Қызылорда облысының білім басқармасы



бет4/4
Дата24.11.2022
өлшемі1,28 Mb.
#52188
1   2   3   4
Байланысты:
«Жас өспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» (1)

Қылмыс неден туындайды?
- Біреудің мүлкін пайда көріп алудан
- жұмыссыздықтан
- Ішімдікке салынғандықтан
- Төбелеске жақын адамнан
- Анаша шеккен адамдардан қылмыс
- Әлеуметтік жағдайдың тқмендігінен
- Ата анасының тілін алмағаннан,тәртіпсіздік
Қоғамға қауiптiлiк сипаты бiртектi қылмыстық құқық бұзушылықтарды қоғамға қауiптiлiк дәрежесiне қарай үш түрге бөледi:
1) Жай қылмыстық құқық бұзушылықтар (ҚК 99-бабының 1-бөлiгi), - / Адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату –
8 жылдан 15 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады/
- Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру –/ 3 жылдан 7 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
- Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау –
- 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
- Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, 1000 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 3 жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
- Қорқытып алу - Қорқытып алушылық, яғни күш қолдану не бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдiру қатерін төндіріп, сол сияқты жәбiрленушiнi немесе оның жақындарын масқаралайтын мәлiметтердi не жариялануы жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының мүдделерiне елеулі зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi тарату қатерін төндіріп бөтеннің мүлкін немесе мүлiкке құқықты беруді немесе мүлiктiк сипаттағы басқа да әрекеттер жасауды талап ету – мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, 4000 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір 1000 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 4 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
- 2) Сараланған немесе ауырлатылған қылмыстық құқық бұзушылықтар (ҚК 99-бабының 2-бөлiгi);
3) Жеңiлдетiлген қылмыстық құқық бұзушылықтар (ҚК 100-105 баптары).
Қорытынды: «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп атамыз қазақ айтқандай, әрбір азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау,өзегелердің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуіміз абзал.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет