Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, №201 мектеп-лицей Дайындаған: Батырханқызы Жадыра



бет3/9
Дата18.05.2022
өлшемі238 Kb.
#34916
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Зерттеу мақсаты: Әр түрлі есептерді шешуде комбинаторика элементтерін қолданудың мүмкіндіктерін зерделеп. Нақты геометриялық мазмұндағы есептерді шешуде тиімді қолдану.
Зерттеу міндеті: Геометрия пәнін оқып үйренуге, практикалық іс-әрекеттерді қолдануға қажетті негізгі комбинаторикалық ұғымдарды меңгеру және зерттеу жұмысында пайдалану.
Зерттеу болжамдары: Әр түрлі есептерді шешуде комбинаторика элементтері және статистикалық түрде берілген ақпараттармен жұмыс істеуге, логикалық есептерде, геометриялық кескіндерді салуда ықтималдық бағалаудың қаншалықты маңызды екендігі нақты мысалдар арқылы жүзеге асыру.
Зерттеу пәні: Математика
Зерттеу нысаны: Комбинаторика элементтерін пайдаланып шығарылатын әр түрлі стандартты емес ( бағдарламадан тыс логикалық және олимпиадалық т.б) есептер жүйесі.
Зерттеу әдістері: Комбинаториканың негізгі есебі шекті жиындардың элементтерін орналастырулар, алмастырулар және терулер. Бұл есептер мәселенің қайталануына байланысты жиынның элементтері қайталанбай немесе қайталанып жазылу тәсілдері қаншалықты әдіспен іске асатындығын көрсету.


Жұмыстың құрылымы : Кіріспеден, екі тараудан тұратын зерттеу бөлімінен , қорытындыдан, ұсыныстан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Комбинаторика элементтері (алмастыру, теру, орналастыру) туралы жалпы түсінік беріп қоймай, комбинаторика элементтерін пайдаланып алгебралық және геометриялық мазмұндағы әртүрлі есептер жүйесін шешуге мүмкіндік берумен қатар математика салаларының арасындағы пәндік байланысты жүзеге асыруға да көмектеседі.
Комбинаторика есептерін шешуде қолданатын өзіндік заңдылықтар мен формулалар бар. Ғылыми жұмыста осы мәселелерде басты назар аударылды.
Адамның ерекше қасиеттерінің бірі – есепті дұрыс шеше білу. Біздің мақсатымыз – әр түрлі қиындықтағы есептерді дұрыс шығара білуге үйрену. Біздің заманымыз ғылым мен техниканың қарқынды дамуымен ерекшеленеді. Сондықтан әрбір мектеп оқушысының алдында тұрған міндеті – қазіргі заманғы математикалық логиканың негізін түсіне білу, логикалық есептерді шеше білу. Математикалық логиканы білмейінше, оны ойдағыдай меңгеру қиын. Өйткені бүгінгі күні ғылым мен техниканың қарыштап дамуы ол адамның ойлау қабілетінің ең ірі жетістіктері болып табылуда.
Арнайы формуланы қолдануға келмейтін, белгілі бір алгоритмді қолданып шығаруға болмайтын, әрқайсысына өзінше талдау жасауды қажет ететін есептерді стандарттық емес логикалық есептер дейміз.
Логикалық есептердің саны да, шығару да тәсілдері де алуан түрлі. Соның ішінде комбинаторика элементтерін қолданып шығару бізді қызықтырған тақырып. Зерттеу жұмысымыздың бірінші тарауы осындай есептерді шешуге арналды. Ал екінші тарауда негізінен геометриялық мазмұндағы есептер қарастырылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет