтұрсынұлының ұлтқа қызмет жолындағы еңбектерінің қазіргі қазақ қоғамындағы, білім мен ғылым саласындағы орны мен өзектілігіне, өміршеңдігіне тоқталу;
Әбіш Кекілбаевтың қазақ мәдениеті мен руханиятына қосқан үлесін айқындау;
Қазіргі алаштану, оның ішінде Ахметтанудың өзекті мәселелерін, Ә.Кекілбаевтың Ахметтанудағы орнын қарастыру;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет