- Қоғамдық тыныштықты бұзу, ӘҚБ кодексінің 434- бабы бойынша, Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергi келтiретiн, түнгi уақытта (сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн) тыныштықты бұзу, оның iшiнде тұрғын үй-жайларда және олардың сыртында шұғыл қажеттiлiкпен байланысы жоқ шу шығаратын жұмыстарды жүргiзу – жеке тұлғаларға – 5 мрп, /12625 тенег /шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 10 мрп /25250 тенге /, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 15 мрп /37875/, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50 мрп /126250 тенге / айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр.
Қылмыс – бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. «Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 – бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет – қылмыс деп танылады».
Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс жасау бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейтін түйткілді мәселе. Жасөспірімдер қылмысы мен тәртіпсіздігі неден бастау алады?
Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 06.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі сағат 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған. Зерттеу нәтижесінде, келесі себептер көп кездескен:
- Төменгі экономикалық – қоғамдық статус; - Мәдениеттегі зорлық және бұқаралық ақпарат құралдары; - Алкоголь және наркотикалық заттар; - Құрдастарының әсері; Бұл жерде Төменгі экономикалық - қоғамдық деңгей және кедейшілік әсер етеді. Көбінде қылмысқа, жұмыс және білім алатын жағдайлары жоқ, өз өміріндегі жағдайларға көңілі толмайтындар барады. Сонымен қатар қылмысты жоғарғы өкілдердің (бизнесмен, бай адамдардың) балалары жасайды. Себебі, олар материалды жағдайдан қиыншылық көрмейді. Тек орташа тұратындардың жасөспірім балалары қылмысқа сирек барады. Бай өкілдердің балаларын көбінде айып төлеп босатса, кедей балалардың ата - аналары айып төлеп, шығара алмағандықтан, оларды тұтқынға алып жазалайды.