Адамгершілік бастауы неде? Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Жақсылық адам бойына сол бала кезде егіледі. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.
Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата-ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойғы міндеті.
Бірінші топқа- адам бойында кездесетін жағымды қасиет екінші топқа - адам бойында кездесетін жағымсыз қасиет үшінші топқа- жағымсыз мінезден арылу жолдарын жазып беріңіздер.
Жағымды қасиеті
Жағымсыз қасиеті
Мұғалім сөзі: Өздеріңізге белгілі қазіргі жаһандану үрдісінде елімізде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу басты назарда болып отыр. Ал адамның жан қазынасын, адамгершілік болмысын қалыптастыру да, кей адамдардың түрлі жағдайлармен бір-бірін түсінбеуі де сіз бен бізді толғадырады.Өйткені біз сол қоғамның ішіндеміз, яғни оның мүшесіміз. Иә, бұның бәрі шындық десек артық болмас. Басекеге қабілетті ұрпақты жан-жақты қылып тәрбиелеу үшін алдымен жан қазынасының негіздерінің бірі, сенімділік пен шындықтың бастауына үңілу керек шығар. Мен бұл шараны, яғни «Жан қазынасы – адамгершілік негізі» атты тақырыпта өткізе отырып негізінен бала мен ата-ананың арасындағы қарым-қатынасқа арнаймын. Өйкені қазіргі таңда бұл мәселе де күн тәртібіндегі маңызды
Қорытынды: Бүгінгі біздің пікіралысымызда еліміздің кез-келген адамының ойына ой салардай мәселелер қозғалды. Біз ешкімге кінә артпаймыз, мін тақпаймыз, тек бәсекеге қабілетті ұрпақты қалыптастыра отырып, олардың ой-пікірлерін ашық айтқызу арқылы өзін-өзі тануын, өз жан қазынасына үңілуін таразыладық .